ISBN 978-601-04-6042-3
«Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері
мен теориялық тетіктері» мақалалар жинағының екінші кітабы осы та-
қырыптағы ғылыми жоба бойынша 2022 жылы орындалған зерттеу жұ-
мыстарының нәтижелері негізінде дайындалды. Онда Абай ілімін білудің,
түсінудің және қолданудың өзекті әрі маңызды мәселелері қарастырылған.
Кітап жоғары мектепте білім алушы жастарға, қоғамдық-гумани-
тарлық ғылым саласында, абайтану, Абай ілімі бағытында ізденуші
жас зерттеушілерге, әдебиеттанушы ғалымдар мен оқытушы-профес-
сорларға арналған. №АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және
қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» ғылыми жобасы
аясында дайындалды.
ӘОЖ 821.512.122.0
КБЖ 83.3 (5Қаз)
© Абай ғылыми-зерттеу институты, 2022
© Авторлар ұжымы, 2022
ISBN 978-601-04-6042-3
А13
3
Жанғара ДӘДЕБАЕВ
АБАЙ ІЛІМІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КОНЦЕПЦИЯЛАР
ТУРАЛЫ
БІЛІМ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Абайдың білім концепциясы – бір жағынан, абайтану ғы-
лымындағы, Абайдың ілімі жүйесіндегі, екінші жағынан, әлеу-
меттік эпистемологиядағы аса күрделі, әлеуметтік маңызы зор
іргелі ғылыми мәселе. Бұл мәселені арнайы пәнаралық тұрғыда
зерттеудің, зерттеу мақсаттары аясында қойылған міндеттерді
тиісті методологиялық деңгейде шешудің, қол жеткен нәтиже-
лерді білім беру, оқу үдерісіне енгізуге дайындаудың ғылыми
және практикалық маңызы зор.
Абай шығармашылығындағы оқу, тәрбие, білім тақырыбы
зерттелді, оқулықтарда арнайы пайымдалды. Бірақ Абай шығар-
машылығындағы оқу, тәрбие, білім тақырыбы бір басқа да, эпис-
темологияның теориясы мен тарихында Абайдың білім концеп-
циясының алатын орны – бір басқа мәселе. Біздің зерттеуіміздің
пәні – Абайдың білім концепциясы.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ [1, 94], –
дейді Абай. Ақынның шығармашылығының өзегіндегі басты
желі – тіл ұстарту, өнер шашу, үлгі беру. Ақынның шығармашы-
лық қызметінің басты мақсаты осындай болғанда, осы мақсатқа
жеткізетін жолды білімнен табады.
Абайдың білім концепциясы аясында білмекке талап қылу
үшін қажетті қасиеттер, білмекке талап, білу, білудегі мақ-
саттар, білу үдерістері, білу үдерістерінің амалдары мен те-
тіктері, білу нәтижесінде қол жететін құзіреттілік концеп-
туалдық тұрғыда және өзара сабақтас бірбүтін жүйе болып
тұтасқан. Абайдың білім концепциясы, оның концептуалдық
моделі эпистемологиялық тұрғыдан қоғамдық-гуманитарлық
4
ғылым саласында бірбүтін жүйе ретінде бұған дейін арнайы
зерттелген емес.
Абайдың білім концепциясының жалпы сипаттамасы оның
білім, ғылым туралы жалпы қағидаларының негізінде пайым-
далды. Білім, ғылым – Абайдың ілімінде маңызы зор, мәні терең
рухани құндылық.
Ақынның: «Ғылым таппай мақтанба» [1, 65], «Дүние де өзі,
мал да өзі – Ғылымға көңіл бөлсеңіз» [1, 66], – сияқты өлең сөз-
дері мен қара сөздерінде, жастарға айтқан ғибратында білім,
ғылымды адам өміріндегі маңызы зор, мәні терең рухани құн-
дылық ретінде бағалаған дүниетанымның негізі бар. Ата-анаға
арнап айтқан сөзінде де Абай өмірлік мәні зор кеңес береді: «Құ-
дайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт»
[2, 163].
Білім алуға талаптану үшін «әуелі һауас сәлим (жақсы сипат)
һәм тән саулық» болуы шарт. Білім алуға талаптану үшін ақыл-
естің, жан мен тәннің саулығы қажет. «Бұлар туысынан болады,
қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады» [2, 185]. Абайдың білім концепциясында білім алуға
талап қылушының білім алуға дейінгі ішкі-сыртқы қалып-қа-
білетінен бастап, білім алу үдерісінің сатылары мен кезеңдері
толық сипатталады.
Абайдың білім концепциясы жүйесінде өзара сабақтас мы-
надай бірнеше маңызды мәселелер бар: а) Абайдың білім коцеп-
циясына жалпы сипаттама беру; ә) білім алушының ішкі-сыртқы
қалпына қатысты қағидалардың мәнін ашу; б) білу үдерістердің
иерархиялық жүйесінің моделін пішіндеу; в) білу үдерістерінің
амалдары мен тетіктерін жүйелеу; г) білім алушының білу нәти-
жесінде қол жеткізетін құзіреттілігінің сипаттамасын анықтау.
Ақынның білім концепциясында білім мәселесінің таным-
дық, эпистемологиялық, акмеологиялық мәселелері бойынша
құнды ғылыми қағидалар негізделген. Сонымен қатар онда бі-
лім алу үдерісі адамның бүкіл өмірі бойында тоқтамайтыны,
тоқтауға тиіс емес екендігі туралы ойлардың маңызы да үлкен.
Абайдың білім концепциясы – бірбүтін жүйе және оның маз-
мұны мен мәні пәнаралық сипатымен ерекшеленеді. Соған орай
зерттеудің әдістемелік негізіне пәнаралық зерттеу мен жүйелі
5
зерттеу принциптері алынды. Зерттеу нысанының жүйесін анық-
таудың өзіндік бір амалы ретінде логикалық модельдеу әдісі қол-
данылды.
Білім беру процесіндегі әуелгі саты – оқу мен оқытудағы
мақсаттарды анықтау. Оқу мен оқытудағы мақсаттар білім алу-
шының, білім берушінің, ата-ананың, қоғамның, мемлекеттің
әлеуметтік сұраныстары мен талаптарына сай ғылыми негізде
анықталады және тараптар үшін өмірлік маңызының анықтығы-
мен, нақтылығымен, қолжетімділігімен ерекшеленеді.
Қазақстанның білім беру стандарттарында білім беру мақ-
саттары білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер түрінде
анықталған. Ол нәтижелер нақты құзіреттіліктер түрінде көр-
сетілген: 1) біледі; 2) түсінеді; 3) қолданады; 4) талдайды; 5) жи-
нақтайды; 6) бағалайды.
Стандарттарда [3; 4], олардың негізінде жасалған үлгілік оқу
бағдарламаларында [5; 6; 7] білім беру ісі аяқталғанда күтіле-
тін нәтижелерді анықтау үшін, оны дамытуды ақпараттанды-
ру үшін қолданылатын негізгі бағыт – Блумның таксономиясы
(1956). Қазақстанның мемлекеттік стандарттарында, үлгілік оқу
бағдарламаларында оқу мақсаттары мен оқудан күтілетін нәти-
желер Блум таксономиясының 1956 жылғы иерархиялық жүйе-
сіне сай бекітілген. Ол жүйе мынадай: 1) білу; 2) түсіну; 3) қол-
дану; 4) талдау; 5) жинақтау; 6) бағалау.
Таным процестерінің психологиясы Блумға дейін де зерт-
теушілердің талай буынының зерттеу нысаны болған және бұл
салада теориялық ойлар мен қағидалардың мол қоры жасалған.
Блумның жүйесі таным процестерінің психологиясы аясында
білім беру-білу процестерінің иерархиялық кезеңдерін қамтиды
деп қабылданды.
Абай ілімін білу, түсіну, қолдану бағытында жүргізілген ғы-
лыми-зерттеу нәтижелері білім беру − білу процестерінің иерар-
хиялық кезеңдерін зерделеудің байырғы үлгілері ХІХ ғасырда
Абайдың білім концепциясында көрініс тапқанына көз жеткізді.
Абайдың білім концепциясы жүйесінде өзара тығыз қаты-
настағы мынадай салалар сараланады: 1) білім мәнісі; 2) білім
алушы тұлға, оның қабілеттері; 3) білім алушы тұлғаның қабыл-
дау, білу, тану нысаны болатын болмыс; 4) білім алушының білу
6
үдерісі; 5) білу үдерісін қамтамасыз етуге қажетті жағдай, амал-
дар мен құралдар; 6) білім алушы тұлғаның білім алу үдерісі
аяқталғаннан кейінгі қалпы.
Көрсетілген салалар Абайдың білім концепциясында өз
алдына өзекті таным нысандары ретінде белгілі бір ғана шы-
ғарма көлемінде қарастырылмайды, бұл мәселелер ақынның
тұтас шығармашылық мұрасының жүйесінде түрлі әлеуметтік
мәселелермен байланысты түрлі деңгейде, түрліше өлшем мен
мөлшерде пайымдалады. Оларды эпистемологиялық, акмеоло-
гиялық ойлар арнасында анықтау, пайымдау, бір жүйеге түсіру
арнайы зерттеу аясында ғана мүмкін.
Абай білімге, білімділіке толық сипаттама бере отырып, бі-
лімнің жоқтығына, білімсіздікке де нақты анықтама береді. Дү-
Достарыңызбен бөлісу: |