Абдалиева Наргиз ибрахим халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары


Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың басым бағыттары



бет3/3
Дата26.02.2016
өлшемі330.5 Kb.
#27152
1   2   3

3 Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың басым бағыттары

Қазақстандағы жер қатынастарын дамыту ауылшаруашылығында жер пайдалануды реттеуді күшейтумен сипатталады. АӨК ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлердің жоқ кезінде жерді қайта үлестіру мен оны пайдаланудың тиімділігін арттырудың басты құралы болатын жалға беру қатынастары перспективалы болып қалады. Жалға беру кезінде адамдардың үш маңызды мотивациясының: қожайын-жұмысшы-жерді пайдаланушы бірыңғай жүйеге бірігуіне қол жеткізіледі.Э кономикалық құқықтық түсінікте жалға беру бір тарап (жалға беруші) екінші тарапқа жалға алушыға мүлікті (жерді) шартта кеісілген жалға беру ақысына уақытша пайдалануға беретін шартпен рәсімделген мүліктік жалға беру болып саналады. Жалға алу кезінде жалға беруші, егер бұл келісім шартта көрсетілмесе оны пайдалану тәсілін өздігінше айқындай алады және өндірілген өнім мен оны сатудан түскен пайданың меншік иесі болып қалады. Жалға берушіні бұл жағдайда тек шамасы жалға беріліп жатқан жердің ахуалымен анықталатын жалға беру төлемақысы ғана қызықтырады. Жалға берудің мынадай түрлері бар: жеке отбасылық және ұжымдық.

1. Жеке жалға алу - шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру мақсатында жеке тұлғалар үшін;

2. Отбасылық - отбасы басшысына жалға беру келісімін заңды рәсімдеумен отбасының әрбір мүшесіне жалға жер үлесін беру.

3.Ұжымдық - өз жер үлестерімен және еңбекке қатысуымен АШӨК, ЖШС жұмысшылары үшін Қазақстанда барлық мемлекеттік емес агроқұрылымдар (АШӨК, ЖШС, Ш (Ф) Қ) алғашқы қайтарымсыз ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының иеленушілері болып табылады (5 жылдан 49 жылға дейін мерзімге) (1-сурет). Екінші жер пайдалану құқығы,бірінші жер пайдаланушы өзіне тиісті учаскені немесе оның бір бөлігін уақытша пайдалануға екінші адамға берген жағдайда пайда болады. Жалға беру келісімшарты жалға берушінің арендатормен қарым қатынасын реттейтін негізгі құжат болып табылады. Жалға беру келісімшартында:

-Жалға берілетін жер учаскесінің құрамы мен құны;

-Жалға беруші жөнінде жалға берушінің және оны мақсатты пайдалану жөнінде жалға алушының міндеті;

-Жердің құнарлылығы мен экологиясын сақтау және жақсарту бойынша тараптардың міндеттерін бөлу;

-Келісім шарт тоқтағаннан кейін жалға берушіге жерді келісімде көрсетілген ахуалда қайтаруға арендатордың міндеті;

-Жалға алу ақысы өлшемі,жалға беру мерзімі және басқада шарттар қарастырылады.

Заң бойынша 3-5 жылға және қосымша пайда алу мақсатында оларды пайдалану кезеңінде жалға берушілерге жер үлестерін иеленушілер (әлеуметтік сала қызметкерлері, зейнеткерлер) беретін қысқа мерзімді жалға беру белгіленген. Жалға берушінің сол бір учаскені өңдеу сияқты ұзағырақ болған сайын,оны тиімді пайдалану үшін онда себептің көп болатынын тәжірбие көрсетуде.

Мемлекеттік жер қоры

(аудандық, қалалық, қыстақтық, ауылдық, селолық атқару комитеттерінің үкім шығару құқы бар)








алғашқы жер пайдаланушылар








мемлекеттік заңды тұлғалар тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығымен

- мемлекеттік емес заңды тұлғалар (ӨК, ШС, АҚ)

- жеке тұлғалар (ШФҚ) қайтарымсыз ұзақ мерзімді жер пайдалану құқында






алғашқы жер пайдалану құқының пайда болуының негізі




мемлекеттік құзырлы орган актісі



- жалға беру келісім шарты

- уақытша қайтарымсыз жер пайдалану келісім шарты








Жер пайдалану құқын басқару








учаскелерді немесе олардың бір бөлігін:

- субарендаға;

- уақытша қайтарымсыз жер пайдалануға (сатып алу-сату, алмасу, кепіл) беруге құқылы

мемлекеттік өкілеттік орган келісімімен ұзақ кақытқа жалға бере алады







Екінші жер пайдаланушылар







Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге тілек білдірген немесе өндірумен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалар


Екінші жер пайдалану құқығының пайда болу негіздері



Уақытша қайтарымсыз жер пайдалану туралы келісім шарт



Субаренда келісім шарты түріндегі екінші жер пайдалану туралы келісім шарты




Ескерту – Автордың құрастыруы

1сурет – Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру үлгісі


Жалға беру мерзімін ұзарту арендаторды жер учаскесі иесі мәртебесіне жақындатады және оның құнарлылығын арттыруға үлкен дәрежеде мүдделі етеді. Жер пайдаланудың ұзақтығы арендаторлардың, топырақ құнарлылығын арттырумен, тиімді жер пайдаланумен байланысты шараларды жүзеге асыру қажеттілігіне сенімділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақыттағы жер қатынастарының дамуы жердің нақты құнын анықтаусыз мүмкін емес. Жер төлемдерінің жүйесі қатаң ақпараттың базасына, мониторингке, жерлің кадастрлік бағасында негізделетін жер бағасының көрсеткіштерінде негізделуі тиіс. Жерге нормативтік бағалар нарықтық механизмінің жұмыс істеуінің негізі болып табылады. Солар арқылы жерге салық салу мен жалға ақы төлеу, кепілдік операциялар (ипотека) және жерді сатып алу-сату механизмінің өзінің жүйелері жұмыс істейді. Жердің құны жерлердің құнарлық мәселелерінен, өткізу нарығына қатысты олардың орналасу орнынан, сондай-ақ табиғи-климаттық жіне эконоимкалық сипаттағы көптеген аспектілерден тұратын жерді бағалаудың тұтас жүйесі негізінде есептеледі.



Ескерту – Автордың құрастыруы

2 сурет – Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау кезеңдері және әдістемелік ұсынымдар

Әлемдік тәжірибе мен пратика ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау үдерісінің әрқайсысының өзіне өзі әдістемелік көзқарастары тән үш жүйелі сатыдан өтуі тиіс екенін көрсетті (2-сурет).

Зерттеу батыстық экономикалық практиканың қозғалмайтын мүлік нысандарын бағалауға үш негізгі әдістемелік амалын жасап шығарды және іске асырды: сатуларды салыстыру, шығынды және кірісті капитализациялау (жерді бағалауға да осыны жатқызуға болады).

Салыстырмаларды салыстыру әдісі жер құнын бағалаудың әдісі жер құнын бағалаудың өте жақсы әдісі болып табылады, алайда Қазақстан үшін тән сатылымддар боцынша жеткілікті ақпараттың жоқ кезінде қолданылатын басқа да әдістер бар. Жер, ғимараттар мен ғимараттардан бөлек жалға берілетін кезде жер рентасын капитализациялау әдісі ыңғайлы.

Арендатор салықты төлеуге және барлық басқа да шығындар үшін жауапты мойынына алатын жағдайда жалға алынатын ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер мен коммерциялық қолданыстағы учаскелер жағдайында бұл әдіс негізгі болып қалады. Жердің дамыған нарығыменелдерден айырмашылығы ауыл шаруашылығы жерлерін бағалау кезінде Қазақстанда нормативтік бағаны есептеу үшін ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлерді экономикалық бағалаудың 3 туры нәтижелерін қолдануға негізделген өз әдістемелік көзқарастары қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы жерлерін бағалаудың бірінші кезеңі республикада 1986 жылы аяқталды. Топырақ бонитировкасы орналасқан орнын бағалау, жердің технологиялық қасиеттерінің сипаттамалары негізінен барлық аудандар бойынша бар. Жерлерді бағалаудың екінші және үшінші сатыларын іске асыру ауыл шаруашылығы үшін бұл міндеттерді шешуге нақты – практикалық көзқарастар әзірленген болатын. Республикадағы жерлердің барлық санаттарын бағалаудың екінші кезеңінде мұндай қағиданы жер үшін төлем ақы ставкасын анықтау кезінде жер шаруашылығының мемлекеттік ғылыми - өндірістік орталығы қолданды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Елімізде, ТМД елдері мен бас­қа да шет мемлекеттердің заң­на­маларына сәйкес, ауыл шаруа­шы­лығы жерлерін тиімді пайдалану қатысты мәселелер негізінен екі бағытта жүргізіледі.

1. Мемлекет тарапынан жерді тиімді пайдалануға қатысты жүргізілетін іс-қимылдар. Оларды мақсатына қарай үш бөлікке бө­луге болады. Олардың алғашқысы жерді тиімді пайдалануға байла­ныс­ты заңнамаларды жетілдіру. Қолданыстағы Жер кодексіне сәйкес (92-бап), екі жыл пайда­лан­баған жер учаскелері, жерді бақылау инспекциялары тарпы­нан жазбаша ескерту берілген соң, жер учаскесі тағы да бір жыл пайдаланылмаған жағдайда, сот тәртібінде жер учаскесі оның иесінен мәжбүрлеп алынады. Ал ауылшаруашылық жерлері оларды пайдалануда жер құнарлылығының едәуір төмендеуіне соғатын болса (93-бап), жер инспекциясының, талап арыз беруден үш ай бұрын, заң бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуден кейін ғана және осы мер­зімде жер иесі заңдардың бұ­зы­луын жоймаған жағдайда сот тәр­тібімен жер учаскесі мәжбүрлеп алынуы мүмкін.

Жерді пайдаланбауына байла­нысты жер учаскесін алу механизмі өте күрделі және сот процедурасын қоспағанның өзінде, жерді пайда­ланбау мерзімі үш жылға дейін со­зылады. Бұдан басқа жер құнар­лылығының төмендеуіне байланыс­ты оларды алып қою тетігі жер құ­нарлылығының төмендеуінің көр­сеткіштері заңнамалармен бел­гіленбеуіне байланысты бүгінгі күні аталған заң бұзушылық бойынша шара қолдану мүмкін емес. Осы се­бепті, агенттік тарапынан Жер ко­дек­сіне тиісті ұсыныстар әзірленіп, қа­зіргі кезде олар Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл ретте, жерді пайдаланбағаны үшін оларды алып қою тетігін жетілдіру және ауылшаруашылық жерлерінің ұзақ мерзімге айналымнан шығып қалуының алдын алу мақсатында, кодексте белгіленген екі жыл пай­даланбау мерзімі 5 жыл кезеңдегі екі жыл пайдаланбаған мерзімнен тұратын болады.

2. Жер құнарлы­лығын төмендетуге байланысты көрсеткіштер Үкімет бекітетін жерді тиімді пайдаланудың тәртібі құрамында белгіленетін болады. Жер құнарлылығы көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің құрамында бо­лып келген “Республикалық агро­химия қызметінің ғылыми ме­тодикалық орталығы” мемлекеттік мекемесі Үкімет қаулысымен Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамына берілді.

3. Келесі шара – ауыл шаруашы­лы­ғына субсидиялар беруді жүйе­лендіру. Аталған мәселе бойынша мемлекет саясатының мәні, ол ауыл шаруашылық субъектілеріне берілетін субсидияларды озық тех­но­логиялар мен сапалы ауыл ша­руа­шылық өнімдерін өндіретін жә­не жер ресурстарын тиімді пай­дала­натын субъектілерге басымдылық ретінде беруді жүйелендіру болып табылады.

4. Жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Мем­лекеттің басты әкімшілік функ­цияларына жататын мем­ле­кет­тік бақылаудың негізгі мақсаты жер пайдалануда заңдылықтардың сақ­та­луын бақылау болып табыла­ды. Атал­ған функцияны агенттіктің өңір­аралық жер инспекциялары атқарады. Былтырғы жылдың қо­ры­тындысы бойынша, агенттіктің жер инспек­циялары көлемі 1,3 млн. га жерде 9 мыңнан аса пайда­ла­ныл­майтын жер учаскелерін анық­тады. Сонымен қатар, көлемі 2,04 млн. га болатын 3,4 мың жер учас­келері иесіз учаскелер ретінде есепке қойылды.

5. Жерлерді тиімді пайдалану бой­ынша мемлекет тарапынан жүр­гізілетін іс-шаралардың келесі бір бағыты, ол жер иелерінің өздері бастамашы болатын іс-қимылдар.

Еліміздің заман талабына сай нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, республикамыздағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері негізінен мемлекеттік емес субъектілердің иелігіне көшкені аян. Осы себепті, ауылшаруа­шы­лық жерлерінің 98 пайызынан а­с­та­мы 207 мың шаруа қожалықтары және 7,1 мың шаруашылық серік­тес­тіктер, акционерлік қоғамдар мен ауылшаруашылық коопера­тив­­терінің иелігінде. Сондықтан да, өз иеліктеріндегі жерлерді тиімді пай­далану мен оларды қорғау аталған субъектілердің басты мүддесі мен міндеті.

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалануда шаруашылық­тардың жер көлемі, ауылшаруа­шы­л­ық мәшинелерін пайдалану тиімділігі мен ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік жүйеге бейімдеуге және де жаңа технологияларды енгізуге айтарлықтай әсерін тигізеді деп атауға болады.

Қазіргі кезде, солтүстік өңірлер­де шаруа қожалықтарының орташа жер көлемі 400 гектардан 720 гек­тарға дейін, ал оңтүстік өңірлерде 20-дан 162 гектарға дейін құрап отыр. Сол себепті, шаруа қожалық­тары жерлерін біріктіру арқылы оларды ірілендіру, сол арқылы өн­дірісті тиімді жүргізудің тәсілдерін дамыту, өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Заңнамаларға сәйкес, мұндай бастама жер пайда­лау­шылардың еркімен жүргізіледі. Мемлекет тарапынан оларды ын­та­ландыруда экономикалық тетіктер, яғни субсидияларды беруді жүйе­лендіру арқылы, шаруашылық­тар­ды ірілендіруге және озық техно­логияларды пайдалануға екпін беру қолданылады.

6. Ауыл шарушылығы жерлерін тиімді пайдалану арқылы, осы салада еңбек өнімділігін арт­тырудың ауыл шаруашылығы субъек­тілеріне тиесілі келесі бір бағыт – жерді пайдаланудың ғылы­ми негізделген жерге орналастыру жобаларын жасау. Жоба аясында жерді сапасы мен мақсатына орай орналастыру шаралары, ауыспалы егістерді қолдануды ұйымдастыру, жерді жел және су эрозиясынан қорғауға және топырақ құнар­лылығын арттыруға негізделген жер­ді өңдеудің технологиялық кар­таларын жасау, рынок сұранысына орай, жергілікті жерге бейімделген ауылшаруашылық дақылдарының құрамын анықтау, тағы да басқа осы айтылған мәселеге қатысты кешенді жұмыстарды жүргізу. Осы себепті бұл шараларды жүргізу жер иелерінің олардың мүдделерімен қатар осы саладағы мемлекет саясатымен ұштасатын іс-шаралар.



ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
1 Аграрлық салада жер ресурстарын пайдаланудың экология-экономикалық мәселелері // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика» факультетінің 20 – жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдар жинағы, Қызылорда, 2012 жыл.

2 Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың бағыттары //Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдары «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2012 жыл.



Резюме
Абдалиева Наргиз Ибрахим - Халилаевна
Пути повышения эффктивности использования земельных ресурсов в аграрном секторе

(на материалах Кызылординской области)


на соискание академической степени магистра

экономики и бизнеса по специальности 6 М050600 - «Экономика»


Оъектом исследования являются земельные ресурсы хозяйств в сельскохозяйственной отрасли Кызылординской области.

Предмет исследования – методологические и практические проблемы экономической эффективности использования земельных ресурсов в аграрном секторе.

Цель исследования – разработка предложений по повышению эффективности использования земельных ресурсов в аграрном секторе.

Теоретическими и методологическими основами исследования являются труды отечественных и зарубежных ученых, связанные с объектом и предметом исследования. Информационную базу исследования составляют программные материалы Кызылординской области, данные департамента сельского хозяйства Кызылординской области, Агенства по управлению земельными ресурсами Республики Казахстан, материалы Агенства РК по статистике и департамента по статистике Кызылординской области.

Научная новизна диссертационного исследования.

В качестве научной новизны в диссертационной работы выступают следующие результаты:

- обоснованы теоретические аспекты экономической эффективности при использовании земельных ресурсов в сельском хозяйстве;

- предложены приоритетные пути эффективного использования сельскохозяйственных земель;

- определены пути развития ипотеки по использованию земельных ресурсов;

- предложены пути совершенствования методологии оценки земель сельскохозяйственного назначения.



Теоретическая и практическая значимость исследовательской работы. Исследовательская работа связана с определением теоретико – методологических основ по эффективному исследованию сельскохозяйственных земель. Методологические рекомендации, выводы и предложения по экономическому обоснованию эффективного использования земельных ресурсов были использованы в Департаменте сельского хозяйства Кызылординской области.

SUMMARY
Abdalieva Nargiz Ibrahim - Halilaevna
Increase ways of efficiency of using of ground resources in agrarian sector

(on materials of Kyzylorda area)


On receiving of the academic degree of the master Economy and business

on a speciality 6М050600 - "Economy"




Object of research are ground resources of farms in agricultural branch of Kyzylorda area.

Subject of research – methodological and practical problems of economic efficiency of use of ground resources in agrarian sector.

The research’s objective – is developing offers on increase of efficiency of ground resources in agrarian sector using.

Theoretical and methodological bases of research works are domestic and foreign scientists connected with object and subject of research. Information base of research are made by program materials of Kyzylorda area, the dates of agriculture’s department of Kyzylorda area, Agency of ground resource’s management of Republic Kazakhstan, Agency on statistics o Republic of Kazakhstan, materials of department on statics of Kyzylorda area.

Scientific novelty of dissertational research.

As scientific novelty in dissertational works are following results:

- Theoretical aspects of economic efficiency at use of ground resources in agriculture are proved;

- Priority ways of an effective utilization of farmlands are offered;

- Ways of development of a mortgage on use of ground resources are defined;

- Ways of perfection of methodology of an estimation of the earths of agricultural purpose are offered.



The theoretical and practical importance of research work. Research work is connected with definition of theoretical– methodological bases on effective research of farmlands. Methodological recommendations, conclusions and offers about an economic justification of an effective utilization of ground resources have been used in of Kyzylorda area’s Department of agriculture.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет