Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет24/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

ұғутану болмаған жағдайда білім де, тәрбие де жоқ. Қиял ісі 
деген меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұр-
патына, бернесіне ұқсату, бернелеу – суреттеп ойлау, болмаған 
жерде қиял ісі де болмайды, қиял ісі болмаған жерде ақылмен 
аңдау, ақылға салып ойлау, ұғу, тану да мүмкін болмайды. Ақыл 
ісі мен қиял ісі қатар жүзеге асқанда және оған көңілмен тал-


131
ғау, көңілге түю ісі серіктес болғанда ғана білім беру мен тәрбие 
беру мақсатына жетуге жол ашылады. Осындағы А.Байтұрсы-
нұлы негіздеген ақыл, қиял, көңіл туралы үш үзік ойдың әрқай-
сысы білу, білім беру, оқу мен оқыту ісі үшін маңызды және олар 
өзара тығыз байланысты. Қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің, абай-
танудың болашақ маманы осыны есте мықтап ұстауы шарт. 
Болашақ маман үшін қазақ тілін, қазақ әдебиетін, абайтану-
ды оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру жолдарын 
игерудің қажеттілігі даусыз. Сондықтан жоғары оқу орында-
рында қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің, абайтанудың оқытушы-
ларын даярлауда оқу үдерісінің барлық кезеңдерін қамтитын 
оқыту әдістемесінің жалпы мәселелерін оқытуға ерекше жауап-
кершілікпен қарауға тура келеді. 
Зерттеу университетінде білім алушылардың тілін, тілдік 
ойлауын дамытудың әдістемесін, олардың білімін бақылау мен 
бағалаудың әдістері мен тәсілдерін арнайы зерттеу, оның нәти-
желерін өндіріске енгізу, тиімді пайдалану әрқашанда ерекше 
өзекті мәселелердің қатарында тұрады. Оқытудың қазіргі құ-
ралдарын пайдалана білу, қажетті дидактикалық құралдарды 
жасаудың, іс жүзінде пайдаланудың амалдарын, тәсілдерін мең-
геру – өз алдына бір сала. Осындай әр сала бойынша қалыпта-
сатын білім, дағды, біліктілік негіздері аясында оқытушы үшін 
оқыту әдістемесінің жалпы теориялық қағидаларын, соны же-
тістіктерін озық тәжірибемен ұштастыра отырып, өзінің кәсі-
би қызметін жоғары сапалық деңгейде атқаруға ұдайы ұмтылу 
қажет. Оның мынадай себептері бар: белгілі бір пәнді оқыту 
әдістемесі ғылыми тұрғыда қаншалықты толық зерттелгеніне 
қарамастан, ол зерттеулер бүгінгі күннің даму қарқынына ұзақ 
шыдас бере алмайды. Бүгін жаңа болып есептелген ғылыми-ә-
дістемелік үлгі ертең де сол жаңа, пайдалы болып қала алмайды. 
Екіншіден, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану пәндерін оқыту 
әдістемесі ғылым пәні, оқу пәні ретінде қаншалықты маңызды 
екеніне қарамастан, бұл салада осы күнге дейін іргелі ғылыми 
зерттеуге немесе сапалы оқулыққа қолымызды жеткізе алмай 
келе жатқанымыз рас. Қолда бар еңбектер бүгінгі күннің өске-
лең талаптарына жауап бере алмайды десек, артық айтқан бол-
маймыз. Мұндай жағдайда қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану 


132
пәндері оқытушысының кәсіби білімі мен дағдысын, біліктілігін 
жоғары оқу орнынан кейін өздігінше ұдайы жетілдіріп отыруы-
ның өмірлік пайдасы үлкен. Оқыту әдістемесі пәннің адам өмі-
ріндегі, қоғамның әлеуметтік дамуындағы маңызы, тіл мен сана, 
сөз бен ойлау арақатынасы туралы қағидаларға сүйенетіні бел-
гілі. Бұл ретте оқыту әдістемесі пәннің әлеуметтік қызметі мен 
мәні жайындағы теориялық қағидаларына сүйенеді. Бірақ оқыту 
әдістемесін қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің не абайтанудың құ-
рамдас бір саласы ретінде түсінуге болмайды. Іс жүзінде оқыту 
әдістемесі пәні мен қазақ тілі немесе қазақ әдебиеті, я болмаса 
абайтану пәндерін бір санап, жоғары оқу орындарының оқу жос-
парынан бірін шығарып тастауды жаңалық, инновация деп есеп-
теу тәжірибесі де кездеседі. Мұндай тәжірибе жалпыға міндетті 
мемлекеттік стандартты (білім беру бағдарламасын) орындаудан 
бас тарту ғана емес, мұндай тәжірибенің болашақ пән мұғалімі-
не, оның болашақта оқытатын оқушыларына қиянат болатынын 
ескеру артық емес. 
Оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың саласына 
жатады. Зерттеу университеті пәндерін оқыту әдістемесі, оқы-
тудың мазмұны, оқытудың нормативтік негіздері – жоғары мек-
теп дидактикасындағы іргелі мәселе. Онда білім алушылардың 
дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, бір-бірінің сөзін дұрыс түсіну, ауыз-
ша да, жазбаша да ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білу қабілетін 
дамытып, қажетті дағдыларын, білігін, жеке тұлға ретінде дү-
ниеге көзқарасының, дүниетанымының негізін қалыптастыру-
дың жолдары оқу мен оқытудың теориясына, озық тәжірибесіне 
негізделеді. Бұлар – оқу үдерісінің бөлектенбес құрамдас бөлік-
тері. Оқыту әдістемесінің, оқу, оқыту теориясының нысаны – 
оқыту үдерісі. 
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану пәндері – білім алушы-
лар үшін ақылға, қиялға, көңілге бірдей әсер ететін мазмұн әрі 
таным құралы, білім, тәрбие алу құралы, ойлау жүйесін қалып-
тастыру құралы. Білім алушылардың болашақ маман ретінде 
дамуы, қоғамның лайықты мүшесі болып қалыптасуы оның ті-
лінің, ақыл-ойының, ойлауы мен сөйлеуінің, қиялы мен қиял-
дауының, көңілі мен көңіл күйінің тиісті талаптарға сай жетілуі-
мен, кемелденуімен тікелей байланысты. 


133
Ахмет Байтұрсыновтың: «Сөз өнері адам санасының үш не-
гізіне тіреледі: 1. Ақылға. 2. Қиялға. 3. Көңілге», – деген қағи-
дасының ғылыми маңызын, теориялық тереңін жоғары бағалай 
отырып, оны абайтану, қазақ әдебиеті, қазақ тілі пәндерін оқу 
мен оқытуға қатысты қолданудың да жөні бар. 
Қазақ тілін, қазақ әдебиетін, абайтануды оқыту әдістемесі 
осындай мақсаттарды көздейді. Сондықтан оқыту әдістемесінің 
пәні оқыту үдерісін тұтас қамтиды. Сөйте тұра оқыту үдерісін-
де оқыту әдістемесінің мазмұны білім алушылар үшін беймәлім 
болып қала беруі мүмкін. Оқушы пән мазмұны аясында тиісті 
білім, дағды, білік алғанмен, осы үдерісте пәнді оқыту әдісте-
месінің мәніне бойлай алмайды. Оқыту әдістемесі оқытушының 
пән мазмұны бойынша тиісті білімді білім алушылардың мең-
геруіне қызмет ететін құралдар мен әдістерді тиімді пайдалану 
әрекетінде жүзеге асады. 
Оқыту әдістемесі оқу үдерісінің барлық кезеңдерін, құ-
рамдас бөліктерін тұтас қамтиды дедік. Оқу үдерісінің құрамдас 
бөліктері мынадай болады: а) білім мазмұны (білім, дағды, бі-
лік); ә) мұғалім әрекеті; б) оқушылардың әрекеті. Оқушылардың 
білімін бақылау мен бағалау әдістері де оқыту үдерісі аясында 
қарастырылады. Бұл жерде мынаны ескеру дұрыс: оқу үдерісін-
де оқушының әрекеті мен мұғалімнің әрекеті екі дара емес, бір-
бірімен тығыз байланысты, өзара бірлікте жүзеге асады. Сон-
дықтан оқыту әдістемесі оқу үдерісіндегі оқушы мен мұғалімнің 
әрекеттерін өзара үйлескен, бірлескен әрекет ретінде қарасты-
рады. Айтылған жайлар негізінде оқыту әдістемесінің мынадай 
бірнеше міндеттерін атауға болады: а) оқытудың мақсаттары 
мен міндеттерін анықтау; ә) оқытудың мазмұнын анықтау: оқу-
шыларға арналған оқу бағдарламаларын, оқу кешендерін жасау, 
оқулықтар жазу; б) оқытудың әдістерін, тәсілдерін, дәріс үлгіле-
рін, әдістемелерін, құралдарын әзірлеу; в) оқушылардың білімін 
бақылау әдістері мен бағалау өлшемдерін анықтау. Сөйтіп, оқы-
ту әдістемесі оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын 
анықтайды, әдістерін жасайды, бақылау мен бағалау өлшемде-
рін қалыптастырады. 
Оқу үдерісін оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен 
қамтамасыз етудің маңызы жоғары. Сонымен қатар мынаны 


134
ескеруге тура келеді: білім алушыларға қажетті білімді белгілі 
бір жүйеге түсіріп, оның құрамдастарын модельдеу, сол арқы-
лы білім алушылардың ұзақ мерзімді есте сақтау және қолда-
ну қабілетін дамыту аса маңызды. Әсіресе білім беру жүйесін 
ақпараттандыру кең қанат жаюы жағдайында білім мазмұнын, 
білім берудегі мақсаттар мен міндеттерді, білімге деген әлеу-
меттік қажеттілік пен сұранысты ескере отырып, пәнді оқыту-
дың әдісін, пәннің оқу-әдістемелік құралдарын тұтастай жаң-
ғыртудың, ақпараттық кеңістік шарттарына бейімдеудің өзек-
тілігі ұдайы күшеюде. Соған орай пән мұғалімі үшін сабақты 
ұйымдастырудың жаңа деңгейдегі сапасына қол жеткізу басты 
міндет болып қала береді. Сабақтың мзмұнының сапалылығы 
сабақты ұйымдастырудың жаңа деңгейдегі сапасына қол жет-
кізумен тікелей байланысты. Сабақ сонда ғана бірбүтін үдеріс-
тің белгілі бір толық аяқталған, өзінше бөлек сатысы ретінде 
шынайы шығармашылық сипатқа иеленеді. Сабақтың шығар-
машылық сипатқа иеленуі мұғалім тұлғасының шығармашы-
лық табиғатына тікелей тәуелді. Мұғалімнің шығармашылық 
тұлғасын анықтайтын қабілеттер мен қасиеттер аспаннан түс-
пейді, мұғалімнің шығармашылық ізденістері мен еңбегінің, 
білімі мен біліктілігінің деңгейіне сай жетіледі. Әр сабағына 
арнайы дайындалмайтын, өздігінше ізденбейтін, еңбек етпей-
тін, білімі мен біліктілігін ұдайы жетілдірмейтін мұғалімнің 
сабағы шығармашылық сипатқа иелене алмайды. Сабағының 
шығармашылық сипаты жоқ мұғалім оқушының обалына қа-
луы мүмкін. Мұғалім мұндай деңгейге түспеу жағын есінен 
шығармауы керек. 
Қалыптасқан жағдайда әр тақырыпты, әр сабақты, жалпы 
пәнді педагогикалық дизайн үлгісінде жасалған дидактикалық 
құралдармен қамтамасыз етудің маңызы жоғары. Осы орайда 
белгілі тақырыптың мағыналық-құрылымдық болмысын мо-
дельдеудің практикалық қажеттілігі туады.
Берілген модель үлгісі білім алушылардың өмірлік тәжіри-
бесі мен танымына лайықты болуы – басты шарт. Осы орайда 
«Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіз-
дері мен теориялық тетіктері» ғылыми жобасы бойынша орын-
далған жұмыстардың нәтижесінде жоба жетекшісінің Абай ілі-


135
мінің мағыналық-құрылымдық жүйесі, тетіктері бойынша жаса-
ған модельдерінің бірін мысалға келтіргенді оң көреміз. 
Модельде Абайдың бес асыл ісі шегіндегі бес категория (та-
лап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) [4, 65] жүйесі бейнеленген. 
Бес асыл – бес категория. 
Бейнеленген үлгіде аталған бес категорияның әрқайсысы бір 
үшкіл түрінде көрініс тапқан.
Бес асыл іс категориясының
моделі бес үшкіл 
жүйесінде
ұсынылған.
Үшкіл жайы өзінше бөлек модель түрінде сипатталған, ол 
«Абай үшкілі» деп аталады. Үшкіл еселенуінен басқа модель-
дер туады. Сонымен қатар төрткіл пішінді модель қолданыла-
ды. Төрткіл де еселенеді. Тақырыптың мағыналық-құрылымдық 
бірліктеріне орай осы пішіндерді, оның құрамдастарын қолда-
нудың жолдары мен тәсілдерін, жөнін білу маңызды.
Ең бір қарапайым және қазақ халқының дәстүрлі дүниета-
нымына ежелден бар ұғымдар негізінде пішінделген осы мо-
дельдерді білім беру ісінде, білім мазмұнын мағыналық-құры-
лымдық бірліктерге бөліп талдау мен жинақтауда білім алушы-
лардың жас ерекшеліктерін, таным деңгейлерін ескере отырып 
тиімді қолдану мұғалімнің шығармашылық ойлауына кең өріс 
ашады. Бұл бағытта жүргізілетін ізденіс жұмыстарының ұшы-
қиыры жоқ десек, қателеспейміз. 
Оқыту әдістемесінің жалпы ұстанымдары дидактикада не-
гізделетіні түсінікті. Оқу мен оқытудың ұстанымдары жалпы 
дидактикалық ұстанымдарды негізге ала отырып, пәнді оқыту-
дың өзіне тән мақсаттары мен міндеттеріне сай анықталады. Ди-
дактика ұстанымдары жалпы болғанда, пәнді оқыту ұстанымда-
ры жалқы ерекшеліктерімен сипатталады. Пәнді орта мектепте 


136
оқытуда мынадай дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алы-
нады: а) оқытуда теориялық білімге сүйене отырып, практика-
лық бағытты ұстану; ә) қатынас құралы ретінде оқыту; б) сөй-
леу әрекеті ретінде оқыту. Оқыту әдістемесінің даму кезеңдері-
не байланысты аталған ұстанымдар өзгеріп отырады. Әр кезең 
оқытудың жаңа ұстанымдарын ұсынады. Жалқы дидактикалық 
ұстанымдар пәнді оқытудың құрамдас бөліктерін қамтып, бас-
ты бағытты белгілейді. 
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану пәндерін оқыту әдісте-
месі пәнінің маманы өзінің кәсіби қызметінде мұғалімнің, әдіс-
кердің, педагогтың, психологтың, тілші мен әдебиетшінің ісін 
бірдей атқаратыны сырттан қараған қарапайым адамның көзіне 
де шалынбай қалмайды. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөліп, ғы-
лыми тұрғыдан қараған жағдайда, оқу әдістемесінің арнасында 
бірнеше ғылым салаларының ұштасқан қызметі аңғарылады. 
Мұның өзі қазақ тілін, қазақ әдебиетін, абайтануды оқыту әдіс-
темесінің ғылым ретінде бірнеше ғылым салаларымен тығыз 
байланыста, бірнеше ғылым салаларының тоғысында тұрған, 
пәнаралық сипаты басым ғылым екендігін көрсетеді. 
Оқу мен оқыту теориясы педагогика ғылымының бір сала-
сы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуының белгілі бір қырларын 
қарастыратыны белгілі. Оның басқа ғылым салаларымен бай-
ланысы осыдан басталады. Бұл ретте пәнді оқыту әдістемесінің 
ғылым ретінде тіл білімімен, әдебиеттанумен, педагогикамен, 
психологиямен байланыстарының тамыры тереңде және барын-
ша анық екендігі түсінікті. Сонымен бірге бұл пәннің филосо-
фиямен, мәдениеттанумен, әлеуметтанумен тығыз байланысы 
бар. Пәнді оқыту әдістемесінің пәнмен байланысы мына салалар 
бойынша жүзеге асады: а) оқу пәнінің ғылыми ұғымдары, тер-
миндері пайдаланылады; ә) пәннің даму деңгейі оны оқытудың 
мазмұнын анықтайды; б) оқытудың әдістері, түрлері, дидакти-
калық құралдары пәнінің мазмұнына сәйкес анықталады; пәнді 
оқыту әдістемесінде жалқыдидактикалық ұстанымдар қолданы-
лады. 
Философия бар ғылымның әдіснамалық негізгі қызметін 
атқаратыны бұрыннан айтылып келеді. Қазіргі заманда да бұл 
қағиданың өзектілігі жоғары. Оқыту әдістемесінің әдіснамалық 


137
жүйесі философияға негізделеді. Оқушының жаңа тақырып не-
гізінде жаңа білім алуы, өзіне бұған дейін белгісіз болып келген 
құбылысты қабылдауы, тануы, білуі, түсінуі, ұғуы - күрделі үде-
ріс. Оқушының жаңа білімді игеру үдерісі, жалпы сипаттағанда, 
сезімдік және ойлау сатылары арқылы өтіп, нәтижесін тәжірибе 
жүзінде тексерумен аяқталады. Басқаша айтқанда, баланың бі-
лім алуы өмірдің шындық құбылыстарымен тығыз байланыста 
болады [5, 138-140]. Абай ілімінде бұл таным үдерісіне сәйкес 
келеді. Оқушылардың білім алу әрекетін осы үдеріс сатылары 
туралы Абай ілімінің қағидаларына [3, 22-42] сүйене отырып 
тануға болады. Ал бұл үдеріс тілдік формалар түрінде жүзеге 
асады. Сондықтан оқушының таным үдерісінде тілдік бірліктер 
(сөз, сөз тіркесі, фразеологизм, сөйлем, мәтін) арқылы алған бі-
лімін өзінің өмір тәжірибесінде, іс жүзінде (оқуда, ойында, ең-
бекте және басқа салаларда) орнын тауып пайдалануына ерекше 
көңіл бөлінеді. 
Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың арасындағы бай-
ланыс бары да ертеден айтылып келеді. Адамның ойы тек тіл 
арқылы ғана нақтыланады, тіл арқылы ғана ұғылады. Оқушы 
тіл арқылы өзінің ойын жүйеге түсіреді, нақтылайды, негіздей-
ді, басқаларға жеткізеді. Тілдік бірліктерсіз, тілсіз оқушының 
ойын, ойлауын дамыту, танымын байыту мүмкін болмайды. 
Оқыту әдістемесі ғылым ретінде өзінің әдіснамалық ұстаным-
дарын философияның осы бағыттағы іргелі қағидалары негізін-
де анықтайды. Оқыту әдістемесі оқушының пән туралы білімді 
қабылдау, білу, түсіну, есте сақтау, еске түсіру және өзінің өмір 
тәжірибесінде пайдалану, ойлау қабілетінің даму үдерістерін 
бақылау мен бағалауда психология ғылымының қағидаларына 
сүйенеді. 
Білім беру ісінде оқушылардың білуі, түсінуі, тиісті дағды-
лары мен біліктерінің қалыптасуы, білуге деген ынталарының, 
талаптарының оянуы мәселелерін пайымдауда пәнді оқыту әдіс-
темесі психология ғылымының заңдылықтарын негізге алады. 
Психология ғылымында оқушылардың ақыл-ой еңбегінің үдері-
сін зерттеу саласында жинақталған білім қорын лайықты пайда-
лана білу де оқыту әдістемесінің дамуына, жетілуіне игі әсерін 
тигізеді. Cоның негізіндегі қағидаларды Абайдың білім концеп-


138
циясы жүйесіндегі танымдық әрекеттердің иерархиясы [3, 37-41] 
бойынша саралаудың маңызы ерекше жоғары. Бұл орайда оқу-
шылардың жас мөлшеріне қарай салыстыру, талдау мен жинақ-
тау, жалқыдан – жалпыға, жалпыдан жалқыға көшу, белгіліден 
– белгісізге, белгісізден белгіліге ауысу, ой түю, пікір негіздеу 
секілді ойлау операциялары да ескеріледі. Осы және оқыту әдіс-
темесіндегі қызығу, талап, ынта, қабылдау, түсіну, есте сақтау, 
білім, дағды, білік, қалыптасу, даму секілді негізгі ұғымдар 
психологиядан енген ұғымдар қатарына жатады. Оқушының бі-
лім алу үдерісінің сатыларын, құрылым-жүйесін сипаттайтын 
ұғымдар да психологиялық мәнімен ерекшеленеді. Осының бәрі 
оқу әдістемесінің жүйесінде оқушының білім алу үдерісін, жал-
пы оқыту үдерісін ұйымдастыруда, оның нәтижелілігін бақылау 
мен бағалауда психология, педагогика, философия ғылымдары-
ның алатын өз орны барын көрсетеді. 
Пәнді оқыту әдістемесінің дидактикамен байланысы ерек-
ше назар аударуды қажет етеді. Оқытудың мақсаты, оқытудың 
мазмұны, оқыту үдерісі, оқыту ұстанымдары және басқа осылар 
секілді ұғымдардың түп негізі дидактикадан шығады. Дидак-
тиканың ұстанымдары дегенде, еске оқытудың ұстанымдары 
келеді. Дидактикада оқу пәндеріне ортақ оқытудың бірнеше ұс-
танымдары негізделген. Олардың құрамы туралы түрліше пікір-
лер бар. Солардың ішінде зор мағыналы ұстанымдар мынадай: 
а) ғылымилық; ә) жүйелілік; б) жалғастылық; в) қолжетімділік; 
г) беріктілік; д) көрнекілік; е) теория мен практиканың байла-
ныстылығы; ж) оқытудың жеке тұлғаға бағытталуы; з) мақсат-
тың қолжетімділігі. Бұл ұстанымдар оқу пәндерінің бәрінде, со-
лардың ішінде қазақ тілін, қазақ әдебиетін, абайтануды оқыту 
ісінде де жетекші, анықтаушы қызмет атқарады. Көрсетілген ұс-
танымдар оқытудың тәрбиелік мәні, дамытушылық мәні сияқты 
жалпыдидактикалық мақсаттарына қызмет етеді. 
Оқу теориясы, оқыту әдістері туралы аз айтылып жүрген 
жоқ. Оқыту әдісі дегеніміздің оқу мазмұнына сай білім, құзірет-
тілік, білік қалыптастыру жолында мұғалім мен оқушының өза-
ра бірлесе жүргізген жүйелі, мақсатты әрекетінің үдерісі екен-
дігі білім беру саласындағы мамандарға түсінікті. Бірақ оқыту 
ісіндегі оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекетінің тәжірибе 


139
жүзіндегі нақты, жаңашыл үлгілері мұғалімдер үшін қолжетімді 
деп айтуға ерте. Оның үстіне оқыту әдістері туралы теориялық 
қағидаларды мұғалімдердің іс жүзінде пайдалануына лайықтап, 
өндіріске енгізуге дайындау ісі саласында да айтарлықтай же-
тістіктерге қол жеткізе алмай отырғанымыз белгілі. Қолда бар 
жетістіктерді насихаттау, мұғалімдерге ұсыну жағы да жетісіп 
тұрмағаны рас. Тіпті пән бойынша мемлекеттік стандарттың 
өзін мұғалімдердің қолына ұстауына, көруіне жағдай жасалған 
деп айту қиын. Мұндай жағдайда мұғалімдер корпусы оқыту 
әдістері туралы азды-көпті қолда бар еңбектерді оқу үдерісінде 
толық пайдаланып жүр деп айту артық. Соған қарамастан қазақ 
тілі, қазақ әдебиеті, абайтану пәндерін оқыту әдістері саласын-
да бүгінге дейін жинақталған маңызды ойларды, негіздемелерді, 
үлгілерді жетілдірудің, бүгінгі күн талаптарына сай жаңарған 
әдістеме, оқыту технологияларын жасаудың әлеуметтік маңызы 
жоғары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет