А. НҰрмановтың ҚҰланның ажалы романының КӨркемдік әлемі


Портрет Көркем бейненің жанды, нақты, әсерлі бейнеленіп, танылуында портреттік тәсілдің алатын орны ерекше. Портрет



бет41/45
Дата25.11.2023
өлшемі145.09 Kb.
#484434
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
КУЧЕРБАЕВА ДИНАРА

Портрет

Көркем бейненің жанды, нақты, әсерлі бейнеленіп, танылуында портреттік тәсілдің алатын орны ерекше. Портрет – француз сөзі, мағынасы бейнелеу дегенді білдіреді. Бұл көркем шығармада кейіпкердің бет пішіні, киім киісі, жүріс – тұрысы, жалры сырт келбеті тұрғысынан суреттелуі. Жазушы кейіпкерін сыртқы түр – тұлғасымен, қимыл – қозғалысымен таныстыра сипаттай отырып, оны нақты тірі адам бейнесінде көз алдымызға елестетеді және оның ішкі әлеміне де барлау жасауға тырысады.


Портреттің түрлері де, қырлары да сан алуан. Мәселен, портретті ерекшелік сипатына қарай шартты түрде төмендегіше жіктеуге болғандай: мөлтек портрет, топтама портрет, сатиралық портрет, психологиялық портрет, статикалық портрет, портрет – мінездеу, живописьтік портрет т.б.
Көркем шығармалық тәжірибеде кейіпкер портретін түрлі жағдайларға және жас мөлшеріне қарай құбылтып – өзгертіп, оны әр қырынан толықтырып, қайталап беріп отыру да кең орын алған үрдіс. Бұл живописьтік портреткетән ерекшелік.
Өмірде адам түрлі жағдаяттарда көрінеді, танылады, есейеді, уайымға түседі, көкірегін шаттық кернеп, толқып – тасатын сәттері де баршылық. Әдеби бейнені де жазушы міне осындай алуан күйде, түрлі өмір кезеңдерінен алып әр қырынан (сыртқы түр-түсі, ішкі жан әлеміндегі өзгерістер) бейнелеп – бедерлеуі керек. Осыған сәйкес ол кейіпкердің іс – әрекетімен қоса оның кескін – келбетін де алуан ситуацияларда түрліше құбылтып, ішкі – психологиялық толғанысын танытатындай етіп беріп отырады.
Әрине, қай түрі болмасын, портрет ең алдымен шынайылығымен, нақтылығымен ұтымды. Шын шеберлік адамның сыртқы кескінін, қимыл – қозғалысын сипаттай отырып оның ішкі жан әлемінің сырларын аңғартуда, сезіндіруде болса керек. Бұл ретте сөз жоқ, психологиялық портреттің атқарар рөлі мен маңызы ерекше.
‟Психологиялық портрет тек автордың баяндауымен жасалынбай, кейіпкер көзімен, сөзімен, аңдауымен бой көрсетпек” дейді тарихи роман табиғатын зерттеуші профессор Т.Сыдықов [С.Мақпырұлы ‟Адамтану өнері” 46 – 49 бет].
Ғалымдар көркем әдебиеттегі портретті 2-ге бөледі: ситуациялық және жалпы портрет.
Жалпы портретте көркем бейненің өзіне тән үнемі болып тұратын сипат белгілері суреттелсе, ситуациялық портрет кейіпкердің бір сәттік эмоциялық кейпін береді [С.Ғ.Қанапина ‟Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)”, 106 бет].
Тіл білімі мен әдебиетке қатысты портретті ғалымдар екі үлкен топқа бөледі:

    • жалпы портрет;

    • психологиялық портрет;

Портреттің психологиялық және синтездік түрлері бар.
Психологиялық портрет – кейіпкердің кескін келбеті мен ішкі жан дүниесін ұштастыра бейнелейді. Кейіпкердің эмоциялық күйзелісі, жан дүниедегі арпалысы суреттеледі. Жазушы кейіпкер портретін әртүрлі тәсілмен береді:
Синтездік портрет – кейіпкердің барлық қимылын жүріс – тұрысын, мінез – құлқын, ажырамастай тұрақты, динамикалық қозғалысты бейнелейді.
Портрет негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады.

    • соматикалық портрет;

    • вестиалды портрет;

    • кинетикалық портрет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет