Ключевые слова: дошкольное образование, дошкольник, дошкольные организации,
социализация, индивидуализация, педагогический процесс.
Кіріспе. Педагогика ғылымында педагогикалық процестің мәнін түсінуде бірнеше көзқарастар
бар. Педагогикалық проесстің негізгі сипаттамалары: тұтастық; мақсаттылық; қатысушылар арасында
байланыс; жүйелілік және процессуалдық [1, 67 б.].
Педагогикалық процестің тұтастығы – мектеп жасына дейінгі баланы әлеуметтендіру мен
дараландыру процестерінің тұтастығы, бала табиғатын сақтау және оның мәдениетінің дамуы,
әлеуметтік-мәдени тәжірибе, даму мен білім берудің бірлігі жағдайында жеке мәдени тәжірибені
байыту [2, 144 б.].
Зерттеудің әдіснамасы. теориялық зерттеу, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, бақылау.
Зерттеудің нәтижелері. Балабақшадағы педагогикалық процестің мақсатты бағыттылығы
баланың табиғи сипатын, оның бірегейлігін, жеке басын анықтауымен байланысты. Педагогикалық
процесс бала тұлғасын дамытуға, оның жеке әлемін, қабілеттерін және бейімділігін айқындауға,
қарым-қатынас тәжірибесін жинақтауға және адамдар мен мәдениет әлемімен өзара әрекеттесуге
бағытталған педагогикалық шарттар жиынтығы немесе кешені болып табылады [3, 51 б.].
Педагогикалық процесс мақсаттары:
- педагогикалық процесс мақсаттарын әр автор әртүрлі түсіндіреді: іс-әрекеттен қалыптастыруға
дейін, басқарудан көмек беруге дейін, әсер етуден қолдауға дейін.
- педагогикалық процестің мақсаттары сіздің педагогикалық позицияңыздың ерекшеліктерімен,
балалық шақ философиясының интерпретациясымен, сіздің балаға қатысты құндылықтық қарым-
қатынасыңызбен айқындалады;
- педагогикалық процестің мақсаттары әлеуметтік тапсырысқа сай қоғамдық тәртіпті қамтитын
нормативтік құжаттармен анықталады;
- педагогикалық процестің мақсаттары тәрбиеленушілердің жеке қасиеттерімен анықталады;
- педагогикалық процестің мақсаттары баланың балабақшада болуын ата-аналар қалай
елестетінін ескере отырып анықталады: бала күтіміне, қамқорлығына, қарым-қатынасы және құр-
дастарымен ойнауы, ерте арнайы білім беруді және мектепке дайындауды қалауы мүмкін [4, 56 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |