А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет3/15
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
#6499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
1 дәріс

Тақырып: Кіріспе. Психология тарихы курсына шолу.

Мақсаты: Психология тарихы пәнінің мақсат, міндеттері мен ғылыми мәселелері туралы білім беру.

Дәріс мазмұны

  1. Психология тарихы курсы туралы түсінік.

  2. Психология тарихы пәнінің мақсат, міндеттері мен ғылыми мәселелері

  3. Ғылымда қолданылатын зерттеу әдістері.

Психология тарихы пәні туралы айтқанда, ең алдымен психология және психология тарихы ғылымдары арасындағы айырмашылықты көрсету керек. Психология тарихы   әртүрлі тарихи психологиялық теориялардың, ғылыми білімдердің, түсініктердің қалыптасуы мен даму кезеңдерін зерттейді. Сондықтан психология тарихы пәнінің іртүрлі проблемасын білуіміз үшін, жаңа жағдайлардағы психологиялық білімдердің прогресіне назар аударуымыз керек.

Психология тарихы пәнінің негізгі міндеттері – ғылымының зерттеу пәнін түсінумен тығыз байланысты. Өйткені тарихи психологияда алдымен «жан» мәселесін зерттеу жолы арқылы «сананы» зерттеу және одан соң адамның мінез құлқын түсінуге байланысты проблемалар біртіндеп өрбіген болатын. Осыдан ғылымның басты міндеті болып:



  1. психика туралы ғылыми білімінің пайда болуы мен одан әрі дамуын талдау, адам психикасы туралы түсініктердің қалыптасу кезеңін зерттеу.

  2. тарихи ғылымның басқа ғылымдармен өзара байланысын түсіну, зерттеу.

  3. әлеуметтік мәдени аспектілердің психология тарихы пәнімен байланысын түсіну және әлеуметтік, мәдени, идеологиялық ықпалдардың әсерінен болатын білімдердің, түсініктердің ғылыми шығармашылыққа, қоғамның талаптары мен сұраныстарына деген байланысын зерттеп білу.

  4. психология тарихындағы жеке тұлғалардың рөлі, жеке даму жолы.

Психология тарихындағы негізгі идеялардың тарихзи даму себептері мен қозғаушы күштері болып басқа ғылымдар сияқты психология тарихы да қоғамдық тарихи прогреспен, қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Мәселен Л.С.Выготский психология тарихындағы заңдылықтардың дамуы мен идеялардың шығуын және өзара алмасуының арасындағы байланысты, ұғым, классификация, түсініктердің пайда болуын үш себеп арқылы түсіндіреді:

  1. ғылымның әр замандағы, дәуірдегі әлеуметтік мәдени негізбен байланысы.

  2. ғылымның таным заңдылығы мен жалпы шарттарымен өзара байланысты болуы.

  3. ғылымның обьективті талаптармен байланысты болуы.

Психология тарихында қолданылатын негізгі ғылыми зерттеу әдістері болып:

    • теориялық реконструкция

    • өткен материалдың ғылыми жүйесін сыни талдау және түсіндіру

    • нақты программаларды жасау

    • психологиялық тарихи білімдерді негіздеу және жүйелеу.

Сонымен қатар, психология тарихындағы өзіндік пәндік зерттеу әдістері болып:

      1. Ғылыми мектептерді зерттеу

      2. Архив материалдарын зерттеу

      3. Биографиялық және автобиографиялық әдістер

      4. ғылыми сілтемелерді талдау

      5. тарихи психологиялық білімдердің шығу көздерін талдау

Б.э.д. 1 мың жыл бұрын Ежелгі шығыстың ұлы өркениеттері қалыптасады. Олардың жасаған рухани дүниелерінде психологиялық мәселелер қалыптасады.

2 дәріс



Тақырып Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікір.

Мақсаты: Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікірлер жөнінде білім беру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Ежелгі Египет, Үнді жерлеріндегі алғаш психика туралы пайда болған көзқарастар.

  2. Ежелгі Қытайдағы психика туралы білімдердің мазмұны.

  3. Ежелгі шығыс ғұламаларының ой пікірлері.

Ежелгі Египетте «Менористтік теология ескерткіші» табылған. Онда әлемді жаратушы Птах деген құдай делінген. Птах адамның жүрегі мен тілін басқарып отырады. Сезім мүшелеріне ол өзі мүмкіндік береді. Сезім мүшелері жүрекке ақпарат жеткізеді. Осы ежелгі папируста: «кез келген сананы шарты бұл денелік ағзаның негізі болып табылатын – жүректің қызметі» дейді. Тіл – жүректің ойлаған нәрсесін қайталайды. Психиканы бақаратын жүрек деп есептеген. Шығыс елдерінде – психиканы қызметі шешуші рөлде қан айналымы басқарады деп айтады.

Б.э.д. 8ғ. Қытайда «Ішкі дене жайлы» кітап деген табылады. Онда былай делінген: «дененің патшасы жүрек, ол өмірдің негізі – ауа тәрізді ЦИ» деген. Ағзадағы басқа бөліктермен араласы отырып ЦИ физиологиялық функциялармен бірге психиканың функциясын атқарады дейді. Ол адамға сөйлеу және ойлау қабілеттерін береді. Ой – жүректе, сезім – бауырды шоғырланған дейді.

Ежелгі үнді дәрігерлерінің пікірінше:«психикалық іс әрекеттің негізгі ағзасы – жүректе орналасқан» деп есептейді.

Қытай және үнді дәрігерлері темпераменттің 3 негізін айтты: Ци, Өт, Шырын.

Қытай дәрігерлері адам типтерін былайша бөледі: «Егер өт қан басым болса батыл болады. Егер ЦИ басым келсе, адам қызу, қозғалғыш, ұшқалақ болады. Егер шырын басым болса – жай, баяу болады».

Б.э.д. 1 мың жылдықты ортасында философиялық мектептер қалыптасты. Мұнда да «жан» мәселесі қарастырылады. Оны этика мәселесі тұрғысында қараған, яғни адам өалай бақытқа жете алады, жүрісі, тұрысы т.б. психологиялық ерекшеліктерімен байланысып қарастырылған.

Үнді ғұламаларының пікірінше «жан көшіп қонып жүреді. Істеген қылығына байланысты ол бір нәрсеге қонады» дейді. Жан мәңгі өмір сүреді.

Карма  Нирванаға жету (азат болу) деген бар. Б.э.д. 6ғ. Үндістанда буддизм (жайнизм) діні пайда болады. Жайнизм діні бойынша «тән жанды тұсауда ұстап отыратын дене» делінген. Буддизм – «жан ерекше мәнге ие емес. Жан, психика – қайталанбас сәт, күй деп түсіндірілген. Олар ауыспалы деп сипатталады».

Ежелгі үнді мәдениетінің пікір бойынша психикалық әрекеттердің басты ағзасы жүректе делінген. Тек жүрек – орталық. Ауа «жан» процестеріне ие, ал тірі нәрселердің барлығы орталықпен байланысты.

Кейіннен пайда болған философиялық мектептер (Санкхья, Веданта, Иога, Миманса, Ньяя) «жанды»   метафизика, этикалық тұрғыдан зерттеген.

Веданта – Упанишада мектебінің идеалисттік тенденциясын дамыта отырып, «Нағыз Мен» ерекше интуитивті сана. Онда субьект пен обьект, ішкі мен сыртқының айырмашылығы жоқ деген.

Иога – шындыққа жету үшін оған кедергі келтіретін «психикалық әркеттердің» барлығын басу керек дейді. Иога мынадай тәсілдер жүйесін ойлап тапқан: 1. Дене функцияларының реттеушісін; 2 Ішкі психикалық актілер – зейін мен ойлауды қосады. Ежелгі Шығыстағы ойшылдардың психологиялық көзқарастарына тоқталсақ:



Лаоцзы (б.э.д. ІҮғ.аяғы –Үғ.басы) – «Дао Дэ Цзин» кітабын жазған. Натурфилософиялық тұрғыдан түсіндіріп, барлық тіршілік иелерін табиғатпен тығыз байланыстырған.

Конфуцзы (б.э.д.551 479ж.ж.)   Ол Конфуцзы мектебінің негізін қалаушы. Білім мен психикалық қасиеттер туа біткен. Өзін­ өзі тану, тәрбиелеу арқылы адам – идеалға жетеді.

Миманса мектебінің бір өкілі Бхатта – «бейненің шынайылылығы мен иллюзиясы қоршаған обьектілердің қатынасынан нақтылануы қажет. Сонда бейнені нақты және айқын қабылдаймыз. Егер осы қатынастар бір себептерден ажыраса қабылдау иллюзияға айналады» деген.

Мистикалық діни өскілдер   Локаята мен Чарваки «МЕН» түсінігін өзіндік жекеболмыс деген. Чарваки 4 мектеп арқылы өзінің мына ілімдерін дамытқан:


  1. сана мен ағза біртұтастығы

  2. өмірлік қуат (биологиялық байланыс)

  3. сезім мүшелерінің қызметі

  4. манас (психика)

Фань Чжэнь (450 515) – «Жанның құрылуы» туралы шығарма жазған. «психика»  материалдық дененің функциясы, ол бөлінбейді деген идеясын қорғап, «Дене»  ол жанның материасы, ал «жан» дененің функциясы деген.

3 дәріс



Тақырып Антикалық психология.

Мақсаты: Антика заманындағы ойшыл философтардың психологиялық ойлары жайында білім беру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Антика заманындағы анимизм, гилозоизм мәселелері.

  2. Антика дәуіріндегі атақты ойшыл философтардың психологиялық ойлары.

Антикалық психологияда орын алған ежелгі грек философ ойшылдары Платон, Аристотель, Гиппократ, Сократ, Демокрит т.б. болды. Антикалық психологиядағы алғашқы мифологиялық ілімдердің бірі – «жан» туралы мәселе, яғни анимизм (анима лат. сөзі   жан) түсінігімен байланысты. Анимизм құдаймен байланысты мәселелерді қарастырып, олардың іс әрекеті мен ойлауын зерттеген. Бұл ілім «жанды» ерекше құбылыс ретінде қарап, ол адам өлгенде кезде тәннен босап шығады деген.

Кейін революциялық жағдайдан соң әртүрлі ойдың, ілімнің дамуы анимизм идеясынан гилозоизм (гр.тілінен   материя) түсінігіне көшуден басталды. Осы идеяға сәйкес бүкіл әлем, космос мәңгілік деп есептелді. Жанды жансыз психиканың арасында шекара болмайды, олар барлығы біртұтас тірі материя болады деген. Дегенменде осындай және де басқа да философиялық ілімдер психиканың табиғатын танудың бастау көзі болды. Сонымен антика заманындағы белгілі ойшылдардың ой пікірлеріне тоқталайық:



Гераклит – (б.з.д. 544 483ж.ж.) «Жанды» (психиканы) космостың ұшқындары ретінде елестетті және оны «мәңгі тірі от» деп айтты. Адамды қоршағанның бәрі өзгермелі. Жан мен космос үшін – тән заңдылық болып табылады. Өйткені ол атомдардың бір бірімен соқтығысуынан пайда болады. Оның тағы ір ілімі «өзіңді өзің таны!». Оның ойынша өзін өзі тану ЛОГОСТЫҢ заңы бойынша жүзеге асады. Айналамыздағы түрлі құбылыстар бір біріне ауысып отырады және жаннан бөлек шағын әлем –микрокосм, макросомға – яғни барлық әлем тәртібіне бағынады. «Өзіңе жету»   заңға тереңдей түсу (логос), бұл адам өміріне динамикалық гармония береді деген.

Демокрит (б.з.д. 471 400ж.ж.) атомисттік материализм идеясын жақтаушы. Ол барлық нәрсе – атомдардан ұсақ субстанциялардан тұрады, олар бөлінбейді, сезілмейді. Біз тек формасы, көлемі, қозғалысы бойынша ажыратамыз. «Жан»  оттың қозғалыс атомдарынан құралған тегіс, дөңгелек материалдық заттардан тұрады. Осылайша ол бүкіл денеге таралады. Жан тәндегі оттың ұсақ атомдарының қозғалысы арқылы жүреді және ол өлі тәнде де болады. Тән тыныққан кезде атомдардан денеден шығып, кеңістікке жайылады. Жан да тән сияқты өледі деген. Демокрит психикалық процестерді – атомдардың бір бірімен байланысуы деп түсіндірді. Мыс., адамдардың қабылдауы – атомдар мен заттардың өзара әрекетінен пайда болады. Өйткені заттардан атомдар, жұқа пленкалар, көшірмелер, яғни «эйдолдар» шығады. Бұл біз қабылдайтын заттың өзіне ұқсас нәрселері.

Сократ – (б.з.д. 469 399ж.ж.) әйгілі философ. Ол адамдардың табиғатын түсіну үшін оны «сырттан» және «іштен» де іздеу керек деген. Яғни тек сыртқы фактор мен заңдылықтарға ғана емес, адамның өз ішкі әлеміне, наным сеніміне, құндылықтарына, әрекет ету біліктеріне бағытталуымыз керек.

Сократ сөзі «Өзіңді таба біл!». Адам табиғатын тану үшін біз адамдардың «ішкі дауысын» яғни «даймонионын» естуіміз керек. Ол бізді шындыққа апарады. Осыдан Сократты бірінші психотерапевт деп атаған. Оның жұмысының басты әдісі мен құралы – сөз болған. Сократтық әдіс – ауызша қарым қатынас жасау және оны талдай білудің шеберлігін көрсетті. Оның нәтижесінде адамдар өз ішкі дүниесін, ондағы жайттарды ашып айта алуына мүмкіндік алған. Осы типтегі диалогты   Сократтық әдіс деп атап кеткен.



Платон – (б.з.д. 427 347ж.ж.) оның ойынша тек екі реалды (шынайы) нәрсе бар:

  • Идея әлемі шынайы әлем, онда мәңгі, өзгеріссіз заттардан бөлек болмыс бар.

  • Заттар, материя әлемі   бұл болмыс емес, олар формасыз, жетілмеген пайда болатын және өлетін әлем. Кез келген зат бастапқы да идеяға, ал идея образға, ал заттар ие болады.

Платон бойынша «жан» ол заттар мен идея арасындағы байланыс көзін көрсететін бастау.Сондықтан жан табиғаты идеялар табиғатына тәуелді. Жан өзінің табиғаты бойынша тәннен жоғары, сондықтан ол тәнді басқарады. Платон жанды өлмейтін, мәңгі субстанция дейді. Ол жанды үшке бөледі: Басқарушы, Ақылды, Яростный дух. Жан бөліктерінің гармониясының бұзылуы – уайым қайғығыны тудырса, оның қалпына келуі қанағаттану сезімінің пайда болуына әкеледі. Платон бойынша – ойлау жаңаны көре білу арқылы жүзеге асады.

4 дәріс



Тақырып Антикалық психология.

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Аристотельдің психологиялық идеясы.

  2. Грек және рим дәрігерлерінің зерттеулері.

Аристотель (б.з.д. 384 322ж.ж.) ежелгі Грециядағы әйгілі философ. Оның атақты «ЖАН туралы» деп аталатын еңбегі бар. Мұнда ол адам табиғаты туралы білімді көрсеткен.

«Жан»   оның негізгі функциясы: организмнің биологиялық мәнін жүзеге асыру. Психика туралы осындай түсініктің пайда болуы адам табиғатын зерттеуге деген ғылыми жаратылыстану бағытының ашылғанын көрсетеді. Аристотель жан мәселесін – психологиялық білімнің бір пәні ретінде қалыптастырды.

Жан – Аристотель бойынша өздігінен өмір сүретін болмыс емес, жан тәннің өмірін ұйымдастыру формасы. Жан тәнсіз өмір сүрмейді. Аристотель басқа да көптеген нақты психикалық құбылыстарды зерттеп психологиялық принциптерді жасады: жүйелілік, даму, детерминизм.

Ол материя мен жан біртұтас деп түсіндірді. Жанның табиғатын анықтау үшін «энтелехия» ­  терминін қолданды. Бұл «бір нәрсенің өмір сүруі, бар болуы» дегенді түсіндіретін философиялық категория. Мәселен, жан – энтелехия болса, оның көмегімен тән өмір сүреді, сол сияқты көру энтелехия, ал көз сол арқылы өмір сүретін физикалық орган ретінде. Ол жан қабілеттерін үш деңгейге бөліп көрсетеді: 1.Вегетативтік деңгей өсімдіктерге тән. 2.Сезімталдық деңгей жануарларға тән. 3.Ақылдылық деңгей тек адамға тән.

Аристотель таным процестерін былайша түсіндіреді:


    • Қабылдау, түйсіну   танымның ең бастапқы көздері.

    • Ес – үш түрі бар: төменгі өзі қабылданған заттарды елес түрінде сақтау; естің өзі тек уақытша ғана сипаттарды есте сақтау; жоғары ес еске сақтау, еске түсіру, талқылай алу.

    • Қиял – елестердің құрылуы. Ол ойлаумен тығыз байланысты.

    • Ойлау – танымдық қабілет. Талдау, талқылау, түсініктер арқылы жүзеге асады. Ойлауды төменгі – пікір, болжам, зерттелмейтін, дәлелденбейтін және жоғарғы – заттардың негізін танып, ғылымының жоғары принциптерін көрсететін деп қарастырды.

Сонымен қатар ойлаудың мына түрлерін атап берді:

  1. логикалық

  2. интуитивтік ойлап табу

  3. даналық – ойлаудың ең жоғарғы түрі

  4. теориялық ойлау

  5. практикалық ойлау

Танымның деңгейлері: түйсік, тәжірибе, шығармашылық, ғылыми.

    • Қылық – ол мінез құлықты қалыптастырудың басты көзі. Ол әрекетті: ерікті, еріксіз деп бөледі.

    • Ерік – адамның ақылымен тығыз байланысты.

    • Сезім – кез келген іс әрекетті бастап жүреді. Аффект – елігу, кек, қорқу, қанағаттану мен қайғыруға байланысты туындайды дейді.

Эпикур (б.з.д. 341 270ж.ж.) Грецияда Демокриттің ілімін жалғастырушы. Сезімдік таным ғана ақиқат және дұрыстық деп санаған. Таным қателіктері – ақылдың араласуынан болады. Эпикур қабылдаудың тұтастық табиғатын көрсеткен, яғни сезімдік сапалар жекелеп қабылданбайды, олар тұтас қамтылады. Кейін бұл пайымдаулар гештальт мектебінде теориялық жағынан дамытылған болатын. (М.Вертгеймер,В.Келер ХХғ.)

Ол тұлғаның еркіндігін қолдап, әр адам таңдау жасай алады, олардың өз еркіндігі бар дегенді айтты. Оның ойынша өмір сүру мақсаты тәндік азап шегі мен рухани мазасыздықтан босап, қанағаттану мен түсіністікте өмір кешу керек. Ал әр нәрседен қанағат табудағы басты кедергі өлім мен құдай алдындағы қорқыныш. «Жан» тек түйсіне алатындарға тән.

Эпикурдың зерттеулеріндегі еркіндік, спонтандылық, таңдау еркіндігі туралы мәселелер кейіннен ХХғ. белгілі психологтар А.Маслоу мен К.Роджерстің психологиялық теорияларында өз жалғасын тапты. Сонымен қатар, ол экзестенциалды психология мен психотерапияның қалыптасуына үлесін қосты.

Антика заманындағы белгілі дәрігерлердің көзқарастары:

Гиппократ (б.з.д. 460 377ж.ж.) ежелгі герциядағы әйгілі дәрігер. Адам ағзасының құрылысы мен онда пайда болатын аурулардың себептерін зерттеген.Дені сау адам мен науқастың арасындағы басты айырмашылық пропорцияда, яғни ол адам ағзасында болатын түрлі «шырындар (сұйықтықтар)» (қан, өт, шырыш т.б.) деген. Бұл пропорцияларды ол – темперамент деп атады.

Дәрігер, философ Алкмеон Кротонский (б.з.д. ҮІғ.) бас миындағы ойлау орталықтарын зерттеген.

Александрия орталығының дәрігері Герофил, Эразистрат және рим дәрігері Гален (б.з.д. ІІғ.) ми бөліктері туралы, көз аурулары, бас миында болатын аурулар мен жүйке жүйесі талшықтары туралы мәселелерді ашқан дәрігерлер. Гален ғылыми медицинаның негізін қалаушы. Ол Гиппократтың темперамент туралы ілімін жалғастырып, 13 түрлі темперамент типтерін анықтады.

Александрия ғылыми орталығындағы дәрігерлер Герофил мен Эразистрат алғаш рет адам өлігін ашып, зерттеп, сезімтал нервтердің анатомиялық физиологиялық айырмашылықтарын анықтап, осы нерв жүйелерінің (мыс., көз, құлақ, тері т.б.) ми орталықтарымен өзара байланысуын қарастырған.

5 дәріс

Тақырып Орта ғасыр дәуіріндегі психология.

Мақсаты: Орта ғасыр дәуіріндегі психология туралы білім беру.

Дәрістің мазмұны


  1. Ғылым дамуы барысындағы дін үстемдігі.

  2. Орта ғасыр ойшылдарының (Ф.Аквинский, В.Оккам, Р.Бэкон) психологиялық ойлары мен зерттеулері.

Vғ. Рим империясының құлауына байланысты ортағасырда ғылым дінге қызмет ете бастады. Ғылымдағы бұл қиын кезеңдерді мына жағдайлардан көруге болады: Европада «христиан» дінінің жеңіске жетуі барлық ғылым салаларына үлкен әсерін тигізді. ІҮғ. Александрия ғылыми орталығы құлатылып, ҮІғ. Афинадағы мектеп жабылды. Христиан діні ғылыми тәжірибеге негізделген білімінің барлығын жоюға тырысты. Осылайша табиғат құбылыстарын зерттеудегі жаратылыстық ғылыми мәселелер жойылып, Европаның интеллектуалдық өмірінде біртіндеп «схоластика» дами бастады. Барлық ғылым салалары үшін, әсіресе психологиялық ғылымдар үшін болған осы қиын кезеңдер тек ХҮғ. ғана аяқталды.

Сонымен ортағасырлық философия христиан дінімен тығыз байланысты болды. Осылайша дін, наным сенімнің үстемдік етуі, ғылым мен философияна антика заманынан бөліп көрсетті. Ал адам табиғатын түснудегі негізгі көзқарастар мен концепциялар христиандық идеологиямен байланысып, христиан діні догматтарының аңбасын алып жүрді.

Психология ғылымының дамуына осы жағдайлар оның зерттеу пәнінің өзгеруіне әкелді. Яғни «жан» туралы ғылым емес, дінге, құдайға сену деп табылды. Міне, осындай кезеңдерде психологияда психика мәселесін зерттеу үшін дұрыс ғылыми бағытты табу керек болды. Осы кезде психология мен діни түсініктер арасында қайшылықтар пайда болды. Бұл жағдайлардын соң психология ғылым саласында өз орнын тауып, қажетті сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Дін саласынан, діни түсініктерден арылып шығу барысында психологияда екі түрлі теория пайда болды:



  1. ІХ Хғ.ғ. арабтық ғалым Ибн Синаның есімімен байланысты. Теория, шынайы білім және нанымның ақиқаттылығы бір бірімен сәйкес келмейді, бірақ бір біріне қайшы да емес, олар параллельді түзу сызық тәрізді.

  2. ХІІ ХІІІғ.ғ психологияда «деизм» деп аталатын бағыт қалыптасады. Ол екі «жан» бар дегенді айтты: рухани (ол дінде зерттеледі), тәндік (психологияда зерттеледі).

Кейіннен ХІІІғ. Ф.Аквинский – дінді ғылыми дәлелдерден қорғап шықты. Дін мен ғылым арасындағы байланысты түсіндіру үшін Ф.Аквинский былай деп жазады: «Бұл екеуі де ақиқатты екі түрлі сипаттайды, бірақ ғылыми шындық дін шындығына қайшы келсе, ғылым дінге жол беруі керек».

Ф.Аквинский (1226 1274ж.) «схоласикалық концепцияның» көрнекті өкілі. Ол шіркеудегі бірінші схоласт мұғалім болды. Ф.Аквинскийдің жан, сезім, ес, қабілет туралы Аристотельдің түсініктерінің негізінде талданды. Оның ойынша «Жан» барлық материя мен тән жүйесінен бөлек өмір сүретін тәуелсіз, таза субстанция, сондықтан ол ­   мәңгі. Аквинский «жанды» адамның бүкіл өміріне негіз, мән мағына беретін принцип ретінде қарастырады.

Аквинский «жан» типологиясын Аристотельдің ұсынған типтерінің негізінде құрады. Ол Жанның 3 типін ұсынады:



  1. Вегетативті жан – физиологиялық функцияларға негіз болады және дмаи алады.

  2. Сенсизивті жан – жануарларға тән. Қабылдаудың, ұмтылыстар мен еркіндіктің және ерікті іс-әрекеттердің жетекшісі.

  3. Ақылды жан – тек адамға тән. Оған ақылдылық және интеллектуалдық қабілет тән.

А.Августинге қарағанда Ф.Аквинскийдің зерттеулерінің бір айырмашылығы ол Ақыл мен ерікті жоғары қояды. Аристотель сияқты Аквинский танымның шығу көзі – даналық идеялар емес, сезімдік қабылдаудың тәжірибесі. Барлық таным сезімнен пайда болады, ал ақыл оны әрі қарай дамытады.

Аврелий Августин – (354-430) орта ғасыр философы. Христиан ойшылы. Оның философиясы – Платонның идеалисттік философиясының басты мәселелерінен тұрды. Онда рухани принциптердің әртүрлілігі (қайырымды және мейірімсіз жан), рухани өмір факторлары туралы айтылған. Августин философиясының хриастиандық негізі Құдайдың бірінші екендігін мойындап, ол «Жан» - тәнді, ерікті, ақыл-есті басқарады деді. Танымды зерттеу саласында А.Августин таным зерттеу пәні – Құдай және ол адамдарға шындықты табуға көмектеседі деген теологиялық тұжырымын ұстанған.

«Жан» мәнісін түсіне отырып А.Августин «жан» - ол жеке субстанция және тән қасиеттері мен дене түрлеріне жатпайды деген анықтамасын берген. Философтың пікірінше «жан» мазмұны материалдық және ағзаның биологиялық функцияларымен байланысты емес, ол ойлау, ерік, ес процестерін басқара отырып, тек Құдайға жақын болған соң мәңгі өлмейді - деді. Сонымен Жан тәнді басқарады, ал тән танымға қайшы келеді. Осы кезде адам өз сезімдерін, тәндік қажеттіліктерін сыртқа шығару арқылы «жанына» қамқор болады.

А.Августин – адамның өмір сүретіндігін оның ақылы емес, белсенділік әрекеттері мен еріктік әрекеттері көрсетеді-деді. Сондықтан Августин бойынша рухани өмір негізі – ақыл емес, ерік табылады. Құдай туралы танымның шындығын ақыл-ой арқылы емес, тек сенімнің негізінде жүзеге асырамыз.

Р. Бэкон (1214 1292ж.ж.) – ғылымды діни түсініктерден арылытып, адам табиғатын шынайы және тәжірибелі ғылыми тұрғыдан зерттеуді ұсынды. Ақылға сыйымсыз ойлардан арылу негізінде ғана ғылымды дамытып, әлемнің жалпы жағдайын арттыруға болады. Ф.Аквинскийге қарағанда Бэкон теологияға емес, эксперимент пен математикаға сүйенетін жаратылыстану ғылымдарын жақтады.

Өзінің атақты «Opus mayus» деген еңбегінде барлық білімдер мен мәдениеттен жоғары нәрсе ол тәжірибе жасау білігі, ал бұл ғылымдардың патшасы болып табылады. Жаратылыстану ғылымдары ішінде ол көбінесе оптикалық физикаға көп көңіл бөледі. Өйткені адамның көру жүйесі арқылы біз заттардың ерекшеліктерін ажырата аламыз, осының негізінде сыртқы әлем туралы білімдерімізді жинақтай аламыз.



Р.Оккам (1300 1350ж.ж.) Оксфорд универс. профессоры номинализм (лат.т. номен имя, атау) идеясын жалғастырушы. Томизмге қарсы тұра отырып, ол сезімдік тәжірибеге негізделеді. Мұндағы бағыт бағдар тек атаулар, терминдер, белгілер деген. Оның зерттеулеріндегі басты мсәселе – белгі категориясы. Белгілі бір обьекті мен оның бейнесі арасындағы байланыс белгілік сипатқа ие дейді. Сезімдік бейне  бұл бір таңба тәріздес, мәселен түтін оттың белгісі сияқты.

6 дәріс



Тақырып Түркі-мұсылмандық психологияның дамуы.

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.

Дәрістің мазмұны

  1. Арабтық шығыстағы психологияның дамуы.

  2. Әл Фараби, Ибн Сина, Ибн әл Хайсам т.б. араб ғалымдарының зерттеулері.

Табиғат туралы жағымды білімдер мен эмпирияға жақындай түскен философиялық ойлардың бағдары шығыстағы арабтық мәдениетте ҮІІІ ХІІғ.ғ. дами бастаған еді.

ҮІІғ. арабтық тұтқындардың бірігуінен кейін, жаңа діні   исламды қабылдаған және өзіндік идеологиясы бар мемлекет пайда болады. Осы дін негізінде арабтардың жетістікері ұлғая түседі, олар ескі мәдениетпен өмір сүрген халифат халықтарына білім алып келеді. Халифаттың мемлекеттің тілі болып араб тілі қабылданады. Ал бұл үлкен мемлекетте қалыптасқан мәдениет кейін Эллин және Үнді мәдиенттерімен байланысып көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Халифаттың басты мәдени орталығына бүкіл әлем тіліне танымал кітаптар әкеліне бастайды. Сол уақыттарда Батыс Европада европалық және александриялық ғылымдар жетістіктері ұмыт бола бастағанда, Арабтық шығыста интеллектуалдық өмір қайнап жатты. Шығыста олардың еңбектері араб тіліне аударылып бүкіл арабтық дерважа – Орталық Азиядан бастап, сонау Пиреней аралдары мен Африкаға дейін таралтылған еді. Бұл өзгерістер ғылымның дамуына, әсіресе физика математикалық және медициналық ғылымдардың өрістеуіне әкелді. Одан соң көптеген ғылым саларының: химия, астрономия, география, ботаника, дәрігерлер мамандары пайда болады. Олар атақты данышпандарды шығарған мықты мәдени ғылыми төңкерісті жасады. Бұл данышпандардың ғылыми мәселелері тек араб жерінде ғана емес, Батыста да үлкен мәнге ие болды. Солардың ішінде атап өтсек, ХІғ. өмір сүрген орталықазия ғалымы Абу Али ибн Сина (Авиценна) – «Орта ғасырдағы бүкіл медициналық мектептерге үстемдік еткен, атақты ғылыми медицинаның негізін салушы.»

Ибн Сина жасерекшелік психологиясы саласындағы алғашқы зерттеушілердің бірі болды. Ол ағзаның физиологиялық дамуы мен оның әртүрлі жас кезеңдердегі психологиялық ерекшеліктері арасындағы байланысты зерттеді және тіәрбиеге көп көңіл бөлді. Оның ойынша дәл осы тәрбиенің салдарынан ағзаның тұрақты құрылымына психологиялық әсер болады. Физиологиялық процестердің ағымы барысындағы сезімдер өзгерісі, балаға айналасындағы адамдардың әсер етуі нәтижесінде пайда болады; ересектер балада әртүрлі аффектілерді тудыра отырып, оның болмысын қалыптастырады.

Ибн Синаның физиологиялық психологиясында ағзаның процестерін басқара алатындай мүмкіндік бар және басқа адамдардың әрекеттеріне байланысты баланың сезімдік, аффективтік өміріне әсер ету негізінде ағзаның тұрақты құрылымын жасауға болады деген мәселелер айтылды. Психикалық пен физиологиялық арасындағы өзара байланыс идеясы Ибн Синаның үлкен медициналық тәжірибесінің арқасында жасалды. Ол тек өз зерттеулерінде бақылап ғана қоймай эксперименталды жұмыстарды да жүргізе білді. (Мыс., екі қойға бірдей тамақ берілді, бірақ біреуі қалыпты жағдайда қоректендірілсе, екіншісінің қасына қасқыр байланып қойылды. Нәтижесінде екінші қой сондай тамақпен қоректеніп отырсада, арықтап кетеді.) Оның эксперименталды жұмыстарынан мынадай қорытынды жасауға болады: бір­ біріне қарама қайшы эмоционалдық жағдайлар түрлі соматикалық өзгерістерді тудырады. Сондықтан эмоционалдық жағдайлардың психофизиологиялық негізін зерттеу қажет.

Арабтық натуралист және математик Ибн Сина көру органын зерттеген болатын. Осы зерттеулер саласында ХІғ. өмір сүрген ғалым Ибн аль Хайсам (лат. транскрипциясы бойынша Альгазен) зерттеулері көзге түседі. Көру актсын зерттей келе ол – біз көру арқылы сыртқы әсерлердің тікелей бейнесін сақтау эффектісін атқарсақ, бір жағынан осы эффектімен бірге ақылдың жұмысын байланыстырып, нәтижесінде көрген обьектілердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата аламыз.

Ибн Аль Хайсам бинокулярлы көру – түстерді араластыру, контраст т.б. маңызды феномендерін зерттеп, обьектіні толық қабылдау үшін көз қимылдары яғни көру осьтерінің араласуы керек деді. Көру қабылдауы оның ұзақтығына байланысты. Егерде қысқа уақыттық қабыдау болса, біз тек таныс обьектілерді қабыдаймыз. Ғалымның көру қабылдауының сенсорлық құрылымын зерттеуі тәжірибе, математикаға және нерв жүйесінің қасиеттеріне негізделген оптика заңдары бойынша дәлелдеген еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет