Екіншісі - намысқор келеді екен. Ат аталып, аруак шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен: ... «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», - деп, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» - десіп.
Кәнеки, осы екі мінез кайда?» (Абайдың «Қара сөздері», 39-сөз).
Ел болудың кағидасындай болған, пәтуа мен бірліктің көзі - осы екі мінез дәл бүгін ұлт тағдыры шешілер тұста біз үшін бұрынғыдан да керегірек секілді.
Рас, мен қазір Абайша ашынып, бұл екі мінез бізде мүлде жоқ деп айта алмаймын.
Өйткені, отандастарым маған екі мәрте мәрттік жасап, екі тізгін, бір шылбырды сеніп тапсырып отыр. Олар үдесінен . шықты. Мен де уәдемде тұрам: бәрі де бауырым болғасын, мен де қарап қалмаймын, қамдарын жеймін. Олардан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін.
Бұл орайда басын ашып айтатын бір мәселе: біз экономикадағы реформадан қандай бас тартпайтын болсак, демократиядан да сондай бас тартпаймыз. Өйткені, демократиялык бостандык. жоқ жерде экономикалық бостандык та болмайды және керісінше, біз сол бостандыққа қолбайлау болатын тұстарды ғана түзетеміз. Әйтпесе, уақытша қиындықтарды пайдалана қойып, жеке үстемдік құратын жер тәңірі болайын деп жатқан ешкім де жоқ. Ондай байбалам, шынында да, Абай айтқандай, кейістікті күндестікпен, тыныш отыра алмағандыкпен шатыстырып алып жатқандардың аузынан шығуы мүмкін. Біздің далада, арғы-бергіде қырсыздықка көп төзгенмен, қиянатқа көп төзе қоймағанын жақсы білемін. Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті кай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп, қам жеп жүру тек кана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы кажет. Онымды алыстағы, жақындағы саясатшылардың кейбіреулері түсінбегенмен, халқымыз жақсы түсінгеніне ризамын.
Қысқасы, Абай армандары - тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында онын орайын келтіруге мүмкіндік енді туып отыр. Мына сіздер мен біздерге үлес боп тиіп отыр. Өйткені, біз осы далада өмір сүрген ұрпақтардың ішінде әлгіндей мүмкіндікке қол жеткізіп отырған ең алғашқы және бірден-бір ұрпақпыз.Сондықтан ұлы ойшыл-демократ, ұлы рухани реформатор Абайға ең жақын, ең етене ұрпақ та тек біз. Мұндай жақындық, мұндай етенелік бізге тарих алдында үлкен жауапкершілік жүктейді. Асыл ұстаз өсиет еткен абзал мұраттардың тек қиял боп қалмай, нақты шындыққа, нақты әлеуметтік болмысқа айналар-айналмасы, мына біздерге байланысты.
Оның шығармаларындағы шынайы гуманизм, адам мүддесіне деген айрықша ынта, айрықша қамқорлық, өмірдің көзіне жалтармай қарайтын шыншылдық, енжарлықты, шалағайлықты, қиянатты, сұғанақтықты жегідей жек көретін рухани максимализм біздің бүгінгі жүзеге асырмақ бастамаларымыздың да басты сипатына, басты мазмұнына айналуға тиісті.
Абайдын айтуынша, адамның бақытты болуы үшін, оның ынтасы мен сол ынтаның мақсатына жетуіне былайғы жұрттың ықыласы керек. «Достықты достық шақырады», - дейтіні де тегіннен тегін емес. Сондықтан да, ол ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, уыздай ұйыған ынтымақты көп аңсады. Ал халық дегеніне жету үшін оған да өзін қоршаған ортамен дәл сондай ынтымақ пен ыкпалдастық керек. Бұл - біздің бүгінгі таңда тағдырымызды шешетін ең басты тарихи факторлардың бірі.
Біз де бүгін ұлтішілік татуластыкқа да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз.
Қорыта келсек, бүгінгі таңда бәріміз ұлықтап отырған ұлы ақылгөй осыдан бір жарым ғасыр бұрын өз тұсындағы өркениеттен атымен шетқақпай жатқан аймақта жүріп-ақ, тек бүгінгі өркениет қана камтамасыз ете алар адамдар мен халықтардың бостандығы мен жарастығына негізделген, ізгілігі мен игілігі бірдей биік дамыған азат қоғамның қандай болмағы керек екендігін де дәл пайымдай алыпты.
Ал бүгін сол асыл жүрек, абзал ақыл дұрыс сипаттаған кемелділік коғамын ойдағыдай жүзеге асырып шыға алатын моральдық мүмкіндік бізде бар. Акын армандаған ғылым да,
өнер де, кәсіп те, білім де баяғыдай таңсық емес. Халқымыз сауатты, мамандарымыз білікті. Еліміз тату. Қоғамның үштен бірі – отызға толмаған жастар. Тек сауатқа сәйкес қабілет, білімге сәйкес сана, жастыққа лайық жалын, жігер, жасампаздық болса, Абайдың қолы түгілі, аузын байлаған ізгі мақсаттарды іске асыруды уақыттың өзі талап етіп отыр.
Абай жылын өткізген жақсы. Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал оның терең ойы мен пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш боп қаланып жататын нақты іске айналса, тіптен құба-құп.
Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын қастерлей білгеніміздің, әділет пен абзалдық ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың бірден-бір белгісі де осы болып табылады.
Бүгінгі елімізде жасалып жатқан ұлы істердін нәтижелі болуына ең кажетті нәрсе - сенім. Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады. Ал ұлы Абайдын, уайымшыл Абайдың болашаққа деген сенімін әсте жоғалтпағанын мына бір сөздерінен көруге болады: «Жа-мандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек - қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседен баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баядап калады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді», - дейді ұлы ақын.
Айтқаның келсін, жан баба!
Ел басына түскен бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің баянсыздығына, халқымыздың көңілін шаттыққа бөлейтін келісімге, жарастыкқа толы рыздықты, молшылықты күндердің сарғайтпай ертең-ақ келетініне менің де сенімім мол.
Абайды бізбен мәңгілік бір қылатын да осындай ұғым, осындай сенім.
Ендеше, Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай! Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне бергей!
Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |