А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет12/16
Дата23.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#8363
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2.Тұлғаны әлеуметтендіру

Жалпы орта білім беретін мектеп – мектеп жасындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлдерін игеруге ықпал ететін барлық қажетті жағдайлардың барлығын орындап отыратын әлеуметтендіру институты. Әлеуметтендіру идеяларын іске асыру біртұтас педагогикалық процесте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықты талап етеді.

Оқушыларды әлеуметтендіру нәтижесі мынадай жетістіктерде байқалады:

бастауыш мектепті бітіруші:

- адам, азамат, елжанды, ұжымшыл деген түсініктердің мәні туралы көзқарасының болуы;

- Қазақстанның барлық халықтарының бірлігінің мәнін, әлемде бейбітшілікті сақтауды, ұлтаралық қатынаста төзімділік танытуды түсінуі;

- Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа да халықтардың мәдени құндылықтарын түсінуі;



- «қоғамдық субъекті» ретінде жаңа әлеуметтік мәнді рөлін (оқушы, сыныптас, ұжым мүшесі және т.б.) игеруі;

- балалар ұжымындағы мінез-құлықтың этикалық нормаларын білуі, балалар қоғамдастығында тұлғааралық қатынастардың негізі ретінде берік достық байланыс орнатуы және ондағы жағымды әлеуметтік мәртебені бекітуге талпынуы;

- еңбектің рөлі мен кәсіптер әлеміне біртіндеп енудің қажеттіліктерін түсінуі;

- экологиялық білімді меңгеруі және табиғатты жалпыадамзаттық құндылық ретінде сезінуі;

- жеке гигиенаның дағдылары мен денсаулық сақтаудың негіздерін меңгеруі;

- баламалы өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі түсіну негіздерін сезінуі;

- жыныстар арасындағы мінез-құлық пен жыныстардың мәртебелік орны туралы түсінігі болуы тиіс.

Жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыларды табысты әлеуметтендіру жалпы білім беру сатыларына сәйкес оларды бірлікте, ынтымақтастықта және дамытуда негізгі құзыреттілктерді игеруіне ықпал етеді.



Дәріс 9
Тақырып: Құзыреттілік тұрғыны жүзеге асыруға бағдарланған бағыт

1. Құзыреттілік білім беру нәтижесі ретінде

2. Хуторской А.В. бойынша құзыреттіліктер иерархиясы

Өткізілу формасы: Презентация



  1. Құзыреттілік білім беру нәтижесі ретінде

Қазіргі кезде білім беру теориясында «құзіреттілік», «құзірет», «құзіреттік тұрғы», «түйінді құзіреттіліктер» ұғымдарына түрліше пікірлер қалыптасуда. Оның себебі бір жағынан, әлемдік білім беру тәжірибесіне байланысты болса, екінші жағынан, «білім беру тәжірибесінің өзгеру жолы» ұғымын теріске шығарумен, үшіншіден оқушының белсенді өзіндік жұмысы мен өзара іс-әрекетін білім саласына бағыттаумен байланысты болып отыр.

Шетел сөздерінің сөздігінде «құзіретті» ұғымы құзіреттіліктерге ие – белгілі бір ұйымның, адамның өкілеттігі аясы немесе бір адамның жүргізуі тиіс сұрақтар мен істер аясы деп түсіндіріледі. Competent (франц.) – құзыретті, өкілетті, сompetents (лат.) – сәйкесті, қабілетті, сompetenсе (ағылш.) – қабілет (құзыреттілік).

«Құзіреттілік» ұғымы еңбек әлемінде және өнеркәсіп мекемелерінде пайда болды. «Түйінді құзыреттілік» ұғымы алғаш рет 1992 жылдан бастап ресми түрде Еуропа Одағының «Еуропадағы орта білім» жобасында айтыла бастады. Бұл жобаның міндеті – Еуропа одағының құрамындағы елдерде білім берудің мақсаты мен мазмұнын, оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау механизмдерін талдау болды.

Құзірет (латын сөзі competens – сәйкесті, қабілетті) – орындалатын жұмыстың мәнін, қойылған мақсатқа жетудің тәсілдері мен құралдарын терең және түп-түбіріне дейін білу, сонымен қатар сол жұмысқа сәйкес келетін іскерліктер мен дағдылардың болуы.

Жалпымәдениеттілік құзірет – өз бетімен білім алуға, оның барысында пайда болатын танымдық проблемаларды өз бетімен шешуге, өзінің позициясын белгілеуге жеткілікті білімділік деңгейі.

Құзірет – нақты пәндік салада нақты әрекетті тиімді орындау үшін қажет болатын арнайы қабілет және оның қатарына арнайы білімдер, ойлау тәсілдері, өз іс-әрекетіне деген жауапкершілікті түсіну де енеді.

Құзірет – өзінің бойындағы белгілі бір білімі мен дағдысы арқылы шешім қабылдауға қатысуға немесе өз бетімен мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін лауазым иесінің жеке мүмкіншіліктері, оның біліктілігі (білімі мен тәжірибесі).

«Құзірет» ұғымын кейбір авторлар тұлғаның жетілуімен және оның еңбек міндеттерін орындауда өнімді әрекет жасауға және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін күйге жетуімен байланыстырады.

С.И.Ожегов және Д.Н.Ушаков өз жұмыстарында құзіреттілікті «білім, хабардарлық, беделділік» деп сипаттай отырып, мұның бәрі құзыреттіліктің, білімнің, мағлұматтың барын негіздейді және мәселеге беделді пікір береді деп есептесе, кейбір ғалымдар мен педагогтар құзыреттіліктің негізі ретінде алған білімі мен шеберлігі, дағдысы деп пайымдайды. «Құзірет» ұғымына анықтаманы С.И.Ожегов «біреудің өзіне тиесілі шеңбері» деп берсе, Д.Н.Ушаков «тиесілі шеңбер, яғни сол адамға тиесілі сұрақтар, құқығы, құбылыстар жиынтығы» деп көрсетеді. «Құзіреттілік» пен «құзірет» ұғымдарына «құқық» сөзі байланысты болғандықтан, «құзіреттілік» пен «құзірет» түсінігін заң туралы энциклопедиядан іздеуді қажет етті.

В.Дальдің түсіндірме сөздігінде құзіреттілік «толық құқықтылық» деп сипатталады. Бұл сөздің мағыналық мәні «толық сәйкестік» және «құқық» болып табылады. [6; 150 б.] Бұл жағдайда құзіреттілік білім ретінде жасалған әрекетке қатысты құқықты жүзеге асыру мен бекітуге негіз болады. Мұнда құзірет ұғымының ерекшелігі, ол субъекттің ұстанымын мен құзірет субъектісінің жауапкершілігін арттырады. Құзірет бұл тек белгілі біреудің атқарар іс жиынтығы ғана емес, құқық пен міндеттердің де жиыны болып есептеледі. Сонымен қоса, ол құзірет субъектісінің құқыққа және құқықты өзіне тартуына араласты. Егер де бірінші түрінде субъект әрекетсіз болса, екінші түрінде құзырет субъектісі белсенділік көрсетеді.

Адамның құзіреттілікті игеруі, алдымен жағдай туғызу, бағыттау, білім саласындағы көрінісінен, тәжірибелік шығармашылықтағы жеткен дәрежелерінен, адамның ізденісінен, пікірталастарды қорытуынан туындайды. Ресей білім саласының теориясы мен тәжірибесінде «құзіреттілік» пен «құзірет» ұғымдары кең таралған. Айта кететін жағдай, ғалымдардың анықтамалары «құзіреттілік» пен «құзірет» ұғымдарын салыстырмайды.

Осылайша, «құзірет» - бұл оқу барысында жинақталған білімге, тәжірибеге, құндылықтарға, бейімділіктерге негізделген жалпы қабілет. Құзірет білімге де, дағдыға да жатпайды. Құзірет – бұл іс-әрекетті, іскерлікті тудыратын нәрсе. Құзірет саналы іс-әрекет барысында қалыптасады.

«Құзіреттілік» ұғымына ғалым, ізденушілер мен тәжірибелі педагогтар түрлі болжамдар айта отырып, құзіреттілікке мынадай анықтамалар берді: «тек өзіне білім мен іскерлікті жинайды, ал ол жиынтықтың туындауына қатысы жоқ» (И.Д.Фрумен, А.А. Пинский, Б.И.Хасон, С.Е.Шишов, т.б.); «құзіреттілік - өзінде бар жан-жақты болмыс» (О.Е.Лебедев, А.А.Пинский, Дж. Равен, А.Н.Тубельский, т.б.); «құзіреттіліктер арнайы және белгілі бір бағытталған» (Т.М.Матвеева); «құзіреттілік - субъектіге шығармашылығының арқасында дариды» (А.М.Аронов, П.Г.Шедровицкий, т.б.); «білім алғанда» (С.Е.Шишов, т.б.); «әлеуметтік жағдайға араласудан және оған сай болудан» (А.Н.Тубельский, И.Д.Фрумин, В.В.Цветиков, т.б.).

Ғалымдар мен педагогтардың зерттеуінде көрсетілген анықтамалар құзіреттіліктің әр-алуандығын білдіріп қана қоймай, оның көптүрлілігін де айқындайды.

Біздің зерттеуімізге сәйкес жеке тұлғаның қалыптасуы ретінде қарастырылатын «құзіреттілік» пен «құзірет» ұғымдарына байланысты А.М.Аронов, Дж.Равен, П.Г.Щедровский, А.Н.Тубельский, Б.И.Хасон, И.Д.Фрумин т.б. пікірлері зерделенді.

Мысалы, А.М.Аронов «құзіреттілік іс-әрекеттің мінездемесі ме?», «құзыреттілік жеке тұлға сапасы ма, әлде іс-әрекет сапасы ма?» деген сұраққа, «құзыреттілік жеке тұлғаның белгілі бір іс-әрекетке дайындығы және өзара екі іс-әрекеттің байланысы, яғни қазіргі уақытта – білім саласы, келешекте – тәжірибелік негіз болады» деп жауап береді. А.М.Ароновтың осы ойын жалғастыра отырып, П.Г.Щедровицкий: «іс-әрекет – ойлау қабілетінің бөлігі», ал «құзыреттілік модустың субъектіленген іс-әрекетінің біліктілігі» деп сипаттама берді. Бұл құзыреттілікті іс-әрекет категориясы ретінде тұжырымдауға мүмкіндік береді. Оның пікіріне жүгінсек, субъектіленген – бұл өзіндік (субъектілік) іс-әрекет тәжірибесінен өткізілген, субъектілік қажеттілікпен өрнектелген әмбебап субъектілік тәжірибесі. «Модус» - әмбебап модель. Субъект бұл модельді әртүрлі іс-әрекет түрлерінде қолданады (алмастырады). Субъектінің қолданатын үлгісі, оның іс-әрекетіне өзіндік ерекше стиль береді. Құзыреттілікті іс-әрекеттің дәрежесі деп түсіну үшін, ойлау қабілетінен туындайтын іс-әрекеттің, яғни субъект алған білімі мен шеберлігін ойлау үрдісі арқылы өзінің іс-әрекетіне айналдырып әртүрлі жағдайларда жүзеге асыратындығын білу керек.

Осылайша, берілген анықтамаларды қорытындылай келе, «құзыреттілік» ұғымын субъектінің іс-әрекеттің мақсаты мен оны жүзеге асырудың құралын саналы түрде ұғынумен байланыстырылады. Қазақстандық білім беру саласында құзыреттілік ұғымының мәні әлі толық анықталған жоқ. Сондықтан да «құзыреттілік негіздері», «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдары жайлы түрлі тұжырымдар бар. Қазіргі кезде құзыреттілік негіздері туралы тек жалпылама түсініктер енгізілген. Құзыреттілік – бұл ситуацияға сәйкес құзыреттерді (іскерлік пен дағды) пайдалану үшін таңдау. Түйінді құзыреттіліктер жөнінде айтылғанда жаңа ситуацияларды меңгеруге «есікті» ашатын құралдар, «кілттер» деп түсіндіруге болады. Түйінді құзыреттілік – бұл анықтаушы құзыреттілік, себебі жүзеге асыру жағдайларына сәйкес келеді, олар шектелмеген, спецификалық емес, бірақ белгілі бір дәрежеде әмбебап болып келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-Образование, №1, 2004.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004 жыл.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер. – Астана, 2006.

  4. Рыжков М.В.Ключевые компетенции возможности применения стандарты и мониторинг в образовании, - М., 1999, №4.

  5. Словарь иностранных слов.- 13-е изд., стереотип. – М., 1986.

  6. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. М., 1993. - С.294.

  7. Дж. Равен. Компетентность в соврменном обществе: выявление, развитие и реализация / Пер.с анг. М., 2002. С.48.



Дәріс 10

Тақырып : Білім беру нәтижесі ретіндегі құзыреттілік

  1. Өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілікті дамыту

  2. Проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзыреттіліктерінің аспектілері

Өткізілу формасы: Презентация
1. Проблемаларды шешу құзыреттілігі мен өзіндік менеджмент:

- әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

- өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға (яғни, барабар міндеттерге технологиялар әзірлеу);

- өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға;

- өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға;

- барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызады.



Проблемаларды шешу құзыреттілігінің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- мұғалім ұйымдастырған проблеманы шешуге ден қоя алады;

- шынайы және қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады;



2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- міндеттерді шешу қадамдарын логикалық және уақыт бірізділігі бойынша анықтайды және реттейді;

3) технологияларды қолдану:

- нұсқаулықпен жасайды;



4) қорларды (ресурстарды) жоспарлау:

- белгілі іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды;



5) қызметті бағалау:

- өз іс-әрекетіне берілген алгоритм бойынша бақылауды жүзеге асырады;

6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:

- жоспарланған және алынған нәтижелердің сипаттамаларын салыстырады және нәтижелер сапасының ойдағыға сәйкестігі жөнінде қорытынды жасайды;

- өз әрекетінің нәтижелерін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды;

7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсете алады;

- өз әрекетінің себептерін атай алады.



ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- қалаған жағдаятты негіздейді және нақты жағдаяттарға талдау жасайды және олардың

арасында туындаған қарама-қайшылықты көрсетеді;

- проблеманың пайда болуының себептерін көрсетеді;

2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- қойылған проблемаға сәйкес мақсат қояды;



- қойылған мақсатқа сәйкес міндеттерді қояды;

- алдын-ала берілген баға критерийлері негізінде өз әрекетінің жоспарланған нәтижесінің сипатын өз бетінше анықтайды.



3) технологияларды қолдану:

- нақты міндеттерді шешу үшін іс-әрекеттер технологиясын (міндеттерді шешу тәсілдерін) немесе белгілі бір алгоритмнің бөлігін таңдайды және іс-әрекет жоспарын жасайды;



4) ресурстарды жоспарлау:

- қойылған міндетті шешуге қажетті ресурстарды жоспарлайды;



5) қызметті бағалау:

- өз іс-әрекетін жоспарлайды және ағымдық бақылау жасауды жүзеге асырады;

6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:

- әрекет ету мақсатына сәйкес өз бетінше анықтаған өлшемдер бойынша өз әрекетінің нәтижесін бағалайды;

7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- іс-әрекет жетістіктері мен кемшіліктерінің себептерін көрсетеді;

- міндеттерді шешу кезінде кездескен қиыншылықтарды атап көрсетеді және оларды жеңу жолдарын ұсынады.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- проблеманы анықтайды және тұжырымдайды;

- проблемаға талдау жасайды;

2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- мақсатқа жету кезінде туындайтын тәуекел ету жағдайларын көрсетеді;

- проблемаларды шешудің балама тәсілдерін талдау негізінде мақсат қояды;

- қойылған мақсаттарға жетуді негіздейді;



3) технологияларды қолдану:

- обьектілер параметрлерінің өзгергенін ескере отырып сол санаттағы обьектіге, күрделі обьектіге технологияны қолданады және әрекет ету жоспарын жасайды;


4) ресурстарды жоспарлау:

- балама ресурстарға талдау жүргізеді және міндеттерді шешу үшін оларды пайдаланудың тиімділігін негіздейді;



5) іс-әрекетті бағалау:

- ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізу немесе енгізбеу себептерін негіздейді;

6) іс-әрекет нәтижесін/өнімін бағалау:

- қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен көрсеткіштерін ұсынады;

7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- міндеттерді шешу кезінде қол жеткізген ресурстарды (білім, іскерлік, тәжірибе т.б.) басқа да қызмет түрлерінде қолдану мүмкіндігін дәйектейді.



Дәріс 11

Тақырып: Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі

  1. Ақпараттық-коммуникативтік-технологиялық құзіреттілік

  2. Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігінің аспектілері

Өткізілу формасы: Презентация
1. Ақпараттық құзыреттілік:

- сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;

- өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

- қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.



Ақпараттық құзыреттіліктің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау

- ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

- ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

- анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады;

2) алғашқы ақпаратты алу:

- бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізеді;

- адамға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

- ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады;



3) ақпаратты екінші қайтара алу:

- берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;



4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді;



5) ақпараттарды өңдеу:

- алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

- ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

- ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.



ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:

- қойылған міндеттерді шешу үшін қандай ақпарат (не туралы) талап етілетінін атап көрсетеді;

- интернеттің іздестіру жүйелерін қолданады;

- библиографиялық және тұрақты басылымдарды пайдаланады;



2) алғашқы ақпаратты алу;

- өз бетінше бақылау, ақпараттық ізденістердің міндеттеріне сәйкес эксперименттің мақсаты мен барысын жоспарлай отырып эксперимент жүргізеді;

- сұрақтар көмегімен ақпараттар жинауды жоспарлайды және оны жүзеге асырады;

- берілген сұрақтар бойынша статистикалық, тарихи және көркемдік ақпарат көздерінен мәлімет ала алады;



3 ) екінші қайтара ақпарат алу:

- алынған тапсырмалардың сипатына қарай өз бетінше негіздеме тұжырымдайды, оларды реттейді және ізделінді ақпаратты ала алады;

- анықталған қарама-қайшылықты көрсете біледі;

4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- алынған ақпаратты берілген күрделі құрылым шеңберінде (екі немесе одан да көп белгілеріне қарай) жүйелейді;



5) ақпараттарды өңдеу:

- алынған ақпаратты шешілетін міндеттің мәнмәтінінде баяндай алады;

- ақпараттың нақтылығын ұсынылған тәсіл бойынша тексереді;

- алынған ақпарат негізінде өз бетінше қорытынды жасайды немесе қорытындымен келіседі және оны дәлелдеу үшін бірнеше дәйектер немесе оны растайтын мәліметтерді келтіреді.



б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:

- қызметке қойылған міндетке сәйкес ақпараттық ізденісті жоспарлайды - ақпараттық ізденісті аяқтау туралы өз бетінше және дәйекті шешім қабылдайды;



2) алғашқы ақпаратты алу:

- ақпаратты іздеу міндетіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өз бетінше мониторинг жүргізудің мақсатын және жүргізу жолын айқындауды жоспарлай отырып, оны жүзеге асырады;

- статистикалық, тарихи көздерден, көркемдік мәтіні бар көздерден ақпараттарды алуды өз бетінше жоспарлайды және жүзеге асырады;

3) екінші қайтара ақпаратты алу:

- орындалатын жұмыстың мақсатын өзіндік түсіну деңгейінде өз бетінше анықтаған негіздер бойынша ақпаратты ала алады;



4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- бөліп алған ақпараттарды өзі таңдаған күрделі құрылымға сәйкес жүйелейді;



5) ақпараттарды өңдеу:

- тексеруге қажетті ақпаратты өз бетінше көрсетеді және ақпараттың нақтылығын тексеру тәсілдерін қолданады;

- түрлі көзқарастарды сыни талдау немесе алғашқы ақпарат пен соңғы ақпаратты салыстыру негізінде қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өз бетінше алған ақпараттарды негіздейді аспектісіндегі жалпы орта білім беру деңгейінің құзыреттілігі.


Дәріс 12
Тақырып Коммуникативтік құзыреттілік

1. Оқу процесіндегі коммуникация формалары

2. Коммуникативтік құзыреттілік аспектілері
Өткізілу формасы: Оқытудың интерактивті әдістері
1. Коммуникативтік құзіреттілік мынадай мүмкіндіктер береді:


  • нақты өмірлік ситуацияларда нақты міндеттерді шешу қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникацияның түрлі құралдарын пайдалануға;

  • коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған стильдер мен жанрларды реттеуге және қолдануға;

  • этикет нормаларына сәйкес өзінің көзқарасын, пікірін білдіруге;

жалпы нәтижені алу үшін түрлі позициядағы адамдар тобымен қарым-қатынасты орнату.

- өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;



  • Жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың әлемдік тәжірибесін зерделеу, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу тек 12 жылдық жалпы білім беретін мектептің жағдайында ғана мүмкін болатынын көрсетеді.

Коммуникативтік құзыреттіліктің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- қарапайым құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын рәсімдейді;

- мәтінді ресімдеу және берілген үлгідегі көмекші сызбалар нормаларын сақтай отырып сұрақтарды баяндай алады;

2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- сөз сөйлеу жоспарын жасайды;

- көпшілік алдында сөз сөйлеу нормасын және регламентті сақтайды;

- өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін кідіріс жасай алады;



3) сұхбат:

- монологта, сұхбатта, пікірталаста (топ) шын мәнісіндегі, бағаланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдай алады;



4) нәтижелі топтық қатынас:

- білім алушылар топтық талқылаудың берілген тәртібіне өз беттерінше ілесе алады;

- білім алушылар топтық жұмысқа арналған тапсырмаға сәйкес жауап бере (амалдар орындай) алады;

- білім алушылар өздерінің ойларын, пікірлерін ұсынады, түсіндіре алады немесе топтың басқа мүшелерінің ойларына, пікірлеріне деген көзқарасын дәйектей алады.



ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- күрделі құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын ресімдейді;

- күрделі құрылымдағы тақырыпты баяндай алады және көмекші құралдарды сауатты қолдана біледі;

- құжаттардың (белгілі үлгілер ішінен алынған) жанрын және құрылымын қатынас жасау мақсатына сәйкес анықтайды;



2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін ауызша айту тәсілдерін (логикалық байланыс құралдарын) қолданады;

- ауызша айтудан басқа тәсілдерді және көрнекі құралдарды қолданады;

3) сұхбат:

- монологта, сұхбатта, пікірталаста шын мәнісінде бағаланатын ақпараттың талап етілетін мазмұнын қабылдай алады;



4) нәтижелі топтық қатынас:

- топ алдына қойылған міндетке сәйкес талқыланатын ережелер мен сұрақтар жөнінде білім алушы өз беттерінше келісімге келеді;

- білім алушылар топтық жұмыс тапсырмаларын орындау шеңберінде өздерінің міндеттерін бөліседі және қабылдайды;

- білім алушылар бір-бірінің пікірлерін нақтылау және түсіну үшін сұрақтар қояды, өз пікірлерін топтың басқа мүшелерінің пікірлерімен салыстырады, бір-бірінің ой-пікірлерін дамытады, нақтылайды.



б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- ақпаратты өңдеу нәтижелерін жазбаша түрде (регламентпен шектелмеген) ұсынады;

- талқылауға ұсынылған айқындама көзқарастарды қолдайтын және/немесе оларға қарсы дәйектемесі бар мазмұндағы жазбаша құжатты дайындай алады;

- өз іс-әрекетінің мақсатына сәйкес жазбаша қатынас жасаудың мақсаты мен адресатын анықтайды;



2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- қатынас жасау міндетіне барабар көрнекі материалдарды өз бетімен дайындайды және оларды сауатты пайдаланады;

- өз сөзінде қисындық және шешендік тәсілдерді, аудиториямен кері байланыс тәсілдерін қолданады;

3) сұхбат:

- мәлімет беру тақырыбын, айтылған ұсыныстарды, дәлелдерді, дәйектерді, қорытындыларды анықтай отырып, монологта, сұхбатта, пікірталаста шын мәнісінде бағаланатын ақпараттың мазмұнын толық қабылдай алады;



4) нәтижелі топтық қатынас:

- білім алушылар пікірталас шиеленіскен жағдайда одан шығу тәсілдерін пайдаланады немесе топтың нәтижеге қол жеткізе алмау себептерін түйіндейді;

- білім алушылар көзқарастардың бір-бірімен сәйкес келетін және сәйкес келмейтін жақтарын, неге сәйкес келмеуінің мәнін анықтай отырып, ұсыныстарға топтық жұмыс мақсатына сәйкес салыстырмалы баға береді.
Дәріс 13
Тақырып: 12-жылдық мектепте жалпы білім берудің бастауыш сатысының моделі

1. 12-жылдық мектепте жалпы білім беру мазмұнын құру принциптері

2. Білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері (ғылыми мақалалар негізінде) Өткізілу формасы: Презентация
1. 12-жылдық мектепте жалпы білім беру мазмұнын құру принциптері

Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.

12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:


  • Жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;

  • Күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;

  • Оқытудың сабақтастығы;

  • әрбір оқыту сатысының даралығы.

12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
1 – саты

жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)

Оқытуды бастау жасы – 6 жас

Оқыту ұзақтығы – 4 жыл


1 – сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.

Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.


Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары

Білім беру мазмұнын жағартудың негізгі бағыттары мыналар:



  • білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;

  • білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;

  • өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мазмұнымен қамтамасыз ету;

  • танымдық уәждемелерін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын іріктеу;

  • білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;

  • білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.

Отандық және алықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын ұйымдастыруғады тәжірибесіне ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын ұйымдастырудағы тәжірибесіне ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Қоғамтану», «Технология», «Өнер», «Дене шынықтыру», «Адамтану».

Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарында қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады.

Білім мазмұнына инварианттық компонент және вариативтік компонент кіреді. Мұнда оқушының өзіндік зерттеушілік жағдыларын қалыптастыруға арналған «Зерттеу мәдениетінің негіздері» атты арнаулы курсы беріледі, жоғары сатыға бейіндік компонент қосылады.
Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылық технологиялары үйлесімді қабысқан мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс.

12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай приницптерге ие болады:


  • жеке тұлғаның жас және псиофизиологиялық ерекшелігінің ескерілуі;

  • күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;

  • ашықтығы;

  • интерактивтігі.

Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара байланыс әрекетіне әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етуді мақсатты ұйымдастырылған болып табылады.

Мұғалім қызметінің мақсаты:



  • білім беру саласының пәндік және негізгі мақсаттарын ескере отырып, оқу процесінің негізгі мақсаттарын жобалау;

  • оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттеркешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес консрукциялау;

  • оқу материалдарын даярлау және оқу мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру;

  • оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;

  • оқушының оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;

  • оқушының оқу дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау;

  • құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру;

  • оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзіндік білін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;

  • ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уақытында түзету;

Оқушы қызметінің мақсаты:

  • жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану;

  • әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, біліктілігін оқу менәлеуметтік құзіреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;

  • оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;

  • жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны жеке білімдіккапиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндікті қолдану.

Оқулықты әзірлеу және басып шығару – мемлекеттік басым міндеттерінің бірі. Әзірленетін оқулықтар мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс және оқыту мазмұнын талдау нәтижеге бағдарланған білімді ескере отырып жүргізіледі.

Сабақты консультациялауда кезек оқушының өзін-өзі таныту мақсаттарына, оқу материалдарын модельдеуіне, оқушының өнімді әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың формалары мен әдістеріне кезек беріледі.

12 жылдық мектептегі оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаның қабілеттерін толық көрсетіп, дамытатын негізгі тәсілдердің бірі - әрекеттік тәсіл. Әрекеттік тәсілге сәйкес адамның дамуы кезінде осы жас кезеңіндегі жетекші әрекетке зор үлес қосады.

Әрекеттік қатынас оқушының әлеуеттік мүмкіндігін дамытуға және есепке алуға көзделген, әрекетті сабақтан тыс ұйымдастыру нысандарымен, саралау тапсырмаларымен, вариативті бағдарламалармен жететін, жеке білім алу міндеттерінтолығымен шешуге мүмкіндік беретін тұлғалық-бағдарлық тәсілмен тығыз байланысты.

Құзыреттілік тәсіл 12 жылдық мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетіне пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.

Оқытудағы тұлғаның психологиялық және физиологиялық денсаулығын дамытудың міндеттерін білім беру процесін ұйымдастыруда біртұтас қарастырылатын денсаулық сақтаудың пәндік-кеңістік ортасын құрудың маңызы зор.

Дәстүрлі қатынастармен қатар білім беру процесін ұйымдастыруда оқыту процесінің жалғасу циклдерінің түрлі нұсқаларының мүмкіндігіне қарастыратын оқу-тәрбие процесінің топтамаблокты: апталық, екі апталық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық жүйесі қолданылады.

Осы ретте білім беру процесінде күтілетін нәтижеге сәйкес бақылау жасауға және түзету енгізуге мүмкіндігі болатын педагогтардың қызметі жеткізіледі.

Жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың ақпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшіріледі.

Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде негізгі қызметті оқушының оқыту кезеңдерінде тұлғалық ішкі ресурстарын дамытуды қадағалау болып табылатын псиологиялық қызметтің рөлі артады.

Тұлғалық-бағдарлық оқытудың міндеттерін табысты іске асыру үшін ұйымдар жұмыс аптасының бес күндік ұйымдастыру тәртібін тиімді қолдануды қарастырады. Сенбі – оқушының жеке бағдарлы білімін қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған дамыту күні болып табылады.

Оқытудың ұзақтығын тоқсандар (8 апта) мен каникул уақыттары бойынша реттеу балалардың денсаулығын сақтауға игі ықпал етеді.



2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.



Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:

  1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

  2. Мәдениеттанымдық құзіреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдени негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретінұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

  3. Оқу-танымдық құзіреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.

  4. Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу біліктілігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

  5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

  6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.

  7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты экономикалық-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жадайларда жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.


Дәріс 14
Тақырып: Білім беру нәтижесін бағалау жүйесі

1. Білім беру нәтижесін бағалау жүйесі – оқушылардың меңгерген іс-әрекеттерінің (құзіреттіліктерінің) тәсілдері

2. Тест тапсырмаларының формалары
Өткізілу формасы: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары


    1. Білім беру нәтижесін бағалау жүйесі – оқушылардың меңгерген іс- әрекеттерінің (құзіреттіліктерінің) тәсілдері

Бақылау-бағалау қызметін жүргізу үшін жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға бағытталған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі әрекет етеді.

Оқушылардың білім, біліктер, дағдылар мен құзыреттіліктер түрінде ұсынылған білім нәтижелеріне қол жеткізуі бағаланатын болады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мынадай түрлері енгізіледі: сыртқы баға, ішкі баға және портфолио.

Сыртқы бағаны білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау барысында мемлекеттік білім беруді басқару органдары жүзеге асырады.Сыртқы бағаның мақсаты - оқушының қол жеткізген білім нәтижелерінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігін белгілеу, ұлттық масштабта түлектердің дайындық сапасын бағалау.

Оқушылардың оқу жетістіктерін мемлекеттік бақылау білім берудің әрбір деңгейі аяқталғаннан кейін жүргізіліп отырады.



Білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін өлшеу, сыртқы баға үшін мазмұны, рәсімдері және тексеру тәсілдері бойынша стандартталған білім беру саласының Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары әзірлеген тапсырмалар жүйесі пайдаланылады.

Білім беру ұйымдарындағы оқыту сапасының ішкі бағасы оқу пәні бойынша оқыту сапасының диагностикасын қамтиды және тікелей білім беру ұйымымен жүргізіледі.Ішкі бағаның мақсаты – оқушылардың шынайы тұлғалық жетістіктерінің оқу пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелеріне сәйкестігін белгілеу. Ішкі баға мұғалімнің білім, біліктер, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін өлшеу үшін пайдаланатын стандартталмаған тапсырмалары арқылы жүргізіледі.Ішкі баға білім нәтижелеріне қол жеткізу деңгейінің жүйелі бақылануын, олардың дер кезінде түзетілуін қамтамасыз етеді.

Жеке білім беру траекториясының іске асырылуының, оқудағы ілгерілеудің байқалуының, тұлғаның дамуы мен оқушының әлеуметтік белсенділігінің деңгейі, жалпы мәдениетінің, оқушы ой-өрісінің жеке қырларының ерекшеліктері, рефлексияға қабілеттілігі белгілі оқу кезеңі, оқу жылы бойындағы оқу жетістіктерін мақсатты, жүйелі, үздіксіз бағалау мен өзіндік бағалау нысаны ретінде портфолио көмегімен есепке алынады және бағаланады. Портфолио – оқушының әлеуметтік маңызды, жеке жетістіктерінің нәтижелерін ұсыну тәсілі.

Оқушылардың оқу жетістіктері диагностикасының нәтижелерін бағалау үшін, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу іс-әрекетінің нәтижелілігін, сандық және сапалық көрсеткіштерін ескеретін бағалау шкаласын құру мақсатында 12 балдық бағалар ауқымы орнатылады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезіндегі өлшеу аспаптарына: ашық және жабық типтегі тестер, есептеу және практикалық мәселелер, жобалар, жаттығулар, компьютерлік модельдеу және т.б. түрлі оқу тапсырмалары жатқызылады.

Бақылау өлшеуіштері оқытудан күтілетін нәтижелерге сәйкес әзірленеді және оқу материалын меңгерудің әрбір деңгейіне тән оқу іс-әрекетінің мазмұнын көрсетеді.

Оқушы тұлғасының дамуын диагностикалау және түзету енгізу мақсатында оқу іс-әрекетін психологиялық қолдау жүзеге асырылады.

Оқушының әлеуметтік белсенділігі оның іс-әрекетін белгілі оқу кезеңінде оқу және өмірлік жағдаяттарда бақылау нәтижесінде портфолио көмегімен бағаланады.
Дәріс 15
Тақырып: Бастауыш кластардың болашақ оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру


  1. Болашақ кәсіби маманды қалыптастырудың жаңа бағыттары

  2. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі

Өткізілу формасы: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары


  1. Болашақ педагогты құзыреттілік тұрғыдан кәсіби даярлау мәселесі

Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіне біртіндеп кірігуі жүзеге асырылуда, бұл өз кезегінде жоғары білім беру жүйесін реформалаудың түйінді бағыттарын нақтылауды қажет етіп отыр. Тез өзгеретін технологиялар заманында оның басты ұстанымы «өмір бойы білім алу, адамның сапалы кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі болуы қажет» (1).

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бұл тек жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру арқылы ғана жүзеге асатындығы белгілі. Осы ретте жоғары оқу орындарының бағдарламалары қазіргі кезде белгілі дәрежеде халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары оқытудың кредиттік жүйесіне бағытталып жасалынуда.

Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзіреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген (2).

Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттіліктерін сипаттап көрсету мәселесі ғалым-дидактардың, кәсіби педагогика мәселесімен шұғылданатын ғалымдардың талқылау пәніне айналып отыр. Бұл құбылыстың философиялық, психологиялық және педагогикалық қырлары қарастырылуда. Жоғары кәсіби білім берудің (мемлекеттік) мазмұнын айқындайтын құжаттарда, яғни ЖКББМС-да, басқа да құжаттарда негізгі құзыреттіліктердің көрініс табуы қажеттілігі туындап отыр. Осы мәселені шешу үшін жоғары мектеп дидактикасы, жоғары білім мазмұнының теориясы, әдістемесі мен технологиясы саласындағы жетістіктері тұрғысынан ғалымдардың күш-жігері талап етілуде.

Біз қарастырып отырған проблема – жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің бүгінгі қойылып отырған талаптарға сай негізгі құзыреттіліктерді студенттер бойында қалыптастырудың қажеттілігі мен педагогика ғылымының категориалдық аппаратына негізгі және кәсіби құзыреттіліктердің ендірілмеуі, оған сәйкес теориялық және әдіснамалық көзқарастардың қалыптаспауы арасындағы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру.

Осы тұрғыдан «құзыреттілік», «құзырет» ұғымдарының пайда болуы, оның шетелдік тәжірибесі т.б. мәселелерге өз көзқарасымызды көрсетуге тырысып отырмыз. Педагогика ғылымында құзыреттілік тұрғыдан келуді ендіру мәселесін шешуде басты рөлді тұлға игеруге тиісті таным, тәжірибе, әрекет тәсілдері сияқты мәселелер шеңберіне түсінік беретін ұғымдар қатарында құзырет, құзыреттілік деп аталатын ұғымдарды ғылыми айналымға ендіру және қолдану атқарады.

«Құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдары абстрактілік пен нақтылық диалектикалық категорияларының арақатынасы сияқты күйде, яғни, құзырет – бұл жүзеге асырылған құзыреттілік, іс-әрекеттегі құзыреттілік. Құзыреттер – тұлғаның қандай да бір іс-әрекетте жүзеге асырылған құзыреттілігі. Осылайша түсіндірілетін құзыреттіліктер негізгі немесе тұғырлық және қосымша немесе кәсіби болып бөлінуі мүмкін. Білім берудің тұлғаның негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келудің пайда болуын айқындады және ол қазіргі білім жүйесінің әдіснамасы және нақты білімдік технологиялардың негізі ретінде тану көзделуде.

Кез келген технологияны, соның ішінде білім беру технологияларын құру оның әдіснамасын таңдауды және негіздеуді талап етеді. Негізгі құзыреттіліктерді дамыту теориясының міндеттеріне барынша бара-бар келетін білімдік әдіснама құзыреттілік педагогикалық тұрғыдан келу болып табылады. Бұл тұрғыдан келуді білім берудің практикасына ендіру және негізгі құзыреттіліктерді дамытудың теориясын жасау әлемдік педагогика ғылымы мен практикасы үшін бүгінгі күні барынша көкейкесті мәселеге айналуда.

Егер аталған ұғымдар білім берудің теориясы мен практикасының категориалдық аппаратына ендірілетін болса, онда теория саласында негізгі құзыреттіліктер мемлекеттік білім беру стандарттары мен білімдік бағдарламалары ережесіне сәйкес меңгеруге тиісті білім, іскерлік, әрекет тәсілдері белгіленуі қажет. Ал, білім беру практикасы саласында олар прагматикалық сипатта болады және ол мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оларды тәртіпке келтіру; материалды зерделеудің өзіндік тәсілдерін жасау; білім алушылар алдында пайда болатын міндеттерді шеше білу икемділігі; өз білімімен өзбетінше айналыса білу икемділігі және т.б.

Батыстың дамыған елдерінде білім берудің мына міндеттері: білім алушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыру, оларда пайда болатын интеграциялау инкемділігін қалыптастыру, білімді әртүрлі өмірлік ситуацияларға көшіре білу және қолдану туралы мәселелер орын алуда. Бүгінгі күні оларда негізгі құзыреттер айқындалып, алғаш рет Еуропа Кеңесі эксперттері 1996 ж. білім беру мәселелері бойынша «Еуропалық жобада алғаш ұсынылған тұғырлық құзыреттерді оқу процесінде қалыптастыру идеясы жүзеге асырылды»(4).

Құзыреттілік теориясын дамытуға жоғарыда айтылған «Ключевые компетенции для Европы» (Берн, 1996) симпозиумында шешім қабылданды. Ол қазіргі уақытта Батыс Еуропа мен АҚШ мектептерінде кең қолданыс тауып отыр. Кембридж және Оксфорд университеттерінде жасалған негізгі құзыреттіліктер жүйесінің сипаттамасында олар әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыруда, мысалы оқу және кәсіби іс-әрекетті орындау барысында дамиды деп көрсетіледі.

Құзыреттілік теориясы В.Чинапах, Я.И.Лефстед, Г.В.Вайлер, Н.Розов, В.В.Сериков, Н.В.Матяш, Ю.В.Койнов және т.б. еңбектерінде негізделген.

Қазіргі кезеңдегі білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі құзыреттіліктерді дамытуды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бар бағалай алу және проблеманың шешу жолдарын табу және т.б. Жоғары білім беру жағдайында аталған және басқа да негізгі құзыреттілік төмендегі шарттарды қолданғанда жүзеге асырылуы мүмкін:



  • білімдік мақсаттарға барынша бара-бар келетін әдіснаманың болуы;

  • әдістемелік және педагогика ғылымының қазіргі мәліметтері банкінің болуы;

  • дидактикалық практика тәжірибесінің жетістіктері мен қорытындылары.

Бұл мақсатты кәсіби білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыруға болады. Педагогикада аталған көзқарас бойынша нақты іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге бағытталған жұмыстар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Бірақ, бұл тұрғыдан көзқарас кәсіби білім берудің мақсатын, мазмұнын, әдістерін анықтауда көптеген жылдар бойы басты орын алмай келді. Құзыреттілік тұрғының теориялық базасын жасау (Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов және т.б.) жөніндегі мұғалім қызметінің тұжырымдамасы мен моделін (Е.А.Климов, А.К.Маркова, Л.М.Митина, Е.И.Рогов, В.А.Сластенин және т.б.), жоғарғы білім беру деңгейіндегі кәсіптік құзыреттілікті белсенді зерттеу (Ю.Г.Татур, В.А.Адольф, Л.А.Петровская және т.б.), жалпы білім беру саласына құзіреттілік тұрғыдан келуді зерттеу (И.А.Зимняя, Н.А.Гришанова, А.И.Савинков т.б.) зерттеу еңбектерінен басталғаны белгілі.

Кәсіби білім берудегі құзыреттілік тұрғы әртүрлі құзыреттілік түрлерінің жиынтығы арқылы күтілетін нәтижені қалыптастыруды көздейді. Тек аталмыш тұрғыдан келу арқылы ғана кәсіби салада өнімді өзбетіндік және жауапты іс-әрекетке дайын маман даярлауға болады. Педагогтың құзыреттілігін жеке тұлға қасиеттерінің интеграциясы ретінде қарастыра отырып, кәсіби педагогикалық құзыреттіліктер моделін анықтау қажет. Ресейлік және шетел ғалымдарының еңбектерінде педагогтың құзыреттілігі келесі бағыттарда қарастырылған: кәсіби еңбек нәтижелілігін анықтайтын білім мен біліктердің жиынтығы (Е.П.Тонконогая); жеке тұлғалық сапалар мен қасиеттердің үйлесімі (Л.М.Митина); кәсіби және жалпымәдени көрсеткіштердің бірлігі (Т.Г.Браже, Е.А.Соколовская).

Педагог құзыреттілігінің моделін жасауда Герцен атындағы РГПУ ғалымдарының пікірлері қызығушылық тудыруда. Олар мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін үш құрамдас бөліктердің: негізгі, базалық және арнайы құзыреттіліктердің бірлігі ретінде қарастырады. Болашақ мұғалімнің негізгі құзыреттілігі оны дайындау құрылымының басты элементі болып табылады. Ол нақты кәсіби іс-әрекетпен байланысты болмаса да, бірақ ол жалпы және кәсіби білім берудің арасындағы дәнекер тізбек ретінде алынады.

И.А.Зимняя өз жұмыстарының бірінде үш топқа біріктірген он негізгі құзыреттіліктерді қарастырады:



  1. Адамның жеке тұлғалық іс-әрекет пен қарым-қатынас субъектісі ретіндегі құзыреттіліктер;

  2. Адамның өзара іс-әрекеті мен әлеуметтік саласына қатысты құзыреттіліктер;

  3. Адамның іс-әрекетіне қатысты құзыреттіліктер(5).

Негізгі құзыреттіліктер жалпы орта білім беру саласында қалыптасып, қандай да бір мамандықтың іргетасын құрайтын компоненттерден тұратын базалық құзыреттіліктердің негізіне дайындайды. Э.Ф.Зеердің пайымдауынша базалық құзыреттілікке жататындар:

  • жалпығылыми ұғымдар - табиғат, қоғам және адамның іс-әрекетінің негізгі заңдары;

  • экономика мен мінез-құлықты ұйымдастырудың негізін құрайтын әлеуметтік-экономикалық;

  • азаматтық-құқықтық;

  • ақпараттық-коммуникациялық;

  • политехникалық – техника мен технологияның, жаратылыс-ғылыми, автоматтандырылған өндірістік қызмет ету принципі, бақылау және басқару жүйелері;

  • жалпы кәсіптік-мамандықтар тобына қатысты.

Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі ереже ретінде таңдау жасайды. Бұл тұрғыдан көзқарасты М.В.Рыжаков (негізгі жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты (теория және практика)) өз еңбегінде төмендегіше көрсетеді:

  • құзыреттілік ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес, әрі мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық, яғни ол оқыту нәтижелерін (білім мен іскерлікті), құндылық бағдар жүйелерін, әдет және т.б. қамтиды.

  • құзыреттілік - алынған білім, іскерлік, тәжірибе мен мінез-құлық (тәртіп) тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілетін білдіреді.

  • құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясының идеологиясы жатыр.

  • құзыреттіліктер білім беру мекемесіндегі оқу процесінде ғана емес, ол әрі қоршаған ортаның әсерімен, яғни қалыпты, қалыптан тыс, қалыпты емес білім алу жағдайында да қалыптасады(4).

Бұл тұрғыдан көзқарасқа сәйкес білім беру жүйесі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзыреттілікті келесі сипаттық белгілеріне қарап негізгі деп қарастыруға болады:

  • интегративтік табиғатының болуы, яғни өзіне біртекті немесе жақын келетін білім мен іскерліктерді, мәдениет пен іс-әрекеттің ауқымын (ақпараттық, құқықтық және т.б.) өзіне қамтып алады.

  • көпқызметтік, яғни оны меңгеру күнделікті өмірде әртүрлі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді;

  • пәнүстілік және пәнаралық сипатта болады, яғни әртүрлі жағдаяттарда қолданылады;

  • белгілі дәрежеде интеллектуалдық дамуды талап етеді;

  • көпөлшемдік (сиымдылығы), яғни әртүрлі ойлау процестері мен интеллектуалдық икемділіктерді қамтиды.

Барлық құзыреттіліктер әртүрлі типтегі амал-әрекеттерді талап етумен (қосымша және тек белгілі бір жағдайда көрініс табуы мүмкін) мәнді:

  • автономды және рефлексивтік әрекет ету;

  • әртүрлі құралдарды интерактивті қолдану;

  • әлеуметтік-гетерогендік топтарға кіру жән оларда қызмет ету.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған негізгі құзыреттіліктерді: проблеманының шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырып дамыту көзделіп отыр(3). Олай болса болашақ маман аталған құзыреттіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды жоғарғы оқу орнының қабырғасында меңгеріп шығуы тиіс екедігіне ешкімнің дауы жоқ деп ойлаймыз.

Құзыреттілік тұрғыдан келу қазіргі үздіксіз білім беру, соның ішінде кәсіби білім беруде, білімді дамытудың келесі тенденцияларын айқындайды.

Біріншіден, үздіксіз білім берудің жалпы жүйесінде өздігінен білім алу кезеңдерінің мәнділігі. Сондықтан, білім берудің қазіргі кезеңінде білім алушылардың өзбетіндік, танымдық және практикалық іс-әрекет дағдысын қалыптастыру міндеті ерекше өзектеліп отыр.

Екіншіден, өздігінен білім алуды дамыту жағдайында сөз жоқ, оқыту құралдарының рөлі артады. Қазіргі кезеңдегі оқыту технологиясында оқытудың ақпараттық технологиясының құралдары ерекше мәнге ие болуда.

Үшіншіден, білім беруді жүзеге асырудың даралап оқыту принципінің ролін күшейтеді, әрбір білім алушы үшін оқу процесін даралауды жүзеге асыруды көздейді.

Төртіншіден, білім беруде пәндік-бағдарлық жүйеден жобалау жүйесіне көшуге бағыттайды.

Мұның барлығы өз тарапынан жоғары білім берудегі тиісті құрылымдық қайта құруды, сондай-ақ алдыңғы қатарлы әлемдік беталысқа сәйкес болу мақсатында білім беру жүйесінің ішкі түрлендіруін қажет етеді. Бұл білім беру жүйесінің сыртқы ортаға бейімделуі жағдайында және оның қазіргі заманның келешекте жасайтын жаңа қадамдарына ұмтылысы кезінде ғана мүмкін болады. Осыған сәйкес білім берудің мәні ғана емес, сонымен қатар оқыту нысандары да түпкілікті түрде өзгеріп отыр, бұған ең алдымен интерактивті оқыту технологияларын (іскерлік ойын, проблемалық жағдай, кейс технологиялар) жатқызуға болады. Сонымен қатар, оқыту үдерісінде жобалық – ұйымдастырылған тәсілдерді қолдану өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Сонымен, қарастырылып отырлған проблеманың жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің бүгінгі қойылып отырған талаптарға сай негізгі құзыреттіліктерді студенттер бойында қалыптастыру мен осы проблеманы шешу үшін педагогика ғылымының әдіснамасына, теориясына және практикасына құзыреттілік тұрғыдан келуді ендіру қажет деп есептейміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 1. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004.

2. 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2004.

3. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2006.

4. Рыжаков М.В.Ключевые компетенции: возможности применения. //Стандарты и мониторинг в образовании, - М., 1999, №4.

5. Зимняя И.А. Ключевые компетенции – новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня. 2003. №5. 34-42.

6. Петров А. Профессиональная компетентность: понятийно-терминологические проблемы // «Alma mater». 2004. № 10. С. 6-10.

7. Петровская Л.А. Компетентность в общении. М., 1989.

8. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация / Пер. с англ. М., 2002. 396 с


6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.




Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

12-жылдық орта жалпы білім беру позициялары мен тұжырымдамалық негіздері


  1. 1. Білім беру деңгейлерін есепке ала отырып білім беру мазмұнын жаңарту мен қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізу (ғылыми мақалалар негізінде).

  2. 2.Білім берудің фундаментальды және қолданбалы сипатын талдау, дәстүрлі мазмұнды сақтай отырып, жаңалықты енгізу.

1


  1. Республиканские научно-аналитические журналы (12-летнее образование, Поиск, Ұлт тағылымы, В мире образования, Вестник, Образование РК и др.)

  2. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  3. Эксперимент по совершенствованию структуры и содержания общего образования / под ред Баранникова А.В. М., 2002

2

12-жылдық жалпы білім беретін мектептің құрылымы

1. 12-жылдық мектепте оқыту деңгейлері

2. 12-жылдық оқытуға көшу проблемасын шешу




2

  1. Эксперимент по совершенствованию структуры и содержания общего образования / под ред Баранникова А.В. М., 2002

  2. Содержание образования в двенадцатилетней школе / под ред. Киселева А.Ф. М., 2000

3

6-жастан бастап балаларды оқыту

1. 6-жасар бала тұлға ретінде

2. Мектепте 6-жасар баланы оқытуда физиологиялық дайындықтарын есепке алу

3. Мектепте 6-жасар баланы оқытуда психологиялық дайындықтарын есепке


3

  1. Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. В 2 частях – Екатеринбург, 2000

  2. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе: Кн. для учителя.- 2-е изд., испр. и доп.- М.: Просвещение, 1990

  3. Ньюкомб Н. Развитие личности ребенка: учеб.-8-е изд.- СПб: Питер,2003Гессен С.И. Основы педагогики: учеб.- М: Школа-Пресс,1995

  4. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед. Вузов: в 2 кн. – М., 1999,2000,2001,2003 г.

  5. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. Уч. пособие. – М., 2000

4

Ғылымдар дифференциациясынан интеграцияға көшу

1. Педагогиканың қазіргі проблемаларымен интеграция теориясының өзара әрекеттесу бағыттары

2. Қазіргі кезеңде білім беру мазмұнын жаңарту құралы ретінде пәнаралық байланысты қолдану




4

  1. Педагогика: учебное пособие для студентов пед. Вузов и колледжей / Под.ред. П.И. Пидкасистого. М., 2001,1998

  2. Сластенин В.А. и др. Педагогика: учебное пособие для студентов пед.уч.заведений и др – М.. 1998, 2002, 2003.

  3. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед. Вузов: в 2 кн. – М., 1999,2000,2001,2003 г.

  4. Федорец Г.Ф. Проблемы интеграции в теории и практике обучения.
    Пути развития. - Л., 1990 - 82 с.

  5. Депенчук Н.П. Особенности интегративного процесса в науке и
    формы его реализации. // Единство и многообразие мира, дифференциация и интеграция знаний. - М., 1981. - 176 с.

  6. Данилюк А.Я. Метаморфозы и перспективы интеграции в
    образовании /Педагогика, 1998. - № 2. - с. 8-12.

  7. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного
    образования. - Алматы.: Гылым., 1998. - 225 с.

  8. Мендигалиева Г.К. Педагогические основы интеграции науки и
    практики в школах нового типа. Автореф. дис. .. .к.п.н. - А., 2000. - 24 с.

  9. Павленко В.И. Интегративно-дифференцированная модель урока
    обучения грамоте / Русский язык в национальной школе. 1991. - № 1, - С. 19.

5

Білім беруді ізгілендіру — мәні мен жүзеге асыру жолдары

1. Білім беруді ізгілендіру және білім беруді гуманитарландыру түсініктерінің мәні

2. Білім беруді ізгілендіруді жүзеге асыру жолдары




5

  1. Начальная школа Казахстана – научно-методический журнал МОН РК

  2. Республиканские научно-аналитические журналы (12-летнее образование, Поиск, Ұлт тағылымы, В мире образования, Вестник, Образование РК и др.)

  3. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  4. Воронин А.М., Симоненко В.Д. Педагогические теории, системы, технологии. — Брянск, 1997.

  5. Сластенин В А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика. Учебное пособие. — М., 1997. - С. 146-154, гл. 14.

  6. Педагогика / Под ред. Пидкасистого. — М., 1995. - Гл. 3, 9.

  7. Педагогика. — М., МГПУ, 1994. — Гл. 2.

  8. Прогностическая концепция целей и содержания об­разования. — М., 1994.

  9. Современная дидактика: теория — пратике. — М., 1994.

  10. Современные проблемы образования. — Тула, 1997.

6

Тұлғалық-бағдарлы педагогика негіздері

1. Оқытудағы тұлғалық – бағдарлы ыңғай

2. Білім берудің тұлғалық – бағдарлы технологиялары





6

  1. Белухин Д.А. Основы личностно-ориентированной педагогики.М.,1998.

  2. Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обу­чения. - М., 1995.

  3. Кларин М.В. Инновации в обучении. - М.: Наука, 1997.

  4. Махненко С.Г., Овчинников Е.О. Педагогические техноло­гии: Программа и рекомендации по курсу. - Ростов н/Д: Изд-во РГПУ, 1993.

  5. Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов педагогических специальностей / Под общей ред. B.C. Кукушина. - Серия «Педагогическое образование». - М.: ИКД «МарТ»; Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2004. - 336 с.

7

Білім беру мазмұны тұжырымдамасы – Бастауыш звено

1. Бастауыш білім беру мақсаты мен міндеттері

2. Бастауыш білім беру мазмұнын таңдау принциптері




7

  1. Эксперимент по совершенствованию структуры и содержания общего образования / под ред Баранникова А.В. М., 2002

  2. Содержание образования в двенадцатилетней школе / под ред. Киселева А.Ф. М., 2000

  3. Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. В 2 частях – Екатеринбург, 2000

  4. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе: Кн. для учителя.- 2-е изд., испр. и доп.- М.: Просвещение, 1990

  5. Ньюкомб Н. Развитие личности ребенка: учеб.-8-е изд.- СПб: Питер,2003Гессен С.И. Основы педагогики: учеб.- М: Школа-Пресс,1995

8

Білім беру нәтижелері

1. Тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтену факторлары

2.Тұлғаның әлеуметтенуіндегі оқытудың ролі




8

  1. Республиканские научно-аналитические журналы (12-летнее образование, Поиск, Ұлт тағылымы, В мире образования, Вестник, Образование РК и др.)

  2. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  3. Бордовская Н.В. Реан А.А. Педагогика: учеб.- Спб: Питер, 2003

  4. Педагогика: учебное пособие для студентов пед. Вузов и колледжей / Под.ред. П.И. Пидкасистого. М., 2001,1998

  5. Сластенин В.А. и др. Педагогика: учебное пособие для студентов пед.уч.заведений и др – М.. 1998, 2002, 2003.

  6. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед. Вузов: в 2 кн. – М., 1999,2000,2001,2003 г.

  7. Никитина Л.Е. Социальный педагог в школе: учеб. пособ.-2-е изд. М: Акад. проект, 2003

  8. Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога М., 2004.160 с., стр. 5-28

  9. Шептенко П.А., Воронина Г.А. Методика работы социального педагога: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений/ Под ред. В.А. Сластенина. – М., 2002.-208 с. стр. 3-10.

  10. Социальная педагогика: Курс лекций/ Под ред. М.А. Галагузовой. –М., 2000.

  11. Шакурова М.В. Методика и технология работы социального педагога, М.,2002

  12. Мардахаев Л. В. Методика и технологии работы социального педаго­га. - М., 2002.

  13. Социальная педагогика: Учеб. пособие / Под ред. В.А.Никитина. — М., 2000.

9

Қазіргі қоғамдағы құзыреттілік мәселесі


1. Шығармашыл адамдардың сипаттамасы

2. Экономикалық дамуға жауапты адамдардың сипаты




9

  1. Равен Дж. Компетентность в современном обществе / пер. с англ. М., 2002

  2. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  3. Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения. – М., 2007

  4. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы // Народное образование. - 2003. - № 2. - С.58-64

10

Басқару, қатысу, жауапкершілік ұғымдар

1.Жетекшінің міндеттері жөніндегі пікірлер

2. Қызмет бойынша жоғары көтерілу мен қызметтік иерархия туралы пікірлер

3. Персоналдың басқаруға қатысуы

4. Жауапкершілік




10

  1. Равен Дж. Компетентность в современном обществе / пер. с англ. М., 2002

  2. Государственный общеобязательный стандарт   12-летнего среднего общего образования (Астана, 2006 г.).

  3. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  4. Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения. – М., 2007

  5. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы // Народное образование. - 2003. - № 2. - С.58-64

  6. А.М.Муханбетжанова, А.Б.Хайруллина Д.Ш.Жумагалиева «Окружающий мир» оқу программа для уровня начального образование. - Астана, 2006.

11

Құзіреттілікті қалыптастыру

1. Қабылдау ерекшеліктерін, құндылықтарды өзгертуге қалай әсер етуге болады

2.Құзыреттілік түрлерін және қабылдау тәсілдерін, құндылықтардың жаңа жүйесін пайдаланудың ұзақ мерзімді салдарлары





11

  1. Равен Дж. Компетентность в современном обществе / пер. с англ. М., 2002

  2. Государственный общеобязательный стандарт   12-летнего среднего общего образования (Астана, 2006 г.).

  3. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  4. Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения. – М., 2007

  5. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы // Народное образование. - 2003. - № 2. - С.58-64

12

Дамытушы ортаны құру жолындағы кедергілер

1.Отбасында дамушы ортаны құру жолындағы кедергілер


2.Мектепте құзыреттілктерді қалыптастыру жолындағы кедергілер

3.ЖОО студенттердің құзіреттіліктерін қалыптастырудағы

4.Жұмыс орнындағы дамушы ортаны құру жолындағы кедергілер


12

13

12-жылдық мектепте жалпы білім берудің бастауыш сатысының жалпы сипаттамасы


1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының мазмұны (Астана, 2008 ж.)

2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының мазмұнын талдау (Астана, 2008 ж.)




13

  1. Государственный общеобязательный стандарт   12-летнего среднего общего образования (Астана, 2006 г.).

  2. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  3. А.М.Муханбетжанова, А.Б.Хайруллина Д.Ш.Жумагалиева «Окружающий мир» оқу программа для уровня начального образование. - Астана, 2006.




14

Тестілік тапсырмаларды стандарттау

1.Тестілік сұрақтардың мазмұнына қойылатын талаптар

2. Оқушыларда түйінді құзіреттілктердің қалыптасу деңгейін бағалау критерийлері мен қойылатын талаптар


3. Ашық тестілік тапсырмаларды бағалау


14

  1. Воронин А.М., Симоненко В.Д. Педагогические теории, системы, технологии. — Брянск, 1997.

  2. Сластенин В А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика. Учебное пособие. — М., 1997. - С. 146-154, гл. 14.

  3. Педагогика / Под ред. Пидкасистого. — М., 1995. - Гл. 3, 9.

  4. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед. Вузов: в 2 кн. – М., 1999,2000,2001,2003 г.

  5. Прогностическая концепция целей и содержания об­разования. — М., 1994.

  6. Современная дидактика: теория — пратике. — М., 1994.

  7. Современные проблемы образования. — Тула, 1997.

15

Бастауыш классс педагогының түйінді құзіреттіліктері


1.Педагогикадағы кәсіби құзіреттілік теориясы

2.Бастауыш класстың болашақ оқытушысының кәсіби құзіреттілігі




15

  1. Республиканские научно-аналитические журналы (12-летнее образование, Поиск, Ұлт тағылымы, В мире образования, Вестник, Образование РК и др.)

  2. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  3. Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения. – М., 2007

  4. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы // Народное образование. - 2003. - № 2. - С.58-64

  5. Бордовская Н.В. Реан А.А. Педагогика: учеб.- Спб: Питер, 2003

  6. Педагогика: учебное пособие для студентов пед. вузов и колледжей / Под.ред. П.И. Пидкасистого. М., 2001,1998

  7. Сластенин В.А. и др. Педагогика: учебное пособие для студентов пед.уч.заведений и др – М.. 1998, 2002, 2003.

  8. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед. Вузов: в 2 кн. – М., 1999,2000,2001,2003 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет