1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы



жүктеу 1.08 Mb.
бет1/6
Дата25.02.2016
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6
1 ОБСӨЖ

1. Тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы

2. Жоспар:

1.Жалпыхалықтық тіл мен әдеби тіл.

2.Ауызекі сөйлеу тілі және әдеби тіл.
Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:


  1. 1.С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

  2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

  3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

  4. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

  5. 5.Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

  6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

  7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

  8. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

  1. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984

  2. Балақаевы М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1968

  3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966

  4. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996

  5. Жанпейісов Е., М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының тілі. А., 1976

  6. ХХ ғ. қазақ әдеби тіл. Астана: Еорда, 2000

  7. Ибатов А. ХІҮ ғ. хандар жарлықтарының тілі. А., 1997


3. Теориялық мәлімет

Әдеби тіл қашан және қалай қалыптасқанына қарамастан, жалпыхалықтық тілің сұрыпталған, сымбатталған түрі болып табылады да, бір жағынан сол жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүріп отырса, екінші жағынан жалпыхалықтық тілідң әдеби тілег енбейтін бөліктермен (қарапайым сөйлеу тілі, диалектизмдер мен кәсіби сөздер, жаргондар мен варваризмдер) әр түрлі қарым-қатынаста болады.

Жалпыхалықтық тіл өзі қызмет ететін халық өкілдерінің арасындағы қатынас құралы болуды барлық салада жүзеге асырады: қоғамдық өмірде, рухани байлығын жарыққа шығаруда, мәдениет өндірісінің құралы ретінде , сондай- ақ белгілі территорияға ғана , іс-әрекетке ғана байланыста аздаған адамдар арасында , тұрмыста да өмір сүре алады. Ал әдеби тіл оның ең жоғарғы формасы, өңделіп, сұрыпталы, нормалану қасиетін басынан өткізген, сондықтан да кейінгі кезе «оны мәдени өрлеудің қоғамның барлық іс-әрекетінің, ғылымның, техниканың, экономиканың, саясаттың, оқу-ағарту, мәдени жұмыстардың құралы» деп танып жүр. Сондықтан да әдеби тілдің жүйелігігі сол тілде сөйлейтін халық өкілдерінің бәріне таныс, нормасы ортақ болып келеді де, олардың тіл заңдылықтары негізінде сақталынып отыруы қадағаланады. Әрине, әдеби тілдің нормалары қатып, сіресіп, қалған, өзгермейтін құбылыс емес. Әдеби тіл бір жағынан замандар бойы қалыптасқан тұрақты нормаларын сақтап қалға, бұздырмауға тырысып отырса, екінші жағынан ішкі даму процесі негізінде сыртқы қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге лайық икемділігі арту үшін жаңа ұғым, мағына я образ бірде норманың шеңберін бұзып, нормадан ауытқып та кетеді. Әрине, ондай ауытқулар жөнсіз, қалай болса солай емес, белгілі, шекті болады.

Халық тілінің екінші бір бөлігі болып табылатын ауыз екі сөйлеуге байланысты қарапайым сөздер белгілі бір территорияға байланысты жергілікті тіл еркшеліктерді белгілі кәсіпке байланысты белгілі мөлшердегі адамдар ғана түсінікті кәсіби сөздер , халықтың белгілі тобына ғана қатысты жаргондар, жөнсіз қолданылған бөтен тілден енген кірме сөздер – варваризмдер әдеби тілге қарама-қайшы құбылыс болып келсе де, олардың қоғамдық өмірде өмір сүруіне байланыс бар, бір-бірімен қатынасып отырады, кейде, тіпті, олар әдеби тілге еніп, нормаланып, әдеби тілді байытуға байланысты қызмет атқарады. Олардың әдеби тілмен қарым-қатынасқа түсіп, жалпыхалықтық көрініс алатын оры – көбіне-өп көркем шығарма. Көркем шығарма тілінде қарапайым сөздер де, диалектілік ершеліктер де, кәсіби сөздер де , жаргондар мен варваризмдер де жиі ездесіп отырады. Әсіресе, персонаж тілінде орынды қолдануға ондай тілдік элементтер көркем туындының нәрін келтіріп, оған образдық мән беріп тұрады.

М.Әуезов «Білекке білек» повесінде «Түлкібас өңірінде ғана емес, басқа да жерлрдегі қарапайым қазақтарды сөйлеткенде, олар Мұхтарша сөйлемейді, өздерінше сөйлейді:

- Бірақ оралып, буынып қалады-ау, тыпыршыған қарағағыр

- Оны мен бүйтіп қоймаймын. Жиішкертем

- Жемің азайып қапты-ау!

- Бұдан артық қайяққа апарам сені?

- Қанша үрмет қысам да болмай-ақ қойдың ғой, жүдә!» «Білекке білектегі» осы сөйлемдердің ішінде диалетизм, қарапайыс сөздердің бәрі қысқартылып, дыбыс құрамы өзгертіліп айтылған: «қараңқағыр-қараңқалғыр, жиішкертем – жіңішкертемін, қапты-ау –қалыпты-ау, қаяққа апарам –қай жаққа алып барамын, үрмет қылсам – құрмет қылсам»

Сөйтіп, көркем шығарма тілі бір жағынан тілдік нормаларды қалыптастырып, тұрақтандырып отырса, екінші жағынан ол нормадан ауытқуға, жаңа норма жасауға да мұрындық болып, әдеби тілдің үнемі дамып, өзгеріп отыруына әсер етеді. Көркем шығарма тілінде тек көркем стильге жататын тілдік элементтер ғана емес, осы көрсетілгендей әдеби тіл нормасы шеңберінен шығып кететін тілдік элементтер де кездеседі.

Бұл – жалпыхалықтық тілдің әдеби тіл нормасыма енбейтін, оған қарама-қайшы бөлігінің қолданылуының бір жағы. Екіншісі – ондай тілдік элементтерді авторлық баяндауда қолдану мәселсі көркемсөз шеберлерінің өпшілігі – ақ шығармаларында көпшілік қауымға түсінікті бола бермейтін, белгілі территорияда ғана жұмсалатын тілдік үлгілерді қолдануға құмар-ақ. Әрине, ондай қолданыстардың дұрыс-бұрысын байыбына қарап қана айтуға болады. Оған алдын-ала рецепт беру қауіпті – ақ. Өйткені ондай тілдік қолданыстар әдеби тілде баламасы бар, тек жазушының өзі ғана білгендіктен, жазушы туған ауылда жұмсалатындықтан ғана болып отыр ма, болмаса ол білдіредін мән, мағыналық рең әдеби тілде жоқ, сондықтан белгілі стильдік мақсатпен жұмсалып, мағыналық жүк көтеріп тұр ма - осы жағы мұқият ескерілуі керек.

Абайдың «Шегіртке мен құмырсқасында» (И.В.Крыловта шегірке емес, инелік – стрекоза, бірақ қазақ ұғымында осы рольге инеліктен гөрі шегіртке дұрыс келетінін Абай дәл тапқан):

Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған,

Көгалды қуып, гляйттап,

Қызықпен жүріп жазды алған,-

делінеді.

Неге гуляйттап? Селеңдеп, қыдырып, босқа жүріп т.б. осы мәнді білдіретін сөз жоқ па? Тіпті, орыс тіліндегі тексте мүлде жоқ гуляйт сөзін Абай неге алған? Ол сөз өлеңде тіпті ұйқас үшін де қажет болып тұрған жоқ. Өлеңнің аударма екенін де осы сөз арқылы көрсетейін деп тұрған жоқ болу керек. Селеңдеп бос қыдыруды, болашақ күн көрісін ойламай, бір сәттік әсір қызықтың соңына түсушілікті және соған деген автор көзқарасын айқын байқатуы үшін гуляйттап сөзі қолданылған және өте сәтті қолданған. «Попрыгунья – стрекоза лето красное пропела» дегендерге «Ыршып жүріп ән салған», «қызықпен жүріп жазды алған» тәрізді әсем де әсерлі балама тапқан Абай гуляйттап сөзін де осындай образды ұғым болмаса қолданбаған да болар еді.

Бірақ, өкінішке орай, кей қаламгерлер диалектизмдерді, қарапайым сөздерді, жаргон, варваризмдерді авторлық баяндауда жұмсауында бұндай өреден шыға алмай жүр. Ол жайында тілші ғалымдардың еңбектерінде жазылып, кейбір жазушының шығармалары сыналып та жүр



4. Бақылау сұрақтары

1.Жалпыхалықтық тіл

2. Әдеби тіл.

3.Ауызекі сөйлеу тілі

4. Әдеби тіл.

Студенттің

2.


3 ОБСӨЖ

Тақырыбы: Әдеби тіл және көркем әдебиет тілі

Жоспар:

1 Әдеби тіл және көркем әдебиет тілі.

2. Көркем әдебиет тілінің негізгі функцияналдық стилдерден ерекшелігі

3. Әдеби тіл және көркем әдебиет тілі ерекшеліктері.



Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

  1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

  2. Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

  3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

  4. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

  5. 5.Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

  6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж
Қосымша:

  1. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., 2004 ж.

  2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1989,1996 ж.

  3. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. А., 2001 ж.

  4. Мұхамбет – Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. А., 2001 ж.


Теориялық мәлімет

Көркем әдебиет тілінің табиғатын, өзіндік ерекшеліктерін дәл тану үшін алдымен көркем шығарма атаулыға қойылатын негізгі талап – шығарма тілі, оның жалпы мазмұнынан, идеясынан , ондағы басты образдарынан сырт тұрған, бөлек құбылыс емес.

Жазушы әдетте шығармасында қандай да бір уақиғаны жай ғана хабарлап қоймайды. Ол әрбір кейіпкерін барлық мінез-құлқымен , қуаныш-күйінішімен, іс-әрекетімен басқа да толып жатқан тірлік болмысымен оқушының көз алдына елестетеді. Көркем әдебиет тілінің негізгі ерекшеліктері жазушы алдындағы осы міндеттермен ұштасып жатады. Ғылыми әдебиетке, іс қағаздарына, баспасөзге, оқулықтарға және басқа да әдебиет түрлеріне мұндай міндет қойылмайды. Жазушы шағармасында түрлі өмір көріністерін, одағы адамдарды сырттай, жалаң түрде суреттемейді. Ол турасындағы өзінің көзқарасын, оларға қалай қарайтынын оқушыға қоса аңғарта отырады. Академик В.В.Виноградов көркем әдебиет тілінің коммуникативтік функциясының сыртында эстетикалық та функциясы болады дейді.

Көркем әдебиет тілінің де, сондай-ақ әдеби тілдің де негізгі материалы халық тілі байлығының барлық қат-қабаты. Осы тұрғыдан алғанда, бұны әдеби тіл мен көркем әдебиет тілінің өзара ортақ қасиеті, бір-бірімен ұқсастығы ретіне қарауға болады. Бірақ, әдеби тіл мен көркем әдебиет тілінің осы ортақ материалды халық тілі байлығын пайдалануда бірдей емес. Себебі, функциялдық стильдердің қай-қайсысының да, әсіресе, ғылыми әдебиеттер мен кеңсе стилінің өзіне лайықталып, тұрақталған белгілі-бір сөздер тобы, «дайын» сөз орамдары және өздерінің мазмұнына сәйкес әралуан ұғымдар мен бұларға тиісті арнаулы атаулар болады.

Қазақ тілі грамматикасында анықтауыш және анықталуыш деген ұғым бар. Қай сөдің анықтауыш, қайсысының анықталуышы қызметінде жұмсалуы сол сөздің негізгі заттық, нақтылығымен байланысты. Осы ретте жалпы әдеби тілде малды ауыл, шөпті жер, тақиялы жігіт сияқты сөз тіркестерінің бары белгілі. Бұндай тірестердің алдыңғы компоненті болып туынды сын есімдр жұмсалады. Осындай екі сөздің я одан да көп сөздің өзара толық мағыналық байланысқа түсуі жалпы әдеби тілдің тұрақты процесі. Ал, көркем шығарма тілінде бұл алуандас тұрақтылық үнемі сақтала бермейді, яғни әдеби тілдегі үйреншікті тіркестерден бөтен үлгіде келетін сөз қатарлары жиі ұшырасады. Мысалы, асау жүрек, солры жүрек, тас жүрек, ызалы жүрек, қаза өрген жүрек, өртенген жүрек тәріздес сөз тіркестері жалпы халықтық тілден гөрі көркем шығармаларға көбірек үйлесімді. Соларға жарасты сөз.

Көркем шығарма тілінің басты ерекшеліктерінің басқа да функционалдық стильдердің элементтерін қоса пайдаланады. Көркем шығарма тілінің өзіндік табиғатын, өзінді сөз қиюын айқындай түсетін екінші бір нәрсе, ол-сөйлеу тілі. Басқа функционалдық стильдерге қарағанда көркем шығарма тілінде сөйлеу тілі элементтері де ретіне қарай қолданылып отырады. Өйткені қандай бір көркем еңбек болса да, онда авторлық баяндаудан сырт кейіпкерлер тілі, яғни, кейіпкерлердің әрқайсысының өзіне тән сөйлеу машығы сақталатындығы белгілі. Әдетте адамдар өзара сөйлескенде әртүрлі фонетикалық қысқартулар, синтаксистік ауытқулар ұшырасып отырады. Сөйлеу тілінің осы алуан стихиясы көркем шығармаларға кейіпкер тілі арқылы енеді.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығады. Біраз зерттеушілер әдеби тілден, функционалдық стильдерден көркем әдебиет тілінің екі түрлі ерекшелігі бар екендігін айтады. Шығарма тілі, біріншіден, өзінің коммуникативтік функция атқаратындығын, екіншіден, халық тілі байлығының барлық қабатын : тілдегі ең мол сала – байырға сөздермен қоса терминді де, кәсіби лексиканы да, диалектизмдерді де ретіне қарай осылардың қай-қайсысын да қамтитындығын айтады. Тіл мамандарының басқа бір тобы көркм әдебиет тілінің функциоландық стильдерден , яғни әдеби тілден өзгешелігін оның эстетикалық функция атқаратындығымен ғана байланыстыра қараса, енді бір жекелеген ғалымдар шығарма тілінің әдеби тілден ерекшелігін , яғни шығарма тілінің өзіндік сипатын халық тілі байлығының барлық қабатын түгел қолдана беретіндегі деп түсіндіреді. Дегенмен, коммуникатитік функция әдеби тілге де, көркем әдебиет тіліне де тән. Көркем әдебиет тілі эстетикалық та функция қызметін атқарады. Шығарма үшін бұл негізгі функция. Демек, әдеби тілден көркем әдебиет тілінің айырмашылығы біреу-ақ. Ол – оның эстетикалық функция қызметін атқаратындығы.Ал шығармада әдетте халық тілі байлығының барлық қабаты қатар қолданыла беретіндігі – оның осы эстетикалық функциясына байланысты ерекшелік. Халық тілі байлығының барлық қабаты, барша иірім , толқынын көркем шығарма өзі эстетикалық функция атқаруға тиіс болғандықтан, өзінің алдына қойылған талапқа байланысты қамтиды.

4 ОБСӨЖ



Тақырып: Әдеби тілдің қызметі

Жоспар

1. Әдеби тілдің коммуникативті қызметі.

2. Әдеби тілдің экспрессивтік – эстетикалық қызметі
Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:


  1. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., 2004 ж.

  2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1989,1996 ж.

  3. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. А., 2001 ж.

  4. Мұхамбет – Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. А., 2001 ж.


Қосымша:

  1. Айдаров Ғ., Құрысжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1970 ж.

  2. Аманжолов С.А. Вопросы диалектологиии и истории казакского языка. А., 1959,1997 ж.

  3. Әбілқасымов Б. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдеби тіл. А., 1982 ж.

  4. ХХ ғ. қазақ әдеби тіл. Астана: Еорда, 2000

  5. Ибатов А. ХІҮ ғ. хандар жарлықтарының тілі. А., 1997

  6. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998

  7. Мусабаев Г.Г. Становление и развитьие казахского литературного языка и вопросы казакской диалектологии. А., 1952


Теориялық мәлімет

Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі – адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тілге тән қасиет – коммуникативтік қызмет - әдеби тілге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Қысқасы, пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім алу т.б. әдеби тілдің коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асырады.

Ойдың жүйелі нақтылы болуы, оқушыға я тыңаушыға дұрыс жетуі сөйлеу құрамында қолданылған сөздердің лексика-семантикалық байланысу ерекшеліктерімен тығыз байланысты екені мәлім. Бұл - әдеби тіл нормалылығының бір талабы болып табылады. Сонымен бірге сөйлем білдіретін ой жүйелілігі, түсінітілігі, нақтылы сөйлем ішіндегі сөздердің дұрыс орын тәртібіне де байланысты.

Әдеби тіл коммуникативтік қызмет атқарумен ғана шектелмейді. Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, оқушылық сезіміне де әсер етуге де болады: ол әдеби тілдің екінші, экспрессивтік – эстетикалық қызметі болып саналады. Әдеби тілдің экспрессивтік – эстетикалық қызметі: көркем шығарма тілінен анық байқалып, образды ой білдірумен астасып жатады. Көркем шығармадағы әдеби тілдің эстетикалық қызметі оның коммуникативтік қызметіне негізделеді де, олар тұтасып келіп бірлікті көрінеді. Әдеби тіл қашан және қалай қалыптасқанына қарамастан, жалпы халықтық тілдің сұрыпталған, сымбатталған түрі болып табылады да, бір жағынан, сол жалпы – халықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүріп отырса, екінші жағынан, жалпы халықтық тілдің әдеби тілге енбейтін бөліктерімен (қарапайым сөйлеу тілі, диалогтизмдер мен кәсіби сөздер, жаргондар мен варваризмдер т.б.) әр түрлі қарым-қатынаста болады.

Әдеби тіл, бір жағынан, замандар бойы қалыптасқан тұрақты нормаларын сақатап қалуға тырысып отырса, екінші жағынан, ішкі даму процесі негізінде сыртқы қоғамдық - әлеуметтік өзгерістерге лайық икемделіп, жаңа ұғым, мағына я образ беруде норманың шеңберін бұзып, нормадан ауытқып та кетеді.

Халық тілінің екінші бөлігі болып табылатын ауызекі сөйлеуге байланысты қарапайым сөздер, белгілі бір территорияға байланысты жергілікті тіл ерекшеліктері, кәсіби сөздер, жаргондар, кірме сөздер – варваризмдер т.б. әдеби тілге қарама-қайшы құбылыс болып келсе де, олардың қоғамдық өмірде жарыса өмір сүруіне толық мүмкіндігі бар, кейде олар әдеби тілге еніп, нормаланып, әдеби тілді байытуға қызмет атқарады. Олардың әдеби тілмен қарым-қатынасқа түсіп, жалпы халықтық көрініс алатын орны көбіне көркем шығарма. Көркем шығарма тілі, бір жағынан, тілдік нормаларды қалыптастырып, тұрақтандырып отырса, екінші жағынан, ол нормадан ауытқуға, жаңа норма жасауға да әсер етеді.


5 ОБСӨЖ

Тақырып: Әдеби тілдің функционалдық стилдері

Жоспар:


  1. Тілдің функционалдық стилдері.

  2. Функционалды стилдердің даму дәрежесі.

  3. Стилдердің қызметі.

  4. Әдеби тіл нормалары


Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

  1. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., 2004 ж.

  2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1989,1996 ж.

  3. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. А., 2001 ж.

  4. Мұхамбет – Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. А., 2001 ж.


Қосымша:

  1. Аманжолов С.А. Вопросы диалектологиии и истории казакского языка. А., 1959,1997 ж.

  2. Әбілқасымов Б. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдеби тіл. А., 1982 ж.

  3. Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы. // Әдебиет және искуство. 1951 № 4.

  4. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984

  5. Балақаевы М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1968

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966

  7. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996


Теориялық мәлімет

Тілдің функционалды стилі дегеніміз - әдебиеттің белгілі бір жанрына немесе әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір жанрына (мыс, ресми, кеңсе, телеграфет) я болмаса қоғам тіршілігіндегі белгілі бір ситуацияға (мыс, салтан стиль, сипатты стиль т.б.) сәйкестендіріліп қалыптасқан тұлға - тәсілдер жүйесі, семантикасы мен экспрессиясы жағынан біршама тұйықталған (Әр стилге қарай іріктелген) тілдік құралдар системасы. Демек, тілдің функционалдық стильдері – оның әдебиет жанрына қарай ажыратылған тарамдары стильді сөз еткенде, тілдің барлық элементтерін қамтуға тура келеді. “Стиль ойды білдіру құралдарының жүйесі ретінде тіл құрылымының барлық элементтерін: дыбыстарды да, грамматикалық тұлғаларды да, сөз қазынасын да, фразиологиялық тіркестерді де және осы салалардың композициялық – синтаксистік жағынан құрылу тәсілдерін де қамтиды”.

Қазақ әдеби тілінің функционалды стилдерінің құрылысы, саны, сипаты және иерархиялық сатысы (қайсы басым болғаны) барлық кезеңдерде бірдей болмағаны сөзсіз. Осы күнгі тарамдалудың өзі бертінде - XIX ғасырда басталған құбылыс оның үстіне стильдердің әрқайсысына тән айырым белгілері күні бүгінге дейін әбден қалыптасып біткен емес, көп реттерде жақын стильдерді межісі ажырамай, сипатты белгілері бірінен екіншісіне ауысып отыратын фактілер бар.

Қазақ тілінде ұзақ уақыт бойы көркем әдебиет стилі басым болып келді. Өзге стилдер көп уақыт не мүлде болмады, не өте әлсіз болмады. Бірқатар стилдер (кеңсе-іс қағаздары, эпистолярлық әдебиет) халықтың сөйлеу тілінен алшақ дәстүрді пайдаланды.

Көркем әдебиет стилінің өзі көбінесе бір жанрда – поэзия түрінде дамиды.

Қазақ әдеби тілінің осы күнгі стилдік диференциясының басы XIX ғасырдың екінші жартысына тура келеді. Бұл тұста қазақ тілінде мерзімді баспасөз пайда болды, соған орай әдебиеттің қоғамдық – публицистикалық жанрының ірге тасы қалана бастады. Бұл жанр қазақша публицистикалық стилдің алғашқы үлгілерін туғызды. XIX ғасырдың соңғы онжылдықтарынан бастап, қазақ тілінде көпшілікке арналған жартылай ғылыми әдебиет жанры, ішінара оқу құралдары шыға бастады. Мысалы, Сол кезде қазақ қауымында жиі кездесетін адам мен малдың ауру – індеттері, қазақ қоғамының экономикасы (мысалы, кейбір пайдалы кәсіптер), мәдениеті т.б. жайында кітапшалар – қазақ тіліндегі ғылыми – көпшілік әдебиеттің өте әлсіз болса да алғашқы көріністері. (Бұл стилдің едәуір етек жая бастаған тұсы).

Сондай-ақ көркем әдебиет стилінің де проза жанрын қамтып, әлде қайда дами түсуі XIX ғасырдың орта тұсына бастады. Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен себепші болды. XIX ғасырдың басы қазақ көркем әдеби стилінің бірсыпыра күшейген, өз ішінен тарамдалған тұсы. Осы кезеңде проза, драматургия жанрларына сай белгілер пайда болып, дамиды, стилдер арасы айқындала түседі. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінің мынадай функционалдық стилдері болды. Олар: көркем әдебиет стилі - публицистикалық стил жартылай ғылыми стил, ресми – іс қағаздары стилі, эпистолярлық стиль.
6 ОБСӨЖ

Тақырып: Қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері

Жоспар:


  1. Қазақ әдеби тілін кезеңдерге бөлу мәселесі

  2. С.Исаевтың кезеңдерге бөлу нұсқасына шолу


Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

2. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.



  1. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

  2. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

  3. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

  4. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

  5. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет

Әдеби тілдің даму тарихи кезеңдерге бөлуде қазіргі кезде бірізділік жоқ екені белгілі. Солардың кейбіреулеріне тоқталатын болсақ. 1.Сыздықованың әдеби тілді кезеңдерге бөлу жайлы мәліметтеріне жүгінсек. Р.Сыздықова қазақ халқының әдеби тілінің тарихын оның әдебиет тарихымен байланысты екендігін айта отырып, қазақ әдеби тілін XV ғасырдан басталатын ақын-жыраулар творчествосымен байланыстыра қарап, мынадай класторакция ұсынады.

І кезең – XV -XVIII ғасырлар

ІІ кезең – XVIII ғасырлардан XIX ғасыр ІІ-жартысына дейінгі

ІІІ кезең – ХІХ ғасырдың ІІ-жартысынан Октябрь революциясына дейін;

ІV кезең-советтік дәуір

Ғалым қазақтың ауызша төл әдеби тілінің тарихын XV-XVI ғасырлардан басталатынына мынадай мотивтерді келтіреді. «Бұл кезең – қазақ хандығын құраған ру-тайпалардың өз алдына дербес халық болып топтана бастаған, яғни қазақ деген этнонимнің тарих саласынан орын ала бастаған тұсы. Сондықтан қазақтың төл әдеби тілі дегенді осы кезеңмен шендестіре атадық» - деді. Сонымен бірге, түркі халықтарының ең көне ескерткіштері –орхон-енесей жазбалардан болсын, орта ғасырлардағы жазба туындылар болсын, тіпті XV-XIХ ғасырлардағы өзге түркі тілдерінің мұрасы деп танлып жүрген үлгілер болсын барлығы да қазақ әдебиетіне қатысы бар, оның тарихын баяндауға қажет материал бірақ қазақтың төл әдебиеті мен әдеби тілінің дәл өзін танытатын нұсқалар емес деп қараған жөн. Сондықтан қазақ деген нақты атрибутпен келген тұста әдебиет болсын, тіл болсын қазақ халқының этникалық-территориялық единицалық ретінде тарих жүзіне келген кезеңінен бастап әңгіме болғаны орынды – деп түйеді.

С.Исаев өзінің «қазақ әдеби тілінің тарихы» атты оқулығында қазақ әдеби тілінің даму дәуірлері мен кезеңдерін шартты түрде үш дәуірге бөліп қарауды ұсынады. Олар: қазақ халқының халық болып қалыптасқаннан кейінгі кезден, яғни ХV-XVI ғасырлардан бастап, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі қазақ әдеби тілінің туып, қалыптасып даму дәуірі. 2.Қазақ әдеби тілінің ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап октябрь революциясына дейінгі кезең кездегі даму дәуірі, яғни ұлттық әдеби тіл сипатын алған дәуірі. 3. Қазақ әдеби тілі дамының советтік дәуірі.

Ғалым, қазақ әдеби тілінің тарихи негіздері мен арналары деп көрсетілген тілдік көрсеткіштердің бір тобы түркі халықтарының көпшілігіне ортақ көне түркі жазба нұсқаларын бірнеше кезеңге бөліп қарауға болатындығы айтады.

Олар:


1) Көне түркі және орхон-Енисей-Талас кезеңі

2) Араб басқыншылығынан кейінгі кездегі Қараханид кезеңі.

3) Монғол шапқыншылығынан кейінгі ортағасырлық кезең.

Бұл қазақ ұлттық әдеби тілдің қалыптасқанға дейінгі оның қалыптасуына қатысы бар деген кезеңдері еді.

Бұған дейін қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуын негізгі үш дәуірге бөлуде мынадай басты неже ұстанады: біріншіден, әдеби тілдің қалыптасуы, әр түрлі әдебиет жанрларының туып, даму барысында тілдік ерекшеліктері пайда болды. Екіншіден, жазба әдебиеттің тууына орай әдеби тіл ұлттық сипатқа ие болды. Үшіншіден, совет дәуірінде әдеби тіл ерекше қарқын мен дамып, оның қоғамдық қызметі жаңа сапада артты. Мұндағы әр дәуірдің өзі бірнеше кезеңнен тұрады, осыған байланысты әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері байқалып отырады. Енді сол дәуірлерге, олардың ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.
7 ОБСӨЖ

  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет