А. НҰрмановтың ҚҰланның ажалы романының КӨркемдік әлемі



бет27/45
Дата25.11.2023
өлшемі145.09 Kb.
#484434
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
КУЧЕРБАЕВА ДИНАРА

Фразеологизмдер.1.Бәтшағар, сені шошаңдатпай, тап осы жерде аяғыңды көктен келтірейін бе? (23-бет) Күлі көкке ұшты, тас-талқаны шықты, бәлеге ұшырады, жаза тартты.[ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 95-бет]
2. Зәреңді бір алайын! Үрейін ұшыру, қорқыту [Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 295-бет]
3.Құлан есікті мықтап жапты да енді айналасына көз жүгіртті.
(32-бет) Шолып қарады; шола іздеді; ой жіберді; [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 330-бет]
4.Далаға келген бір шешекте әке-шешесін жалман алған жетім бала бай үйінің отымен кіріп, күлімен шығып жүр екен. (33-бет) Бар үй бейнетін, тұз бейнетін арқалады; барлық ауыр салмақты көтерді; [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 562-бет]
5. Ағаңның барар жер, басар тауы таусылған сияқты.(36-бет) Қылар үміт, артар түк айла-амалы жоқ. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 116-бет]
6. Содан соң ашу ,үстінде таяқ жеп қалармын деп сөзін жұта қойды. (40-бет) Сөзін кілт тоқтатып,артын айтпай қойды. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 627-бет]
7. Алдыңғы аяғын бүгіп алған, кірісіне қызыл жүн қойдырған жебе дерлік, атылып барып анадай жерге топ ете түсті, көзді ашып-жұмғанша тағы көкке ырғыды.(42-бет) Лездің арасында, қас пен көздің арасында әп-сәтте. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 327-бет]
8. Там төбесіндегі тесіктен көрінген от орнындай аспан көлеміне қарап жатып, Құлан сол бір ұмыт болған елесті есінде қайта жаңғыртып еді.(46-47бет) Бұл жердегі мағына: аумақты,көлемді.
[ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 562-бет]
9.Әй, сол кісілер де нағыз жүрек жұтқан ер болған-ау.(47-бет) Еш нәрседен қорықпайтын батыл, ер-азамат.[ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 281-бет]
10.Сіз естідіңіз бе, естімедіңіз бе білмеймін, бір жолы сол кісі жорықтан талып-шаршап келе жатып, бір бұлақтың басына ат шалдырыпты дейді.(47-бет) Атын азын-аулақ отқа қойды.( Аттың белін жазғызып, шөпке жайып алғанда айтылады) [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 78-бет]
11.Жарықтықтардың, жер хабар бермесін, жүрегінің түгі бар ғой. Ер, батыр, батыл кісі, еш нәрседен тайматын, қаймықпай, бетіне айтатын адам. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 280-бет]
12. Көздегені мүлт кетпейтін еді ғой, топырағы торқа болғырдың. Діни. Жатқан жері жақсы болсын деген мағынада дүние салған адамға айтылады. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 684-бет]
13. Екеуі де түні бойы кәдір түнін күзеткен діндарларша көз ілген жоқ. Ұйқтамады.
14.Қой, кеселім тиіп, обалына қалармын. (48-бет) Жазықсыз жапа шектірді, қиянатын өз басыңа көз қалды. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 542-бет]
15. Ағынан жарылса да, әлде қиыстырып қайдағы жоқты соқса да бұған бәрібір. (50-бет) Еш нәрсені жасырмады, ішіне еш сыр бүкпей, ашық айтты, бар сырын ақтарды.[ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 14-бет]
16. Ой, шатастырған құдай-ай, мен де сол сияқты шаруа бағып үйде тыныш жатсам,әуелден, жағам жайлау, төсім өріс болмай ма?(55-бет) Мол өмір, уайым-қайғысыз тіршілік,еркіндік, көңілділік; жайбарақат күйде күн кешу. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 225-бет]
17. Әліптің артын бақ деген бар емес пе.(55-бет)
18. Қайдан білейін енді бәрі орнына келді, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманды орнаттым деп бөсіп жүрдім-ау.(55-бет) Тыныштық, бейбіт заман орнады. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 444-бет]
19. Мен де енді ақ үй тігіп, байларша бір шалқиын деген ой көкейіме құрт боп түсті.(55-бет) мазасын қашыру, маза бермеу,
20. Көкке ауызы тиді, енді оңалып кетеді ғой деген үміт қана көңілге медеу.(56-бет) Көңілге медеу: Іштей сүйемел ету, арқа сүйер ету мағынасында айтылған. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 353-бет]
Көкке ауызы тиді: Жерге шөп шығып, тойынар шақ келді. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 343-бет]
21. Немере інісіне іштей ренжісе де ет жақын бауырымен жүз жыртысуға, әрі өзінен мүшел жас кіші адамға: «әй, сен бәлен етіпсін!» деуге дәті бармады, оны бойына ар көрді.(58-бет) Ұрысты, араздасты, ренжісті. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 274-бет]
22. Ондай хабарлар бұл үйлерге ұзынқұлақтан жететін.(59-бет) Алыпқашпа әңгіме; әркімнің айтқан лақап сөздері. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 729-бет]
23.Серкештің айызы қана көп айтатын хабары-ел арасындағы ұрыс-жанжал болып келетін.(59-бет) Көңілі жай тапты, құмары тарқады; құлақ құршы қанды, рақаттанды. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 28-бет]
24. Мені басынайын, аяқ асты етейін деген-ау,-деп ойлады ол,- батыр, мерген атағы бар Құланның ауылына келіп жанжал шығарған не сұмдық.(61-бет) 1)Қалай боса солай, берекесіз шашылып жатқан, керексіз болған нәрсе туралы айтылады.2) Менсінбеу, қорлау мағынасында айтылған. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 99-бет]
25. Көрейін олардың әуселесін. Тал түсте ауылыма ат ойнатып, Құланның төбесіне шықпақ екен ғой.(63-бет) Астамшылық етті, басынды; атқа мініп, қаумалап, қамап тұрды. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 76-бет]
26. «Қап, қап, қорлағаны-ау, бұл»- деп іші алай-түлей болған Құлан ашуға булығып, бетіне түгі шығып отыр.(63-бет) Қатты қаһарланды, бұланталан болып, кәріне мінді. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 93-бет]
27.Еттен таяқ, сүйектен сөз өтті.(66-бет) Айыбын бетіне баса масқара қылып ұрысты, балағаттады. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 307-бет]
28. Бір шыбын жаныңа нені де болса сатып жібересің-ау, ә?! Көне. Өмір, тірлік мағынасында. (Діни ұғым бойынша кісі өлгенде «жан» шыбын тәрізді ұшып кетеді-міс) [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 769-бет]
29. Міне енді, қанағанымыз қарық, сағанағымыз сарық.(189-бет)
30.Ернім ерніме жуымайды.(209-бет)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет