шылардың түрлері сипатталады; в) талаптанудың шарттары
көрсетіледі; г) талаптанудың мақсаты жүйеленеді. Осы сипат-
тамалардың өзегінде білім, білім табудағы мақсаттар, білім табу-
шының құзіреттілік сипаттамасы жатады. Ақын білім алу, білім
табудағы мақсаттар жүйесін, ол мақсаттарға жетудің шарттарын,
ол мақсаттарға жеткенде білім алушының ойы мен бойына қо-
натын құзіреттілік жайын саралай отырып, негізгі ойларының
қуатын білім алушының жеке тұлғасына бағыттап ашады. Жеке
тұлғаның білім алу нәтижесінде қол жеткізген немесе қол жеткі-
зетін нәтижелерін саралап келіп, оның құзіреттілік сипаттамасын
жасайды. Бұл ұлттық білім беру жүйесінің тарихы мен теория-
сында күні бүгінге дейін ешкім назар аудармаған, ғылыми зерттеу
нысаны болмаған аса ірі дидактикалық мәселенің шешімі еді.
Абайдың білім концепциясында негізделген қағидалардың
бір саласы білу, оқу, үйрену процестерінің иерархиялық жүйесін
түзеді. Бұл жүйенің бірқатар құрамдастары жоғарыда сипаттал-
ды. Олардың әуелгісі – талап→ қабылдау.
Абайдың дүние сырын қабылдау адам бойына туа біткен
қуат көздері арқылы, олардың бірте-бірте жетілуі, кемелденуі
нәтижесінде жүзеге асатыны туралы қағидасына жоғарыда тоқ-
талдық. Ол қағида бойынша, адам білсем екен, көрсем екен деген
мақсатпен талпынып, талап қылып, «көзбенен көріп, құлақпен
естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы
дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қал-
пымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен
көңілге түседі» [2, 219].
17
Тыстағы дүниеден хабар алатын қуат, Абайдың танымы бо-
йынша, бес түрлі:
• көзбен көру;
• құлақпен есту;
• мұрынмен иіскеу;
• тілмен тату;
• қолмен ұстап түйсіну.
Көңілде жақсы нәрсенің суретімен байланысты жақсы әсер,
жаман нәрсенің суретімен байланысты жаман әсер қалады. Бі-
лім тиісті ақпарат түрінде осылай қабылданады. Адам бойын-
дағы бес сезім арқылы қабылдау нәтижелері көңілде, ақыл-ес
кеңістігінде өзіндік бай ақпарат әлеміне айналады. Бұл – өзінше
бір танымдық үдеріс, когнитивтік процесс. Оның өзіндік қуатта-
ры бар. Ол қуаттарды Абай жанның жибили қуаттары деп біледі.
Олар да бесеу:
• қиялдау қуаты;
• ойлау қуаты;
• елестету қуаты;
• есте сақтау қуаты;
• ескеру қуаты;
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән қызметі бар. Мысалы,
қиялдау, ойлау, елестету, есте сақтау қуаттары арқылы тапқан,
меңгерген өнерді ұдайы тексеру, ескеру қажет. Олай етпеген,
«көп заман ескермеген адамнан бағанағы өнердің өзінің ең қы-
зықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды. Онан соң көп заман
өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады» [2, 221].
Абайдың айтып отырған қағидасының негізінде өмірлік тә-
жірибеден түйген ойлар бар деуге тура келеді. Өйткені белгілі
бір өнерді меңгерген адам сол өнерін елеусіз қалдырса, уақыт өт-
кен сайын ол өнер де бірте-бірте ұмытыла бастайды, енді біраз-
дан соң өнерге тән қасиеттер жойылып, әлгі кісі бойындағы өне-
рін мүлде жоғалтып алады, қайтып өнер жасай алмайды. Өмір-
лік тәжірибеде бар, көзбен көріп, ақылмен білуге болатын осы
шындыққа пайымды кісілердің әрқайсысының да көзі жетеді.
Ал ғылыми ойлар жүйесінде мұндай қорытындыға Аристотель
де, әл-Фараби де келген. Әл-Фараби: «Қайсыбір тұрғыдан алған-
да аса тамаша және өте-мөте абзал қасиеттер болуы мүмкін, бі-
18
рақ оларды елеусіз қалдырып, арнаулы амалдармен ол қасиетті
дамытпаса, тиісті нәрселермен баулымаса, осының нәтижесінде
уақытын өткізіп алса, онда ол қасиетті жойып алуға болады»
[8, 129], – дейді. Өз заманының, өз өмірінің шындығына, өмір тә-
жірибесіне сүйене отырып, Абай да осындай пікір түйеді. Абай
сипаттаған бес сезім жайы да осындай.
Абай сипаттап отырған үдеріс барысында жүзеге асатын
ерекше екі әрекет бар. Ол – дүниенің көрінген һәм көрінбеген
сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білу [2, 138]. Бұл жерде
ақын ұсынып отырған қағида негізіндегі мына екі ұғымға на-
зар аудару қажет: а) түгелдеп білу: ә) денелеп білу. Бұл екі ұғым
а) бүтіндеп білу, ә) бөлшектеп білу деген ұғымдармен сәйкес ке-
леді. Бұл екеуі өз кезегінде а) жинақтау, ә) талдау деген ұғым-
дармен астасады.
Осы орайда Абайдың тағы бірнеше қағидасындағы мәнге
тереңдеу парыз. Біріншісі – «не көрдің, не есіттің, әрнешік біл-
дің, соны тездікпен ұғып, ұққандықпен тұрмай, арты қайдан
шығады, алды қайда барады – сол екі жағына ақылды жіберіп
қарамақ» [2, 221]. Мұның мәнісі өмірдің шындық құбылыста-
рының арасындағы себеп-салдар сипатындағы қатынастар мен
байланыстардың сырын біліп, ұғу, түсіну дегенді білдіреді.
«Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда бермейді»
[2, 221]. Екіншісі – «бір нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді,
кәзір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір
ғана жерден ұқсағандары бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен
жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін
сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей тыншымау» [2, 221].
Бұл қағида адамның бес сезім арқылы өз көңіліне қонған және
қонатын нәрселерді, олардың суреттерін тиісті белгілеріне қа-
рай саралап, ортақ белгілері бойынша таптастырып тану дегенді
білдіреді. Болмыстағы құбылыстар туралы жаңа ақпарат алған-
да, оны тиісті белгілері бойынша көңілде, есте бұрыннан бар,
жинақталған ақпараттармен салыстырып, ортақ белгілері мен
ерекшеліктерін тану негізінде таптастыру – абстрактылы ойлау
деңгейінде жүзеге асатын іс. Бұл – ақылдың қызметі. Мұның
өзіне тән теориясы, методологиясы бар. Үшіншісі – «кімде-кім
сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса,
19
ол – көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын –
бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап таба-
ды. Бұлай етіп, бұл харекетке түсінген адамды ақылды дейміз»
[2, 219-220]. Естіп, көріп білгендерін «сынап, орындысын, орын-
сызын – бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қа-
рап табу» – ақылдың көп салалы қиялдау, ойлау әрекеттерінің
нәтижесі. Бұл әрекеттер аясында салыстыру, саралау, сұрыптау,
талдау, топтастыру, жинақтау сияқты танымдық ойлау құралды-
рының қызметі айқындалады.
Абайдың «білгені, көргені көп болған адамның білімді»
[2, 155] екені туралы қағидасында да маңызды мән бар. Осында-
ғы «көп жиғаны бар адам», «білгені, көргені көп болған адам»
ұғымдарының негізінде көп білгені бар, білімі бар адам туралы
түсінік жатыр. Сырттан «естіп білу», «көріп білу» дегенде білім
алудың нәтижесі ғана емес, білудің құралы, білудің көзі туралы
ұғым да қамтылған. Қабылдау, білу, білгенді түсіну жайы Абай-
дың осы қағидаларының аясында нақтылана түседі. Онда білуге,
білгенді түсінуге қажетті амалдар, тиісті тетіктер (талдау, жи-
нақтау) қызметі де маңызды екені көрсетілген.
Болмыстың көрінген және көрінбеген сырларын көңілге тү-
гел жайғастырып алу мүмкін емес. Абай: «Алла тағала – өлшеу-
сіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге
болмайды» [2, 189], – дейді. Абайдың білім концепциясында кө-
рініс тапқан құбылыстар да шектеулі екені түсінікті, бірақ бұл
құбылыстар, олардың құрамдастары, олардың өзара байланыс-
тары, қызметтері – өз алдына бірбүтін және мейлінше күрделі
жүйе. Олардың әрқайсысының мәнін, қырлары мен сырларын,
ерекшеліктерін, өзара байланыстарын, қызметтерін белгілі бір
ұғымдар, теориялық қағидалар, құрылымдық жүйелер арқылы
түгелдеп, денелеп білу – бірбүтін күрделі болмысты, біртұтас
жүйені танып-білудің басты жолы, амалы. Біз сипаттап отырған
бірбүтін күрделі болмыстың біртұтас жүйесі Абайдың бір шы-
ғармасында емес, бүкіл шығармашылық мұрасында түрлі жағ-
дайларға байланысты көрініс тапқан.
Абайдың білім концепциясында қабылдау, білу, түсіну,
есте сақтау – иерархиялық жүйедегі танымдық ойлау үдеріс-
терінің деңгейлері. Абайдың білім концепциясында танымдық
20
үдерістердің иерархиялық жүйесі мына үлгіде өрнектеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |