Соматикалық портрет – адам дене мүшелері жайында айтылатын сөздер болып табылады.
Вестиалды портрет – киім – кешекті атайтын сөздер тобы.
Кинетикалық портрет – бет өзгерісін, дене қимылын, дене қалпын суреттейтін портрет түрі.
Ақан Нұрманов «Құланның ажалы» романындағы портреттер.
Қазір құланнын, осы тұрысы қатерды сезген дала тағысын көзге елестеткендей. Кішкене шегір көзінің, қарашығы көк сүңгінін, ұшындай өткірленіп алған, еті қашқан жақ сүйегі шодырайып, ұрт еті бұлт-бұлт ойнайды, бар бет терісі көзінін, айналасына жиналғандай қатпар-қатпар. Әр жерге бір-бір талдан өскен шанжау-шанжау сарғыш сақал-мұрты тікірейіп, таңқылау танауы шедірейіп кетті.(20-бет)
Майлықтың бетін жасында шешек жеп, мұрнын да таңырайтып кеткен болатын. Табақтай жап-жалпақ бетінде сау-тамтық жоқ, саздауыт жердің мал басқан шоқалағындай шұңқыр-шұңқыр. Сол бетке ортан белінен арба басып кеткен тарызды үш бұрышты танауды сол саздан илеп жапсыра салғандай. Балпанақтай иегіндегі шанжау-шанжау өскен сақал мұрттың иер талы өзі өскен шұңқырының ыңғайымен ар жаққа шаншылып тұр. Қазір басын кекжитіп күлімсіреген әлпетінде сықсиған көзі онан сайын жұмылып, танауының тесігі онан сайын саңырайып, қатар қазылған зорман ініне ұқсатып әкеткен.(32-бет)
Суға тұсып, кірқоңы, жол шаңынан ада болғандыкі ме, бейтәністің бет-бәдені әжептауір көрінеді. қужақ келген құс тұмсық шикіл сары. Бет-аузын жауып кеткен жып-жирен қауғадай сақал-мұрт болмаса, жас шамасы қырықтардың о жақ, бұ жағында сияқты. Тек ақ сабан тұсты қас-қабағы, кірпіксіз көзі жігіт шырайына бір түрлі репетсіз оң беріп тұр. Сол оңған сабан қабақтын, астынан бейтәністің тұздай көзі тағы да үріккен бе, сезіктенген бе, белгісіз бір рай байқатып, жер шұқылап кетті.(49-бет)
Ал анау қақ төрге барып отырған сағал көз сары сақал кемиек шал осы ауылдың ақсақалы — Орман еді.(58-бет)
Шот маңдай, ақ кірпік, қоқиған мұрнының алдына қойған жез мұрт оншалықты жарасымды көрінбейді.(64-бет)
–Әліксалам, иә, ауылнай, төрлет, -деді де енді Болжықтың соңынан енген Томар милиционерге назар аударды. Бұл бір тап –тапал төртпақтау, қырықтардағы, шалбар бет қырқылжың екен. Сарғыштау сепкілі бар бет –аузын көкпеңбек қылып қырып тастапты. Мергенді таңқалдырған, әсіресе, мұның әйелдікіндей дөңгеленген бөксесі болды. Сол бөксе Томардың жамбас, құйрық жағын кейін тартқандай бір түрлі итіндіріп мықшитып тұр. Бұл әуелі енгенде жарқабағының астындағы кірпіксіз лайсаң көзі шатысып, жағалай отырған жұртқа шақырая қарады.(64-бет)
Кешкі тымық ауада самбырлай шыққан Серкеш әңгімесінің шет –жағасы қатындардың шуы, мал үні ара –арасында, құлағына тисе керек, отыздар ішіндегі толықша, сымбатты келіншек Алтынкүл күйеуіне уайымды сызды жүзбен бір қарап, есік ашты.(78-бет)
Жас кезінен сиынып келген патшасы, полковниктің сұрқай түсті мундирін киген, дөңгелек қызыл сақалды сары –шегір адам екен. Түрі әбден жалыққан адамға, әйтпесе о дүниелік бірдемені ойлап келе жатқан жанға ұқсайды. Арт жағындағы сап –сары ала, алтын оқалы киім киген топ адам әлдеқайда салтанатты көрінеді.(84-бет)
Шарбақбайдың түріне көз жүгірткен адам оның жас шамасын біліп болар емес. Беті жылтыраған тап –тақыр көсе. Шашын да тақырлатып алғызып тастаған. Ал өңінде бір кесапат күштің суреті бар. Қасқыр маңдай, биік қабақтың астындағы үлкен қой көздерінің жанары суық, жалпақ тұмсық, шықшыт деген жайылып жатыр. Қайсыбір кезде кескін –кейпі қабаған төбетке ұқсап кететін тәрізді. (90-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |