ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық
жинағы. І том. Өлеңдер мен поэмалар / Жалпы редакциясын басқар-
ған Ы.Дүйсенбаев. – Алматы: Ғылым, 1977. – 454 б.
2. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық
жинағы. ІІ том. Аудармалар мен қара сөздер / Жалпы редакциясын
басқарған Ы.Дүйсенбаев. – Алматы: Ғылым, 1977. – 312 б.
3. Ақселеу Сейдімбек. Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2010. – 584 б.
4. Мүсірепов Ғ. Күнделік. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 288 б.
5. Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны // Абайтану. Таңдамалы ең-
бектер. І том. Ойлар мен толғаныстар / Құраст., түсінік. жазғ.: П.Би-
сенбев, Е.Кәрібозов, Л.Мұсалы, Н. Нұрәлі; жауапты ред. Ә.Тарақ;
жалпы ред. басқ. Ж.Дәдебаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2015.
– 136-143-беттер.
6. Ақсұңқарұлы С.. Менің Абайым // Егемен Қазақстан. – 20.01.2020.
7. Пірәлиева Г. Жаңсақтықтарға жол берілмесе екен // Егемен Қазақ-
стан. – 17.08.2020.
8. Сұлтан Хан Аққұлы. «Геростратова слава Зауре Батаевой» // «Абай.
кз», 30.11.2020.
9. Омаров А. Абай болмаған деген не сұмдық! // «malim», 23.07.2020).
10. Cейітхан А. Абайды жеңген кім? // «Абай.кз», 28.07.2020.
11. Екеу. Журнал туралы // Абай. – 1918. – № 1.
12. Кенжебайұлы Б. Абай // Еңбекші қазақ. – 28-29.08.1925.
116
Қанипаш МӘДІБАЕВА
АБАЙТАНУДАҒЫ ДЕРЕКНАМА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Абайдың шығармашылық өмірбаянындағы нақтылы дата-
лы уақыт шегі таңбаланған сәттер, оқиғалар, кезеңдерден, та-
рихи тұлғалар, адам есімдерінен, жеке туындының мәтіннама-
лық тұғыр, басылым тарихынан т.б. тұтастанған дерекнамалық
талаптарда тұтас қарайлап зерделеу мүмкіндігі шектеліп, шет
жағалап қана меңзелген фактілерді, қилы себептерден орнығып
қалған жекелеген жаңсақтықтарды, абайтанудың тарихи тәжі-
рибесінде, осы заманғы өзекті бағыттарында арнайы зерделеу
қажеттілігі бар.
Абайтанудың тарихындағы дерекнамалық негіздердің
абайтанудың қазіргі заманғы зерттеу ұстанымдарын қалыптас-
тырып дамытудағы ықпалды мәні Абайдың соңғы үш томдық
академиялық басылымын әзірлеу барысында (2020) да Абайдың
шығармаларын баспадан шығару үрдісінде ұдайы көлденең тү-
сіп отырған Абай шығармаларының текстологиялық мәселелері
өзектілігінде айқындала түсті.
Мұхтар Әуезов Абайдың өмірбаянын 1933, 1940, 1945,
1950 жылдарда қайыра өңдеп, қайта қарап, төрт нұсқасында жа-
зуының түп себебінде кезеңдік саяси идеологиялық талаптардан
өмірбаяндық фактілердің қолжетімсіздігі болғандығы сынды
бірнеше мәселе бар. Абайдың әдеби мұрасының таралу, сақта-
лу, жиналу, баспа жүзін көру деректері жылма жылғы ыждаһат-
ты еңбектің нәтижесінде біртіндеп түзілді. Қилы дереккөздерді
Абай өмірбаянының 1933 жылғы алғашқы нұсқасы жазыла бас-
таған 1924-1927 жылдарда тұтас қамтып қарау, зерттеу, зерделеу
де қолжетімді бола қойған жоқ.
Мұхтар Әуезов жазған өмірбаяндық төрт нұсқада қамтыл-
маған деректер де (негізінен архивтік деректер) кейінгі кезеңде
айналымға түскеннің өзінде қайсыбір мәселеде деректің нақты-
лығы бойынша келісіп, келіспейтін пікірлер де туындады.
Абайды тануда ақын тұлғасының жеке бас өмірбаяндық де-
ректері де, шығармашылық ғұмырбаянына қатысты деректер де
елеулі маңызға ие болатындығы тұрғысында абайтану тарихын-
117
дағы дерекнамалық негізді арнайы зерттеудің қажеттілігінде
Абайдың жеке бас өміріне, қалыптасып өскен ортасына, Абай
дәуіріндегі тарихи-әлеуметтік мәселелерге, руханияттағы өзек-
ті күйлердің дерекнамалық негіздеріне; Абай шығармаларының
жазылу мерзімі, туу себебі, сақталу жолдары, жиналу реті, баспа
жүзін көруі, жеке жинақ болып шығу фактілері және Абай мұ-
расының текстологиялық мәселелерінің түп себебі турасында,
сонымен бірге абайтанудағы іргелі зерттеулердің осы мәселе-
лерді қамту, қозғау дерегі мен деңгейі; Абайдың әдеби мұрасын
шет тілдерге аударудың өзекті мәселелерінің абайтану саласы
мәнінде әлі күнге арнайы зерттеу нысаны есебінде қамтылмай,
қарастырылмай отырғандығы; абайтану бойынша толықтырыл-
ған жаңа библиографиялық көрсеткіштің қажеттілігі; абайтану
тарихын толықтырып, тұтастандырып жазу өзектілігі сынды
күн тәртібінен түспейтін басым зерттеу проблемалары мен жү-
зеге асырылуы тиісті міндеттері бар.
Мұхтар Әуезовтің Абайдың туысы мен өмірі мәселесінде
1933 жылғы жинақта тұлғалық өрісіне кең тоқталған Абайдың
әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өмір тағылымын Абай өмір-
баянының кейінгі нұсқаларында шектеп баяндауына тура келді.
Абайдың болыстық қызметі туралы да тартына сөйлемеске бол-
майтын.
Мұхтар Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағында ел ара-
сынан жиған Абай туралы естеліктердің басым көпшілігі басы-
лым көрді. Абай туралы естеліктер жеке жинақтарда да шығып
келеді. Мерзімді басылымдарда да жарияланып отырды. Абайдың
ресми өмірбаянына кірмей қалған көп дерек атаулыны тықпалай
беру, ретсіз. Ал ақындық тұлға болмысын ұғыну, тану, тұтас, бү-
тін бітімінде білмекке ұмтылуда, әлемдік тұлғатану тәжірибе-
сіндегі дерек атаулыға зеректік, ұсақ-түйек әңгіме деп қарамай,
тұлға тағдырына тиесілі ірілі-ұсақты дереккөздердің барлығын
қисынды тұтастықта ғылыми негіздеу өнегесінде естеліктердің
мейлінше толық қамтылып, қорытылуы абайтануда Абай өмір-
баянын толықтырып жазудың өзіндік бір факторы есебінде мәнді.
Қазіргі абайтанудағы белгілі бір фактілерге қатысты бол-
жал деректердің қосарланып келуі; нақтылы адам есімдеріне қа-
тысты жаңсақтықтар; шығармалардың жазылу мерзімін көрсе-
118
тудегі сәйкессіздіктер; бір туындының шығу тарихына қатысты
қосарлы деректер, қосалқы мағлұматтар; өлең мәтінінің әр бас-
қа болып хатқа түсу фактілерінен туындайтын текстологиялық
түйткілдер, бір сөздің жазылу фактісінде мәтін аясындағы ма-
ғынасынан түпнұсқа мәнін айыру қиындығы туындайтын тілдік
қолданыстың күрделі иірімдері; туындының түпнұсқалық неме-
се аударма туынды мәніндегі айқындалуы тиіс шығармашылық
сырлары; Абай мұрасын шет тілдерге аудару үдерісіндегі мәтін-
танымдық ұстанымдар мәселесін арнайы зерделеу; т.б. өзекті
шығармашылық мәселелер бар.
Абайтануда кейінгі кезеңде зәру деректермен толыға түскен
Абайдың ақындық кітапханасы мәселесінде де арнайы, мақсат-
ты зерттеулер қажет. Қолда бар деректің ізімен түгендеудегі
салғырттық; қолда жоққа аса ынталы емес екендігіміз бір мәнде
ғылымның қаржыландыру жағынан қағажу көріп келе жатқан-
дығына да байланысты.
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының гранттық жобаларға
«байланып» қалуы, жаппай әлеуметтік желіде топтасып түскен
сурет шығару әлегімен өтетін қилы атүсті ғылыми конферен-
циялар да түбегейлі ғылыми зерттеулерге деген сұранысты көз-
ден таса етіп, көлегейлеуін қояр емес.
Абайды тануды күрделі философиялық категорияларда қам-
даудың алдында Абайдың шығармашылық ғұмырбаянын айқын
ғылыми жүйеде сіңіру өзектілігі тұр. Абай өлеңдерінің таралу,
жиналу, сақталу фактілерінде Абай мұрасын арнайы көшіріп,
қолжазба кітап етіп ел арасына таратуда көп еңбек жасаған,
Мұхтар Әуезов ол адамның көшірме қолжазбаларын Абай шы-
ғармаларының түпнұсқасы мәнінде тануға болады деп айрықша
мән берген Мүрсейіт Бікіұлының осы бағыттағы еңбегіне қатыс-
ты Мұхтар Әуезовтің белгілі бір себептерден көшірмеші еңбегін
екінші планға ысырып сөйлеген тұсы да бар. Сонымен бірге Абай
мұрасының бас текстологы Мұхтар Әуезовтен кейінгі жоқшысы
Қайым Мұқаметханов Мүрсейіт қолжазбалары дегенде ұдайы
«құрақ ұшып» тұрмайды. Абай шығармаларының 2020 жылғы
толық академиялық басылымын дайындау барысында Мүрсейіт
Бікіұлының 1905 (1906), 1907 жылғы, Абайдың тұңғыш жина-
ғы жарық көргенге шейінгі (1909) көшірме қолжазбаларының
119
қазіргі жазуға тұтас көшірілген нұсқасында текстологиялық са-
лыстырулар жүргізе отырып жұмыс істеуге тура келді. Үш том-
дық толық жинақтың баспадан шығуын ақпараттандыруда бұл
фактілер де аталып отырды. Осы мәнде көпшіліктің көкейінде
жұмыс тек Мүрсейіт көшірмелері арқылы жасалған, Мүрсейіт
көшірмелеріне қатысты Қайым Мұқаметқанов ескертпелері ес-
керілмеген ғой дегендей де сауал тұрды деп ойлаймыз. Себебі
кейінгі бір ашық дәріс тұсында осы сұрақ қойылды да. Акаде-
миялық басылымның жұмыс тобына Абай шығармаларының
1933, 1939-40, 1954, 1957, 1977, 1995 жылдардағы ресми, ғылыми
толық басылымдарының барлығымен жұмыс істеуге тура келді.
Басылым шыққан соң «1995 жылғы жинақты қайта шығара
салыпты» деген де ескертпелер естуге тура келді. Абайдың көп
жаңадан табылған өлеңі қосылмапты деген де айыптау дауыста-
ры естіліп қалып жатты. Басқадай да сырттан тон пішулер бар.
Абай – бар қазақтың Абайы. Абай жалғыз. Абай тұлғасы-
ның асықпай, аптықпай қарайлататын қарасы қалың мәселелері
бар. Бұл – ортақ шаруа. Бар қазақтың жоғы – Абайдың жоғы.
Абайдың мерейтойлы жылдарында жинақтары шығып жа-
тады. Баспалар көбейген заман. Бұл мәнде Абай мәтініне бақы-
лау жасап отыратын құқы бар бір Орталық болғаны жөн көріне-
ді. Ойласу қажет. Аударма ісінде, шет тілге аударуда Абай шы-
ғармаларының қай басылымы алынатыны қадағалануы керек.
«Махаббатсыз, дүние бос», «Махаббатсыз – дүние дос». Осы екі
мәтін Абай туралы айтқан адамның аузына алдымен түсетін тір-
кес. Өнімді айналымда жүретін тіркес. Осы екі нұсқасы да қатар
алынып келеді, тоқтаған жоқ, толастаған жоқ. Кім өзіне қай нұс-
қа ұнайды, соны кірістіреді сөзіне. Жалпы көпті былай қойғанда,
Абайды аударатын мамандар қай нұсқаға жүгінгені жөн?
Текстологиялық саралауда түпнұсқа мәнді мәтіндер болып
табылатын Абайдың немере бауыры Кәкітай Ысқақұлы мен ба-
ласы Тұрағұл Абайұлы шығарған 1909 жылғы тұңғыш жинақ
пен Мүрсейіт Бікіұлының көшірме қолжазбаларындағы басым
нұсқасы – «дүние дос». Бұл тіркес Абайдың қара сөздерінде де
бар. «Махаббатпен жаратқан адамзатты» дейтін Абай Алласы-
на шәк келтірмесе керек. Дүниенің махаббаттан тұратынын бір
білгенде Абай білер. Дүние қай махаббатсыз бос? Ол Алланың
120
махаббатымен жарылқанып жаралды емес пе! «Дүние достың»
мәселесі басқа. Материалдық игілікке құнығу. Махаббатпен жа-
ратылған дүниені сезінбеу. Қара сөздің қисыны да көп, қиюы қа-
шып, қасаң ұғымдарға байланып қалғандары да бар.
Осы мәндес екі сөздік қосарлы ұғымдар Абай шығармала-
рының әр басылымында «өріп» жүр. Солай әр басқадан айны-
май, бірі біріне «бағынбай» келе жатқан басылымдар бар, бола
да беретін сияқты.
Жинақты дайындау барысында жұмыс тобы мүшелерінің
кейде бір сөзді сағаттап, табандап отырып талқыға салған уа-
қыттары болды. Бұл басылымның да уақыт тығыздығына қара-
мастан ғылыми ұстанымдарда дайындалғандығы, ілгерідегі ба-
сылымдар өнегесі де, әлемдік тәжірибе де, кейінгі кезеңнің текс-
тологиянық қолайлы мүмкіндіктері де ескеріліп, кәдеге асып
отырып дайындалған басылым болғандығы айтылуы керек.
Қаншама сөз салыстыру, қолжазба нұсқалар қолдан өтті.
Қилы қисындар, өзекті мәселелер қарасы қалыңдап, малтықты-
рып тастаған күндер болды. Біртіндеп жүйесі сұлбаланып, сұ-
рыпталып отырды.
Абайтану тарихында текстологиядан тысқары тұрған дерек-
намалық негіз жоқтай болып көрінеді кей тұста. Өмірбаян да,
архив те, естелік те, т.б. текстологиялық түйткілге әлдебір ыңға-
йында қатысты болып шығып отырады.
Абайдың әдеби мұрасын хатқа түсіруші Мүрсейіт Бікіұлы
туралы деректер тапшы. Соның өзінде бірқанша мағлұмат бар.
Бұл адам кім еді? Абай өлеңін көшіру жұмысын қашан баста-
ған? Қолжазба көшірмелерінің мәтіндік ауытқулармен жазылуы
не себептен? Мүрсейіт Бікіұлының тегі нендей себептерден әр
жылдардағы Абай басылымдарында, естеліктерде, Абай энцик-
лопедиясында әр қалай, бірде Бекіұлы, бірде Бікейұлы, бірде Бі-
кіұлы, енді бірде Бікеұлы болып жазылып жүр?
Адам есімдерінің ресми деректерде әр қилы жазылуы абай-
тануда бір бұл емес. Абай өлеңдерінің көшірме қолжазбалары
ХІХ ғасырдың соңында Санкт-Петербургке де жеткен. Осында
Абай өлеңдерінің Сәдуақас Шормановтың 1897 жылғы қолжаз-
ба жинағынан көшірілген Кудашев деген адамның да қолжазба-
сы бар. Осы Кудашевтің «князь» титулын өзіне есім етіп жаз-
121
ған деректер бар. Бірде С. Кудашев, бірде В.С. Кудашев, бірде
К.В. Кудашев деп жазылады.
«Кудашев В.А. (т.-ө. ж.б.) – князь. Қазақ халық әдебиетінің
үлгілерін жинақтауға атсалысқан. К. қазақ әдебиеті мұрала-
рын Садуақас Мұсаұлы Шормановтың қолжазбасынан көшіріп
алып, «Қырғыз әндері мен аңыздарының аудармасы» деген ат-
пен (1897) С.-Петербургтегі геогр. қоғамның архивіне тапсыр-
ған. Онда Абай өлеңдері де бар. Қолжазбаның фото-көшірмесі
Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалды музейінде сақтаулы [1,
293].
Мұхтар Әуезов энциклопедиясында Кудашев туралы дерек
берілмеген. [2].
М.Мырзахметов құрастырған «Абайтану» библиография-
лық көрсеткішінде Кудашев есімі аталмаған [3].
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты А. Әбдіғаппарова
«Абай Құнанбаевтың естілік мәселесі төңірегінде жазған қара
сөздері» атты зерттеу мақаласында К.Н. Кудашев еңбегіне сілте-
ме жасайды [4, б.108].
«Абай шығармаларының аудармасы туралы айтатын бол-
сақ, орыс тілінде ең алғаш аударма 1897 жылы Абайдың көзі ті-
рісінде жасалған. Оны 1946 жылы Әлкей Марғұлан тапқан К.Н.
Кудашевтың «Перевод киргизских песен и легенд» қолжазбала-
рынан көруге болады» [4].
Князь Кудашевтің есімі абайтану тарихында әр уақытта да
аталып келеді және жазылуында ұдайы өзгеріс бар.
Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы ақынның көзі
тірісінде баспа жүзін көргенімен, текстологиялық мәселелерде
нақтылайтын түйткілдерінің аз емес екендігі де айтылып келеді.
Бұл – өз алдына кең тақырып. Арап Еспенбетовтің Шәкәрім мұ-
расын текстологиялық тұрғыдан зерттеу мәселелерін ғылыми
негізде қисындау ұстанымдарында Зәки Ахметовтің Абай текс-
тологиясына орай келтірген деректерінің бірінде К.Н. Кудашев-
тің аты-жөні «Құдашев» деп берілген (Техникалық, типография-
лық қате болуы да ықтимал – Қ.М.) [5, б. 268].
Содан барып Сәйфи Қудашев деп жіберген зерттеулер де
бар. Кейінгі бір деректе, Абай мұрасының орыс тіліне аударылу
фактілеріне қатысты аударма мәселелері бойынша зерттеуде бұл
122
есім К.Н. Кудашев болып жазылып жүр. Қайсысы дұрыс дегенді
арнайы қарастыру қажет.
Белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұқаметқановтың тегі
де бір жинақ, бір зерттеуде Мұхамедханұлы, бірінде – Мұхамет-
қанов, тағы бірінде – тағы басқаша?
«Мұқаметханов (Ғибадулқайым) Қайым (1916 ж.т.)» [1, б. 415].
Қ.Мұхаметханұлы – «Абайдың ақын шәкірттері», кітаптар
топтамасы, 1994 ж. [6].
Қ.Мұхаметханов – Көп томдық. «Алаш», 2005. [7].
Мұхамедханов Қ. «Хаттар сөйлейді». 2016. [8].
Мүрсейіт (Нұрсейіт) Бікеұлы (1860-1917).
«Ол екеуі ақылдасып, Абай ауылдары жайлайтын бауыр же-
рін жақсы білетін Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт
Бікіұлы-
ның бел баласы Рақымбайды Қасқабұлақтан шақыртып алдыр-
ды» [9, б. 21-24]. «Жазуы өте жақсы екенін, әрі өлең өнеріне Мүр-
сейіттің бейімділігін таныған Абай балаларын оқыттырып, оны
қолында ұстаған. Мүрсейіт
Бікі баласының бойына біткен зор
қасиет ертек пен қиссаларды айта жүріп оларды көшіріп алуға
ерінбеген. Келе-келе ол Абай шығармаларын көшіруге кіріседі.
Сөйтіп оны таратуға көп еңбек жасағандығы тарихтан аян. Күні
бүгінге дейін Абай өлеңдерінің баспа жүзін көргендері тегіс
Мүрсейіт қолжазбасымен салыстырылып отырылады. Мүрсе-
йіт Бікібаласынан Мұхтар да сабақ оқып, алғаш сауатын ашқан
мектеп үйі осы Ескі Там» [9, б. 24].
«Мүрсейіт (Нұрсейіт) Бікеұлы (1860-1917) – Абай өлеңде-
рін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізуге орасан зор еңбек
сіңірген кісі. М-тің 7-ші атасы – Әнет баба. Әнет – Абайдың
7-ші атасы Әйтекпен бір туыс. Әнеттің бір ұлы – Байболат, Бай-
болаттан – Бақай, Бақайдан – Тоққожа, Тоққожадан – Көбікен,
Көбікеннен – Біке. Бікеден – Мүрсейіт. Орыс мектебінде 4 жыл,
содан соң Бұхарда оқып, білім алған. Семей облыстық әкімші-
лігінде қызмет істеп жүрген кезінде Әбдіқызы Зағипа дауына
байланысты Абайдың тапсыруымен Зағипа атынан арыз жазып,
ұлықтарға жеткізген. Тағы да бір қыздың дауында қызға көмек-
тесіп, жандаралдың сыртынан оның мөрін басып, азат етеді.
Сол үшін Өскемен уезіне жер аударылады. Сұлу шоқы болысы
Терістаңбалы елінің Көпен руындағы нағашы атасы Рай деген
123
кісінің қолында тұрып, бала оқытып, молда болады. Бірнеше
жылдан кейін Тобықты еліне қайтып келеді. Сол күннен бас-
тап оны Абай өз ауылына алғызып, бала оқыттырады. М-тің
балаларға жазып берген «Жарапазан» өлеңін көрген Абай оған
өз өлеңін жинап, жазып жүруді тапсырып, қаламақысын төлеп
тұратынын айтады. М. бұл тапсырманы ыждағатпен орын-
дайды. Өлең жазылған дәптерді сұраушылар көбейген соң М.
оларға да көшіріп беріп отырады. Абай өлеңдері 5 дәптерге жа-
зып алынған, олардың екеуі – қазірде Қазақстан Республикасы
ұлттық ҒА-ның сирек кездесетін қолжазбалар қорында, біреуі –
М. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайы қорында. Абай-
дың Семейдегі мемлекеттік әдеби-мемориалдық қорында сол
дәптердің фотокөшірмесі бар. 1909 ж. Абайдың С.-Петербург-
те жарық көрген тұңғыш өлеңдер жинағын даярлау кезінде ол
Тұрағұл мен Кәкітайға көп көмек көрсеткен. М. қолжазбалары
Абай шығармаларының басты да негізгі нұсқасы болып санала-
ды. М. Бейсенбаев» [1, б. 422].
Мұхтар Әуезов С. Нұрышевтің Абай мұрасына қатысты ес-
кертпелеріне орай жазғанында Мүрсейіт Бікіұлының Абайдың
мұрасын жеткізудегі орнына қатысты Абай шығармаларының
қолжазба көшірмелері 1896 жылдан бастап жазыла бастағанын,
Мүрсейіт көшірмелері кейіндеу жасалғанын айтады.
Мүрсейітті көшірмеге Абай қайтыс болғаннан кейін кірісті
дегендей қабылданатын деректер де бар. Мүрсейітке 1909 жыл-
ғы жинақтың қолжазбасын дайындау тапсырылғанына орай
жасалған ұйғарым да болуы мүмкін. Қайым Мұхаметхановтың
Мүрсейіт Бікіұлы туралы пікірінде Мүрсейітті терістеу жоқ.
Барды барынша айтқан деуге болады.
«Мүрсейіт Абай шығармаларын ақынның түгел өз қолжаз-
басынан көшірген емес. Басқа адамдардың да жазбаларын пай-
даланған және ақын өлеңдерінің ел аузында сақталғандарын қа-
ғаз бетіне түсірген. Абайдың 1909 жылғы жинағымен Мүрсейіт
қолжазбаларын салыстырып қарағанда, сөз қайшылықтары кез-
десіп қалып отыратыны да сондықтан» [7, б. 316].
Қайым Мұхамедханов Абай өлеңдерін көшірушілерден
Р. Жандыбаев, Оразке Уақбаев, Әкімал Мамырбаев, т.б. қолжаз-
баларын пайдаланғанын айтады.
124
«Сонымен қатар Абай өлеңдерінің көбін ерте кезден жаттап,
естеріне сақтаған Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Шәкір
Әбенов ақындардың, Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов, Шабдан Әл-
мағамбетов, Рахымжан Мамырзақовтардың мағлұматтарын ес-
кердік. Абайдың шәкірттері, жақын достары – Көкбай, Кәкітай-
дың жазбаларына ерекше көңіл аудардық» [7, б. 317].
«Мүрсейіт (Нұрсейіт) Бікеұлы (1860-1917). Абайдың пікір-
лес замандасы. Абай шығармаларын көшіріп, ел арасына тара-
тумен тарихта аты қалды. Абай өлеңдерін жинап, көшіріп, елге
таратуды кәсіп етеді. Абай оның ақысын төлеп отырған. М. кө-
шірген Абай шығармаларының қазір 3 данасы белгілі. Соның
біреуі Қазақстан ұлттық кітапханасы мен ҒА-ның қолжазбалар
қорында және Мұхтар Әуезовтің ғылыми-мәдени орталығында-
ғы жазушының жеке мұражайында сақтаулы. Мүрсейіттің осы
еңбегін Әуезов өте жоғары бағалады, өзінің ақын туралы зерт-
теулерінде үнемі еске алып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |