Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет20/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әбу Насыр Әл-Фараби. Бақыт туралы кітап. Таңдамалы трактаттар. – 
Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы, 2015. – 836 б. 90 б. 
2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. –
448 б. 289-295 б.


95
2. АБАЙДЫ БІЛУ МЕН ТҮСІНУДІҢ СЫНЫ МЕН СЫРЫ
Үстіміздегі жылы елімізде аталып өтіп жатқан қазақтың 
ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы ру-
хани өміріміздегі елеулі оқиғаға айналуда. Ақынның өмір жолы, 
шығармашылығы жайлы жан-жақты зерттеулер жасалынып, 
абайтану ілімі тың деректермен, қызғылықты байқаулармен то-
лығуда. Қазақ өмірімен өріліп ХIХ ғасырда айтылған терең ой-
лар ХХI ғасырда да өміршеңдігін жоғалтпай, дала данышпаны 
ұлт тіршілігінің жасампаздық жолдарын көрсетіп тұратын жа-
рық жұлдызына айналып жатыр. 
Қазақта: «Атың шықпаса, жер өрте», – деген сөз бар. Бұ-
рындары осы сөздің мағынасын онша түсіне бермейтін-тұғын-
быз. Жерді ақыл-есі дұрыс адам өртемейді деп, ойлайтынбыз. 
Сөйтсек, бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр екен. Мұны дұрыс 
түсінуге қазір ат шығарудың не бір «тамаша үлгілерін» көрсе-
тіп жатқан заманымыз көмектесуде. Адамның ойына кіріп шық-
пайтын айла-амалдармен атын шығарып, «өмірде жолы болып», 
«басына бақ қонып», атаққа, мансапқа, лауазымға, байлыққа 
барынша кенелетін заманның келетінін дана халқымыз қалай-
ша болжап біліп айтқан деп, таң қалмасқа амалымыз жоқ. Қо-
ғамдық өміріміздің барлық саласында орныға бастаған осы бір 
рухани кесел әдебиетімізде де көріне бастады. 
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын бүкіл еліміз болып, 
әлемдік деңгейде өткізіп жатқанымызға қарамастан, ол орыс-
шыл болды, ұлт-азаттық күреске шақырмады, қазақты жек 
көргені соншалық, барынша сынады деген сияқты әртүрлі пі-
кірлердің күні бүгінге дейін де айтылып келе жатқандығының 
куәсі болып отырмыз. Тіпті, қызды-қыздымен қазақтың Абай 
атты ақыны өмірде болмаған, ол кеңес өкіметінің саяси мақсат-
тарымен отызыншы жылдары қолдан жасалынған ақын; біздің 
Абай деп жүргеніміз Әлихан Бөкейханов деген сияқты ақылға 
сия бермейтін пікірлер де айтылып жатыр. Ендігі әңгіме Абайға 
күмән келтіріп, айтылып жатқан көп пікірлердің ішінде соңғы 
кездерде көрінген З.Батаеваның Абай деген ақын өмірде болма-
ған, Абай деп, жүргеніміз  Әлихан Бөкейханов деген пікірінің 
негізсіз екендігі жайында өрбімек. 


96
З.Батаева қазақта Абайдай ұлы ақынның болғандығына кү-
мән келтірген, оны Әлихан Бөкейхановпен шатастырған. З.Ба-
таева айтады: «...қазақтардың Абай жайлы оқығаны, білері өте 
аз, соған қарамастан Абайға сын айтқан адамға тарпа бас салу-
дан ешбір именбейді. Тіпті білімді деген мырзалар мен ханым-
дардың өздері мақаланы оқымай жатып, мәселенің мән-жайына 
бармай жатып, жаппай шабуылға, тіл тигізуге кіріседі. Осы құ-
былыстың өзі қазақ қоғамында, қазақ мәдениетінде, қазіргі қа-
зақ менталитетінде бір кілтипанның бар екенін айғақтайды...
Өкінішке орай, Абайға қатысты ұрыс-керіс сондай-ақ көп-
теген ағайынның мәдени деңгейінің аса төмендігін көрсетіп, 
қоғамдағы сұмдық дөрекіліктің, білімсіздіктің, еш негізсіз мен-
мендіктің, бәрінен де бұрын – қазақтардың КСРО құндылықта-
рына беріктігін ашып берді. Неге десеңіз, сайып келгенде, Абай 
пайғамбар емес, ақын ғой, яғни, өнер иесі... 
Қаншама дарынды ақыны бар ұлттың бір ақынға осынша та-
бынуының себебі не? Әрине, бұл – ұзақ уақыт жүргізілген кеңес 
идеологиясының нәтижесі. Абай – көптеген қазақтар үшін ақын 
емес, пұт, ескерткіш...
Сонымен, мәселе менің кәсіби әзірлігімде емес, мәселе қол-
данылған әдістемеде болып тұр» («Стан.кз». 09.09.2020). 
Сұхбатта Зәуре өзінің «кәсіби әзірлігінің» төмендігін зерт-
теуде «қолданылған әдістемесінің» мықтылығымен ақтап-
ты. Бұл жерде Абайды тануға жол ашатын ол қандай әдістеме 
екен деген сауал көлденеңдейді. Осындай мықты «әдістемені» 
қолдану барысында зерттеуші «Абайдың мерейтойына арнал-
ған онлайн-конференцияларды қараңыздар, бірде бір ғылыми 
баяндама ұсынылған жоқ, құр мақтан. Абай жайлы жазылған 
мақалаларды оқыңыздар: бір-бірінен айнымайды» («Стан.кз». 
09.09.2020), – деп, мерейтой аясында елімізде өтіп жатқан түр-
лі шараларға, жазылып жатқан еңбектерге көңілі толмайтынын 
білдіреді. Абай туралы, абайтану туралы атқарылып жатқан 
қыруар жұмыстарға көңілі толмай, жоққа шығаратын З.Батаева-
ның осы ойларын оқығанда, ойымызға келгені – әркімнің көтере 
алатын шоқпары болады, ойын «осындай сөзді айтуға осы мен 
кіммін, құқым бар ма, айта аламын ба» деп, ойланып барып айт-
қаны жөн болатын еді.


97
З.Батаева осы сияқты ойларын алдымен, «Абай жұмбағы: 
Қазақстанның белгісіз ұлы ақыны» (Загадка Абая: величайший 
неизвестный поэт Казахстана» («Экспресс», 16.07.2020) тақыры-
бындағы көлемді мақаласында жайып салып, кейіннен «Идео-
логия и наука. Загадка величайшего неизвестного Абая» деген 
тақырыппен Вера Савельеваға («ЦентрАзия», 18.12.2020), «Абай 
шығармалары Әлихан Бөкейхановтікі болуы мүмкін» «Стан.кз», 
09.09.2020а) деп берген сұхбаттарында әрі қарай дамытып, наси-
хаттай түсті.
Автордың айтқан ойы мен оған келтірген пікірлерінің сын 
көтермейтіндігі көрініп тұр. Әртүрлі пікірлердің айтылуы де-
мократиялық қоғамдағы дамудың негізгі шарты дегенімізбен де 
ұлтымыздың рухани символына айналған Абайға қарай топырақ 
шашып, оны өмірде болмаған деп, мүлде жоққа шығарып жатқан 
жағдайдың орын алуы – кімді де болса ойлантарлық жайт. 
Өкінішке орай, ұлттық әдебиетіміге қарай шашылған топы-
рақ деп бағалауға тұрарлық З.Батаеваның мақаласын қолдаушы-
лар да табылыпты (factcheck.kz).
Рухани өміріміздегі мұндай келеңсіздіктерге тиісті тойтарыс 
беріліп те жатыр. Гүлзия Пірәлиеваның [7], Сұлтан Хан Аққұлы-
ның «Геростратова слава» Зауре Батаевой [8], Асан Омаровтың 
«Абай болмаған» деген не сұмдық!» [9], Амангелді Сейітханның 
[10] т.б. мақалаларында З.Батаеваның ашқан «жаңалығы» түбірі-
мен жоққа шығарылып, талқандалды десе де болғандай. 
Ақпарат құралдарында айтылып жатқан пікірлерде ең бас-
тысы З.Батаеваның мақаланы дұрыс пиғылмен жазбағандығы 
әшкереленіп, ойларының ақылға симайтындығы сыналған:
«Зәуре Батаеваның 75 беттен, бірнеше тараудан тұратын 
«Абай жұмбағы: Қазақстанның белгісіз ұлы ақыны» атты мақа-
ласының атының өзі ат үркітеді.
Дархан Қыдырәлі айтқандай, «бір блогердің жеке пікірі» деп 
те қарауға болатын шығар, не «ит үреді, керуен көшеді» деп көн-
біс жаратылысымызға салып, жұмған аузыңды ашпай-ақ оты-
руға болар еді. Бірақ З.Батаеваның: «... Біз осы күні «Абай» деп 
атайтын адам кім болған? Біз Абайға тиесілі деп сенетін шығар-
малардың барлығын осы адам жазды ма?» – деген қияңқы сауал-
дарына жауап бермеске болмайтындай» (Г. Пірәлі). 


98
«Шикі материалдың авторы – Зауре Батаева деген қарында-
сымыз. Автор айды аспанға бір-ақ шығарыпты: «Абай деген ақын 
өмірде болмаған, Абай мұрасы дейтіндеріңіз алаш арыстары шы-
ғармаларының жинағы», – деп! О, тоба-ай, Абай болған жоқ де-
генді де естідік-ау. Мәссаған мәмпәси, жай ғана сүйкей салмаған, 
жоқ-барды теріп «ғылыми жаңалық» ашқан. «Жер астынан жік 
шықты, екі құлағы тік шықты» деген осындай-ақ болар!..
«Абай – қазіргі қазақ қоғамындағы қазақ ұлтына деген құр-
меттің төмендігіне ғана емес, оған қоса, қазақтардың көшпенді 
ата-бабаларына деген сый-құрметтің жоғалуына да жауапты», – 
деп түйеді. Міне, Абайды тану деңгейіміздің сиқы осы!» (Асан 
Омаров). 
«Дүниедегі істің ең оңайы – Абайды жеңу. Жеңу үшін шар-
тың толуы тиіс. Түйсіне алса, пендеге Абайды жеңгеннен артық 
абырой да болмақ емес. Шындық қой. Тұтас бір ұлттың бағына 
біткен тұлғаның осал тұсын тапқандай, шаттануыңа мүмкіндік 
бар. Ұпайың түгел. Мұртыңды балта шаппайды. Ұртыңды тіл-
мен кез де, ілкімді істің авторы атанып жүре бер. Міне, сенің 
орның қоғамдағы. Адамдық бір өлшем ол да. Надандық талабы-
мен таныса білгенің...
«Абай бәрін қайдан біле қойды?» деген күдікке ұрынған шы-
ғар. Мұндай күдік уызға жарымағанның талайынан табылады...
Абай атам да тым биіктеп кеткен. Анау-мынауға ұғынықты 
бола салмай. Шынында да, күрделі құбылыс. Былайғы жанның 
бәрінен бір бас жоғары тұратыны қалай? Биік болатын жөні де 
бар. Ондағы таным, түсінік, парасат, пайым бүгінгі қазақтың ба-
сым көпшілігінде кезікпейді. Ол тіпті, әлгі Зауре замандас айт-
пақшы, қазақтілді қазақта да, орыстілді қазақта да аз, мүлдем 
аз. Өзге тілді қазақтан да ондай өре таба алмайсың. Таппайты-
ныңыз – әкесі Құнанбай емес. Құнанбайдан жаралып, Ұлжаннан 
туып, Зеренің тәрбиесін көріп қана Абай боласың және тек осы 
үш шарт па екен?
Алғыр Абай ұстаз біткеннен үйренгені бар, өзіндік жара-
тылысы, табиғи талантымен алысқа кетті. Зауре замандас 1933 
жылы жарық көрген «Қара сөздер» ғақлиясына тоқталып, «Жал-
қаулық, іштарлық секілді жаман әдеттерді жалаулатып жібереді 
екен», – деп налиды... 


99
Батаева да Абайдан көп қателік көреді... Абайды түсінетін 
адамды кейде емге таппайсың.
Сондықтан да Абайды жеңетіндерге тіпті қызығасың.... 
Өйткені, ол жеңімпаз ғой. Басқа емес, Абайдың өзін жеңді. Міне, 
чемпион! Медаль жоқ, әйтпесе, ұсынудың да реті келіп еді» 
(Амангелді Сейітхан).
С.Аққұлы мақаласына «Зәуре Батаеваның «Герострат даң-
қы» («Геростратова слава» Зауре Батаевой) деген тақырып қо-
йыпты. Мұндағы Герострат – танымал болуды, тарихта қалуды 
армандап, Эфесс қаласындағы әлем кереметтерінің бірі санала-
тын Артемида храмын өртеп, қылмыс жасап, атын шығарған 
адам. Геростраттың аты шулы болғандығы соншалық, гректер 
оның есімі еш жерде аталмасын деген заң шығарғанына қарамас-
тан, ол қалайда шығару мақсатына жету үшін ақылға сыймайтын 
кез келген айлалы амалға баратын адамның символына айналып, 
тарихта қалған. Автор қазақтың даласынан Абайдай ақын шы-
ғуы мүмкін емес деп, аты шыққан З.Батаеваның танымал бол-
ғандығын «Геростраттың даңқына» балап, өте орынды теңеу жа-
саған. Қазақтар мұндайда: «Атың шықпаса, жер өрте», – деген.
З.Батаева көтерген ең басты мәселе Абай өмірде болмаған, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет