Бақылау түрі
|
Балл (ұпайлар)
|
Ағымдық бақылау
|
20
|
Аралық бақылау
|
35
|
Үй жұмысы
|
10
|
Қорытынды бақылау
|
35
|
Барлығы
|
100
| Білімді бағалау критериялары (мөлшері):
%-мазмұны
|
Критериялар
|
қанағаттандырарлықсыз баға мөлшері
0-49
|
Бағдарлама материалдар бойынша жауап бере алмау; оқу бағдарламасының материалдарын білмеу және елеулі қате жіберу.
|
қанағаттандырарлық баға мөлшері
50-74
|
Берілген жауабы толық емес, негізі дұрыс; оқу бағдарламасын терең білмеуінің байқалуы; арнайы жеңіл атлетика және жалпы жаттығуларының әдістерін орындауда жекелеген қате жіберу; материалдарды баяндағанда бейтараптық көрсету; дағдыны қалыптастыруда елеулі қателіктер жіберу.
|
жақсы баға мөлшері
75-89
|
Жауап дұрыс, толық емес; Жеңіл атлетика негізін меңгеруде дұрыс білім көрсету. Жеңіл атлетика спортының түсініктерін және негізгі терминдерін меңгеруде жан-жақты білім көрсету. Басқа да бағдарламалық материалдарды пайдаланып, жауап беруде қолдана білу. Бағдарламалық материалдарды баяндағанда кейбір жауабында туралықтың болмауы, негізгі мазмұндауда елеулі қателіктер жіберу.
|
үздік баға мөлшері
90-100
|
Жауап толық дұрыс; жеңіл атлетика әдістерінен білімділікті, түрлерінің оқыту негізін көрсете білу. Жеңіл атлетика спорттың түсінігін және негізгі терминдарын теориялық жағдайда толық баяндай білу. Жауап беру кезінде басқа да оқулықтардан және журналдардан, интернеттен деректер келтіре білу. Сабақтың кейбір бөлімдерін жүргізе білу, бұйрық беру дауысын көрсету, жаттығуды дұрыс орындау және әдістемелік нұсқауды пайдалану.
|
1.9 Саясатымен процедурасы:
-
сабаққа кешікпей келу;
-
сабақ кезінде сөйлесуге, сағаз шайнауға;
-
телефонмен сөйлесуге;
-
себепсіз сабақтан шығуға рұқсат етілмейді;
-
сабаққа таза, спорттық формамен келу, спорттық киім ауа-райына байланысты спорт зал температурасына сай киілуі керек;
-
сабақ кезінде соққы зардаптардан сақтану;
-
бақылау жаттығуларын және нормативттерді тапсыру, белгіленген уақыт бойынша сынақтарды және емтихандарды тапсыру;
-
өз еркімен дене қасиеттерін дамыту, қарапайым өлшеу аппараттарымен, жүрек соғысын тыңдау арқылы өз денсаулығын бақылау;
-
сабақты себепсіз босатпау;
-
ауырып қалған жағдайда уақытылы сабақтан босатылу туралы құжатты тапсыру.
-
оқу машықтану жиындарына және жарыстарға кеткен жағдайда сабақ жүргізетін оқушылардан тапсырма алып, жіберген сабақтарды уақытылы өту.
-
оқытушы белгілеген уақыт бойынша жіберген сабақты өтеу.
-
берілген тапсырманы орындамаған жағдайда, қорытынды кезінде айып салынып, ұпай саны қысқартылады.
-
оқу процесіне белсенділік көрсету;
-
үйге берілген тапсырмаларды ұқыпты орындау;
-
оқу кезінде сабырлы, ашық және оқытушыларды сыйлау, инабатты болу барлық студенттердің міндеті;
-
сабақ кезінде қайтарымды байланысты құптап, конструктивті көзқараста болу;
-
ұжымдық жұмысты байланыстырып оған көптеген студенттерді тарту;
-
белгілеген жерге уақытылы және міндетті түрде келу.
Айып салу ұпайы:
-
сабақты жіберу –10%
-
тапсырманы орындамау-10%
-
берілген жұмысты уақытылы тапсырмау-10%
-
кешігіп келу-10%
-
жауап беруден бірнеше рет бас тарту-10%
-
сабақ кезінде бейтарап (бағынбаулық) мінез көрсету-10%
Көтеріңкі ұпай беру:
-
белсенді жұмыс -10%
-
сабақты келмеу, кешігіп келмеудің болмауы-5%
-
жауаптың жан-жақтылығы 10%
-
жұмысты мерзімнен ерте орындау-5%
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы 5 кредит
№
|
Тақырыптар атауы
|
практика
|
СО-ӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Жеңіл атлетика пәніне кіріспе. Жеңіл атлетикалық жалпы және арнайы жаттығулар.
|
2
|
2
|
2
|
2.
|
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әдістерінің негізі, тегіс емес жермен жүгіру.
|
2
|
3
|
3
|
3.
|
Жеңіл атлетика тарихының дамуы. Лақтыру әдісінің негізі. Граната лақтыру әдісінң негізі және үйрету әдістері.
|
1
|
2
|
2
|
4.
|
Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының бірдей спорттық классификациясы. Найза лақтыру әдісінің негізі және үйрету әдістері.
|
1
|
2
|
2
|
5.
|
Арнайы жаттығуларды үйрету. Спорттық жүруден әдісінің негізі және үйрету әдісі.
|
3
|
2
|
2
|
6.
|
Жеңіл атлетикадан қарапайым жарыс ережелері. Кросстық жарыс ережелері.
|
2
|
2
|
2
|
7.
|
Қысқа қашықтыққа жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдістері (60-100, 200-400м)
|
3
|
2
|
2
|
8.
|
Екпінмен жүгіріп биіктікке «қайшылап» секіру әдісінің негізі және үйрету әдістері
|
2
|
2
|
2
|
9.
|
Нығыздалған допты лақтыру. Ядро итеру.
|
2
|
1
|
1
|
10
|
Екпінмен жүгіріп ұзындыққа «аяқты бүгіп», секіру негіздері және үйрету әдістері.
|
2
|
2
|
2
|
11.
|
Екпінмен жүгіріп ұзындыққа «шалқалап» секіру негіздері және үйрету әдістері.
|
2
|
2
|
2
|
12.
|
Екпінмен жүгіріп ұзындыққа «қайшылап»секіру негіздері және үйрету әдістері.
|
2
|
2
|
2
|
13.
|
Эстафеталық жүгіру әдістерінің негіздері және үйрету әдістері.
|
2
|
2
|
2
|
14.
|
Жеңіл атлетика сабақтарын өткізу әдістері. Сабақ өткізу орнын дайындау және оған қойыдатын талаптар.
|
2
|
2
|
2
|
15.
|
Жеңіл атлетика түрлерінен жарыс өткізу ережелері. Практикалық нормативтер тапсыру.
|
2
|
2
|
2
|
|
Барлығы:
|
30
|
30
|
30
|
2.2 Дәрістік сабақтың тезистері аясы жоспарда қаралмаған
2.3 Практикалық сабақ жоспары
Ұсынылған әдебиеттер: [1,2,6]
1-2 тақырып. Жеңіл атлетиканың жалпы және арнайы жаттығулары. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдісі.
Орта қашықтыққа жүгіру жоғары күш қуатын талап ету аймағына жатады. Осы аймақтың көрсеткіші оттегінің жетіспеуі, ал жүгіру қашықтығын соңына қарай өсіп 20-25л жетеді. Қан құрамына көп мөлшерде су қышқылы көбейеді. (270-200мг% құрайды). Мәреге жеткен кезде оттегін қабылдау мөлшері артады.
Орта қашықтыққа жүгіретін спортшы осы қиындықтарды жеңіп, ара қашықтықтың екі жартысында энергетикалық күш-қуаттың алмасуын әсіресе күш қышқылының және РН өзгеруіне шыдау шеберліктің көрсеткіші болып табылады.
Сауалнама:
-
Жеңіл атлетиканың жалпы және арнайы жаттығулары.
-
Ұзын және орта қашықтыққа жүгіру әдісі
-
Сөре
-
Қашықтық бойымен жүгіру
-
Бұрылыстардан жүгіру
-
Мәре
-
Ұзын және орта қашықтыққа жүгіру әдісі
Тапсырма:
-
Жалпы шыдамдылықты дамыту. Жүгіру кезінде денені қыздыру жаттығуларын орындау.
-
Жалпы және арнайы жаттығуларды орындау.
-
Жоғары сөре қалпын қабылдап қысқа аралыққа жүгіру.
-
100-200 метр аралықта жүгіріп орта және ұзын қашықтыққа жүгріу әдісін шыңдау.
Әдістемелік нұсқаулар
Ұзын және орта қашықтыққа жүгіру әдісінің дағдысын қалыптастыру үшін берілетін жаттығулар және теориялық негіздер: 800-2000 метр аралықта жүгіру, 3000-10000 аралықта жүгіру әдісін шыңдау.
Ара қашықтықтарда жүгіру мынадай әдістерді сақтау басты болып келеді: үнемді және бірқалыпты жүгіру жалпы шыдамдылықты талап етеді. Сонымен қатар, ара қашықтықта белгілі бір жылдамдықпен жүгіру (арнайы шыдамдылық)
Орта қашықтыққа жүгірген кезде адым ұзындығы 1м 80см –ден 2м 20см дейін, ұзын қашықтыққа жүгірушінің адымы орта қашықтыққа қарағанда 20-25 см кем.
Дистанциямен жүгіруді төрт фазаға бөлуге болады: сөре және сөрелік қозғалыс ара қашықтық бойымен жүгіру және мәре.
1.1 Сөре. «Сөреге!» деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының іш жағында тұрады, итеретін аяқ сөре сызығының қасында, ал сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сәл алға жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті және ыңғайлықты талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп және тіремей.
Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, жолдың іш жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп жедел қимыл жасайды. Дене бірте- бірте көтеріліп бір қалыпты жүгіруге көшеді.
1.2 Дистанция бойымен жүгіру. Орта және ұзын қашықтыққа жүгірген де, дене қалпы тік, сермеу адымымен басталып, тұрақты адым ұзындығына және жедел адымға көшеді. Адым ұзындығы және жылдамдығы жүгірушінің жекелеген қасиеттеріне бойына, аяқ ұзындығына, жылдамдығына, тыныс алуына жалпы шеберлігіне байланысты.
1-сурет
1.3 Бұрылыстармен жүгіру. Бұрылыспен жүгірген жүгіруші денені сәл солға бұрады, сол қол жедел қозғалып, ал оң қол созғалысы баялау болады.
1.4 Мәре. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әр кезде мәрелік ұмтылумен аяқталады. Ұзындығы әр түрлі. Орта есеппен 1,50-2,00 метр.
2. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әдісіне үйрету
Жүгіру әдісіне үйретуді бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңнің мақсаты: дайындаушылардың жүгіру әдіс туралы жалпы түсінік беру. Бұл мақсатты шешу үшін жүгіру әдісін дұрыс көрсету арқылы шешіледі. Жүгірушілер назарын бастың, дененің қалпын көрсетіп итерілу қол қозғалысын түсіндіру басты мақсат. Көрсетуді қосымша бейне материалдарды көрсету арқылы әдіс туралы түсінік беріледі.
Екінші кезеңде практикалық сабақ кезінде тік жолмен көрсетілген әдіс бойынша орындалады. Сабақ кезінде көрсету елеулі орын алады. Содан кейін жүгірушілер берілген арақашықтықты әр күшпен жүгіреді. Оқытушы орындалған әдісті бақылап тұрып, граната білегінде жатады, саусақтар допты қыспай ұстайды.
1.1 Екпінмен жүгірудің алдыңғы кезеңі. Екпінмен жүгірген кезде доп (граната) иық үстінде болады. Екпінмен жүгіруді екі бөлікке бөлуге болады: алғашқы мәреден бақылау белгісіне дейін, (14-20м) ақырғы бақылау белгісіне дейін (7-9м). Алғашқы бөлікке екпін серіппелі, алға артқа дене құлшынысын жасап жүгіреді. Сол қол жай жүгіріс кезіндегі қозғалысын жасайды, доп (граната) бар қол оңға, артқа ырғақ жасайды.
1.2 Жеңіл атлетиканың дамуының актуалды сұрақтары
Жеңіл атлетика пән ретінде дене тәрбиесі маманын дайындауда беделді орын алады. Спортпен байланысты емес факультеттерде дайындағанда беделді орында, себебі ол дене қасиеттерін (жылдамдықты, шыдамдылықты, ептіліктің) денгейін көтеруге, қажетті қозғалыс дағдыларын қалыптастырады, гиподинамия-мен күресудің епті жолы- ол жеңіл атлетика.
Таңдаулы спорт түрінің негізгі міндеті:
-Тренировка және оқу әдістемесінен және теория саласынан білім беру;
-Жеңіл атлетиканың жекелеген түрінен біліктілікті және дағдыны қалыптастыру;
-Анаматикалық әрекеттен қабілетілікті қалыптастыру, қателердің коррекциясын және әдістемелік элементтерді уақытылы түзету;
- Машықтандыру процесін дұрыс қалыптастыру және үйрету қабілеттілігін қалыптастыру, тренировкалық процестерін құрастырғанда жарыс кезеңінен (дайындық, жарыс ауысу) процестерінен туындайды;
-Қозғалу кезеңінің әдісін оқытуда қажетті дене сапасын дамыту және жеңіл атлетикада басқа спорт түрінен жоғары нәтижеге жету;
-Әр жастар тобымен сауығу өмірін қалыптастыру үшін тренировка әдістерінен мамандар дайындау;
-Жеңіл атлетиканың жекелеген түрінен тренерлік қызметке керекті біліктілікті және қабілеттерді қалыптастыру;
-Ғылыми іздену жұмысын жүргізе білу, дамыту жолдарын қалыптастыру және практика жүзінде жүргізілген көрсеткішті пайдалана білу.
Жеңіл атлетика жаттығулардың әр түрлі болуы жүру, жүгіру, секіру, лақтыру түрін меңгерген кезде жүктемені дұрыс қолдану көзі. Көптеген жаттығулардың әдісін орындауда қарапайым болуына байланысты оларды мектеп алаңдарында көлемі шағын жеңіл атлетика манежінде орындалуын қамтамасыз ету.
Жеңіл атлетика мынадай бөлікке бөлінеді: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, көп сайыс. Жеңіл атлетикалық жүруге жататындар: спорттық, саптық, жаяу жүру.
Жүгіру түрлерінің сипаты: тегіс жермен жүгіру, эстафеталық, желе жүгіру (кростық), кедергіден жүгіру.
Секіру түрлерінің сипаты: тік және көлденен.
Көлденен секіруге жататын: орында тұрып секіру, екпімен жүгіріп ұзындыққа, үштік секіру.
Тік секіруге жататын: екпімен жүгіріп биіктікке секіру, сырықпен секіру.
Лақтыру түрлерінің сипаттамасы: бұрылып лақтыру (диск, молот), иықтан асыра лақтыру (найза, граната, ядро итеру).
Жеңіл атлетикалық көпсайыстарға жататындар: әйелдер көпсайысы –бес, жеті сайыс. Ерлер көпсайысы- алты, сегіз, он сайыстар.
Жеңіл атлетика курстың мазмұны.
Жеңіл атлетика орындау әдісі, дене қасиеттерін жақсарту үшін үйрету кезеңінде арнайы жаттығулар қолдану жағы қарастырылған. Жеңіл атлетика жаттығулардың үйрету әдісі кеңінен қаралған.
Балалармен және жоғарғы дәрежедегі спортшылар мен спорттық тренировка жүгірудің теориялық және практикалық құрастырмалары кеңінен оқытылады.
Жеңіл атлетиканың жекелеген түрлерінің тарихы және жаттығу әдістерінің тарихының қалыптасуынан құрастырылған.
Жекелеген тестілерді іс жүзінде қолдану, дене қасиеттерінің дамуын уақытылы дене қасиеттерінің жаттығу арқылы дамуы, үйрету және машықтану әдістерінің сапасын жетілдіруге бағытталған.
Жеңіл атлетика курсын оқу кезінде жоғарғы жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына жан-жақты жағдай жасалған.
Тек дене тәрбиесі жаттығуларының орындауы ғана көзделмеген, педагогикалық қабілеті жан –жақты, осы қабілет арқылы басқа адамдарды жеңіл атлетиканың жекелеген түрлерін үйрету, қоғамды сауықтыру өміріне жетелеу болып табылады.
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасыны-нан толық мағлұмат қалыптастыру және техника негізін және әдістерін меңгеру үшін теориялық негіздер қарастырылған
Тақырып:1.2 Спорттық жүру және жүгіру әдісінің негізін қазіргі тренировка атлеттен үнемді (рационалды) әдісті талап етеді, ол оған керекті күш қуатты үнемді пайдалана отырып жоғарғы ырғақты сақтау болып табылады.
Тақырып:1.3 Секіру әдісінің негізі.
Секіруді анықтау. Секіру фазасы: екпін алу итерілуге дайындалу, итерілу ұшу, түсу.
Итерілу механизмі. Сермелетін аяқтың, қолдың қозғалысының, дененің түзету, итерілудің маңыздылығы
1.4 Секіру техникасын жетілдіру.
Секіруші жаратушы берген күшті дұрыс пайдалану (Н.А Бернштеин) дерегі бойынша күшті екіге бөледі: 1, реактивті инерционды бұлшық ет қимылының алдын ала қатаң деформация қуатының созылуының күш қуаты. Осының барлығы итерілу қуатын екпін алған жылдамдығының байланысынан қамтамасыз етіледі және бастапқы жылдамдықтан, ұшу бұрышынан туындайды.
Итерілу қозғалысының механизмін дұрыс түсіну үшін биіктікке секірудегі итерілуді жылдамдықпен байланыстыра отырып қарастыру мағыналы деп қараймыз.
Итеру уақытында жылдамдықтың қосындысының спортшы денесінің белгілі бір жылдамдықпен Д.О.М тепе -теңдікте қозғалуы, итерілу күшінен қуатынан пайда болады. Осы арада итерілуден итеру күшінен туындап белсенді күштен пайдалану. Принципінен құралған тежеуші итерілу күші осы арада екпін алу бағынышты рөлде. Итерілетін аяқтың бұлшық еттерінің күшінің әрекетінен, секірушінің бастапқы жылдамдығының өсуіне, итерілу функциясының тиіп кетуі (рикошет манызы зор). Итерілетін аяқтың бұлшық еттерінің әрекетінен пайда болатын амортизациялық фазаға өтуді үнемді пайдалану.
Қазір итерілу әдісін (реактивті) тиіп кету нәтиже-мен сипатталады. Осыған байланысты итерілетін аяқты жедел шығарып итеру орнына қою мағынасы зор. Қазіргі дайындықта итерілуге кіру әдісі,сермелген аяқты жедел орындаіу әдісі екпін алуда жүгіру адымның әдісі оның ырғақты жүйесі.
Секіру әдістері әр түрлі болса да, итерілу әдісінің негізі жалпы бірдей.
Практикалық жүзде орындау амалдары тепе-тең болып келеді. Ерлер арасында советтік секіруші В.Ященко аспалап (перекидной) тәсілі арқылы (2,34., 2,35м) алған осы әдіспен Г.Вессинг ГДР-2,36 см (1980ж). 1968 жылы Мехико Олимпиадасында Фосбери - флоп әдісімен 2,24см алып чемпион атанды. Кейінгі жылдары осы әдіспен С.Симиони 2,01 ал ерлер арасында Х.Сотамайер-2,45(1993 ж). Осы рекорд осы күнге дейін жаңартылған жоқ.
Биіктікке секіру жүйе жағынан күрделі жаттығуларға жатады, әр түрлі жүйелерден құралған және екпін алғанда циклды қозғалудан итерілу және ұшу фазасында циклді қозғалысқа ауысады.
Әсіресе фазаларда кездесетін үйлесу байланыста-рын ескерген манызды: А)сүреден екпін алғанда жіберілген қате итерілу фазасында оз әсерін тигізеді Б)итерілуге дайындалу фазасында қазіргі реактивті-тиіп итерілу құрастырғанда өте жауапты. В)сермелетін аяқтын итерілуінде жоғарғы қуатпен кең көлемді қозғалыспен орындалып таяқшадан өткенде ұтымды өтуін қамтамасыз етеді. Ф)таяқшаға кіру фазасында итеретін аяқтын өтуінің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен биікке секіргенде динамикалық және әдістік нәтижелікке жету үшін төрт фазаға бөлінеді; секіру қозғалысының бір жүйелігі ритммен (ырғақпен) біріктіріледі: 1) сөрелік екпін. 2)итерілуге дайындалу және өту; 3)итерілуге кіру; 4)көтерілу фазасын орынду (таяқшадан өту)
Ұзындыққа және үштік секіруде жалпы әдісінде, орындау амалдарында, дайындық әдістерінде және жоспарлауда, оқу тренировка процесінде ұқсастық бар. Осы жеңіл атлетика түрінің меңгеруге дайындағанда және жетілдіруінде бірін бірі толықтырып, спорттық қозғалудың тұрақтылығына өз әсерін тигізеді.
Ұзындықта және үштік секіруде спорттық әдістің негізін атлет қозғалу қабілетін (биомеханикалық заңдылықты) сақтап отырып ұтымды пайдалануда негізгі мақсат-көлденең аралықты ұзақ өту. Барлық жағдайда қарапайымдылық және спортшының табиғи қозғалысын дұрыс пайдалану ол спорттық әдістің бірден бір көрсеткіші. Секіру кезінде спортшы секіргенде трекпен уақытылы белсенді байланыста болып орындауды іске асады. Спортшы ішкі күш әрекеті арқылы, бұлшық еттердің жиырылуы арқылы қозғалады. Олар қозғаушы күшке жатады. Әр қозғалыста қозғаушы күштен басқа тежеуші күш байқалады: оларға жататын ауаның қарсылық күші, дененің салмағы және тіректе пайда болатын реакция күші, дененің қозғалысына қарама-қарсы. Бұлшық еттердің сығылуы (қозуы ішкі күш ретінде тежеуші).
Сонымен жеңіл атлетикадағы секірулерді жетілдіру әдісі ол қозғаушы күшті епті пайдалана отырып тежеуші әрекетті бәсеңдету болып табылады.
Механика заңдылығы бойынша секірушінің денесінің алысқа ұшуы ол көтерілудің бастапқы жылдамдығының көлеміне. Ұзындыққа секірудегі дененің білік нүкте ортасының биіктігіне бұрышына байланысты. Қазіргі замандағы ең тәжірибелі шебер секірушілердің әдісін зерттеу арқылы мынадай қорытынды жасауға болады: алысқа секіру үшін дененің көтерілуінің бастапқы жылдамдықтың маңыздылығы, белсенділігі ақырғы адамның екпінімен белгіленеді. Секіруші итерілгенде қозғалыс бағытын өзгертіп, қолайлы ұшу бұрышын туындатады, осылар керекті биіктікті және алысқа ұшуды қамтамасыз етеді.
Белгілі спортшылардың секіруін жіктегенде, екпін жылдамдығын 9,1 ден 10,7 метр/сек көбейткенде ол нәтиженің өсуі 690-890см-ге тең, ұшудың бастапқы жылдамдығы 8,5-9,6 метр/сек көбейеді және Д.Б. нүктесі 20-22 көлемінде сақталады.
Тақырып 1.4 Лақтыру әдісінің негізі
Снарядтың алысқа ұшуы маңыздылығы, лақтырғандағы бастапқы жылдымдыққа ұшу бұрышына, снарядтың көлеміне байланысты. Снарядтың қолайлы бұрышпен ұшуы оның маңыздылығы, сол орындағы бұрышқа да тәуелді. Лақтырушының снарядқа күш түсіруі жол ұзындығына снарядтың жылдамдылығына лақтыру түрінің тізбегіне жекеленген бұлшық еттердің топтарының бірте-бірте жұмысқа енгізілуі мен сипатталады.
Лақтыру фазасы.
Лақтырушыларды дайындау тұрақты өзгертпелі процесс болып табылады, қозғау – тепе-теңдік қабілетінің дамуына және жетілуіне; дене қасиеттерінің фунциялдық және психологиялық сапасының өзгеріп отыруына да байланысты. Лақтыру әдісін меңгеру және жетілдіру оның негізгі бағыттаушы тізбектері болып табылады. Осылардың көмегі арқылы лақтырушының өсу нәтежесімен белгіленеді. Лақтырушының басқада дайындығына жетілдіру әдісіне және амалдарына да әсер етеді. Тек осы бағдарламада әдістік дайындықты басқару процесі ретінде қарау өз нәтежесін береді.
Әдістік дайындыққа жекелеп қарауға болмайды, тек басқада дайындықты ескерген қажет. Олар қозғалу әрекетінің сипатына байланысты, компонентері (жылдамдық, қозғалу мөлшері бағыты пішіні) және снаряд салмағына, бағыт мақсаты – ең жоғарғы нәтижеге жету үшін организмнің фунционалдық, жағдайынан туындайды, лақтырушының күш жылдамдық қабілетіне байланысты.
Бір сөзбен, оқыту және әдісті жетілдіру тұрақты дене қабілетін үздіксіз дамытуынсыз тұғырға жету мүмкін емес.
Дене сапасын жетілдіру және ырғақтың көбейуі ең бірінші үнемді әдіске байланысты.
Оқытып үйретумен жетілдіру бір – бірінен тұрақты байланыста байқалады, екінші жағынан дене қасиеттерін дамытады.
Осы екі жақтың байланысы жалпы әдіс және дене сапасын жетілдіру бірлігімен іске асады. Әдісті меңгеру, яғни, оқытып үйрету және лақтыруды жетілдіру, бірнеше фазаға бөлуге болады.
-
Жетектеуші тізбекті белгілеу және меңгеру
-
Қозғалу жүйесін белгілеу
-
Қозғалу бөлшектерін анықтау коррекциялау
-
Қозғалыс коррекциясын бағыттауын төменгі басқару дәрежесіне ауыстыру яғни қозғалысты жылдамдату автоматтық қозғалысқа жеткізу.
-
Қозғалысты стандартизациялау және тұрақтан-дыру.
Бірінші үш фаза қозғалу әрекет әдісін менгеруге жатады, ал қалған екеуі шеберлікті пысықтауға және жетілдіруге жатады.
Тақырып 1.5 Сабақ және тренировка жүргізу дәрісі.
Сабақ жүйесі және машықтану дәрісі.
Сабақтың мақсаты және оның бөліктері. Сабақ ұзақтылығы және оның бөліктері.
Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімін өткізуге жаттығулар таңдау және орындау мөлшері. Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұны. Нұсқалар және оның мазмұны. Сабақ тығыздығының сапасын көбейтудің әдісі. Сабақтың қортынды бөлімінің мазмұны. Сабақ жоспар - конспектіні құрастыру.
Жүгіруге үйрету үшін бастапқы кезде орта қашықтыққа жүгіру ұсынылып бірте – бірте қысқа қашықтыққа жүгіруге көшеді; Келесі кезеңде эстафеталық жүгіру оқытып үйретіледі. Кедергіден жүгірумен айналусышылардың жүгіру жылдамдығына, ептілігіне, қозғалу дағдының әртүрлігі, жүгіру ырғағының тұрақтылығына жоғары талап қояды. Сол себепті кедергіден жүгіру жай жүгіруді меңгергеннен кейін ұсынылады. 3000м тосқауылдан жүгіруге тек орта ұзын қашықтыққа елеулі нәтиже көрсеткішіне жеткенде дайындауды бастауға болады. Секіру әдісін меңгеру үшін биіктікке секіруден бастаған дұрыс. Ұзындыққа секіру үштік секіруден бұрынырақ бастау физиологиялық талаптарды шешу факторы. Сырықпен секіруді, үштік секіруден ертерек бастаған абзал. Сырықпен секіруді меңгеру күрделі, сол себептен әдісін меңгеру көп уақыт талап етеді.
Итеру әдісін оқып үйрену ядро итеруден басталады. Содан кейін диск лақтырумен танысады. Найза лақтыруды кейінірек бастайды, себебі жүгіру әдісін меңгеру керек, найза лақтырудан жақсы нәтижеге жету үшін екпінмен жүгіріп лақтырылады.
Балғашаны (молотты) лақтыруды оқыту ең соңынан жоспарланады, себебі снарядтың салмағы көлемді және лақтырушы снарядты тез айналдырады.
Молотты айландырып лақтырғанда молот үлкен күш туындатады және айналысатындардың дене қалпы, дене қасиеттері дайын болғаны абзал, себебі әдісті меңгергенде жақсы нәтиже береді. Лақтыру әдісінің негізін белгілегенде, жүгіруді секіруден ажырата білу керек. Шынайы ұзындыққа үштік сырықпен секіруді және найза лақтыру әдісін, қысқа қашықтыққа жүгіруді меңгермей үйретудің қажеті шамалы. Диск молот лақтыру және ядро итеруді жүгіру әдісін үйретпей меңгеруге болады.
Биіктікке секіру әдісін меңгергенде қысқа қашықтыққа жүгіруді алдын ала меңгеру маңызды емес, себебі , екпінмен жүгіріп биіктікке секірудің өз әдістік-техникалық басқару процесі бар.
2.3 Практикалық сабақтың жоспары: ұсынылатын әдебиеттер (1-9, 11-19)
Тақырып: 1.2. Спорттық жүру және жүгіру әдісінің негізі.
Сауалнама
1. Спорттық жүру әдісінің негізі.
2. Жүру дистанциясы (аралығы). Негізгі период, фазалар, моменттер.
3. Ерлердің жүру әдісінің әйелдер жүру әдісінен айырмашылығы
4. Жүру әдісінің негізі.
Тапсырмалар:
-
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіріп, қыздыру.
-
Спорттық жүрудің, жүгірудің жалпы және арнайы жаттығуларын орындау.
-
Қысқа және ұзын қашықтыққа спорттық тәсілмен жүру.
-
100-150 м аралықты белгілеген әдіспен жүру,
Методикалық нұсқаулар
Жүру және жүгіру әдісінің негізі
Спорттық жүру әдісі
Спорттық жүрудің жай жүруден көптеген айырмашылығы бар: 1.Қуатты итерілумен жанбастың тік білікпен бұрылуында, сермелген аяқтың алға қозғалуымен адым ұзарады, тізеден бүгілген аяқ өкшеден қойылды. Қолдың жедел қимылымен күш қуатын үнемдеу мен бұлшық етті босатумен сипатталады. Спорттық жүрудің басты талабы жермен тұрақты байланысты болуы. Екі аяқтың жерден алынуы ол жүгірудің басталуы болып есептеледі және спортшы ереже бұзды деп сайыстан босатылады.
3. Спорттық жүруге үйрету әдісі
Үйретудің бірінші кезеңінде спорттық жүрумен жаңа айналысушыларға дұрыс әдіс түсінігін беру оқытушының басты міндеті, ол мынадай тәсілдермен шешілді; кино – бейне көрсету және бейне материялдарды жіктеу.
Жүгіру қозғалысының негізі.
Техникалық жеке даралығы. Әр спортшының дене дайындығы әр – түрлі болғанда жүгіру қозғалысы бірдей болмайды. Жеке өздігінен басқада қозғалысқа әсер ететін нәрселер жүргірушінің бойы, салмағы, сүйек дене құрылысы, бұлшық еттердің көлемі, ұзындығы, сымбаттылығы. Жүгірушілердің қозғалысы бірдей болып көрінгенмен, белгілі бір механика принциптеріне де байланысты, басқа бір жүгірушінің техникасын дәл қайталаса ол үлкен қателікке әкеледі.
Тұрақты жылдамдылықпен жүгірген кезде дененің еңкею бұрышы Д.О.М-ға таяулау тік болып келеді. Ішкі бұлшық еттер қосындысы желдің қарама –қарсы күшіне тең күшпен әсер етеді және ішкі күштің ауырлығымен қоса желдің қарсы күшінен жүгіру нәтежесі кемиді. Тұрақты жылдымдылықпен жүгіргенде дененің еңкею бұрышы тік бағытқа ұмтылады, бірақ қозғалу кезінде денені сәл еңкейту желдің қарсы күшін бәсеңдетеді. Жылдам жүгіруді үдеткенде еңкею бұрышы көбірек болуы абзал. Сонымен сөреден щыққан желаяқтың еңкею бұрышы ең көп мөлшерде байқалады, әр адым сайын еңкею азая береді. Бастапқы бірнеше адым жүгіргендегі ең ұзын адымнан қысқарақ болады, себебі денені алға еңкейткенде адым қысқаратыны белгілі. (2-58-62 бет).
Бірақ спортшы адымнан соңғы адымға дейін адымды ұзартып жүгіру керек, көптеген жеңіл атлетиканы жаңа бастағандар қысқа қашықтықта жүгіретін әйгілі спортшылардың сөреден қозғалуына әсіресе 20м еңкейіп жүгіруін қайталауға тырысады. Бұл мүлдем қате түсінік, себебі әйгілі желаяқтардың денені еңкейтуі ол сөреден алынған жоғарғы жылдамдықтың нәтежесі. Дәлелдеу үшін сөрелік қалыпта тұрып жоғарғы жылдамдықпен жүгіріп байқауға болады. Егерде сіз белгілі жылдамдықпен жүгірсеңіз бірнеше адымнан кейін жоғары көтеріліп кетесіз. Бастапқы екпін алу жылдамдылығы жоғары болса, соғұрлым дене еңкею қалпында болады, бірақ ол сізге байланысты емес.
Жүгіру жылдамдығы жоғары болса өкше құйрық еттеріне көп мөлшерде тиетін тәріздес. Демалу фазасындағы аяқтың алға қозғалыс әрекеті маятник тәріздес, бірақ аяқты қозғалтатын күш ол бұлшық еттер. Демалу фазасында аяқтың алға қозғалу кезінде тізе биіктігінің көтерілуі жүгіру жылдамдылығына байланыс-ты. Демалу фазасындағы аяқтың тербетіліп алға тасталу шегі арқы аяқтың итерілуінің аяқталуына байланысты. Осы қозғалу шегіне жеткенде, аяқ алға тасталғаннан кейін жоғарғы жағы қозғалту бағытын өзгертеді, табан бастапқыда алға содан кейін төмен артқа қозғалады. Адымның ұзындығын қамтамасыз ету үшін жетектеуші аяқ алға көп мөлшерде тасталмайды. Аяқтың адымының ұзаруы артта қалған итерілетін аяқтын күш әсерінен итерілу фазасында пайда болады. Жетекші аяқпен жерді тартуын дене проекциясын қою арқылы жүгіруші өзін алға тарта алмайды. Жетекші аяқ жерге қозғалып сермей тасталғанда демалу фазасы аяқталады. Жермен жүгірушінің дене проекциясының орнына қойылып тік байланыста болады. Дем алу фазасы итерілу фазасына қарағанда ұзағырақ Спринтерлердің жермен байланысы 40% уақыт жағына сәл көбірек, екі табан жерден итерілгенде аяқ бір кезде дем алады. Орта және ұзын қашықтықтың әр адымында қозғалыс уақыттың жартысына тең. Тік фазасының басталуы жетекші аяқтың табаны жерге тиіп, дененің ортақ нүктесінің астына қойылады. Табанының сырт жақ қырына қойылғанда тізенің бүгілу моменті басталады. Осыдан кейін өкше жедел жерге тиеді, жерге түсуді тоқтатам деп күш жұмсаудың мүлде қажеті жоқ. Ортақ күш табанның алдына жылжығанда тірек фазасы аяқталады. Ол момент те жермен байланыста болады. Тірек фазасының аяқталуы деген итерілу (серпілу) фазасының басталуы деп қарау керек. Итерілу фаза кезінде дене алға жылжиды, аяқтың жазылуы арқылы жермен байланыста болып және даму күші ортақ күштің артында орналасады. Дене алға қозғалған кезде өкше көтеріледі, тізе жазылып, соңынан тізе, табан буындары және табанның ұшы дене соңынан жедел түзетіледі, осымен итеру фазасы аяқталады. Спортшы түзу жүгірген кезде табанның сыртқы қырымен тік сызыққа қойылады. Аяқтан солға қарай өтетін күш әрекет сызығы ортақ күшті қызметке қосады, нәтижелік қозғалысқа әкеледі. Ол экцентрикалық итеру деп аталады. Серпілу фаза кезінде оң аяқ санына әрекет арқылы және сол аяқ қозғалыс арқылы бүгіліп, алға жоғары жылжуы дем алу фазасында тұруы жамбастың сағат тілімен көлденең бағытта айналуын туындатады. Осы итерілу сонымен қоса денені көтеріп бірақ керекті ортақ күшті әр адымда өту үшін керекті күшті жұмсайды және алға жылжытады. Ньютонның 3 –ші заңы бойынша: әр әрекетке сонда істен қарама – қарсы бағытты әрекет қажет денені алға жылжыту раекциясын жер өзіне сіңіріп отырады. Итерілу кезінде қандай болатын бұрылу реакциясын дененің жоғарғы жағы өзіне сіңіріп алады. Сонымен жанбас сағат тілінде тік бағытта бұрылса дененің жоғарғы жағы (қол, дене және иық) сағат тіліне қарама – қарсы қозғалады.
Қолдың және иықтың қозғалысы. Дененің жоғарғы жағы (қол, дене және иық, аяқтың эксцентрикалық раекциясын сіңіріп қарама – қарсы қозғалыс жасайды). Оң қол және иық алға қозғалады (және артқа) оң аяқпен белге, ал сол қол иық артқа және алға оң саусақпен бірге қозғалады.
Тақырып: 1.3 Секіру әдісінің негізі.
Секірулерді анықтау. Секіру фазалары. Екпін алу, итерілуге дайындалу, итерілу,ұшу, түсу. Итерілу механизмі сермелген аяқтың қозғалысының маңыздылығы колдың және итерілудің нәтижелігі дененің түзетілуі.
-
Екпін алу және итерілуге дайындалу қозғалыстың басынан бастап итерілетін аяқтың жерге қойылуымен белгіленеді.
-
Итерілу. Итерілетін аяқтың жерге қойылу моментінен итеріліп жерден алу сәтіне дейін.
-
Ұшу – итерілетін аяқтың жерден алу сәтінен жерге түсу моментіне дейін
-
Түсу – жерге түсу моментінен дененің қозғалуын толық тоқтаумен белгіленеді.
-
Екпін алу және итерілуге дайындалу
Секірулердің барлық түрлерінің екпін алуында өз ерекшеліктері және жалпы белгілері бар. Екпін алудың негізгі максаты денеге екпін алу жылдамдығын беру, ол әдіс түріне байланысты. Секіруші секіру және итерілу фазасына оптималді (нәтижелі) жағдай туғызу. Екпін алу қозғалысы циклдік жүгуру, итерілуге дайындалудан басталады, бірақ жүгіру қозғалысы екпін алу қозғалысынан айырмашылығы бар
Итерілу – секірулердің негізгі фазасы. Оның ұзақтылығы итерілетін аяқтың жерге қою моментінен, жерден алу моментіне дейін. Итерілу фазасын екі бөлікке бөлуге болады: жасаушы және шығарушы.
Секірушінің Б.О.М.(біліктің ортақ массасы) итерілетін аяқтың жерден алу моментімен белгіленеді және оған байланысты.
-
Екпіналу жылдамдығының көлденең тепе-теңдігімен.
-
Бұлшық еттер қуатымен
-
Осы күш әрекетінің уақытымен
-
Итеретін аяқтың қою бұрышымен
Ұшу. Бұл секіру фазасының толық әрекеті, қозғалу тірексіз жағдайда өтеді; сырықпен секіруде, ұшу екі бөлікке бөлінеді: тірек және тірексіз.
Түсу. Әр секіру жерге түсу фазасымен аяқталады. Әр секірушінің бірінші кезекте көздейтіні өзіне қауыпсыздықты қамтамассыз ету, әртүрлі жарақаттардан сақтану.
Секіруші жерге түскен сәтте денесі қатты соққыны сезеді, ол тек дене тізбегімен жіктелмейді, сонымен қоса дистальді, басқа дене бөлшектеріне де әсер етеді. Жұмсақ жерге түсу үшін, сүйір бұрышпен түсіп және үлкен аралық жасау керек.
Тақырып: 1.4 Лақтыру әдісін жіктеу.
Жеңіл атлетикада лақтырудың төрт түрін атап өтуге болады, олардың орындалуы көлеміне және снарядтың массасына байланысты. Лақтыру екі топқа бөлінеді:
1)аэродинамикалық ұшуы байқалмайтын лақтыратын және итеретін снарядтар
2) аэродинамикалық ұшуы байқалатын снарядтар
Әдістің негізінің айырмашылығы снарядтың бастапқы жылдамдығының ұшу бұрышына байланысты.
Жеңіл атлетикалық лақтырулар негізінен бір актілі немесе ациклдық жаттығу. Лақтырушының сыртқы көзбен қарағанда қозғалысы әр түрлі, бірақ оларға тән нәрсе ол снарядқа ең жоғарғы ұшу бұрышын қамтамассыз ету.
Тақырып: 1.5 Секіру әдісінің негізі.
Сауалнама:
-
Кіріспе
-
Биіктікке, ұзындыққа секіру әдісінің негіздері
Тапсырмалар:
-
5-6 адым жерден қайшылау әдісімен таяқшадан өтуді қайталау
-
6-8 адым жерден қайшылау әдісімен секіруді шыңдау
-
4 немесе 6-8 жүгіру адым жерден аспалап секіру әдісін шыңдау
-
Орында тұрып биіктікке (Фосбери-флоп) әдісімен секіруді орындау
-
1-3 адым жерден Фосбери-флоп әдісімен жіптен секіріп өту
-
Фосбери-флоп әдісін меңгеру үшін екпінмен жүгіріп өту
-
4 немесе 6-8 адым жерден екпін алып итерілуді орындау
-
6-8 адым жерден екпін алып Фосбери-флоп әдісін жетілдіру
-
Жылдамдық күш сапасын дамыту. Әр қалыпта тұрып орыннан ұзындыққа секіру
-
Екілік, үштік секірулерді орыннан тұрып орындау
-
Ұзындыққа аяқты бүгіп секіру әдісін еліктеу қозғалысын орындау
-
6-8,12 адым жүгіру адымымен ұзындыққа аяқты бүгіп секіру әдісін жетілдіру
-
Екпінмен жүгіріп ұзындыққа “қайшылау” әдісімен секіруді орындау, еліктеу қозғалыстарын орындау
Тақырып: 1.6 Граната, найза лақтыру әдісінің негізі
Сауалнама:
-
Найза лақтыру әдісінің негізі (кіші доп және граната)
Тапсырма:
-
Орта және ұзын қашықтықтан жүгіріп, жалпы шыдамдылықты дамыту
-
Жалпы және арнайы жаттығуларды найза лақтыруы еліктеп орындау
-
Кіші доп, граната ұстау әдісін жетілдіру
-
Найзаны ұстау және ығыстыру әдісін машықтандыру
-
5-10 м аралықтан найзаны нысанаға тигізу
-
Лақтыру адымының әдісін еліктеу, қайшылап орындау
Тақырып: 1.7 Спорттық жүру техникасын жіктеу
Сауалнама:
-
Спорттық жүрудің қысқа тарихи шолу
-
Спорттық жүру әдісі
-
Спорттық жүру әдісіне үйрету
Тапсырма:
-
Қысқа қашықтыққа жүгіру әдісін жіктеуден сынақ тапсыру
-
Қысқа қашықтыққа жүгіруден практикалық белгіленген межені тапсыру
-
Екі екіден эстафеталық таяқшаны беру әдісін шындау
-
Эстафеталық таяқшаны беру әдісін жүгіру кезінде шындау; орта және жоғары жылдамдықпен
-
Эстафеталық таяқшаны шеңбер бойымен жүгіріп төмен беруді шыңдау
Әдістемелік нұсқау
-
Жүгіру – ең қарапайым спорттың түрі, одан жарыс ерте заманнан өтіп келеді. Жүгіру ертеден олимпиадаларда, қазір де танымал белсенді барлық мемлекетте дамыған спорт түрі.
Жүгіру әдісінде елеулі қателік денені алға шамадан көп еңкейту. Осы қалып санды алға жоғары көтеруде ауыртпалық тудырады және аяқты жерге қойғанда тежеу күшін тудырады. Денені шамадан көп еңкейту пайда болуы, итерілген аяқтың саны артқа тастауынан туындап бізге белгілі итерілгеннен кейін сан артқа қозғалыс жасамай төмен алға қозғалыс жасау керек. Осы елеулі қателікті тудырмау үшін, тізені жоғары көтеріп жүгіру, бірте – бірте адымды ұлғайтып жедел жүгіруге көшу. Кейбір жағдайларда бұл қатені жөңдеу үшін қолды алды – артқа, жоғары жедел қозғалтып, сәл басты артқа тастауға көмектеседі.
Екі аяқты параллель сызыққа қойып жүгіруді түзу сызықпен бірнеше рет жүгіру арқылы түзеуге болады. Жүгіру әдісін меңгергенде – әсіресе қысқа қашықтыққа жүгіргенде осы қатені жөңдеген абзал. Әдіс жағынан дұрыс жүгіру Д.О.М жанына қарай шайқалтады, итерілу бағытының нәтижелігін нашарлатады. Үйрету кезінде қолдың қозғалуында ереулі жетіспеушілік байқалады. Олардың көпшілігі дұрыс дағдының қалыптаспауынан туындаған. Жүгіру кезінде қолдың қозғалысында мынандай қателіктер байқалады, қолды денеден алшақ ұстап қозғалту, иықты көтеріп жүгіру, әлсіз шынтақты жанына қарай қозғалту. Осы елеулі қателіктерді жөңдеу үшін орындау. Осы жаттығулардан басқа, жүгіру кезінде тұрақты қозғалысы туралы еске салып отырған, әдісті меңгеруде өз нәтежесін берді, (мысалы 100м жүгіргенде Бейжин олимпиадасының чемпионы Усайн Болт қолын жедел қозғалтқаннан, мәреге жеткенде қолын зорға көтерген), бұнда қолдың қозғалуының маңыздылығы айтылған.
Қысқа қашықтықтың классикалық түріне 100, 200,400м және 4х100, 4х400 эстафеталық жүгірулер жатады.
-
Қысқа қашықтыққа жүгіру әдісі
-
6. тақырып. Кросстық жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдісі.
Кросстық жүгіруден халықаралық жарыс 12 км өтеді. Кросстық жүгіру дегеніміз – дөңес, кедергілер кездесетін жүгіруді айтамыз. Дөңге жүгірген кезде табанның бас жағына қойылып аяқ жедел қойылады, адым қысқартылады. Бөренені өткен кезде табан үстінен нық қойылады. Құм жермен өткенде аяқ тез қоғалып көп күшті қажет етеді. Жалпы жүгіру әдісі орта ұзын қашықтықпен ұқсас.
-
Сөре және сөрелік қозғалыс «Сөреге!» деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының іш жағында тұрады, итеретін аяқ сөре сызығының қасында, ал сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сәл алға жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті және ыңғайлықты талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп және тіремей.
-
Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, жолдың іш жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп жедел қимыл жасайды. Дене бірте- бірте көтеріліп бір қалыпты жүгіруге көшеді.
-
Дистанция бойымен жүгіру, сермеу адымымен басталып, тұрақты адым ұзындығына және жедел адымға көшеді. Адым ұзындығы және жылдамдығы жүгірушінің жекелеген қасиеттеріне байланысты, бойына аяқ ұзындығына, жылдамдығына, тыныс алуына жалпы шеберлігіне.
-
Аяқ жұмысы. Жүгірудің негізігі элементтері – артқы аяқтың итерілу моменті (сәті) жүгіру жылдамдығы итерліу күш-қуатына және итерілу бұрышына байланысты. Итерілу тек алға бағытталып, дененің бүгілумен үйлестіріледі. Әдісті жіктеу үшін бейне материалдар қолданылады. Жіктеуде мына шарттарды орындау керек: итерілетін, сермелетін аяқтың қозғалысы итерілу, ұшу фазасында жүгірушінің дем алуы, санның бір-біріне таяп алшақтауы, табанның жерге қойылып итерілуі.
-
Қол қозғалысы. Қол қозғалысы аяқ қозғалысымен үйлесімді ырғақты қозғалуда болады, қол тепе-теңдікті сақтап отырып, жылдамдықтың азайюына, көбеюіне өз үлесін қосады. Жүгіру кезінде қол шынтақтан бүгіліп, тік бұрышты тәріздес саусақтар бос сәл қосылған. Қол қозғалысы босаңқы алға қозғалғанда иек тұсына мөлшеріне дейін артқа қозғалғанда сәл сырт жаққа бағытталады.
-
Мәре және жүгіруден кейін тоқтау. Мәрелік жылдамдық қашықтықтың соңғы бөлігіне дейін жүгіруді талап ете отырып, адым жылдамдығының шапшаңдығын, қолдың жедел қуатты қозғалысымен денені алға еңкейтумен тартысты жағдайда денені мәре сызығына тастаумен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |