Абдразаков б. Б



бет23/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Халықаралық процесс

Халықаралық ұйымдар – бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады. Оның құқық субъектілігі мемлекеттердің құқық субъектілігіне ұқсамайды, өйткені олардың мүшелері – мемлекеттер, сондықтан халықаралық ұйымдар туынды субъектісіне жатады. Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебап ұйым болып БҰҰ саналады.
Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды. Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық щарттардың негізінде жұмыс істейді.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқықтық мәртебесі. Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі туралы мәселе заң әдебиеттерінде көптен бері қарастырылып келе жатыр. Батыс ғалымдары халықаралық органдардан қорғалатын мүмкіндіктері барына сілтеме жасап, индивидтерді халықаралық құқықтың субъектісі деп танып отыр, сондай-ақ Еуропа Одағы мемлекеттерінің жеке тұлғалары талапарыздарымен Еуропалық сотқа жүгіне алады.
КСРО кезіндегі заңгерлер идеологиялық ұғымның салдарынан индивидтерді халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мойындамаған. Бірақ 80-жылдардан бастап индивидтің халықаралық құқық субъектісі ретінде көптеген әдебиеттер пайда бола бастады.
Халықаралық құқықтың туынды субъектілеріне тағы да дінисаяси және саяси-аумақтық бірліктерді жатқызуға болады. Олар халықаралық шарт немесе халықаралық тану негізінде өзінің халықаралық құқықтық мәртебесіне ие болады. Оларды еркін қала деп атайды. Мысалы, Краков 1815 ж. Венада өткен және қабылданған трактат бойынша Ресейдің, Австрияның және Пруссияның қарамағындағы еркін, тәуелсіз және бейтарап қала деп жарияланды. 1919 ж. Версальдағы бейбітшілік шарты бойынша Данцигке ерекше мәртебе “еркін мемлекет” атағын берді.
Қазіргі уақытта арнайы халықаралық құқықтық мәртебеге ие мемлекетке ұқсас құрылым болып Ватикан табылады. Ватикан – Рим католик шіркеу орталығы ретінде құрылған. Одан басқа тағы да мемлекетке ұқсас құрылым – “Мальта ордені”. Бұл екуінің де резиденциясы Римде орналасқан. Бұл екуі де әлемдегі көптеген елдермен дипломатиялық қатынасқа түседі және бұлардың БҰҰ-ның, ЮНЕСКО-ның, МОТ-тың жанында өкілдіктері бар. Ватикан БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелерінің мүшесі болып табылады және бірнеше елдермен екіжақты шарттар жасасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет