А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет11/16
Дата23.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#8363
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Дәріс 6

Тақырып: Тұлғалық бағдарлы білім беру

1. Тұлғалық бағдарлы білім берудің ерекшеліктері

2. Тұлғалық бағдарлы білім берудің моделі

Өткізілу формасы: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары


1. Білім беру жүйесіндегі тұлғалық бағдарлы технологиялар

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі «жалпыға білім беру» моделінен «әр адамға білім беру» моделіне көшуге негізделген. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру – білім берудің басты міндеті. Осы міндетті шешуде тұлғалық бағдарлы технологиялар кеңінен қолданылуда.

Оқыту-тәрбиелеу практикасында тұлғалық бағдарлы тұрғының негізі ізгіліктік психологиядан басталады. Гуманизмнің ірі тұлғаларының бірі Карл Роджерс тұлғалық тұрғының бірнеше ұстанымдарын белгілеген:


  1. Ауыспалы дүниеде индивид үшін осы дүниені өзіндік қабылдауы аса маңызды болып табылады.

  2. Адамның қоршаған ортаға көзқарасы өзіндік қабылдауы мен өзіндік түсінуі негізінде қалыптасады.

  3. Әрбір адам өзін-өзі тануға, өзін-өзі іске асыруға және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті.

  4. Тұлғаның дамуы тек қарым-қатынас арқылы ғана жүреді.

  5. Тұлғаның дамуы, өзін-өзі жетілдіруі өзін қоршаған ортамен, басқа адамдармен өзара әрекеттесу негізінде жүзеге асырылады.

Тұлғалық бағдарлы тұрғыдан білім беру идеясы бүгінгі күні педагогика ғылымында А.Маслоу, Д.Дьюи, Ш.Амонашвили, И.С.Якиманская, В.В.Сериков, Е.В.Бондаревская, А.Плигин, А.А.Бейсенбаева, А.М.Мұханбетжанова, С.М.Бахишева және т.б. ғылыми-зерттеу еңбектерінде өз жалғасын табуда.

Тұлғалық бағдарлы білім беру – оқушылардың бар мүмкіншіліктерін дамытуға, олардың өз-өздерін еркін көрсетуге жағдай жасау, яғни тәрбиеленушілердің тұлғалық қасиеттерінің анықталуына және дамытылуына толық мүмкіндік беру.

Тұлғалық бағдарлы білім берудің басты мақсаты – адамға өз-өзіне, басқа адамдарға, қоршаған ортаға, өзінің кәсіби іс-әрекетіне деген жеке көзқарасын, қарым-қатынасын анықтауда (өзгертуде, түзетуде, бекітуде және т.б.) көмек беру.

Тұлғалық бағдарлы білім берудің ерекшеліктері

Тұлғалық бағдарлы білім берудің ұстанымдары: детерминизм, жүйелілік және біртұтастық, даму, сана мен қарым-қатынас бірлігі, мәдениетке сәйкестік, табиғатқа сәйкестік, өзін-өзі өзектілеу.

Тұлғалық бағдарлы технологиялар – педагогикалық ситуацияларда нәтижеге жетуде қажет құралдармен қамтамасыз ететін, тұлғаны дамытуға бағытталған іс-әрекеттер мен іс-шаралардың жиынтығы. Олар: диалогты әдістер, ойын технологиялары, тренингті технологиялар, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары, модульдік оқыту және т.б.

Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиялары түсіндіруден – түсінуге, монологтан – диалогқа, әлеуметтік бақылаудан – дамытуға, басқарудан - өзін-өзі басқаруға көшуге негізделген. Педагогтың негізгі міндеті – қолайлы қарым-қатынасты орнату, оқушылардың өзара түсінісуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.

Тұлғалық бағдарлы білім берудің технологиясына қойылатын мәнді талаптар: диалогтық, әрекеттік-шығармашылық сипаты, студенттің дамуын қолдауға бағыттылығы, оған өз бетімен шешім қабылдауға, шығармашылықпен оқу және тәртіп мазмұны мен тәсілдерін таңдау үшін қажетті еркіндік кеңістігін беру.

Тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісі – бұл индивидте адам бейнесін жасау үрдісі, өзіндік Менін өзектілеу үрдісі.

Тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісінің концептуалды педагогикалық шарттары мыналар:



  • қазіргі білім беру саласындағы ізгіліктік бағыттарды белгілейтін тұлғаның мәнді бағдарларын, мұғалімнің педагогикалық санасы мен педагогикалық ойлауын өзгерту;

  • өзін өзі дамытуға құндылықты көзқарас;

  • жоғары оқу орнындағы тұлғалық бағдарлы білім беру ортасы.

Тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісінің нәтижесі – студенттердің тұлғалық өсуі, білім беру үрдісінде шығармашылықпен өзін-өзі өзектілеуі.
2. Тұлғалық бағдарлы білім берудің моделі


  • Оқытудың мақсаты оқытушы және студенттермен өзара келісіледі, әдетте оқытушы мен студенттер сабақтан күтілетін нәтиженің өзіндік жүйесін құрады.

  • Студенттің өз бетімен ізденуіне, өз бетімен жұмыстануына, өз бетімен жаңа нәрсені тануына бағытталған.

  • Әрбір студентпен жұмыс жасау, оқыту үрдісінде оның бейімділіктері мен таңдауларын анықтау және есепке алу.

  • Таным үрдісінде танымдық стратегиялармен жұмыс жасау.

  • Оқу үлгерімі әртүрлі студенттерге арналған дидактикалық материал қолданылады.

  • Әрбір студентке оның танымдық қабілеттерін есепке ала отырып, білім көлемі белгіленеді және соған сәйкес оқу материалы таңдалады.

  • Күрделілігіне қарай тапсырманы студент өзі таңдайды, тапсырмалар мазмұнын оқытушы өзгертеді.

  • Әрбір студенттің мүмкіншіліктері мен жеке бейімділіктеріне қарай белсенділігі.

  • Оқытушы студенттің өзіне топтың немесе жеке жұмысты таңдауға мүмкіндік береді.

  • Жаңа білімді студенттің оқытушымен біріккен іс-әрекеті барысында алу.

  • Студент, алдымен, жауабын өзі бағалайды, содан соң оқытушы бағалайды.

  • Танымдық үрдісті және оның нәтижесін сандық және сапалық тұрғыдан оқытушы мен студенттің біріге бағалауы.

  • Үй тапсырмасының көлемін, күрделілігі мен формасын студенттердің өзі таңдайды.

  • Қажетті әдебиеттерді студент өзі таңдайды, оқытушы оған кеңес береді.

  • Оқытушы студенттердің танымдық стратегияларын ұсынуына мүмкіндік жасайды.

  • Оқытушы өзінің жұмыс жасау стилін студенттердің танымдық таңдаулары және когнитивті стильдерімен есептесе отырып бейімделеді.

1. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студ. пед. вузов: В

2 кн. – М.:Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999. – Кн. 2: Процесс

воспитания. – 256 с.

2. Научно-методический журнал “Химия: Методика преподавания в школе” 2’

2001


3. Научно-теоретический и методический журнал “Химия в школе” 6’2001

4. Харламов И.Ф. Педагогика: Учебн.пособие.-3-е изд., перераб и доп.-

М.:Юристъ,1997.512 с.
Дәріс 7

Тақырып: Бастауыш білім беру мазмұнын құру


  1. Бастауыш білім беру мазмұнын құрудың тұжырымдамалық негіздері

  2. Бастауыш мектептегі білім беру процесі мазмұнының ерекшеліктері

Өткізілу формасы: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары


  1. Бастауыш білім беру мазмұнын құрудың тұжырымдамалық негіздері

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.

Бұл Тұжырымдама ҚР «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыртудың қарқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлігінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісінің, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығыү

Қазақстандық жалпы орта білім беру мазмұны оқушының өмірдегі құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына себепші болады.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыщз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның псиикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.

Тұжырымдаманың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында ҚР жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту мен дамыту стратегиясын айқындау.

Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері сыналар болып табылады:



  • Қоғам дамуының қарқындылығы;

  • Постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдени аралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;

  • Алықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі ммкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;

  • қоғамның демократиялануы;

  • экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;

  • адам капиталы мәнінің артуы.

Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр.

Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.

Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды. Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:



  1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.

  2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.

  3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдауға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.

  4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

Қазақстан қоғамының қазіргі саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты. Еуропа кеңесінің (1992ж.) декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Ремания, Франция және т.б. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.

Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.


  1. Бастауыш мектептегі білім беру процесі мазмұнының ерекшеліктері

Оқу, жазу, санау жалпы мәдени дағдыларын меңгерту әрбір баламен жеке жүргізілуі керек. Мұнда анықтаушы ретінде балаға берілуі керек білім көлемі алынбайды, оның орнына көп бейнелі іс-әрекеттер тиімді болып саналады, бұл баланың әмбебап құзіреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Мұндай бастауыш мектептің маңызды ерекшелігі – жобалық және жоба алды іс-әрекетті қолдану. Бастауыш мектептегі жобалар пәндік, пәнаралық, пәннен тыс материалдармен байланысты болуы мүмкін.

Оқу процесі үлкен деңгейлі вариативтілік негізде жоспарлануы керек. Мұғалім алға қойған мақсаттан (тақырып, қызмет, тапсырмалар) алысырақ болуға дайын болса, балаларда соғұрлым субъектілік бастама айқын көрінеді, олардың тұлғалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері талапқа сәйкес келеді.

Сабақтардың вариативті кестесі жұмыстың жобада және жобадан тыс ауысып отыруына мүмкіндік береді, сыныптағы нақты ситуацияларға, балалардың пікірі мен тілектеріне, мәселелік орындарддың пайда болуына байланысты өзгеріп отырады.

Ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде бірігіп жоспарлауға, мәселе шешімінің әртүрлі тәсілдерін таладуға үлкен мән беріледі. Балалар оқытушылармен біріге отырып, оқу сабақтарының мазмұнын анықтайды, оқу материалын, формасын таңдайды.

Бастауыш мектепте баллдық жүйемен бағалау болмайды. Оқу жылының соңында сапалық – мазмұндық мінездеме беріледі, мұнда баланың жетістіктері, жұмыс жасау тәсілдері көрсетіліп, баланың жұмысын әрі қарай дамыту үшін ұсыныстар беріледі, оның жетістіктері құрдастарымен салыстырмалы түрде емес, өз өзімен талдау негізінде жасалады.

Бұл деңгейде әртүрлі формадағы өзін-өзі бағалауға үйрету басталады. Балаларға өз жетістіктерін бағалаудың, іс - әрекетке қатынасын білдірудің, сабақты ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері ұсынылады. Балалар өздерінің тілектерін, сезімдерін, іскерліктерін, мәселелерін рефлексия барысында талдайды.

Оқытушының міндеті – баланың зейінін жеке ерекшеліктеріне, қалай ойлайтынына, шығармашылық жұмыстағы туындаған бейнелеріне көңілін аудартады. Осылайша, бала басқа адамды қабылдауға, оның даралығын құрметтеуге үйренеді.



Дәріс 8

Тақырып: Нәтижеге бағдарланған білім

  1. Білім беру нәтижелерін анықтаудың жаңа тұрғылары

  2. Әлеуметтену білім беру нәтижесі ретінде

Өткізілу формасы: Презентация
Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында, 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзіреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген.

Педагогика ғылымында құзіреттілік тұрғыдан келуді ендіру мәселесін шешуде басты рөлді тұлға игеруге тиісті таным, тәжірибе, әрекет тәсілдері сияқты мәселелер шеңберіне түсінік беретін ұғымдар қатарында құзірет, құзіреттілік деп аталатын ұғымдарды ғылыми айналымға ендіру және қолдану атқарады.

«Құзіреттілік» және «құзірет» ұғымдары абстрактілік пен нақтылық диалектикалық категорияларының арақатынасы сияқты күйде, яғни, құзірет – бұл жүзеге асырылған құзіреттілік, іс-әрекеттегі құзіреттілік. Құзіреттер – тұлғаның қандай да бір іс-әрекетте жүзеге асырылған құзіреттілігі. Осылайша түсіндірілетін құзіреттер негізгі немесе тұғырлық және қосымша болып бөлінуі мүмкін. Білім берудің тұлғаның негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны ұйымдастыруға құзіреттілік тұрғыдан келудің пайда болуын айқындады және ол қазіргі білім жүйесінің әдіснамасы және нақты білімдік технологиялардың негізі ретінде тану көзделуде.

«Құзіреттілік» ұғымы еңбек әлемінде және өнеркәсіп мекемелерінде пайда болды. Еуропа өнеркәсіпшілері өткізген дөңгелек столдағы өздерінің қорытынды құжаттарында былай деп көрсетеді: «көптеген жас адамдар мектеп бітіргенде кәсіби өмірінде өте қажет болатын: топта жұмыс істеу қабілеті, командалық рух; жауапкершілік сезімі және жеке тәртібі; белсенділік, шығармашылық сезім; кәсібилік рух, өзін жетілдіруге тырысу, жарыс сезімі; жалпы іске қызмет ету сезімі, патриотизм сияқты құзіреттер туралы ешқандай хабары болмай шығады. Бұл сапалар кәсіпорын рухының негізін құрайды».

Батыстың дамыған елдерінде білім берудің мына міндеттері туралы: білім алушыларда құзіреттіліктерді қалай қалыптастыру, оларда пайда болатын интеграциялау инкемділігін қалыптастыру, білімді әртүрлі өмірлік ситуацияларға көшіре білу және қолдану туралы мәселелер орын алуда. Бүгінгі күні оларда тұғырлық құзіреттер айқындалып, алғаш рет Еуропа Кеңесі эксперттері 1996 ж. білім беру мәселелері бойынша «Еуропалық жобада алғаш ұсынылған тұғырлық құзіреттерді оқу процесінде қалыптастыру идеясы жүзеге асырылды» (4).

Құзіреттілік теориясын дамытуға жоғарыда айтылған «Ключевые компетенции для Европы» (Берн, 1996) симпозиумында шешім қабылданды. Ол қазіргі уақытта Батыс Еуропа мен АҚШ мектептерінде кең қолданыс тауып отыр. Кембридж және Оксфорд университетінде жасалған негізгі құзіреттіліктер жүйесінің сипаттамасында тұғырлық құзіреттеліктер әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыруда, мысалы оқу және кәсіби іс-әрекетті орындау барысында дамиды деп көрсетіледі.

Құзіреттер ішінен пәндік құзіреттіліктер, (пәнаралық және т.б.) және тұғырлық (қорытылған) барынша жоғары және интеграцияланған құзіреттіліктер бөліп көрсетіледі. Еуропа Кеңесі тұғырлық құзіреттің бес тобын айқындаған, соларға ерекше мән беріледі және білім беру мекемесі жастарды «қаруландыруы» керек деп есептейді.



  1. Саяси және әлеуметтік құзіреттіліктер: өзіне жауапкершілікті ала білу қабілеті, бірлесіп шешім қабылдауға қатысу, дау-жанжалды зорлық-зомбылықсыз жолмен реттеу, демократиялық институттардың қызмет етуіне қатысу және оны жақсарту.

  2. Көпмәдениетті қоғамда өмір сүру қабілетіне қатысты құзіреттіліктер: расизм мен ксенофобиялар тууына, таралуына жол бермеу, білім беру жастарды өзгешелікті түсіну, бірін-бірі сыйлау, басқа мәдениет тілдері және діндегі адамдармен бірге өмір сүру қабілеті сияқты мәдениетаралық құзіреттермен қаруландыруы керек.

  3. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын меңгеруге қатысты құзіреттіліктер, соңғысының жұмыста және қоғамдық өмірдегі маңыздылығы соншалық, оны меңгермеген адамға қоғамнан аластау қаупі төнеді. Осы топқа бүгінгі күні маңызы артып отырған бірнеше тілді білу де жатады.

  4. Қоғамдық ақпаратты пайдалану және мойындаумен байланысты құзіреттіліктер жаңа технологияны меңгеру, оны қолдануды түсіну, оның күшті және әлсіз жақтарын айқындау, БАҚ тарататын ақпараттар мен жарнамаларға сыни көзқарас.

  5. Өмір бойы оқуға қабілеттілік - үздіксіз даярлықтың және кәсіби даярлықтың, сонымен қатар жеке және қоғамдық өмірдің негізі ретінде (Рыжков М.В.).

Құзіреттілік теориясы В.Чинапах, Я.И.Лефстед, Г.В.Вайлер, Н.Розов, В.В.Сериков, Н.В.Матяш, Ю.В.Койнов және т.б. еңбектерінде негізделген.

Жоғары білім беру жағдайында аталған және басқа да негізгі құзіреттілік төмендегі шарттарды қолданғанда жүзеге асырылуы мүмкін:



  • білімдік мақсаттарға барынша бара-бар келетін әдіснаманың болуы;

  • әдістемелік және педагогика ғылымының қазіргі мәліметтері банкінің болуы;

  • дидактикалық практика тәжірибесінің жетістіктері мен қорытындылары.

Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзіреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі ереже сапасында таңдау жасайды. Бұл тұрғыдан көзқарасты М.В.Рыжаков (негізгі жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты (теория және практика)) өз еңбегінде төмендегіше көрсетеді.

  • Құзіреттілік ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және операционалдық-технологиялық құраушы ғана емес, әрі мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық, яғни ол оқыту нәтижелерін (білім мен іскерлікті), құндылық бағдар жүйелерін, әдет және т.б. қамтиды.

  • Құзіреттілік - алынған білім, іскерлік, тәжірибе мен мінез-құлық (тәртіп) тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілетін білдіреді.

  • Құзіреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясының идеологиясы жатыр.

  • Құзіреттіліктер мектепте оқу процесінде ғана емес, ол әрі қоршаған ортаның әсерімен, яғни қалыпты, қалыптан тыс, қалыпты емес білім алу жағдайында да қалыптасады.

Бұл тұрғыдан көзқарасқа сәйкес білім беру жүйесі тұғырлық (негізгі) құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзіреттілікті келесі сипаттық белгілеріне қарап тұғырлық деп қарастыруға болады:

  • интегративтік табиғаты болуы, яғни өзіне біртекті немесе жақын келетін білім мен іскерліктерді, мәдениет пен іс-әрекеттің ауқымын (ақпараттық, құқықтық және т.б.) өзіне қамтып алады.

  • көпқызметтік, яғни оны меңгеру күнделікті өмірде әртүрлі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді;

  • пәнүстілік және пәнаралық сипатта болады, яғни әртүрлі жағдаяттарда қолданылады;

  • белгілі дәрежеде интеллектуалдық дамуды талап етеді;

  • көпөлшемдік (сиымдылығы), яғни әртүрлі ойлау процестері мен интеллектуалдық икемділіктерді қамтиды.

Барлық құзіреттіліктер әртүрлі типтегі амал-әрекеттерді талап етумен (қосымша және тек белгілі бір жағдайда көрініс табуы мүмкін) мәнді:

  • автономды және рефлексивтік әрекет ету;

  • әртүрлі құралдарды интерактивті қолдану;

  • әлеуметтік-гетерогендік топтарға кіру жән оларда қызмет ету.

Құзіреттілік тұрғыдан келу қазіргі үздіксіз білім беру, соның ішінде кәсіби білім беруде, білімді дамытудың келесі тенденцияларын айқындайды.

Біріншіден, үздіксіз білім берудің жалпы жүйесінде өздігінен білім алу кезеңдерінің мәнділігі. Сондықтан білім берудің қазіргі кезеңінде білім алушылардың өзбетіндік, танымдық және практикалық іс-әрекет дағдысын қалыптастыру міндеті ерекше өзектеліп отыр.

Екіншіден, өздігінен білім алуды дамыту жағдайында сөз жоқ, оқыту құралдарының рөлі артады. Қазіргі кезеңдегі оқыту технологиясында оқытудың ақпараттық технологиясының құралдары ерекше мәнге ие болуда.

Үшіншіден, білім беруді жүзеге асырудың даралап оқыту принципінің ролін күшейтеді, әрбір білім алушы үшін оқу процесін даралауды жүзеге асыруды көздейді.

Төртіншіден, білім беруде пәндік-бағдарлық жүйеден жобалау жүйесіне көшуге бағдарлайды.

«Құзірет» - бұл біреудің құзіреті және ол білім, іскерлік және дағдылар жиынтығы ретінде көрінеді, субъектіге өзгермелі жағдайға бейімделуге мүмкіндік береді. Негізінен, құзірет – белгілі бір жағдайда әрекет ету және өмір сүруге қабілеттілік. Дегенмен, білімсіз құзірет болуы мүмкін емес, бірақ білімнің өзі ол әлі құзірет емес, ал тіпті құзірет болмайынша білім өз көрінісін таба алмауы да мүмкін. Сондықтан қазіргі білім беру технологияларында кейбір батыс елдерінде алдымен белгілі бір құзіреттіліктерді қалыптастыру міндеті қойылады да, сонан соң білім алуға үйрету, ал онан соң блімнің негізінде құзіреттіліктердің көрініс табуын тексеру жүзеге асырылады (6).

Егер «құзірет» ұғымын келесі ұғым «біліктілік» ұғымымен өзара байланыста қарастыратын болсақ, онда бұл ұғымның пайда болуы экономикалық іс-әрекеттің өзгерістерімен байланыстырылатын кәсіби даярлаудың тарихына жақын келеді. Көптеген кәсіби міндеттердің өзгерісі, жаңа технологиялардың ендірілуімен байланысты жаңа біліктіліктерді талап етеді. Қандай да бір іс-әрекеттің орындалуын сипаттайтын іскерлік жеткілікті бола бермейді. Сонымен қатар, қиындықтарды алдын-ала көре білу, шешім қабылдау, ынтымақтастық және өз іс-әрекетін жүйелеу білігі қажет. Қазіргі уақытта кәсіби әрекеттің сапасын бағдарлауда негізгі құзіреттіліктерді дамыту қажеттігі пайда болып отыр.

Литва Республикасының ғалымдары жалпы орта білім берудің басты мақсатын есепке ала отырып, оқушының қазіргі қоғамдағы әлеуметтік тәжірибені меңгеру, өмірлік дағдылар мен практикалық әрекеттерді алуға мүмкіндік беретін негізгі іс-әрекет түрлерін ескере отырып келесі негізгі құзыреттіліктерді айқындаған:

- әлеуметтік құзыреттілік;

- таным құзыреттілігі;

- коммуникациялық құзыреттілік;

- креативтілік құзыреттілік;

- сыни тұрғыда ойлау және проблеманы шешу құзыреттілік;

- оқу білігі құзыреттілігі;

- салауатты өмір салты құзыреттілігі;

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі күйін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру стандартында қабылдап отырған негізгі құзіреттіліктерді: проблеманының шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктерді дамыту қажет екендігін айта кетуіміз керек. Бұл құзырлылықты игерген оқушы оқу және басқа да әрекеттерде өзін-өзі айқындауға қабілетті болады. Одан оқушының жеке жолы және тұтастай өмір сүру бағдарламасы тәуелді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет