Абай атындағы ҚазҰпу-дың 95 жылдық мерейтойы мен Қоғам қайраткері Т. Жүргеновтың туғанына 125 жыл және Бейнелеу өнері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.01.2024
өлшемі488.47 Kb.
#488555
түріКонкурс
1   2   3   4   5
«Суретші әлемі» атты республикалық шығармашылық конкурсы. Абай атындағы ҚазҰПУ

3 тарау. Конкурсты өткізу тәртібі 
3.1. Конкурс 2023 жылғы 20 желтоқсан күні Абай атындағы ҚазҰПУ
Өнер, мәдениет және спорт институты, «Жасампаз» галереясында өткізіледі. 
3.2. Конкурсты өткізу бағдарламасы Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында, 
инстаграм және фейсбук парақшаларында, ҚР ЖОО-ның почталарына 
жіберілетін болады. 
3.3. Конкурсқа кәсіби, әуесқой суретшілер және бейнелеу өнері пәнінің 
мұғалімдеріне қатысуға рұқсат етіледі. Ұжымдық шығармашылық 
туындыларға рұқсат етілмейді. Шығармашылық жұмыс қатысушы тарапынан 
жеке ұсынылады (бұдан әрі – Қатысушы). 
3.4. Конкурсқа осыған дейін көрмелерге қойылмаған, 2021 жылдың 
қаңтар айынан бастап 2023 жылдың қараша айына дейінгі шығармашылық 
жұмыстар (жобалар) жіберіледі, сондай-ақ бір автордан бір жұмыс және бір 
өтінім қабылданады. 
3.5. Әрбір үміткер 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейін «Суретші әлемі» 
атты республикалық шығармашылық конкурсына қатысуға өтінімді және 
шығармашылық жұмыстың jpg, pdf форматында karimkhan.art@gmail.com  
электронды мекенжайына жіберуі қажет. 
3.6. Конкурсқа қатысушы өзінің шығармашылық жұмыстарын 2023 
жылдың 17 желтоқсанына дейін мына мекен-жайға жіберуге тиісті: Абай 
атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты
Ш.Уалиханов 64 А, №2 оқу ғимараты. 
3.7. Конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмыстарға қол қойылып, 
келесі ақпараттар: авторы, атауы, шыққан жылы, техникасы және өлшемі 
(минимум 60х80 см., максимум 100х200 см аралығында) көрсетілуі тиіс. 
Шығармашылық жұмыстар (кескіндеме үшін багетпен, паспарту, рамка, 
графика үшін шыны әйнекпен, сәндік-қолданбалы өнер бойынша толық 
аяқталған, әрленген) безендірілген түрде ұсынылады. 
3.8. Қатысушы толық ақпарат ұсынбаған жағдайда, өтінім қаралуға 
жатпайды. 
3.9. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі Абай 
атындағы ҚазҰПУ, Ш.Уалиханов 64 А көшесі, «Жасампаз» галереясында 
офлайн форматында өтеді. 
3.10. Конкурс жеңімпаздарына салтанатты түрде диплом және ақшалай 
сыйақы, барлық қатысушыларға сертификат тапсырылады. 
3.11. Жеңімпаздарға ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының 
екінші деңгейлі банктеріндегі дербес есепшоттарына аудару арқылы жүзеге 
асырылады. 
3.12. Қазылар алқасының хаттамасы ақшалай төлемдерді жасау үшін 
негіз болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет