А. С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері мазмұНЫ


А.С. Макаренконың тәрбие және ұжым туралы еңбектеріне педагогикалық талдау



бет2/8
Дата14.06.2022
өлшемі99.08 Kb.
#459203
1   2   3   4   5   6   7   8
А. С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері

1.2 А.С. Макаренконың тәрбие және ұжым туралы еңбектеріне педагогикалық талдау.


Аса көрнекті педагог Антон Семенович Макаренко 1888 жылы 1 наурызда Харьков губерниясындағы Белопоное қаласында темір жол жұмысшысының жанұясында туған.
Қалалық училищені, содан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды бітірген соң, Антон Семенович Макаренко Крюковадағы екі класты темір жол училищесіне оқытушы болып тағайындалған.
Макаренконың педагогикалық қызметі 1905 жылы, бүкіл Ресейге бірінші орыс ревалюциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталды, сондықтан оның көзқарасы да ревалюцияшыл пролетариаттың күшті күрес идеялары негізінде қалыптасқан. Жас, қажырлы оқытушы осы кезде темір жол училищесінде жұмысшылардан ата — аналар комитетін құрып, сол арқылы революцияшыл бағыттағы мектеп бастығына қарсы күрес жүргізген, оқушылармен адамгершілік қатынас орнатуды жақтаған. Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста ғана болатын, бірақ ол өзінің алғашқы қадамынан бастап — ақ болашақ жаңашыл педагогқа тән қасиеттерді байқатты. Темір жол училищесінде оқытушылық қызметі кезінде Макаренко өзінің білім дәрежесін көтеру жолында көп жұмыс істеген, әсіресе ол кейіннен өзіне зор эсер еткен орыстьщ ұлы жазушысы А.М. Горький шығармаларын терең оқыған. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: «Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым болды»,-дейді. 1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко Полтаваның оқушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1917 жылдың қыркүйегінен бастап Крюковадагы жоғары бастауыш сынып мүғалімдері училищесінде инспектор қызметін атқарады. 1919 жылдан бастап біраз уақыт темір жол училищесінде оқытушы болады. 1920 жылдан бастап, Макаренко Полтава губерниялық халық ағарту бөлімінің тапсыруымен, Полтавадан 6 километр жердегі заң бұзушы жас балалар калониясын ұйымдастырған. Осы калонияны Макаренко 8 жыл басқарды. Бұл жылдар оның адамды тэрбиелеудің жаңа эдістерімен қажырлы еңбек ету, іздену және күрес жылдары болды. Міне, осыдан бастап Макаренконың педагогикалық қызметінің шақырту кезеңі басталды, ол тек тэжірибеде ғана емес, педагогикалық теорияда да тамаша табысқа ие болып іс — жүзінде педагогиканың бірнеше принципиальды мәселелерін шешті. Кейіннен А.М.Горький атымен аталған осы калонияда Макаренко бүкіл тәрбие процесін, оқуды ауыл шаруашылық еңбегімен байланыстыруға негіздей отыра құрған. Өзінің тәрбие жүйесін құру жолындағы күресін, сол калонияның эр қилы өмірін А.С.Макаренко терең мағынасы және әсерлі көркем шығармасы «Ұстаздық дастанында» баяндайды.
1928 — 1935 жылдарда Макаренко Харьковтағы Ф.Э.Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқарған. Горький атындағы калониядағы мол тэжірибемен қаруланған Макаренко мұнда жұмысқа бүрынғыдан да табанды түрде жэне зор сеніммен, жаңашыл педагог ретінде кіріскен. Коммунаның тэрбие жұмысы оқуды өндірістік еңбекпен байланыстыруға негізделген, еңбек эуелі оқу мастерскойларында жэне өндірістің цехтарында, сонан кейін техникамен жабдықталған заводтарда ұйымдастырылған.
Дзержинский атындағы коммунаның өмірін Макаренко өзінің «Мүнара үстіндегі тулар»деген еңбегінде баяндаған. Бүл шығармада педагогикалық көзқарастың ерекшеліктері мен ілгері дамуын айқын байқалады. Оның үстіне бүл «¥стаздық дастанның» дәстүрлі жалғасы тәрізді еңбек болатын.
Макаренканың тікелей өзі күрып, өзі басқарған бүл екі оқу-тәрбие орнынан үш мыңға жуық бүрынғы панасыздар мен заң бүзушылар шын жаңа совет азаматы болып қалыптасты.
Алексей Максимович Горький талантты жаңашыл педагогтың бүл зор еңбегін бағалай келе Макаренкоға жолдаған хатында былай дейді: «Маңызды орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің меніңше жер жүзілік маңызы бар». Ұлы жазушының бұл өте жоғарғы да орынды берілген бағасы болатын.
Антон Семенович Макаренко өз өмірінің соңғы жылдарында әдебиет және қоғамдық педагогикалық жұмыстарымен айналысады, әсіресе ол семьядағы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлген.
«Ата — аналар үшін кітап» және «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» деген шығармаларында Макаренко баланы жанүяда тәрбиелеу жөніндегі негізгі мәселелерді зерттеген.
1939 жылы 1 ақпанда Совет үкіметі Антон Семеновичтің балаларға коммунистік тәрбие беру саласындағы сіңірген ерекше еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.
1939 жылы 1 апрельде тамаша ізгі адам, педагогикалық ғылымның қайраткері жэне талантты жазушы А.С.Макаренко кенеттен қайтыс болды.
А.С.Макаренко өзінің артына өлмейтін бай педагогикалық мүра қалдырды, оның жүзге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар.
Макаренко балалар ұжымымен тәрбие жүмысын жүргізудің ғылыми негізгі теориясы мен методикасын қүрады. Оның педагогикалық көзқарастары, тамаша нәтиже берген педагогикалық тәжірибелері ұзақ уақыт теориялық жағынан қорытудың негізінде қалыптасты.
Макаренко теориясының негізгі маркстік — лениндік ілім болды, ал оның меодикасы да маркизм — ленинизмнің ғылыми әдістеріне негізделіп дамыды. Тәрбие процесінің заңдылықтарын анықтауда Макаренко қоғамдық дамудың заңдары жөніндегі жаңа, адамгершілік туралы, адамның қоғамдық табиғаты жөніндегі марксизм — ленинизм ілімін басшылыққа алып отырды.
16 жыл ішінде үш мыңға жуық жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесі Макаренкоға коммунистік партиямен совет үкіметі құрған тәрби жүйесінің күшті әсерін жоғары бағалауға негіз болды, ол тәрбиенің күшіне мықты сенген оптилист еді. Біздің елімізде адамның жетіліп, қатысуына кедергі болатындай ешбір жағдайдың болмайтындығын дәлелдеді. Сондықтан да Горкий атындағы өз жүмысының алғашқы күндерінде көпшілігі бұрын қылмысты болған панасыздар тобымен бетпе — бет кездесу кезінде Макаренко табансыздық, түрақсыздық жолына түспеді. Ол балалардың туысынан қылмысты, немесе бүзылған мінез қүлықты болып өмірге келмейтінін терең түсіне білді.
Ал оның кейінгі жүмысыңдағы тәжірибелері қылмыс жолына түскен жастарды қайта тәрбиелеу болатындығы жөніндегі өзінің оптимистік көзқарастарын толық дэлелдеді. Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі – тәрбиенің міндет -мақсаттарының анық, айқын түрде белгіленуі деп есептеген. Ол педагогика арқылы ілгеріге көз жібере отыра, адамға керекті сапаларды алдын — ала жобалай білуі тиіс деген талап қойды.
«Тәрбие жүмысының мақсаты қайдан тууы тиіс? Әрине, ол біздің қоғамдық қажетімізден, халық талабынан, халық мақсаттары мен міндеттерімен, біздің күрестеріміздің мақсаттарынан туып отырады», -деген Макаренко.
Макаренконың ойынша, педагогика бүл мәселені саяси мақсаттарға сэйкес, яғни жаңа адам, қазіргі қоғамның адамы қандай болатындығына байланысты шешуі тиіс деген.
Макаренко тәрбиенің міндет — мақсатын адамды қалыптастырудың кең праграммасы ретінде қараған, бүл прогграмма Макаренкоға жастарды тәрбиелейтін жоғары сапалары анығырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Тәрбиенің алдына Макаренко ұжымшыл, алғыр және ер адамдарды жан — жақты білім алған және еңбек сүйгіш халқының алдындағы өз борыштарын сезіне білетін жастарды тәрбиелеу міндетін үсынды. «Коммунизм үшін күрес үстінде, дейді Антон Семенович, — біз қазірдің өзінде өздерімізде коммунистік қоғам мүшелерінің сапаларын тәрбиелеуіміз керек. Макаренко тэрбиенің мүндай міндет — мақсаттарына жетудің тым қиын және күрделі іс екенін, бірақ біздің шындықтың жағдайында оған толық жетуге мүмкіндік барын ескертті. Өзінің «мүнара үстіндегі тулар» деген кітабында оптимистік түрғыдан: «Жаңа адамды тэрбиелеу — бақытты іс жэне оған педагогикалық шамасы да жетеді», — деген.
Тәрбиенің міндет — мақсаттарына байланысты Макаренко тәрбие жүйесінің мынадай негізгі принциптерін анықтаған: тэрбиелеушіге талап қоюды оны қүрметтеу жэне оғпн сенім білдірумен байланыстыру, ұжым ішінде, ұжым арқылы және еңбекке тәрбиелеу.
Макаренко адамға зор талап қоюды қүрметтеп сыйлаумен байланыстырып отыруды – тәрбие жүйесінің жетекші эдісі деп санады. Тәрбиеленушілерге сүйіспеншілік білдіруді оған талап қоюмен байланыстырып отырса, балалардағы жақсы сапаларды байқап, көруге, сол сапаларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді дейді.
А.С.Макаренко творчествасында адам үшін оның намыс сезімі, оған сүйіспеншілік білдіру, адам баласын сыйлау, адамның жоғарғы санасына сенім білдіру мәселелері кең орын алған. Антон Семенович Макаренко педагогиканың маңызды заңы – тәрбиеленушіге айқын, анық, табанды талаптар қойып отыру. Адамға неғұрлым көбірек талап қойылса, ол адамгершілік жағынан көркейе беруге тиіс, сондықтан талап талағай болмай, белгілі мақсатқа жеткенше қойылуы тиіс деген.
А.С.Макаренконың барлық тәжірибесі оның осы өзі ұсынған негізгі принциптері адамды құрметтеп, сыйлауды оған талап қоюмен байланыстыру
принципін жемісті түрде іс — жүзіне асырудың толық сипаты болды. «Қашан болсын адамның жақсы жақтарын жобалау керек, педагог осылай етуге міндетті», — деп өсиет айтқан оптимист Макаренко, жоғарыдағы балаға қатаң талап пен сүйіспеншілік білдіру жөніндегі принципіне байланысты, тэрбиедегі «болашақ жолдар» деген принципті ұсынады.
Макаренконың ескеруінше адамды тэрбиелеу — бұл жастарымызда өздерінің болашақтары — ертеңгі қуаныштары көрінерліктей болашақ жолдар, бағыттар тэрбиелеу, оларға сол ертеңгі қуаныштарының жолдарын көрсету. «Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам, жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты шулы қозғаушысы
— ертеңгі қуаныш», — деген А.С. Макаренко.
А.С.Макаренко тәрбие жұмысын жүргізуде балалар ұжымының ертеңгі күні бүгінгісімен өзінің мэні жэне шеңбері жағынан жоғарғы және кең тұратындай болып құрылуын талап еткен. Өзінің тэжірибелік тэрбие жұмыстарын да бірімен — бірі байланысты түрде құрылатын үш түрлі (жақын, орташа және қашық) болашақ жолдарды пайдаланылған.
Макаренко бастапқы, жақын болашаққа балалардың цирк, басқа ойын -сауық орындарына баруға рұқсат алуын, орташа балашаққа жастардың коллективтік оқиғаларға араласуын: Мерекелік демонстрацияларға, бүкіл халықтық мейрамдар мен науқандарға қатысу және тағы да басқаларды қосқан.
Мектеп бітіргеннен кейін іске асуға тиісті балалардың бүкіл ел өміріне араласуға ұмтылушылығын тэрбиелеуді Антон Семенович болашақтың жолдардың ең жоғарғы басқышы деп бағалаған. Ол болашақ жолдардың балалар ұжымының тек қана қуанышы мен жақсылықты сезуімен құрала бермейтіндігін ескертті, ұжымның мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында кездесетін қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиелеуі тиіс деді. Маркизм бізді — адамның жкек басын қоғамнан тыс, ұжымнан тыс алып қарауға болмайды деп үйретеді деген Макаренко.
Сондықтан ұжым ішінде, ұжым үшін, ұжым арқылы тәрбиелеу Макаренконың тәрбие жүйесінің негізгі және орталық идеясы болды. Өзінің шығармаларында ұжым ішінде тәрбиелеу мәселесі тәрбие жүйесінің негізгілерінің бірі ретінде, ол ұжымды тәрбиенің ең бастысы, тәрбиенің бірден — бір негізгі құралы деп бағалаған. Макаренконың көрсетуінше, ұжым
— адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы. Сондықтан оның ойынша, нағыз шын ұжым мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымы болсын олар қоғамның бір бөлшегі болып есептелінеді. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы да басқа ұжымдармен байланысты болуы тиіс, оның алдында да қағам мен ел алдында қойылған міндеттер тұрады. Макаренко жалпы, ірі тұтас ұжымдар оның бөлімдері болып есептелетін бастауыш ұжымдардан тұратындығы көрсетті. Жеке бала бастауыш ұжымның мүшесі, класс оқушысы бола отырып, ол ірі ұжым өмірімен, бүкіл мектеп мақсатымен бірге өмір сүруі тиіс деген.
Антон Семенович мектеп ұжымының маңызын барынша жоғары бағалай білген, оның рөлін көтере білген, бүл жөнінен ол: «Тэрбиенің барлық процесі… сонда ұйымдасқан, үйымшыл, тату бірден — бір ұжым мектеп болуы керек…», — деді. Макаренко үжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, ұжымның барлық мүшелерінің іс — эрекет жасауы, бірлігі ұжым мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бүл міндеттері әрқайсысының үқыпты орындалуы, өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдардың бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, өзара бағына білу.
Макаренко өзінің өте мол тэжірибесіне сүйене отырып, үжым өмір сүруінің өте маңызды заңы бар екендігін анықтаған, ол — үжымның қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы. Оның ойынша мүндай заңсыз үжымды біздің қоғамымыздың кішкене бөлшегі деп есептеуге болмайды деген, ал үжым өміріндегі осындай дамуды қамтамасыз етудің негізгі бір шарты — сол үжымның әрбір мүшесінің санасына сіңген айқын түрде анықталған болашағы болуы тиіс, белеілі мақсатқа жеткеннен кейін, келесі мақсат қойылуы қажет, міне осындай» қозғалыс, даму ұжымға өзінің ертеңгі қуанышын көруге, оған әуестене ілгері үмтылуға комектеседі деп үйреткен. Макаренко педагогтар үжымының оқушылар ұжымын қүруда шешуші роль атқаратындығын атап корсетті: ол: «Педагогтардың нағыз жауапты тэрбиеші болуы үшін бір — ақ жол бар, ол жол — педагогтарды үжым етіп үйымдастыру…», — дейді.
А.С.Макаренко біздің мемлекет еңбекшілер мемлекеті, бізде «Кімде -кім еңбек етпесе, ол ішіп — жейді» деген принцип іске асып жатқанда, еңбек тэрбие жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторларына айналуга тиіс деп есептеген.
Макаренконың үйнетуінше адам еңбек үстінде тек жүмысқа даярланып қана қоймай басқа адамдармен дүрыс қарым — қатынас жасауға үйренеді, еңбекке бірлесе күш жүмсау, үжымда еңбек ете білу, адамдардың бір -біріне еңбектік көмегі жэнеолардың бір — біріне еңбек ету жонінен байланысты болу сезімін тудырады. Атақты педагог еңбектің ең зор пайдасы — адамның психикалық, рухани дамуына эсер етуінде деп түсінді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзінің азаматтық борышым деп сүйе білу үйрету, қоғамдық — онімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бүл тәрбиенің негізгі жолы — балалардың өздерін тікелей еңбекке араластыру. Макаренко үсынған балаларға қатысты еңбектің негізгі түрлері, өзін-өзі күту, семьядағы үй жұмысы, оқу тапсырмаларын орындау, мектеп жэне балалар мен жастар үйымдастыратын қоғамдық пайдалы жұмыс. Макаренко балалар еңбегін үйымдастыру үстінде мынадай негізгі ережелерді сақтауды талап еткен, баланың күшіне сай еңбек тапсыру, еңбектің бір түрінде баланы көп ұстамай, оның өсіп дамуына сәйкес жаңа, бұрынғыдан күрделі жұмыстар жүктеу, тапсырылған жүмысты бақылау оның ұқыпты орындалуын талап ету, балалардың ауыр ыңғайсыз жағдайларда атқарған еңбегін мақтап отыру.
Макаренко тәрбиенің бүл түріне баланың әр нәрсе атқаруға икемдене бастаған шағынанақ баулуды талап еткен.
Сонымен қорытындылай келсек Макаренко көбінесе ұжымдық тәрбиеге көңіл бөліп, ұжымдық тәрбиені жақтаған. Шынында да егерде бір баланы жалғыз тэрбиелейтін болсақ, немесе ол жанұядағы жалғыз бала .болатын болса, оның кобінесе өзімшіл, қайрымсыз, ешкіммен араласып сөйлескісі келмейтін жақтары басым болады. Сондықтан мен ойлаймын баланы үжымда тәрбиелеу арқылы біз ол баланы дұрыс бағыттап, дұрыс жол көрсетеміз.

1.3 А.С. Макаренконың еңбек және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық талдау.
Бірінші бөлімге қорытынды


Макаренконың педагогикалық жүйесi оқыту мен тәрбие жүйесiнiң қалыптасуының негiзiнде тығыз байланыста болған. А.С.Макаренко педагогикалық жүйесiн талдауға тұтас күрделi және өмiршiң кемелденудегi педагогикалық идея ретiнде қарауды да назардан тыс қалдырмаған. А.С.Макаренко тек педагогика теоретигi ғана емес, оқушылар мен ұстаздар iс-әрекеттiгiнiң ұжымдық әрекетiнде психологиялық-педагогикалық негiзiн салушы, әдiскер-iскер, оқу–тәрбие iсiнiң қайраткерi [1].
Өз бiлiмiнiң ұстаздық дәрежеге дейiн көтерiлуге жеткiлiксiздiгiн көркемдiкпен сезiнген педагог 1914-1917 жылдар арасында Полтаваның Оқытушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бiтiріп шығады. 1920 жылдан бастап арнайы тапсырмасымен Полтавадан алты километр жерде заң бұзушылар мен жетiм балаларға арнап арнайы коллония ұйымдастырып, осы коллонияны А.С.Макаренко сегiз жыл бойы үздiксiз нәтижелi басқарады. Бұл жылдар ол үшiн нағыз лабороторияға айналып, мұнда адамды жаңа жағдайда тәрбиелеудiң, жаңа педагогиканың теориясы практикада қатаң сыннан сүрiнбей өткен нағыз күреске толы ер жету кезеңi болды.
Кейiнiрек М.Горький есiмi берiлген бұл тәрбие мекемесiнде А.С.Макаренко бүкiл тәрбие үдерісiн және тәрбие беруді қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыра жүргiзiп, оқуды өмiрмен байланыстырудың ең тиiмдi әдiстемесi негiзi қаланды. Өзiнiң тәрбие жүйесiн құру жолындағы күресiн сол коллониясының әрқилы сан алуан өмiрiн паш ететiн терең мағыналы алғашқы әсем әдеби-педагогикалық шығармасы “Ұстаздық дастан” тәрбие әлемiне осылай келдi.
А.С.Макаренко өзiнiң педагогикалық теориясын нақты педагогикалық үдерісте сынау мақсатымен Харьков қаласы жанынан Ф.Э.Дзержинский атындағы еңбек коммунасын ұйымдастырып, оған 1928-1935 жылдар аралығында педагогикалық басшылық жасайды. Тәрбие жұмысы оқуды өнiмдi еңбекпен байланыстыруға негiзделiнiп, тәрбиеленушiлер еңбегi бастапқы шеберханаларда және өндiрiстiк цехтарда, содан кейiн техникамен жабдықталынған шағын заводтарда ұйымдастырылу дәрежесiне дейiн жеткен өндiрiс мекемесiне айналды.
Балалар коммунасының өмiрiн баяндайтын жаңа педагогикалық шығарма “Мұнара үстiндегi тулар” деген атпен дүниеге келiп, мұғалiмдердің нағыз құралына айналды. А.С.Макаренконың тiкелей өзi құрап өзi басқарған бұл оқу–тәрбие орнына үш мыңға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар нағыз зиялы кеңес азаматтары болып қайта тәрбиелендi, олар өздерiнiң сенiмдерi және қоғамға сiңiрген еңбектерiнiң нәтижесiне қарағанда өз Отанына шын берiлген, Отан алдындағы борышын түсiне бiлетiн жiгерлi, табанды, тәртiптi, интернационалист, әр түрлi мамандық иесi, еңбек сүйгiш адамдар болып қалыптасты.
А.М.Горький талантты, жаңашыл педагогтың адам қоғамы алдындағы зор еңбегiн бағалай келiп, А.С.Макаренкоға жолдаған хатында былай деп тебiрене жазды: “Маңызы орасан зор және мейлiнше ойдағыдай болып шыққан Сiздiң педагогикалық эксперименттерiңiздiң менiңше халықаралық маңызы бар”[1, 23 б.].
Ұлы жазушысының бұл өте жоғары бағасы болашақты алдын-ала болжаған көрегендiлiгiнiң куәсi - 1988 жылы 6-8 наурызда Мәскеу қаласында Юнесконың шешiмiмен оның туғанына 100 жыл толуына байланысты халықаралық педагогикалық симпозиум.
А.С.Макаренко өз өмiрiнiң соңғы жылдарында әдебиет және қоғамдық–педагогикалық жұмыстармен айналысады, әсiресе оны кейiнгi уақыттағы ерекше толғантқан жанұядағы бала тәрбиесi мәселелерi болды. Оның “Ата-аналар үшiн кiтап”, “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” деген шығармаларында А.С.Макаренко - баланы тәрбиелеудегi ата-ана борышын қоғамдық борышпен тығыз байланыста қарап, тәрбие үдерісiн қоғамдық әлеуметтiк құбылыс дәрежесiне дейiн көтерген қайраткер.
Антон Семеновичтiң қоғамдық-педагогикалық және балаларға тәрбие беру саласындағы сiңiрген еңбектерi үшiн Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
А.С.Макаренконың iлiмi - тек елiмiзде ғана емес, дүние жүзiнде де зор беделге ие болған өлмес мұра. Бүгінде Германияның Марубрг қаласында да оның педагогикалық мұрасын зерттеудiң лабораториясы жұмыс iстейдi.
А.С.Макаренконың педагогикалық бай тәрбиесiн қазақ педагог ғалымдарының назарынан тыс қалған жоқ, оның шығармалары қазақ тiлiне әлденеше рет аударылып, көп тиражбен жарық көрдi. Республикада да оның педагогикалық шығармаларына арналған арнайы әдістемелік-тәжірибелік конферециялар, семинарлар үздiксiз өткiзiлiп тұрады. Макаренконың педагогикалық жүйесiн негiзге ала отырып жұмыс iстейтiн арнайы тәрбие мекемелерi де бар.
А.С.Макаренко жүйесiмен педагогикалық үдерістердi ұйымдастыратын мектептердiң оқу–тәрбие жұмыстарына тән негiзгi ерекшелiктер: бiрiншiден, бiрде - бiр бала тәрбиешiнiң назарынан тыс қалмау принципi. А.С.Макаренко қабiлеттерi мен мiнез–құлықтары мейлiнше әр түрлi балаларды тәрбиелеу мен оларға жеке тұрғыдан келу туралы былай деп ескерттi: «Мен өз жұмысымда өзiне айрықша көңiл аударатындар емес, менен жасырынатындардың неғұрлым қауiптi элемент болып табылатынын көрдiм. Бұл ойға мен неге келдiм? - деп жалғастырады педагогикалық ойын ұстаз, - өйткенi, 15 рет өз өмiрiнде түлектерiмдi ұшырдым, соларды қадағалай отырып мен өзiмнiң өте қауiптi және жаман деп санағандарымның көпшiлiгi өмiрде белсендiлiкпен, кеңестiк дәуiрге лайықты алдыңғы қатарлардың арасынан көрдiм, олар кейде қателеседi, бiрақ жалпы алғанда тәрбие жұмысының жемiсi ретiнде менi қанағаттандырады. Ал кезiнде менен тығылғандар немесе ұжымда елеусiз болып жүргендер өмiрде кейде нағыз мешандар сияқты тiрлiк кешедi… Ал кей жағдайларда мен тiптi бiрте-бiрте түпкiлiктi iрiп-шiрудi де байқадым…»[2, 54 б.] .
Екiншiден, оқушыларға үлкен талап қоя отырып оның жеке басын құрметтеу принципi - бұл А.С.Макаренко пiкiрiнше, “адамға барынша үлкен талаптар қою керек, бiрақ сонымен бiрге оны барынша құрметтеу керек”. Бұл бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін ерте бастан-ақ қалыптастыру мен өз тағдырына деген жауапкершiлiктi арттыру. Макаренконың сөзiмен айтқанда: “Жауапкершiлiк сезiмiнiң ежелден кiсi қинайтын, iш-бауырыңды соратын бiр жағымсыз ауыр түрi болады. Ол өз затында ақылға жараспайтын нәрсе көрiнген уақ-түйектiң бәрiне де талғамастан қадала қалады. Болар-болмас жарғыншақ табылған жер болса, соған тұмсығын тығып, iшiне кiрiп, қалтырап, дiрiлдеп отырып алғысы келедi”. Үшiншiден, тәрбиедегi ынтымақтастық принципiне адалдық. Бұл ұлы педагог ғалымның пiкiрi бойынша Отанымыздың лайықты жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаларын тәрбиелеуге деген гуманизм. Яғни эстетикалық таным дүниесiн байыту, қабiлетi мен дарындылық қасиетiнiң барлық көздерiн ашу, әлеуметтiк және шығармашылық белсендiлiгiн арттыру, сөйтiп бастауыш сынып оқушыларын гуманистік бағытта тәрбиелеуді алдына мақсат етiп қою және оны ойдағыдай шешудi ұйымдастыру.
Әрбір бастауыш сынып оқушысының іс-әрекеті ұжым арқылы іске асады. Бастауыш сынып оқушылары алғаш мектепке келгенде жазу мен сызуды үйреніп, сыныптас достарымен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсіп ынталанады.
Тұлғаның қоғамдағы рөлі, оның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуындағы ұжымның ықпалы туралы А.С.Макаренко еңбектерінде зерделеген.
А.С.Макаренко тәрбие ұжымы дегеніміз – мақсат-мүддесі бір бағыттағы адамдар жиынтығы деп атап көрсетті.
Оқушылары ұжымы өзiнiң мазмұны, даму заңдылықтары мен бағыттары, көрiну формалары жөнiнен А.С.Макаренконың педагогикалық теориясында ерекше мазмұн мен бағыт ұстанады, өзiне тән белсендiлiкпен тұжырымдалады. Ол адамдардың мiнез-құлқындағы және өзара қатынастарындағы сезiмiн орнықтыруға, олардың елжандылығын, гуманизмiн нығайтуға, қоғамдық белсендiлiгiн арттыруға, оқушылардың қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн күшейтуге, сын мен өзара сынды өрiстетуге, жеке адамның барлық шығармашылық мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн барынша өрiстетуге ықпал жасайды [3].
А.С.Макаренконың аса бағалы мұрасының өмiршеңдiгiне тән тағы да бiр ерекшелiк олар ұжым жөнiндегi теориялық қағидаларының нақты жасалуында. Ол өзiмшiлдiкпен, меншiлдiлiкпен және пайда күнемдiлiкпен сыйыспайды, жалпыхалықтық мүдделердi үйлесiмдi ұштастырады деген принципі А.С. Макаренко армандаған және ол үшiн барлық өмiрiн сарп еткен iзгi мұраты болды. Ол ұжым анықтамасын нақтылай келе, адамдарын еңбегiнде ғана емес, сондай-ақ ең алғашқы адамдардың бiрiгуiнiң бастауыш ұйымдық формасы, мектептегi оқушылар деп ескерте келiп, оларға да арнайы мiндет пен мақсат тән деп ескерттi.
Талап қоюшылық, оның орындалуы туралы алдын ала ой - әрбiр ұжым басшысы iс-әрекетiнiң нәтижелiлiгiнiң кепiлi. Бұл туралы А.С.Макаренко ең әуелi жақсылап тұрып жақсы жиналыс өткiзуден бастар едiм, онда басты мақсат етiп тәрбиеленушiлерден не тiлейтiнiмдi, ненi талап ететiнiмдi және олардың келешегi әрi кеткенде екi жылда қандай болатынын айтып берер едiм деген едi. Бұл үшін әрбір болашақ бастауыш сынып мұғалімінің бойында аңғарымпаздық, болжай білу қабілетінің болуы шарт. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімінің педагогикадан, психологиядан, жасерекшелік физиологиясынан, конфликтологиядан, этика-эстетикадан хабары болуы керек және туа бітті байқағыштық қабілеттері болғаны жөн.
А.С.Макаренко шын жүректен шыққан, ашық, жалынды және жiгерлi, әдiлеттi талаптарсыз тәрбиешiлiк қызметтi бастауға да, басқаруға да болмайды және “Кiмде-кiм толқымалыларды, әлдекiмнiң жетегiндегiлердi үгiттеуден бастауды ойласа, ол қателеседi” - деп бұлтартпай, дәл және қайсарлана айтты өзiнiң пікірлестерiне [4, 25 б.].
Талап пән тiлек арасындағы өзара үйлесiмдiлiк, қатiгездiлiк пен мейірiмдiлiк, махаббат пен сыйластық қатар тұрған жағдайда ғана ұжым басшысы, яғни сынып жетекшісі оқушылар ойынан шыға алады деп үзiлдi-кесiлдi шешiмiн айтқан едi.
А.С.Макаренко жас ұжым жетекшiлерiне үнемi қамқор ұстаз бола отырып, өзiнiң ақылшы–ұстаздық кеңесiн беруден бiрде бір жалыққан емес. Ол ұжым келешегi оның белсенділікке алдын ала тәрбиелеу мен баулу, тек содан кейiн ғана оларды өз жәрдемшiлерi ретiнде пайдалану ұжым тәрбиесiндегi ең тиiмдi педагогикалық ықпал деп тұжырымдады. А.С.Макаренко: - Мен мұны тездетуге асықтым (белсенділерді iрiктеді). Мен бұл балалардың немесе қыздардың өздерiнiң де көптеген кемшiлiктерi бар екендiгiне қараған жоқпын, менiң талаптарымды жалпы жиналыста сөйлеген сөздерiнде, өз топтарында өздерi де талап қою, пiкiр айту арқылы қостап отыратын белсенділерді тезiрек жинап алуға тырыстым, - дейді [4, 52 б.].
Белсенділермен жұмыс iстеу және оларды таңдау әлi де болса өзара шынайы қатынастын орныққаны емес, сондықтан да ұжым белсенділері алдын-ала өз нысандары мен ықпал ететiн көмек туралы мәлiметi болуы керек және тындырған iстерi жөнiнде ұжым өкiлдерi алдында ұдайы есеп берiп отыруды әдетке айналдыру керек.
Тәрбиенің қай түрі болмасын, ондағы аса маңызды мәселелердің бірі – тәрбиенің алдына қойылатын мақсат перспективаларды таңдау. Осыған орай, А.С.Макаренко педагогикалық мұрасына сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамытудағы мектеп пен отбасы біріккен жұмысында оның жақын және орта, қашық перспективаларын шығармашылықпен пайдаланған жөн деп ойлаймыз [5].
Ұжымды мүшелерiндегi белсендiлiк пен шығармашылық қатынас атқарылатын iстiң нәтижесiн тез арада көруден болатынын әрбiр болашақ бастауыш сынып мұғалiмі естен шығармауы керек. Бұл арада жақын перспективаны тiптi дамудың бiрiншi сатысында тұрған ұжым алдында да қоюға болатынын ескеруіміз қажет.
Орта перспективаға тән ерекшелiк - мерзiмi жөнiнен бiрқатар қашықталынған iс-әрекет жобасы. Мысалы, мектеп ауласын тәртiпке келтiру, мектептегi спорт жабдықтарын жөндеу, сабаққа қажеттi көрнекiлiк құралдар мен жазғы еңбек лагерiне қажеттi құрал саймандарды алдын-ала дайындау т.с.с. Орта перспективаның iске асуындағы жетекшi рөлдi атқаратындар жеке пән мұғалiмдерi мен сынып жетекшiлерi екендiгiн әрдайым еске сақтауымыз керек. Алыс перспектива - бұл әлеуметтiк - педагогикалық проблема. Отанымыздың келешегiне байланысты А.С.Макаренко - адамды тәрбиелеу дегенiмiз оның бойында перспективалық, бағыт-бағдарды тәрбиелеу екенiн ескерте келiп, ұжым перспективасы неғұрлым ауқымды, кең болса адам да соғұрлым жаны сұлу, құлашы кең, көреген, алдын болжай алатын болып қалыптасады деп пайымдаған
Қашық перспектива - бұл жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Оған келешек мамандықты таңдау, білім алу не болмаса белгілі бір істің шебері - дарынды болуға талаптану т.б. жатуы мүмкін. Ал бұған дейінгі перспективалар қойылған мақсатты жүзеге асырудың кезекті бөлімдерінің қызметін атқарады. Мұндағы мектеп пен отбасының атқаратын рөлі, нақтылы тапсырмалар қоя отырып баланы сол мақсатқа жетуіндегі іс-әрекетін бір жүйеге қою, осылай жақын мақсаттарды жүзеге асыру арқылы тәрбиедегі ортақ мақсатқа қол жеткіземіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет