А. Құрсақтық кезең эмбриондық даму фазасы (0 ден 3 айға дейін) плаценттік даму фазасы(3 айдан туғанға дейін) Б. Құрсақтан тыс кезең



бет2/4
Дата02.09.2022
өлшемі72.16 Kb.
#460149
1   2   3   4
даму кезендер

Қорғану рефлексі - баланы етпетінен жатқызғанда басын жанына бұрып алады, 2-3 айға дейін сақталады.

  • Еңбектеу рефлексі- баланы етпетінен жатқызады. (басы мен іші бір сызықтың бойында болуы керек) Табанына алақан тигізіп басқанда бала алға ұмтылып, қолдарымен қимылдай бастайды, 4 айға дейін сақталады.

  • Ұстау рефлексі - саусақтарды баланың алақанына салып, басқанда ұстау қимылы пайда болады .Кейде осылай баланы жерден көтеріп алуға болады. Бұл бейнелісті табанда да анықтауға (ІІ-III башпайлардың түбінен басса башпайлары табанына қарай иіледі) болады. 2-4 айларда жойылып кетеді.

  • Галант бейнелісі немесе рефлексі - қырынан жатқан баланың омыртқа маңы сызығы бойымен, мойнынан құйрығына қарай үлкен және сұқ саусақтармен сызып жүргізгенде, тітіркену капталына қарай доға тәрізденіп майысады. 4 айында жойылады.

  • Симметриялық мойын тонус рефлексі - жаңа туылған баланың басын игенде аяқ-қолының, әсіресе қолдарының, бүгілгені байқалады. Басын кейін жазғанда аяқ- қолдарының жазғыш бұлшық еттерінің тонусы артады

  • Мойындық және тұлғалық жәй қалыптастыру рефлекстері- басын бұрған жаққа тұлғасы да бұрылады. Мойындық және тұлғалық тізбектік қалыптастыру бейнелістері 6-7 айда қалыптасады

  • Апгар шкаласы

  • Нәресте туа салысымен жүрек соғысын санау. Нәрестенің ЖСЖ минутына 100 реттен жоғары болса — 2 балл, 100 реттен төмен – 1 балл және жоқ болса — 0 бал

  • Тыныс алу жиілігін санау. Тыныс алу жиілігі 40–50-ден жоғары болса минутына (айғайы қатты) — 2 балл, 40-ден төмен – 1 балл, тыныс алу жоқ — 0 балл.

  • Рефлекторлы қозғыштықты тексеріп бағалау. Қимылы белсенді, айғайы қатты- 2 балл, қимылдар, нәрестенің бетінде наразылық белгісі- 1 балл, реакция жоқ- 0 балл.

  • Терісін бағалау. Терісі қызғылт түсті- 2 балл, акроцианоз- 1 балл, терісінің айқын боздығы — 0 балл.

  • Бұлшық ет тонусын бағалау. Нәрестенің қимылы белсенді- 2 балл, аяқ колдарының аздағап бүгілуі — 1 балл, қимылы жоқ- 0 балл Туа салысымен 1 минут ішінде нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау. Туған соң 5 минуттан кейін нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет