Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет12/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

Зерттеу еңбектерде Абайдың үш сүюін мына түрде саралау 
бар: бірінші сүю  адамның Алланы сүюі; екінші сүю  адамның 
«адамзаттың бәрін сүюі бауырым деп»; үшінші сүю  адамның 
«хақ жолы деп әділетті сүюі» [5, 178-179; 6, 209-210; 7, 81-82; 8, 
77]. Бұл жерде Алланың адамды сүюі туралы ой көңілден тыс 
тұр.


34
Ақын берілген өлең шумағының екінші жолында не себепті 
«Сен де сүй ол Алланы» деп тұр? «Сен де сүй» тіркесінің мағы-
насында «ол адамзаттың бәрін сүйеді, сен де оны сүй» немесе 
«ол сені сүйеді, сені ғана емес, барша адамзатты сүйеді, сондық-
тан сен де сүй оны» деген ойдың тұтасқан желісі бар. «Ол сені, 
барша адамзатты сүйеді» деген ойға орын жоқ дейтін болсақ
«сен де сүй оны» деуге негіз қалмайды. Оның үстіне ақынның 
осы ойы шумақтың бірінші тармағында тұр. «Адамзатты махаб-
батпен жаратқан Алланы сен де сүй» деген сөзді осылай түсі-
ну дұрыс. Демек, Алланың адамға деген сүйіспеншілігі – әуел-
гі. Бірақ Алланың адамға деген сүйіспеншілігінің нұрын адам
Алланы сүю арқылы ғана көре алмақ. Алланың көрсеткен жолы-
нан тайып, теріс бұрылған жанға Алланың рақым нұры түспек 
емес [Құран 4:115].
Енді зерттеушілер көрсеткен үш сүюдің соңғысына келейік. 
Әділ (Әділетті) – Алланың қасиетті сипаттарының бірі. Алла-
ның сипаттарының бәрі қасиетті. Алла – бір және бірегей. Ол өзі-
нің субстанциясы жағынан бөлінбейді. Ол өзінің субстанциясы 
жағынан бірегей [10, 127-228].
Алланы сүйген адам оның қасиетті сипаттарын сүймей ме? 
Алланы сүйген адамға енді Алланың қасиетті сипаттарының бі-
рін тағы сүюге кеңес беруге бола ма? Алланы сүйген адам Оның 
сипаттарының бірін сүйіп, қалған сипаттарын сүймей ме? Алла-
ны сүйген адам Оның сипаттарының бірін ғана немесе әрқайсы-
сын бөлек-бөлек сүйе ме екен?
Осының бәрі пайымдаушылардың арасында Абайдың «үш 
сүю» туралы ойының ашылмаған сыры барын білдіреді. Оны әр 
зерттеуші өз тұрғысына, өз заманының талаптарына орай сарап-
тағанмен, түбінде бір ортақ пікірге келуге болар деп ойлаймыз. 
Бұл жерде әл-Фарабидің ойлары мен тұжырымдарының, қағида-
ларының мазмұны мен мағынасына терең бойлау парыз. Екінші 
ұстаздың: «Әділеттілік сүйіспеншіліктен туады» [3, 241], – деген 
қорытындысына назар аударудың жөні бар. Бұл жерде сүйіспен-
шілік (сүю, махаббат) бірбүтін болғанда, әділеттілік сол бірбүтін-
нің туынды бір бөлшегі екені туралы ой түйілген. Олай болғанда, 
бірбүтін құбылыс пен оның туынды бір бөлшегін бір қатарға қо-
йып, екеуін тең дәрежедегі, тек деңгейіндегі екі дара бүтіндік деп 


35
тану, бағалау ойдың жүйесіне қайшы келмей ме. Бірақ мына жай-
ды ескеру керек: Алланың қасиетті сипаттарына «ғашықтықтың 
өзі де хақлық һәм адамдық дүр» [1, 186], – дейді Абай. Алланың 
қасиетті сипаттарына ғашық болу – «хақлық һәм адамдық». 
Абай адамның Алланы сүюін Алланың адамды, адамзатты 
сүюімен байланыстырады. Адамның Алланы, адамзатты сүюі 
Алланың адамзатты сүюінен тамыр тартады. Бірінші сүю –
Алланың адамды сүюі. Бірінші сүю адамның Алланы сүюіне 
негіз болса, бұл өз кезегінде адамның адамзаттың бәрін сүюіне 
алып келеді. Абайдың ақындық танымында адамның адамзатты 
сүюі Алланы сүюден туады. Абай ұсынып отырған «үш сүюдің» 
қатарында Алланың адамды сүюі жоқ болған жағдайда, қалған 
сүюде мән қалмайды. Ақын ұстанымындағы «үш сүюдің» негізі 
бірінші сүюде, Алланың адамды сүюінде. Абайдың адамзаттың 
бәрін бауырым деп сүю туралы ойын исламның қағидаларына 
қайшы, Абайдың өзі ғана тереңіне бойлап тапқан ұстаным ре-
тінде бағалауды шартты деп білуге тура келеді.
Ақынның «үш сүюінің» басында Алланың адамды сүюі тұр-
ғанын М.Әуезов көрді, білді, өз еңбегінде көрсетті. Заман тала-
бы, уақыт тезі М.Әуезовті ақын өлеңіндегі «әділетті» сөзін жеке 
бөліп алып, оның лексикалық, грамматикалық мағыналарының 
мәнін ашпай қалдыруға, қатыстық сын есім емес, тура толық-
тауыш тұлғасындағы зат есім ретінде қабылдауға, басқаларға 
осылай түсіндіруге мәжбүр етті. Алланың адамды сүюі, адам-
ның Алланы сүюі туралы Абай қағидасын өз қалпында ашық 
айту және насихаттау кеңестің кезінде М.Әуезов үшін қатерлі 
еді. Абайдың имани гүліндегі «үш сүюдің біріншісі – Алланың 
адамды сүюі» деп түсіну, екінші сүюді «адамның Алланы сүюі» 
деп түсіндіру кеңестік идеология үшін жаулықпен бірдей еді. Ал 
адамның а) «адамзаттың бәрін
 сүюі», ә) «адамның әділетті сүюі» 
кеңестік заманның идеологиялық мақсаты мен мұратына сәйкес 
болды. Заманның, уақыттың талабын осылай қанағаттандыруға 
тура келді. 
Ақынның «үш сүю» туралы ойын тура қалпында түсініп, 
сол қалпында түсіндіру кезінде оңай болмағанын естен шығар-
мау керек. Осы ретте Абайдың «үш сүюі» C.Мұқановтың қабыл-
дауында идеологиялық астарсыз, табиғи қалпында көрініс тап-


36
қанын айту ләзім. Абайдың «имани гүлі» жайында жинақталған 
ғылыми ойлар қорында С.Мұқановтың пікіріне арнайы көңіл ау-
дару артық емес. С.Мұқанов Абайдың «үш сүю» негізінде ұсын-
ған «имани гүлін» тура түсінеді және дұрыс түсіндіреді.
Мұсылманшылық шарттарының негізін тереңнен тарата ке-
ліп, автордың мынадай байлам жасайтыны бар: «Молдалардың 
иманындағы үш шарт: құдайға, құранға, пайғамбарға сену. Осы 
үш шартты бекер демейтін Абайдың одан басқа және үш шарты 
бар. Ол тәңірінің адамды сүюі, адамның тәңіріні сүюі, адамның 
адамды сүюі» [9, 232]. 
С.Мұқановтың сөзінде Абайдың «имани гүл» деп атап отыр-
ған үш сүюінің мазмұны мен мағынасын пайымдау мен тануда 
дәлдік бар. Ақынның «үш сүюін» осылай тура түсініп, осылай 
дәл қабылдауға, осылайша тура бағалауға кеңестік дәуірде, әсі-
ресе, ХХ ғасырдың бірінші жартысында, тек С.Мұқановтың ғана 
батылы жетті. 
М.Әуезовтің әр сөзінен, әр шығармасынан, әр ісінен саяси 
астар іздеген, жазушыға бәле тағып, жала жабуға сақадай сай 
тұрған заманның надан күзетшісі үшін Абайдың «имани гүлі-
нің» шын мағынасы, шынайы жүйесі жаудай жат болып көрінері 
сөзсіз еді. 
Абайдың Имани гүлінің мәнісін, жоғарыда көрсетілгендей
мына қалыпта қабылдап, түсінген дұрыс болмақ: бірінші сүю –
Алланың адамды сүюі; екінші сүю – адамның Алланы сүюі; үшін-
ші сүю – хақ жолы деп адамның адамды, адамзаттың бәрін сүюі. 
Имани гүл болатын үш сүю туралы осы жүйеде тұжырым 
жасау үшін оларға ортақ ерекше сипатты іздеп табу шарт. Ол 
сипатты үш сүюдің өзіне тән айқын да анық, айдай әлемге бел-
гілі басты белгілері негізінде көрсету қажет. Аллаға қатысты ол 
белгі, сипаттар қандай екені жоғарыда көрсетілді: Алла – Бірін-
ші сүюші және Бірінші сүйікті. Ықшамдап айтқанда Алла әрі 
сүюші, әрі сүйікті. Келесі екі тұлғаның бірі адамның бойында-
ғы осындай сипатқа назар аударайық: адамды Алла сүйеді, адам 
Алланы сүйеді. Демек, адам әрі сүюші, әрі сүйікті. Енді үшінші 
тұлға адамзатты алып қарайық: Алла адамзатты сүйеді, адамзат 
Алланы сүйеді. Демек, адамзат әрі сүюші, әрі сүйікті. Сөйтіп, 
Имани гүл болатын үш сүюдің жүйесіндегі үш субъекті де әрі 


37
сүюші, әрі сүйікті. Әрі сүюші, әрі сүйікті бола алмайтындарға 
Имани гүл жүйесінде орын жоқ.
Абайдың Имани гүл концепциясында үш сүю бар. Үш сүю 
барда үш сүюші мен үш сүйікті бар. Үш сүюдің құрамдастарының 
әрқайсысы әрі сүюші, әрі сүйікті. Абайдың Имани гүлінің ерекше-
лігі осындай бірбүтін жүйесінде. Бұл жүйедегі сүюші әрі сүйікті 
құрамдастарды басқалармен ауыстыруға немесе алмастыруға бол-
майды. Бұл үшеуінің бірлігі мен тұтастығын бұзуға негіз жоқ. 
Абайдың Имани гүл концепциясының негізі – Алланың 
адамды сүюінде. Адамның Алланы сүюі мен адамды, адамзат-
тың бәрін сүюі бірінші сүюден келіп шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет