А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет96/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   231
Термореттелу қызметі – денені температураның өзгеруінен (суық, 
ыстық) қорғайды
. 
67-сурет. Саусақтардың 
таңбасын алу
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


124
Бөліп шығару қызметі­– тер арқылы су, аммиак, несепнәр, минерал-
ды тұздар мен басқа заттар шығарылады. Бөліп шығару мүшелері ішек 
және өкпемен қатар, тері де зиянды заттарды шығару үдерісіне қатысады. 
Тер 98% судан, 2% басқа заттардан тұрады. Бір тәулікте бөлінетін тердің 
мөлшері сыртқы орта температурасына, атқарылатын жұмысқа, жыныс 
пен жасқа байланысты болады. Егер қандай да бір себепке байланысты 
тер бөліну тоқтайтын болса, бүйрекке түсетін жүктеме күрт артады. Зат 
алмасу артқанда, қарқынды дене жүктемесі және ыстық кезде тер көп 
бөлінеді. 
Тыныс алу қызметі­–­тері оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп 
шығарады (тері арқылы тыныс алу). Бірақ адамда бұл қызмет тыныс 
алудың тек 5%-ын жүзеге асырады. Адам ағзасы өкпемен тыныс алған 
кезде ғана қалыпты тіршілік ете алады. 
Терінің сезімталдылығы онда орналасқан сезімтал жасушалармен 
және жүйке ұштары – 
рецепторлармен­байланыс ты.
Тері тіршілік үшін қажет 
D дәруменін­ өндіреді.­ Күн сәу ле сінің 
әсерінен 
D­дәруменінің­синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин 
бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді. 
Қор жинау қызметі – қоректік заттарды жинау терінің үшінші 
қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның 
май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор 
сақталады. 
Эпидермис,­ терінің­ мүйізді­ қабаты,­ меланин,­ дерма,­ теріасты­
май­жа­­сұны­ғы,­амортизатор,­жылуоқшаулағыш,­қоректік­зат-
тар­қоры;­қызметтері:­қорғаныш,­термореттелу,­бө­ліп­шығару,­
тыныс­алу,­те­рінің­сезімталдылығы;­рецептор,­D­дәрумені.­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет