Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет14/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

Шығармашылық тұлға ↔ шығарма ↔ қабылдаушы (оқу-
шы, тыңдаушы) жүйесінің құрамдастары өзара еркін байланыс-
та. Шығармашылық тұлға өзінің шығармашылық ойлау кеңіс-
тігінде шығармасының туу, жазылу процесінің барлық сатыла-
ры мен кезеңдерінде шығармасына негіз, арқау болған шындық 
құбылыстармен, кейіпкерлерімен, қабылдаушылармен (оқушы, 
тыңдаушы тұлғалармен) ұдайы тығыз қарым-қатынаста бола-
ды. Бұл шығармашылық тұлғаның жеке қалауы емес, шығарма-
шылық еңбек процесінің психологиясына тән заңдылықтың өзі 
осындай. 
Әдеби шығарманың өмірлік кезеңдерінің бәрі де маңызды. 
Әдеби шығарманы оқушының ия тыңдаушының қабылдауы – 
оның өмірлік кезеңдерінің шешуші сатысы. Бұл кезең әдеби шы-
ғарманы жасаушы шығармашылық тұлға еңбегінің түпкі мақса-
тына сәйкес келеді. 
Шығармашылық тұлғаның әдеби шығарма жасау жолында-
ғы еңбегі әдеби шығарманы қабылдаушы (оқушы, тыңдаушы) 
тұлғаға бағытталады. Осыдан келіп әдеби шығарманың функ-
ционалдық қызметі ту ралы пікір туады. Шығармашылық тұл-
ғаның әдеби шығармасын жазу барысындағы еңбегінде оқушы, 
тыңдаушы тұлғасы әрдайым оның көз алдында тұрады. Әдеби 
шығарманың туу тарихы, шығармашылық тұлғаның шығарма-
шылық туындысын жасау жолындағы қызметінің барлық кезең-
дері мен сатылары оны қабылдау үдерісімен, оқушы, тыңдаушы 
табиғатымен тығыз байланыста болады. 
А.И. Белецкий 1922 жылы жариялаған еңбектерінің бірінде 
көркем әдебиеттің оқырманы туралы әдеби-теориялық ойла-
рын ортаға салды. Бұл орыс әдебиеттану ғылымындағы оқушы, 
оның тарихы туралы алғашқы зерттеулердің бірі еді. Автордың 
пайымдауынша, жазушы ықыласы әрқашан ойындағы оқушы-
сында болады [2, 30]. 


40
Зерттеушілер әдеби шығармашылық процесіне кем дегенде 
үш субъекті қатысатынын көрсетеді: автор ↔ кейіпкер (мәтін) 
↔ тыңдаушы.
М.М. Бахтиннің пікірінше, бүтін бітім ретіндегі шығарма, 
оның бірліктері, бүтін бейне ретіндегі кейіпкер тұтастай автор-
дың шығармашылық ойлау кеңістігінде пісіп-жетіледі. Мұндай 
бүтіндік, тұтастық кейіпкерге де, шығармаға да автордың шы-
ғармашылық санасынан дариды. Автордың шығармашылық са-
насы – сананың санасы [3, 16]. 
Тыңдаушы (тыңдарман, оқырман, көрермен) тұлғаның әреке-
ті тыңдау, қабылдау, түсіну сияқты ұғымдармен сабақтас жүзеге 
асады. Бұл орайда Ю.Б. Боревтің көркемдік қабылдау және түсіну, 
өнер туындысын қабылдау мен түсіну саласындағы іргелі зерттеу 
еңбектері мен оның редакциялық басшылығымен жарық көрген 
жинақтардың [4; 5; 6] танымдық маңызы зор екенін айту парыз. 
Абайдың тыңдаушысы дегеніміздің өзі – ақын шығармашы-
лығындағы кейіпкер. Оның бүтіндігі, оның нақты болмысы – ав-
тордың шығармашылық санасының жемісі. 
Тыңдаушы дегенде, біздің көз алдымызға Абайға дейінгі 
және Абай тұсындағы ақындар мен жыраулардың, шешендер 
мен билердің тыңдаушыларының тұлғасы келеді. Абай өзінің 
тыңдаушыларының түрлері мен типтерін топтап та, даралап та 
көрсеткен. Өнер туындысын эстетикалық, көркемдік қабылдау 
процесіне де сипаттама берген [7; 8]. 
Тыңдаушы атауында бірнеше ұғым барын ескеруге тура ке-
леді: а) ақынның, жыраудың, бидің, шешеннің сөзін тыңдаушы 
әрбір адам, әрбір нақты тұлға туралы ұғым; ә) ақынның, жырау-
дың сөзінде образ түрінде көрініс тапқан тыңдаушы тұлғасы;
б) ақынның, жыраудың, автордың шығармашылық санасында-
ғы тыңдаушы тұлғасы. Абайдың шығармашылығында бұл үш 
тұлғаның үшеуі де бар. 
Б.С. Мейлах шығармашылық процесс және көркемдік қабыл-
дау туралы зерттеу еңбегінде көркемдік қабылдаудың өз алды-
на бөлек ғылыми мәселе екенін айта отырып, оны қаламгердің 
шығармашылық еңбек процесінен бөліп алып қарауға болмай-
тынын ескертеді [9, 201-202]. Көркемдік қабылдау қаламгердің 
шығармашылық еңбек процесінен бөлінбейтін құбылыс болған-


41
да, көркемдік қабылдаудың субъектісі тыңдаушы да автордың 
шығармашылық еңбек процесінен тыс қалмайды. 
Абай тыңдаушысы қанша көп бол ғанмен, сөз ұғарлық кі-
сінің кем екендігін айтады, елден сөзді ұғар лық бозбала іздеп, 
үзілмес үміт пенен бос қуарған қалпынан ха бар береді. Аузымен 
орақ оратын, өз сөзінен басқаны ұқпайтын, ұқ қысы келмейтін 
әлеуметтік топ тың мінін көрсетеді. «Сөзді ұғар осы күнде кісі 
бар ма?» – деп сұрақ қойып, оның жауабын сол сұрақтың өзегін-
де қалдырады.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы [7, 89]
Немесе:
Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-қарлық, 
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. 
Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ 
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық [7, 53], –
дегенде, ақын бодандық ноқта сын да тұрған, ар ойламай, пайда 
ойлаған ел мен ердің басындағы әлеуметтік күйді танудан туған 
күйі нішін білдірген. Мына жолдарда да мінез-құлық, болмыс-
бітім нақты көрініс тапқан:
Қарыны тоқ, қас надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді... [7, 94].
«Қас надан» болса, «қарыны тоқ» болса, ондай жанның сөз 
тыңдар, сөз ұғар жайы болмайды. «Көкірегі көзді» кісі ғана сөз 
ұғады. Бірақ кісінің көкірегі көзді болуы, көкірек көзінің ашық 
болуы – сирек кездесетін құндылық.
Ақын өз заманында сөз ұғар лық саналы жан таппаса, ақын-
ды өз заманының адамдары «түсінді» деп айтудың жөні жоқ 
сияқты. Әйт се де, Абайды өз заманында еш кім «түсінбеді», «ұқ-
пады» деуден абай болу керек.
Арғын, найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме [7, 63], –


42
сияқты ойлардан ақын тыңдаушыларының тыңдау мәдениеті-
нің жоғарылығы, танымдық деңгейінің биіктігі белгілі болады. 
Ақынның сөзін таңырқап тыңдау – көркемдік қабылдау, сөз өне-
рі туындысын тұщынып тыңдау, эстетикалық қабылдау проце-
сінің айрықша сипатын білдіреді. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте 
ақындар мен жыраулардың, билер мен шешендердің алуан түрлі 
асыл сөздерін тыңдап, ойлары мен бойларына сіңіріп өскен, өз-
дері де сондай сөз, сондай ой өрісінде айналасына ғибрат беріп, 
насихат айтып жүрген ел ағалары мен ауыл ақсақалдары, олар-
дың айналасындағы көпшілік сөздің әрі мен нәрін, мәні мен мә-
нісін тарихи ес, тарихи сана арнасында қапысыз танып, тереңге 
бойлап түсінген.
Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың тыңдаушылары (оқырман-
дары) туралы жоғары пікір білдіреді: «Қай жерде ақындар жа-
йынан, я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың 
сөзін мақтамайтын адам болмады. ...сол мақтап отырған Абайы 
біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмоллаларымыз сықылды біреу 
ғой деп жүрдім» [10, 298]. Бұл әсер А. Байтұрсынов Абай және 
оның сөздері туралы алғаш естіген әңгімелер негізінде туғанға 
ұқсайды. Автор ойын былай жалғастырады: «1903 жылы қолы-
ма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа 
ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, 
әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі 
аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып 
шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қала-
сың. Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың 
қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын 
біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөзде-
рі жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық 
Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылар-
дың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік» 
[10, 298-299]. 
А.Байтұрсынұлының мына пікірінің де мағынасы терең:
«...Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі 
ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып 
жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңде-
рінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар.


43
...оқушылар түсінбесе, ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушыла-
ры шаңына ере алмағанын көрсетеді» [10, 303-304].
Абайдың тыңдаушылары, оқушылары туралы, олардың Абай 
шығармаларын қабылдау, түсіну деңгейлері туралы әдеби-тео-
риялық тұжырым түрінде айтылған осы пікірлерде терең мән бар. 
А.Байтұрсынұлы сөзінің бірінші бөлігінде Абайдың сөзіне 
қатысты тыңдаушы ойлының биіктігі, Абай сөзін қабылдауда-
ғы мазмұн байлығы жақсы сипатталған. Бұл – Абай шығарма-
шылығын тыңдаушылардың (оқушылардың) қабылдау ерекше-
лігі туралы аса маңызды кәсіби пікір. А.Байтұрсынұлы сөзінің 
екінші, үшінші бөлігіндегі ойлар мен тұжырымдар – мемлекет 
және қоғам қайраткерінің, ғұлама ғалымның, сөз өнерінің, сөз 
өнері туралы ғылымның асқан майталманының, қоғамдық ой-
дың басындағы көсемнің Абай шығармашылығын қабылдау 
жайына берген сындарлы бағасы. Абай шығармашылығын тың-
даушылардың (оқушылардың) қабылдау, білу, түсіну кезеңдері-
нің ерекшеліктерін анықтауда А.Байтұрсынұлының ойлары мен 
пікірлерінің, тұжырымдарының тарихи мәні зор. 
Абайды өз за манында тыңдағандар, дұрыс тү сінгендер бол-
ды, бірақ тыңдап, тү сінгенін өзінің күнделікті тір шілігінде ұс-
танып, қолданғандар аз еді. Абайдың насихатын тыңдау, түсіну, 
қабыл алу мүмкін болғанмен, оны күн делікті тіршілікте ұстану, 
қолдану тәуел сіз мемлекеті жоқ, басы бо дан дық ноқтасында тұр-
ған ел жағдайында мүмкін емес болатын.
Абайды бүгінде біздің қалай тү сі ніп жүргеніміз туралы 
айтқан да, «біз» ұғымын, ең болмағанда, ма мандар деңгейінде 
саралап алуы мыз қажет. Біз ұғымының аясында мамандардың 
бірнеше әлеу меттік тобы бар: а) Абайдың өмірі мен шығармашы-
лығын зерт теушілер; ә) Абайдың шығар ма шылық мұрасын бас-
падан бастырып шығарушылар; б) Абайдың шығармаларын бас-
қа тілдерге аударушылар; в) Абайдың өмірі мен шығармашы лы-
ғын білім беру мекемелерінде оқы тушылар; г) жаратылыстану- 
математика бағытындағы ғылым салаларының мамандары;
д) қо ғам дық-гуманитарлық бағытта ғы ғылым салаларының ма-
мандары; е) білім беру мекемелерінде орыс, ағылшын тілдерінде 
білім алған, қа зақ тілінде әдеби, ғылыми стиль де жазылған шы-
ғармаларды же те түсіне алмайтын мамандар т.б.


44
Абайдың өмірі мен шы ғарма шылығын зерттеушілердің 
Абайды түсінуін қанағаттанарлық дең гейде деп болжауға болады. 
Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерт теушілердің Абайды 
түсінуі қа нағаттанарлық, қанағат тұтар лық болуы жалпы қоғам 
үшін ор тақ көрсеткіш емес. Білім беру ме ке мелерінде орыс, ағыл-
шын тіл дерінде білім алған, қазақ ті лін де әдеби, ғылыми стиль-
дегі шы ғармаларды жете түсіне алмайтын мамандардың Абайды 
түсінуі қанағаттанарлық, қанағат тұтар лық деп айтуға келмейді. 
Бұл топ тағы мамандардың қоғамда алатын үлес-салмағы едәуір. 
Түсінудің толымды болмауы тыңдаудың кемдігінен. 
Абай өз шығармаларының тілге жеңіл, жүрекке жылы, құ-
лаққа жағымды, көңілге қонымды және ұғымды болғанын оң 
көрген. Ақын өзінің тыңдаушысының сөз тыңдау, сөздің мәнін 
түсіну қабілетін, тыңдауға, түсінуге деген ынтасын жоғары ба-
ғалаған.
Тыңдаушы тұлғасын тану оның айтушы сөзін қабылдау үде-
рісін пайымдаумен бірлікте, бір арнада жүзеге асады. Абайдың 
сөзін оның тыңдаушыларының көркемдік қабылдауы – күрде-
лі, өмірлік маңызы зор мәселе. Ақын өз сөзінің маңызы мен мә-
нін, тыңдаушыларының қандай сөзді тыңдауға ықыласты еке-
нін жақсы білген, өз сөзін анық мақсат көздеп, сол мақсатына 
сай айтқан. Ол мақсат – тыңдаушыларының адамшылық негізін 
жақсарту, танымын байыту, мінезін түзету, жастарға үлгі беру. 
Ақынның өлең сөз, қара сөз үлгісінде айтқан ақылы, насихаты 
осы мақсатты көздеуден туды. Ақыл, насихат үлгісінде айтыл-
ған даналық сөзді тыңдауға жұрттың бәрі ынталы, ықыласты 
болды деу артық. Тыңдаушылардың бір саласы ақын сөзін та-
ңырқап тыңдады, тебіреніп, ынталы жүрегімен сезді. Енді бір 
тыңдаушылардың құлағы бітеу болды, көкейіне сөз қонбады. 
Тыңдаушы айтушының сөзін тыңдайтыны рас, бірақ оның 
әрекетін тек қана тыңдаумен шектеуге болмайды. Ол тыңдаушы 
ғана емес, ол – тыңдаған сөзінің өзегіндегі мазмұн мен мағы-
наны білуші, түсінуші, пайымдап бағалаушы және тиісті әрекет 
жасаушы тұлға. Сонымен қатар ол айтушының сөзін жекелеген 
сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем түрінде жеке-жеке емес, бірбүтін 
айтылым қалпында қабылдайды және оны оған дейін айтылған 
сөз жүйесімен тығыз байланыста түсінеді, тыңдаған, білген және 


45
түсінген айтылымдардың мазмұндық-мағыналық жүйесіне сай 
өзінің жауап сөзін негіздейді. Осының бәрі тыңдаушының тың-
дау, ойлау және жауап сөз айту әрекетінің күрделілігін білдіреді. 
Автор-айтушы әрекетінде де өзіндік ерекшеліктер бар. Ол өз сө-
зін тыңдаушысының терең түсінуін, соған орай терең мағыналы 
жауап сөз айтуын күтеді. 
Тыңдаушы – Абай шығармашылығында образ деңгейінде 
жинақталған тұлға. Абайдың өзінің іс-әрекетімен, шығармашы-
лық қызметімен заманын түземек, жастарға үлгі бермек, заман 
адамының мінезін түзетпек болғаны белгілі. «Мен егер закон 
қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды 
деген кісінің тілін кесер едім» [8, 183] – дегенде, Абай осындай 
ақындық-азаматтық мақсатты көздеген. Ақын сөзінің, ақын шы-
ғармашылығының тыңдаушы жұртқа арналғаны осыдан да аң-
ғарылады. Абайдың шығармашылық мұрасында тыңдаушысы-
на арналмаған бір де сөз жоқ.
Жыраулар поэзиясында, ақындар айтысында, шешендік өнер 
өрісінде тыңдаушы тұлғасы басты рөл атқарды. Жазба әдебиет 
дәуірінде оқушы/оқырман ұғымы қалыптасты. Абай өз зама-
нында заманының адамдарына арнаған сөзі жұртқа жазбаша әрі 
ауызша тарады. Ақын өз сөзінің бір саласын билер айтысында, 
жұмыс бабында, жиналған көпке ауызша айтып жеткізді. Өзінің 
сөзін түзу, түзелген сөз деп санап, тыңдаушыларының да түзелуін 
талап етті. Тыңдаушыларына бірде сұрақ қойып, бірде оларға ар-
найы қайырылып сөз айтты, тыңдаушыларының орынсыз сөзін, 
игіліксіз ісін сынап, дұрыс жол көрсетті, насихат айтты, олар ту-
ралы ойланып, олардың ісіне күйінген жайы да болды. 
«Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек» [8, 176], – 
деген сөзін автор жалқыға емес, жалпыға арнап айтты. Бұл жер-
де айтушының нақты тыңдаушысы көрінбейтіні рас. Алайда 
айтушының тыңдаушысы жоқ деуге болмайды. Ақынның қай 
сөзінде де тыңдаушысы әрқашан көңілінің төрінде, көзінің ал-
дында. Ақынның шығармашылығында тыңдаушы тұлғасы жеке 
категория деңгейінде пайымдал ған. 
Ақын шығармашылығында тыңдаушы образы, тыңдаушы 
тұлғасы – толымды әрі маңызды зерттеу нысаны. Тыңдаушы 
тұлғасын, тыңдаушы образын әдеби шығарманың туу процесі-


46
нің психологиясы, әдеби шығарманы қабылдау процесінің пси-
хологиясы жүйесінде арнайы пайымдау – ғылыми және әлеумет-
тік маңызы үлкен өзекті мәселе.
Сөз өнері туындысын көркемдік қабылдау, сөз өнеріндегі 
тыңдаушы тұлғасы қазақ әдебиеттануы мен өнертануында осы 
күнге дейін арнайы зерттелген емес. Оқырман, тыңдарман, кө-
рермен деген сияқты атаулар айтылып жүргенмен, оларға қатыс-
ты мәселелер де зерттеу нысаны ретінде қарастырылмады. 
Сөз өнері туындысын көркемдік қабылдау, сөз өнеріндегі 
тыңдаушы тұлғасы туралы мәселе пәнаралық сипатымен ерек-
шеленеді. Әдебиеттану, өнертану, әлеуметтану, психология, тіл 
білімі ғылымдарының тоғысында тұрған мәселе болғандықтан, 
оны зерттеуге тәуекел етушілер де жоққа тән.
Өнер туындысын көркемдік қабылдау, тыңдаушы тұлғасы 
туралы ойлардың әуелгі легін Абайдың өзі айтты. 
Абай өзінің шығармашылық өмір жолында тыңдаушы тұл-
ғасынан бір сәт те көз жазбаған. Ақынның өлең сөзінде де, қара 
сөзінде де тыңдаушыларының бейнесі нақты сипатталады. Ав-
тор шығармаларында олардың түр-түсі, кәсібі, әлеуметтік бол-
мысы тиісті кеңістік пен уақыт шегінде шынайы бейнеленді. 
Бірінші сөзін ақын былай бастаған: «Бұл жасқа келгенше 
жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді 
өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әуреші-
лікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, 
жалықтық; қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, бай-
лаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған 
өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де 
қайранмын» [8, 127].
Монолог, сұрақ-жауап, диалог арқылы бірбүтін болып тү-
зілген мәтінде авторлық сана, кейіпкер санасы, тыңдаушы са-
насы өзара тоғысып, белгілі бір ойдың, ой жүйесінің түзілуіне 
қызмет етеді.
Ақын сөзінде оның өзінің және айналасындағы топтың, ол 
топтың ішіндегі әрбір жеке тұлғаның өткізген өміріне, болмы-
сына тән ерекшеліктер, іс-әрекеттер сипатталған. Бұлар бірта-
лай өмірін бірге, бірдей, бір-бірімен алысып, жұлысып, айты-
сып, тартысып, әурешілікті көре-көре өткізген. Бұлардың әрқай- 


47
сысы – образ. Олар бірбүтін ой жүйесінің түзілуіне бірдей қа-
тысады және оларды бір-бірінен бөліп, ажыратып алып қарауға 
болмайды. Бұлар бірдей және бірбүтін қалпымен тұлғаланады.
Мәтіннің мағыналық-құрылымдық жүйесінде ақын өз сөзін 
белгісіз біреуге емес, бірталай өмірін бірге өткізген өзі сияқты 
бір топ тыңдаушыларына арнап айтып отырғаны аңғарылады. 
Өз басындағы күйді өзі сияқты бір топ тыңдаушыларына да ор-
тақ күй ретінде танып сөйлейді, өзі мен өзі сияқты бір топ адам-
ның жай-күйін сөз еткенде, өзі олармен де, өзімен де диалог, 
сұрақ-жауап үлгісінде кеңесіп отырғандай қалып танытады. Өз 
сөзінің дұрыс-бұрысын өз тыңдаушыларымен кеңесе, пікірлесе 
отырып, бәрінің мұңы бірдей екеніне өзінің көзі жетіп, басқалар-
дың да көзін жеткізгендей болып айтады. 
Айтушы мен тыңдаушы бірталай өмірін бірге, бір салада 
өткізгенімен, олардың әрқайсысының өз танымы, өз мақсаты, 
өз таңдауы барында сөз жоқ. Айтушының сөзін тыңдаушыла-
ры түрлі деңгейде қабылдап, түрлі деңгейде түсініп, пайым-
дайды. Айтушының сөзі тыңдаушыларына түрліше әсер етке-
ні де түсінікті. Тыңдаушылар сол әсермен айтушының сөзін 
өзінше түсініп, өзінше ойланып, өзінше толғанатынын жоққа 
шығаруға болмайды. Айтушы тыңдаушыларының өз сөзіне қа-
лай қарайтынын, қандай ойға түсетінін сезіп, біліп отырғандай 
көрінеді. 
«Қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз», – деп ізден-
генде, әуелі ел бағу ісімен айналысуға назар аударылады.
«Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын 
деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар 
бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!» [8, 127]. Автор өзінің 
жайын, өзінің күйін айтып отырғанға ұқсайды. Бірақ бұл күй 
тек айтушыға, сөйлеушіге ғана тән күй емес, басқаларға да, 
айтушының сөзін тыңдаушы топқа да ортақ күй. Айтушы өз 
сөзінің жүйесін осы ортақ күйге негіздеп ұсынады. Сол себеп-
ті тыңдаушы жұрт айтушының сөзінің жүйесін қарсылықсыз 
қабылдауға бар. Ел бағу жайына қатысты ойын тыңдаушыла-
рына өз тұрғысына сай ұсынған айтушы оны басқалардың да 
мақұлдауын қажет деп есептемейді, тыңдаушыларының ойы-
на түрткі салуды жеткілікті деп біледі. Айтушы өз сөзімен әр 


48
тыңдаушының ойынан әртүрлі ойдың тууына қозғау салаты-
нын да сезбей қалмайды. 
Ел бағу жайын саралап пайымдаған соң, айтушы мал бағу 
жайына ойысады. «Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өзде-
ріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел 
көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып бере-
мін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ» [8, 127].
Айтушы сөзінің бұл бөлімінің бірліктері де өзара себеп-сал-
дар қатынасты байланыста. Айтушының бұл сөзіне де тыңдау-
шылары іштей қосылып, айтушы өздерінің ойындағысын тауып 
сөйлегендей күй кешеді. Ара-тұра басқа ойлар да бас көтерген-
дей болатынын жоққа шығару дұрыс болмауы мүмкін. Бірақ, 
ойдың өзекті желісіне келгенде, тыңдаушыларының үні шық-
пайтынын да айтушы алдын ала біліп отырғандай сезіледі. Бұл 
ретте айтушы тыңдаушымен үндесіп, тыңдаушы айтушымен 
тұтасып кеткенге ұқсайды. Сөйтіп айтушы екі түрлі қалыпта кө-
рінгендей болады: айтушы әрі тыңдаушы. Айтушының бірінші, 
ең сенімді және тұрақты тыңдаушысы өзі сияқты көрінеді.
Автордың сөзі – сөз өнерінің үлгісі. Автор сөз өнерінің үлгісін 
насихат айту мақсатында пайдаланып отыр. Бұл жерде автордың 
тыңдаушыларының эстетикалық қабылдауы туралы пікір айту ар-
тық. Тыңдаушылар айтушы сөзіндегі өмірлік мәні бар ойдың же-
лісін қабылдайды, сол ойдың мәнісін түсінеді. Бірақ айтушы сол 
ойдың өзін драмалық қайшылықтарға құрады. Сол қайшылықтар 
негізінде тыңдаушыларда қайшылықты жан аффектілері туады. 
Айтушының сөзін тыңдаушылардың қабылдауындағы әсерге 
осындай қайшылықты жан аффектілері негіз болады. 
Айтушы тыңдаушыларының бұған дейін өткізген өмірін, 
істеген ісін, ендігі жай-күйін жете білетіні оның сөзінен анық 
байқалады. Тыңдаушыларының жай-күйі мен өзінің жай-күйі 
бірдей екенін өткізген өмірлерінің, істеген істерінің санадағы 
бейнелері арқылы аңғартады. Бұл ретте айтушының өзі өзінің 
басты тыңдаушысы болып көрінеді. Айтар сөзінің мәнісін, оның 
басқаларға әсерін өзінің танымы, өз санасындағы бейнеге әсері-
не қарай біледі. Басқалардың ұғым-түсінігі, өзі айтып отырған 
сөзге қатысы, көзқарасы өзінің ұғым-түсінігімен, көзқарасымен 
өзектес, сарындас екенін сезіп, біліп отырады. 


49
Айтушы бұл сөзінде де өзі сияқты топ болып отырған жұрт-
тың көңіліндегісін тауып айтқандай. Тыңдаушылары бұл жерде де 
айтушының айтқан сөзінің мәнісін түсінеді, бағалайды, іштей мо-
йындайды. Ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу 
жайында айтылған сөздер де тыңдаушылар үшін қисынды, негізді 
болып шығады. Тыңдаушылар іштей: «Жер ортасы жасқа келдік: 
қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, 
байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік», – дегенде, әр-
қайсысы өз басындағы жайды, өткен өмір тәжірибесінің сабақта-
рын жаңаша ұққандай болады. Айтушының сөзін тыңдап, ондағы 
мәнді біліп, түсіну барысында олар да: «Енді қалған өмірімізді қай-
тіп, не қылып өткіземіз?» – деп толғанады. Айтушының сөзі белгілі 
бір мазмұндағы ақпаратты берумен қатар әр тыңдаушының өз өмі-
рінің жеке тәжірибесі бойынша көрген, білген, көңіліне тоқыған 
ойлары мен сезім толқындарына қозғау салады. Осының негізінде 
әр тыңдаушы өзінше толғанады, өзінше ойланады. Тыңдаушылар 
көңіліндегі осындай толғанысты, ойлы күйдің тууының өзі айту-
шы сөзіндегі ой қозғаушы күштің, оны қабылдаудағы көркемдік 
қуаттың, шығармашылық сипаттың табиғатын танытады. 
Сөзінің соңын автор: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген 
нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек 
қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я 
оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осы-
ған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» [8, 128], – 
деп бітіреді. Бұл күй, бұл таңдау – тек айтушының өзіне ғана 
тән күй, өзіне ғана лайықты таңдау. Тыңдаушылар іштей айту-
шының мұнысына да қарсылық білдірмейді, қарсылық білдіруге 
негіз болмайды. Оның үстіне автор тыңдаушыларының өз на-
сихатынан ғибрат алуын, оларды өз дегеніне көндіруді міндет 
тұтпайды, оларға ой салуды жеткілікті деп біледі.
Автор ойына келген нәрселерді қағазға жазатын болған соң, 
өзінің оқушылары туралы да ойланады: «кімде-кім ішінен ке-
ректі сөз тапса, жазып алсын, я оқысын...».
Абай өзінің шығармаларын оқушылары үшін жазып отыр-
ғанын аңғартады. Оқушыларына өзінің ойларын, пікірлерін, 
сөзін қабыл алуды міндет етпейді. Оқушылардың бәрі бірдей 
еместігін, олардың әрқайсысының өз таңдауы мен өз қалауы бо-


50
латынын да ескереді. Сөзінің, ұсынар ойының оқушылары үшін 
керекті болуын мақсат етеді.
Жиырма сегізінші сөзін Абай былай бастайды:
«Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу 
ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі 
жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді – 
бұлар неліктен? – десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың 
жаратуынан, бұйрығынша болған іс деп» [8, 169].
Cөздің басы екі бөліктен тұрады: бірі – «біреудің» сұрауы; 
екіншісі – қойылған сұраққа тыңдаушының айтқан жауап сөзі. 
«Біреудің» сұраулы сөзі екінші тараптың жауап сөзінің тууына 
негіз болған. Екі бірліктен тұратын осы бір ауыз сөзді бірікті-
ріп айтушы-автор бар, оның өз тыңдаушысы бар. Сөздің бірінші 
бірлігі белгілі бір ахуалдың сипатын білдіретін хабардан және 
осы ахуалдың болу себебі туралы сұрақтан тұрады. Сөздің екін-
ші бірлігі – осы ахуалдың болу себебі туралы сұраққа өздерін 
мұсылман санап жүрген молдалардың жауап сөзі. Әрқайсысы өз 
алдына бөлек, дара екі тараптың бірінің сұрағы мен ол сұраққа 
екінші тараптың берген жауабынан тұратын осы сөз айтушы-
ның сөзінің мағыналық-құрылымдық жүйесінің түзілуіне негіз 
болады. Әуелгі екі тараптың әрқайсысының сөзіндегі мән, екі 
тараптың әрқайсысының санасында сәулеленген суреттің сөзге 
айналған үлгісі, кейінгі айтушының сөзі – бәрі де автордың шы-
ғармашылық санасында қорытылып, пішінге түскен.
Автор-айтушы белгілі бір жайды айтқанда, өз сөзіне тың-
даушыларының қандай әсерде болатынын алдын ала болжап 
біледі. Өйткені ол сұраулы сөздің мәнісін терең түсінеді. Ал 
айтушы мұсылман-молдалардың жауап сөзінің мазмұнынан 
олардың білім деңгейінің төмендігін, таным кеңістігінің тар-
лығын, түсінігінің терістігін, ойының қателігін көріп, біліп 
тұрады. Оның мәнісі автордың отыз сегізінші сөзінде былай 
ашылады: 
«Моллалар тұра тұрсын, хұсусан
1
бұл замананың ишанда-
рына бек сақ болыңдар. Олар – фитнә
2
ғалым, бұлардан залалдан 
басқа ешнәрсе шықпайды. 
1
Әсіресе
2
Бүліншілік, бұзықтық


51
Өздері хүкім шариғатты
3
таза білмейді, көбі надан болады. 
Онан асып өзін-өзі әһіл тариқат
4
біліп және біреуді жеткізбек да-
ғуасын қылады. Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жет-
кізбегі мұхал
5
, бұлар адам аздырушылар, хаттә дінге де зарарлы 
дүр» [8, 205]. 
Жиырма сегізінші сөздің жүйесіндегі тыңдаушы мен ай-
тушы арасындағы коммуникативтік қатынаста отыз сегізінші 
сөздің тікелей және ашық көрініп тұрған қызметі жоқ. Соған 
қарамастан оның мазмұны, мәні мен мәнісі автор-айтушының 
шығармашылық санасындағы ақиқаттың сәулесінде тұнып тұ-
рады. Ол сәйкес, ұқсас коммуникативтік ахуал кеңістігінде ав-
тор-айтушы сөзінің мазмұны мен мағынасының, мағыналық-құ-
рылымдық жүйесінің негізі қызметін атқарады.
Автор-айтушының шығармашылық санасындағы болмыс 
бейнесі айтылым арқылы жалпыхалықтық мәні бар құндылық-
тар жүйесінің құрамдастары түрінде тыңдаушының санасында 
сәулеленеді. Бұл құндылықтарды қалтқысыз қабылдау, соған 
сай әрекет ету автор-айтушы үшін де, тыңдаушы үшін де, жал-
пы жұрт үшін де маңызды. Қалыптасқан жағдай аясында автор-
айтушының ұстанымын тыңдаушы толығымен қабылдап алаты-
ны туралы ұғым туады. 
Жауап сөзді айтушы мұсылман-молдалар өздерінің қандай 
нәрсені де «құдай тағаланың жаратуынан, бұйрығынша болған іс» 
деп білгенін дұрыс көруі, басқаша болуы мүмкін еместігіне көздері 
жетіп тұрғандай болуы ғажап емес. Осы ретте білім туралы халық-
тың дәстүрлі дүниетанымындағы түсініктерді еске алған орынды: 
а) іс-әрекетсіз білім; ә) білімсіз іс-әрекет; б) білімге негізделген іс-
әрекет. Адамзат қоғамының тарихында бұлардың үшеуі де болған, 
бар, бәлки болады. Бұлардың ішінде жеке тұлға үшін де, жалпы 
көпшілік үшін де пайдасызы – іс-әрекетсіз, іс-әрекетке ұласпаған 
пайдасыз білім. Көп үшін игіліктісі – білімге негізделген пайда-
лы іс-әрекет. Ал көп үшін зияндысы – білімсіз жасалған іс-әрекет. 
Абайдың жиырма сегізінші сөзіндегі жауап сөз айтушы «мұсыл-
ман-молдалар» айтқан сөз – білімсіз жасалған іс-әрекеттің түрі. 
3
Шариғат жолы
4
Сопылық жолындағы адамдар
5
Мүмкін емес, екі талай


52
Айтушы мен тыңдаушы арасындағы коммуникативтік қа-
тынаста адамның адамды білуі, түсінуі және бағалауы анық кө-
рініс тапқан. Адамның адамды білуінің, түсінуінің, бағалауы-
ның негізі – олардың өзара коммуникативтік қатынасы жүйесін-
дегі сөздері. 
«Біреудің» сұраулы сөзіне жауап сөзді айтушы – өздерін 
мұсылман деп біліп, қара халыққа мұсылмандық жолын көрсе-
тіп, насихат айтушылар. Жауап сөзде олардың танымының, са-
насының сипаты көрініс тапқан. Бұл сөздер – оны айтушылар-
дың санасындағы түсініктің көлеңкесі. Бұл екі тарап айтушы 
мен тыңдаушының санасындағы түсінік те, ол түсініктің сәу-
лесі мен көлеңкесі де келесі бір түсініктің тууына, ол түсініктің 
өзіндік сәулесінің көрінуіне себепші болады. Бұлардың бәрінің 
жөні мен жүйесі автордың шығармашылық санасынан беріледі. 
Өз заманының молдалары жайында Абай өлең сөздерінде де 
айтқан. Қара сөздерінде де тиісті бағасын берген: «Бұл заманның 
молдалары хаким атына дұшпан болады. Бұлары – білімсіздік...» 
[8, 203]. Білімсіз айтылған насихат, білімсіз айтылған сөз өздерін 
мұсылман санап жүргендердің аузынан айтылатын болса, ондай 
сөз «қауымды адастырып бітіреді» [8, 203]. Бұған қарсы рас сөз 
айтпасқа, оларды адасқан бағытынан бұрып алып, тура жолға сал-
масқа болмайды. Өздерін мұсылман санап жүргендердің әлгіндей 
жауап сөзіне орай автор-айтушы рас, дұрыс сөзді айтады, өзінің 
дұрыс ойын, дұрыс пікірін негіздейді. «Ей, мұсылмандар!» – деп, 
өз сөзінің кімге, қандай тыңдаушысына арналатынын білдіреді.
Автор-айтушы сілтеме жасап отырған «біреудің» сұраулы 
сөзінің құрылым-жүйесіне және бір назар аударайық:
біреу бай; 
біреу кедей; 
біреу ауру; 
біреу сау; 
біреу есті; 
біреу есер;
біреудің көңілі жақсылыққа мейілді
біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді. 
Адамдардың басында болатын осындай түрлі жайларды ті-
зіп айтып келіп, айтушы «біреу» оның себебін сұрайды:


53
– Бұлар неліктен?
«Біреудің» қойған сұрағына тыңдаушылардың жауап сөзі 
дайын: 
– Құдай тағаланың жаратуынан, бұйрығынша болған іс.
Сөзде көрініс тапқан оқиға – тараптардың басынан өткен іс. 
Сұрақ қоюшы «біреу» де, оған жауап берушілер де нақты. Осы 
оқиға-істің қатысушы тараптары автордың шығармашылық ой-
лау әлемінде бір-бірімен сұрақ-жауап үлгісінде тілдік қатынас-
қа түседі. Белгілі бір уақыт пен кеңістік шегінде екі тараптың 
әрқайсысы – айтушы әрі тыңдаушы. Кейінгі уақыт пен кеңістік 
аясында бұларға автор-айтушы қосылады. Ол да әрі тыңдаушы, 
әрі айтушы.
Автор сөз жүйесіне тыңдаушы болып қосылып, тыңдап, қа-
былдаған жайға қатысты өз ойын айтушы, алдыңғы айтушылар-
дың пікірін теріске шығарып, рас сөзді айтушы, бірден-бір дұрыс 
пікірді негіздеуші, ақиқатты айтушы тұлға ретінде дараланады, 
тыңдаушыларына дұрыс жол көрсетуші де сол. Автор-айтушы 
алдыңғы уақыт пен кеңістік шегіндегі айтушы және тыңдаушы 
тараптардың айтқандарын еске алып: «Ей, мұсылмандар!» – деп, 
жауап айтушы тараптың сөзін сарапқа салады, тыңдаушыдан 
айтушыға айналады, жай бір айтушыға емес, өздерін мұсылман 
деп санап, басқаларға үлгі көрсетіп жүрген топтың сөзінің де, 
ісінің де, ойының да мұсылманшылыққа жат екенін дәлелдеп, 
түзетушіге, сын айтушыға айналады. Тыңдаушыларының сө-
зінің, ойының, іс-әрекетінің терістігін әшкерелеп айту айтушы 
мен тыңдаушы арасындағы коммуникативтік қатынаста қай-
шылықты ахуалдың тууына алып келеді. Молда болып, қалың 
жұртқа хақтың жолын көрсетіп жүрміз, мұсылманшылықтың 
тұтқасын ұстап жүрміз деушілерге сөздерінің де, ойларының да, 
түсініктерінің де терістігін, мұсылмандыққа жаттығын айтқан 
сөзді есту, естігеніне илану оңайға түспейді. Бірақ айтушы өз 
ойын бұлтартпайтын ақиқат қисындармен дәлелдейді. Ақыл- 
ойы жетілген, ақыл тоқтатқан тыңдаушы үшін оны қабылдамас-
қа, мақұлдамасқа, мойындамасқа жол жоқ. 
Автор-айтушының сөзі тыңдаушы көңілінде өзара тығыз 
байланысты ойлар мен пікірлердің тұтас бір жүйесінің тууына 
қозғау салады. Автор-айтушы өз сөзінің дұрыстығына тыңдау-


54
шының иланбасқа, көнбеске шарасы қалмайтын жағдай қалып-
тастырады. 
Айтушы-автор әуелі: «Біз құдай тағаланы ғайыбы жоқ, 
міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік», – деп баршаға ортақ 
ақиқатты алға тартады. Айтушы тыңдаушыларымен біртұтас 
болып, сөзін өзі мен тыңдаушылары үшін бірдей ақиқат, дәлел-
деуді керек етпейтін айдай анық шындықты өзі мен тыңдаушы-
ларының атынан айтып тұрғандай болады. Бұл жерде айтушы 
тыңдаушыларымен бірбүтін болып, бәріне ортақ ақиқатты айт-
қанда, өзіне де, өзгелерге де жаны ашып, өзіне де, өзгелерге де 
қамқор көңілмен айтады. Ол өзінің тыңдаушыларымен бірігіп, 
тұтасып, өзекті ойын бәрінің атынан және бәріне арнап айта-
ды. Айтушының тыңдаушыларымен тұтасып, бірбүтін болған-
дай қалпынан айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынастың 
жаңа қыры ашылады. Бірақ айтушының осы сөзі тұсында тың-
даушы ойланса болар еді. Өйткені айтушының бұл сөзінде жа-
сырынып жатқан белгілі бір мән барын сөз танитын тыңдаушы 
сезбей қалмайды. Ол мән сөздің өзінде емес, астарында немесе 
ығында екенін көкірегінің көзі ашық тыңдаушы ғана ұғады. Бір 
ауыз сөздегі баршаға белгілі ақиқаттың арнайы айтылуында мән 
бары анық. Тыңдаушының ойын сол мәнге сілтеп тұрған белгі, 
нышан (айтылған бір ауыз сөз) белгілі. Ендігі қалғаны – сол бел-
гі, нышан білдіретін мәнді табу. Ал ол қандай мән екенін тауып 
пайымдау тыңдаушылар үшін оңай емес. Бұл жерде мынадай 
таным нысандарының жүйесі бары байқалады: белгі, нышанды 
білдіруші құрал (бір ауыз сөз) → белгі нышан сілтейтін мән → 
белгі нышан сілтейтін мәнді тауып пайымдау. Айтушы сөзінің 
жүйесіндегі осы құрамдастарды білмейінше, тыңдаушы тұлға-
сы дараланбайды. Тыңдаушының интеллектуалдық деңгейі осы 
көрсетілген құрамдас бірліктерді өзара сабақтас пайымдау қабі-
летінің деңгейіне байланысты анықталады. 
Талдау нысаны болып отырған ахуал аясында айтушының 
сөзіне автордың шығармашылық санасындағы тыңдаушы тара-
пынан қолдау бар, ол дәлелдеуді керек етпейтін, баршаға белгілі 
ақиқатты ақиқат деп таниды, айтушының сөзін ақиқатқа сай деп 
біледі. Ол басқа тыңдаушылырдың да осындай қалыпта екеніне 
сенімді. 


55
Нақты тыңдаушыларын осындай күйге келтірген соң, айту-
шы ойын әрі қарай жалғастырады: «Енді құдай тағала бір ан-
тұрғанға, еңбексізге мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, еңбек 
қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-бала-
сын жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. Ешкім-
ге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қай-
да бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Әке-шешесі бір 
екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен. Тамам жұртқа 
бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. 
Түзікті бейіске шығарамын, бұзықты тозаққа саламын деп айта 
тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жа-
маншылыққа мейілдендіріп, өзі құдайлық құдіретімен біреуін 
жақсылыққа бұрып, біреуін жамандыққа бұрып жіберіп тұрады 
екен.
Осының бәрі құдай тағаланың ғайыпсыз, мінсіз ғафур ра-
химдығына, әділдігіне лайық келе ме? Жұрт та, мүлік те – өзі-
нікі. Бұл қылғанын не дей аламыз? Өз мүлкін өзі не қылса қыла 
береді. Оны ғайыпты болды дей алмаймыз десең, ол сөзің құдай 
тағаланың ғайыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға 
бата алмаймыз дегенің емес пе? 
Олай болғанда, пенде өз тырысқандығыменен не табады? 
Бәрін қылдырушы өзі екен. Пенде пендеге өкпелейтұғын ешнәр-
се жоқ. Кім жақсылық, кім жамандық қылсадағы құдайдан кел-
ген жарлықты қылып жүр екен дейміз бе?» [8, 169-170].
Айтушы өзінің сөзімен проблемалық ахуал қалыптастыра-
ды. Нақты тыңдаушыларының сұрақ сұраған «біреуге» айтқан 
жауап сөзінің негізі, қисыны жоқтығын аңғарта келіп, өз пікірін 
білдіреді. Пікірінің негіздемесін, дәйектемесін жеткілікті дең-
гейде ашып, айқындап алған соң, қорытынды жасайды: «Жоқ, 
жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, ләкин қылдырған құ-
дай емес, ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлық-
ты, кедейлікті жаратқан құдай, бай қылған, кедей қылған құдай 
емес деп нанып, ұқсаң болар, әйтпесе жоқ»» [8, 171].
Сөздің құрылымдық жүйесі бірнеше бөліктен тұрады:
1) «Біреудің» сұраулы сөзі; 2) сұраулы сөзге молдалардың жауап 
сөзі; 3) молдалардың жауап сөзіне орай автор-айтушының сөзі; 
4) автор-айтушының молдаларға арнап айтқан сөзінің негізгі бө-


56
лімі; 5) автор-айтушының молдаларға арнап айтқан сөзінің қо-
рытынды бөлімі. Әр бөлімнің өзіне тән мағынасы, мәні бар және 
олар бір-бірімен сабақтас, бір желінің бойында. Оларды бір-бірі-
нен бөліп алуға болмайды. Әр бөлімнің мағына, мәні нақты және 
оларды басқа бөлімдердің мағына, мәнімен байланыста, бірлікте 
ғана түсінуге болады. Сонымен бірге тыңдаушы автор-айтушы-
ның сөзінің мағыналық-құрылымдық жүйесін саралай отырып, 
оның ойлау кеңістігіне тән ерекшеліктерді таниды.
Айтушы нақты тыңдаушыларына өзінің жеке басының қа-
лауы немесе қажеттілігі жайында айтып отырған жоқ, жалпы 
жұрт үшін маңызды, қоғамдық, әлеуметтік мәні зор ізгі мақ-
сатпен сөйлейді. Сөйлеген сөзі қисынды, жүйелі, айтқан ойы, 
пікірі дәлелді. Оған иланбау, оны қабыл алмау ақылға қайшы. 
Айтушының бұл сөзді айтудағы мақсаты да ізгі – адасқандарды 
тура жолға салу, көпке пайдасын тигізу. Әйтсе де айтушының 
сөзінің мәнісін түсіну тыңдаушылар үшін оңай болмайтыны да 
түсінікті.
Айтушы-автордың сөзін тыңдаушының қабылдауы, түсі-
нуі түрліше деңгейде болады. Автор-айтушы сөзінің мәнісін 
тыңдаушының өзінше түсінуі бар да, автор-айтушы түсіндір-
гендей түсінуі бар. Сонымен қатар түсінген жайды бағалау бар. 
Түсінген жайды бағалау ойлау механизмдері арқылы жүзеге 
асады. Бұл орайда салыстырудың, саралау мен жинақтаудың 
маңызы жоғары. Тыңдаушылардың танымы неғұрлым терең, 
өмірлік тәжірибесі неғұрлым бай болса, автор-айтушының сө-
зін түсінуі, әдеби шығарманы қабылдауы соғұрлым толық бол-
мақ. Автор-айтушы өз сөзінің тыңдаушылары үшін қаншалық-
ты түсінікті, ұғымды болатынын алдын ала білмей қалмайды. 
Ол тыңдаушыларының тыңдау, түсіну, ойлау қабілетінің дең-
гейін де ескереді. 
Сөздің мағыналық-құрылымдық жүйесінен мынаны аңға-
руға болады: айтушы тыңдаушыларына белгілі бір оқиғаның 
жайын айтады; айтылымның өзі бірбүтін тұтастық; оның құра-
мында әуелі екі тараптың коммуникативтік қатынасына негіз-
делген ахуал берілген; содан кейін екінші тараптың айтылымы 
үшінші бір тараптың айтылымының тууына негіз болады. Әр 
айтылымның өз тыңдаушысы бар.


57
Айтушының сөзін нақты тыңдаушылар қалай қабылдады, 
айтушының сөзін қабыл алып, өздерінің адасуда екенін білді ме, 
адасқан бағытынынан қайтып, тура жолға түсті ме деген сияқты 
сұрақтар ақынның бүгінгі оқушыларының көкейінде тұруы мүм-
кін. Айтушы мен тыңдаушылар арасында пікір, түсінік қайшылы-
ғы болғанына қарамастан, тыңдаушылар сөздің мәнісіне ден қой-
ды ма? Тыңдаушылар сөз танитынға, сөз мәнісін білетінге ұқсай 
ма? Тыңдаушылардың тарапынан бұл сұрақтарға жауап жоқ.
Айтушы үшін оның замандас тыңдаушыларының жауабы 
маңызды болмауы да мүмкін. Жөнге, жүйеге тоқтағанда, тың-
даушылар сөздің мәнісіне ден қоюға тиісті. Автордың шығарма-
шылық санасындағы тыңдаушы осы пікірдің жағында. Бірақ сөз 
тану, сөздің мәнісін ұғу, таныған, ұққан жайға тоқтау Абайдың 
замандас тыңдаушылары үшін оңай болмаған. Автордың шы-
ғармашылық санасындағы тыңдаушының ойында бұл жай да 
тұрады. 
Автор-айтушының сөзінде дәйектелген, негізделген пікір 
бар, ол пікірдің дұрыстығы силлогизм заңдылықтарына сай жете 
дәлелденген. Сөз жүйесінен автор-айтушының шығармашылық 
ойлау табиғаты, ой қорыту, пікір негіздеу ерекшеліктері аңғары-
лады. Оны қабылдау үдерісінде тыңдаушының ойлау деңгейі, 
таным дәрежесі, түсіну, бағалау қабілеті белгілі болады. Автор-
-айтушының, автордың шығармашылық санасындағы тыңдау-
шының бұл жайлардың ешқайсысын қалт жібермей, байқап, 
бақылап, бағалауға мүмкіншілігі жеткілікті. Нақты тыңдаушы-
ның тыңдау, түсіну, бағалау қабілетін автор-айтушы мен автор-
дың шығармашылық санасындағы тыңдаушы айтылған сөздің 
жүйесіне орай берілуі ықтимал жауаптардың нұсқалары негізін-
де алдын ала болжап, білуі де мүмкін. Автор-айтушының сөзін 
нақты тыңдаушылардың қабылдау сипаты олардың ықтимал 
жауап сөздерінің нұсқалары негізінде автордың шығармашылық 
санасындағы тыңдаушыға алдын ала белгілі болуы ғажап емес. 
Абай он тоғызыншы сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті 
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, 
жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған 
адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген 
кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. 


58
Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман де-
геннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады»
[8, 155], – дейді. Абайдың білім коцепциясы аясында қарасты-
рылатын мәселелерді пайымдауда бұл тұжырымдардың маңызы 
мен мәні зор. Сонымен қатар бұл жерде келесі бір іргелі мәселені 
парықтауға жол ашылады. Ол мәселе – ақынның шығармашы-
лық санасындағы тыңдаушы тұлғасы.
«Дүниедегі жақсы-жаманды тану» – тұлғаның «есту, көру, 
ұстау, татып ескеру» [8, 155], «көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет 
сезімі» [11, 159] әрекетінің тиісті нәтижелері. Абайдың шығарма-
шылық санасындағы тыңдаушы үшін көру, есту сезімдері басты 
қызмет атқарады. Оның мәнісі – автор барда, тыңдаушы да бар, 
тыңдаушы барда айтушы да бар. Айтушы сөзін көзінің алдын-
дағы тыңдаушыға арнап айтқанда, тыңдаушының көз алдында 
айтушы бейнесі де тұрады. Шығармашылық еңбек, шығарма-
шылық ойлау кеңістігінде, шығармашылық еңбек үдерісінің ке-
зеңдерінде тыңдаушы ақынның көз алдында. Әр сөзінің салма-
ғын, әр ойының мағынасын көз алдындағы, шығармашылық са-
насындағы тыңдаушысының танымы мен талғамын негізге ала 
отырып анықтау – автордың басты шығармашылық тұрғысы.
Абай шығармашылығындағы тыңдаушы тұлғасы дегенде, 
біздің ойымызда өзара тығыз сабақтасқан үш нысан тұрады:
а) шығармашылық тұлға (автор); ә) шығарма; б) тыңдаушы (ай-
тушы ↔ сөз ↔ тыңдаушы). Шығарма автордың өмір құбылыс-
тарын қабылдауы мен көркемдік жинақтауы негізінде туады. 
Тыңдаушының автор шығармасын қабылдауы шығарманы 
және онда бейнеленген өмір құбылыстарын пайымдау арқы-
лы жүзеге асады. Шығарма авторының өмір құбылыстарын 
қабылдауы мен көркемдік жинақтау үдерісі және тыңдаушы-
ның автор шығармасын қабылдау үдерісі бір-бірімен тығыз бай-
ланысты. Автор ↔ шығарма ↔ тыңдаушы арақатынасындағы 
соңғы саты – тыңдаушының шығарманы қабылдауы.
Абай айтушы ретінде өзінің тыңдаушыларымен тікелей қа-
тынасқа түскен кездің жайын негізге алып сөйлейді. Тыңдаушы-
ларының жай-күйі, ойлары айтушының сөзінде шынайы көрініс 
тапқан. Ақын шығармаларында айтушының сөзіне тыңдаушы-
ларының қалай қарағаны, қандай қалып, мінез көрсеткені түрлі 


59
қырынан бейнеленген. Мұның өзі тыңдаушы тұлғасын парық-
тауда ақынның шығармашылығы бірден-бір басты дерек көзі 
қызметін атқаратынын көрсетеді.
Айтушының сөзін тыңдаушы өзінің таным деңгейіне сай 
қабылдайды. Айтушының сөзін тыңдаушы «жайқақтап, шал-
ғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын 
деп тұщынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға 
беріп қайта қалыбына кетсе» [8, 155], оның естігені/тыңдағаны 
мен естімегені/тыңдамағаны арасында ешқандай айырмашылық 
болмайды. Мұндай қалыптағы «тыңдаушысын» Абай «сөз та-
нымайтұғын» жандардың қатарына қосады. «Осындай сөз таны-
майтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан 
жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады» [8, 155]. 
Хакімнің сөз танымайтұғын адамдарға сөз айтқаннан өзін 
танитұғын шошқаны баққан жақсы деп білуінде тыңдаушы 
тұлғасына бағытталып айтылған сын бар. Тыңдаушы тұлғасы 
дегенде, оның өмірлік тәжірибесі, білімі, көргені, танымы мен 
талғамы, кісілік келбеті ескеріледі. Егер тыңдаушы мұндай та-
лаптарға сай болмаса, онда оның сөз танымайтын болғаны. Абай 
осы сынға негіз болған ахуалды, шындық құбылыстарды өз ба-
сынан өткеріп, өз санасында саралап келіп, сөз танымайтұғын 
тыңдаушыға қатысты көзқарасын анық білдіреді. Ақынның шы-
ғармашылығында тыңдаушы тұлғасы дараланып, көркем образ-
ға айналады. 
Ақын сөз танитын тыңдаушысына қоятын талаптарын ұсы-
нады: а) тыңдап, естіп отырғанда жайқақтамау, шалғырттанбау; 
ә) тыңдап, естігенін қайта қайырып сұрап, ұғайын деп тұщыну.
Абайдың заманында сөз танитын тыңдаушы көп болмаған. 
Жұрттың көбінің көңілі алаң болған. Оның себебі – жұрттың бә-
рінің аларман болуы, көбінің ар ойламай, пайда ойлауға бейім 
тұруы. Тыңдап, естіп отырғанда жайқақтамайтын, шалғырт-
танбайтын, тыңдап, естігенін қайта қайырып сұрап, ұғайын деп 
тұщынатын тыңдаушы аз болды. Ақын өз сөзін жалпы тыңдау-
шыларға арнағанмен, аз да болса осындай тыңдаушыларының 
табылғанын қанағат етті, елдің жастарынан үміт етті. 
Жиырма алтыншы сөзінде Абай біздің қазақтың бәйгеге 
қосқан аты озып келсе, күреске түсірген балуаны жықса, салған 


60
құсы алса, қосқан иті қашқан аңды өзгеден озып барып ұстаса, 
есі шығып бір қуанатынын сипаттап келіп, осы қуаныштың не-
гізін ашып көрсетеді: биттей нәрсеге бола «бір үлкен іс қылған 
кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек» 
[8, 163-164]. 
Бәйгеден аты озып келген кісінің қуанатыны, сондай жүй-
рік аты бәйгеге ілінбей қалған кісі өкініп, ия қапы қалғандай 
бір ісіне қапа болатыны белгілі. Енді сондай адамдардың көз ал-
дында бәйгеден озып келген аттың иесінің есі шығып қуануы, 
өзінің басқалардан асықтығын паш еткендей болып масаттануы, 
оларды мазақ қылғандай ызаландыруы – бұл да рас. Абай осы 
көріністі, осы оқиғаны, осы мінезді адамшылық, кісілік құнды-
лықтар тұрғысынан бағалайды. Сол тұрғыдан: «Надан ел қуан-
бас нәрсеге қуанады. һәм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не 
қылғанын өзі білмейді, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып 
кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәр-
седен ұялмайды. Мұның бәрі – надандық, ақымақтықтың әсері» 
[8, 163], – деп ой түйеді. Ақын ойының өзегі аксиологиялық мә-
німен маңызды. 
Ақын бәйгеге қосқан аты озып келген, күреске түсірген ба-
луаны жыққан, салған құсы алған, қосқан иті қашқан аңды өз-
гелердің иттерінен озып барып ұстаған адамдардың есі шығып 
қуануы, басқаларды ызаландыруы кісілікке шет екенін айтқан-
да, әлгілер құлақ қойып тыңдайды, «кейбіреуі «рас, рас» деп 
ұйыған болады» [8, 164]. Алайда мұны ақын сөзін қабылдау деп 
түсінуге болмайды. Сөздің мағынасын түсіну, пайымдау негізін-
де тиісті пікір түю, қорытынды жасау және сол қорытындыға сай 
әрекет ету болмаған жерде тыңдаушының тыңдағаны тыңдама-
ғанмен теңеседі. Ақын «құлақ қойып» тыңдағандай кейіп таны-
тып, тыңдаған сөзге «ұйығандай» болғандардың бейнесін көрсе-
те келіп, өзі үміт еткен тыңдаушыларына арнап мынадай кеңес 
береді: «Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. 
Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын 
тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқ-
татып, ұқтырып болмайды» [8, 164]. Автордың тыңдаушылыры 
бейнесінің қатарында мына бейне қатты ерекшеленеді, бірбүтін 
образ болып дараланады.


61
Ақынның айтқан сөзін жалпы тыңдаушы бір қалыпта, бір 
сарында қабылдамауы мүмкін, бірақ олар ақынның сөзінде негіз 
барын, ойы жүйелі екенін жоққа шығармайды, шындық барын 
іштей мойындайды.
Айтылған сөзде тыңдаушылардың белгілі бір тобына сипат-
тама берілген. Бәйгеге қосқан аты озып келген, күреске түсірген 
балуаны жыққан, салған құсы алған, қосқан иті қашқан аңды өзге-
лердің итінен озып барып ұстаған адамдардың кәсібі, ісі, қызығы, 
қуанышы қандай болғанына қарамастан, олар – ең алдымен тың-
даушылар. Айтушы бұларға сөз айтқанда, олардың әлгіндей кісі-
лікке шет қылықтарды тастауы туралы насихат береді. Айтқан сөз-
ді олар да тыңдайды, кейбіреуі айтқан сөзге ұйыған болады, бірақ 
олардың тыңдауы да, айтқан сөзге ұйыған болуы да баянсыз.
«Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?»
[8, 140], – деп бастайды Абай сегізінші сөзін. Сөзін кімге айтып, 
сұрағын кімге қойып отырғанын ашып көрсетпейді. Бұл жерде 
басты тыңдаушы – ақынның шығармашылық санасындағы тың-
даушы. Сұрақ қойып, шығармашылық санасындағы тыңдаушы-
ларының назарын өзіне аударған соң, автор бірнеше әлеуметтік 
топтардың ақыл үйренуге, насихат тыңдауға қатысын анықтай-
ды: а) болыс-билердің; ә) байлардың; б) ұры-залым, сұм-сұрқия-
лардың; в) онша-мұнша қой жүнді қоңыршалардың.
Аталған әлеуметтік топ өкілдерінің ешқайсысы нақты тың-
даушы ретінде сипатталмайды. Олардың сөз тыңдауға құлқы жоқ, 
олар сөздің мәнісін түсінуге, танымдық, тағылымдық әсерін сезі-
нуге ықыласты емес. Олардың әрқайсысының өз қызығы, өз мүд-
десі, өз жұмысы бар, ақыл үйренуге, насихат тыңдауға олардың 
қолы тимейді. Ал «онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар: «Бізді не 
қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» – дейді. Бұлардың қатары-
нан сөз тыңдарлық, сөзді ұғарлық біреуді табу қиын. Дегенмен 
оларды тыңдаушы ретінде танудың өз қисыны бар. Бұлар – образ 
ретінде сомдалған тыңдаушылардың өзгеше бір типі. 
Сөз жүйесінде бейнелері нақты көрініс тапқан тыңдаушы 
мен айтушы тұлғасынан басқа бір тұлға бар. Ол – автордың шы-
ғармашылық санасындағы тыңдаушы тұлғасы. Ол сөз жүйесінде-
гі тыңдаушылар мен айтушылардың бейнелерін, мінездерін, сөз-
дерін, ойлау ерекшеліктерін барлап, саралау жолындағы айтушы 


62
ойының нанымдылығынан, дәлелділігінен, қисындылығынан бір 
сәт те көз жазбайды. Автордың тыңдаушы, айтушы ретінде тап-
қан дәйектемелері мен негіздемелерін бағалауда да автормен бір-
ге. Оның түсінігінде автордың тыңдаушы ретінде пайымдауының, 
айтушы ретінде сөз саптауының даралығы мен саралығы, ақыл-
ойының тереңдігі мен жүйелілігі, пікірінің дәйектілігі мен дәлел-
ділігі айнадағыдай мінсіз бейнеленеді. Мұндай тыңдаушы, мұн-
дай айтушы – қатарынан асық, замандастарынан озық. Абайдың 
шығармашылық санасындағы тыңдаушы тұлғасының даралығы 
осында. Ол автормен бірге жалпыға ортақ бірден-бір ақиқатты, 
бірден-бір әділетті шешімді, бірден-бір ізгі де игі жолды ұсына-
ды. Бұл ретте ол мынаған сенімді: автор айтқан сөздің өзегіндегі 
ақиқатты, әділетті шешімді, ізгі де игі жолды тыңдаушыларының 
қабылдамауын, оның мәнін ұқпауын олардың білімсіздігі деп са-
нар болса, бұл да сондай ұғымда; айтушы-автор Құдай тағаланың 
жаратуы, бұйыруы туралы қарапайым халыққа білімсіз сөз айту, 
теріс насихат беру мұсылманшылыққа жатпайды деп білсе, бұл 
да сондай түсінікте; автор-айтушы көпті адастырып, оған теріс 
жол көрсетушінің көзін ашып, оның өзін тура жолға салудың қа-
жеттігін сезінетін болса, бұл да соған ортақ. 
Автордың шығармашылық санасындағы тыңдаушы өзінше 
әрекет етпейді, өзінше шешім жасамайды, өзінше пікір ұсынбай-
ды. Бірақ авторлық сананың көрініс тапқан жерінде ол да тұра-
ды. Бұл реттен қарағанда, автордың шығармашылық санасын-
дағы тыңдаушы – «мінсіз тыңдаушы», ол «автордың айнадан 
көрінген бейнесі іспетті» [3, 388; 12, 427-428]. 
Ақынның тыңдаушыларының бұл типі – ерекше тұлға. 
Ерекше тұлға дерексіз. Ол өз қолымен ешнәрсе жасамайды, дау-
сын шығарып ешнәрсе айтпайды. Оның мекендік кеңістігі мен 
мезгілдік шағы нақты емес. Ол – автордың шығармашылық са-
насындағы тыңдаушы. 
Автордың шығармашылық санасындағы тыңдаушы – оның 
шығармасының ой өзегінің тууынан бастап шығарманың дүние-
ге келу процесінің барлық сатылары мен кезеңдерін автордың 
өзімен бірдей байқап, бақылаушы, саралап, сараптаушы. Ол ав-
тордың сөзін, ойын қапысыз түсінеді, әділетті қабылдайды. Ол 
автордың өзімен бірбүтін, біртұтас.


63
Автордың шығармашылық санасындағы тыңдаушы автордың 
өзі сияқты көреген. Ол автордың шығармашылық ой өзегінің ба-
ғыт-бағдарын, мәні мен мәнісін, логикасын ұқпай қалмайды және 
бірден-бір дұрыс шешімді тануға да қабілетті. Оның осындай бо-
луының негізінде автордың өзінің көзқарасы, өзінің тұрғысы бар. 
Автордың шығармашылық санасындағы тыңдаушы тұлғасының 
даралығы осында. Ол автордың өзімен замандас тыңдаушы емес, 
ол – келер заман кеңістігіндегі, автордың шығармашылық сана-
сының төріндегі тыңдаушы. Автор әрбір істің, әрбір құбылыстың 
бірден-бір ақиқат мәнін тауып, жүйесін көрсеткенде, оның бір-
ден-бір адал досы, парасатты пікірлесі, қамқор қолдаушысы шы-
ғармашылық санасындағы осы тыңдаушы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет