Абдразаков б. Б


Қазіргі кездегі халықаралық құқық ұғымы



бет10/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Халықаралық процесс

Қазіргі кездегі халықаралық құқық ұғымы
Мемлекттер арасындағы өзара қарым- қатынастың өзара тығыз байланыста болуы мемлекеттердің халықаралық құқық нормалары мен егемендік құқығынсақұтау болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық өзара қарым-қатынастан басталады. Халықаралық құқық кез келген қоғамның өміріне үлкен мағынасы бар, халықаралық өзара қырм-қатынастың даму мен өсіп жетілуін реттейді. Халықаралық өзара қарым-қатынастар халықаралық құықытық норманың мазмұнын анықтайды.
Халықаралық жүйе тар мағынада мынанын құрады:

  1. мемлекет және мемлекетке ұқсас құрылымидар;

  2. мемлекет құрылым жолында, иөзінің тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген халықтар және ұлттар;

  3. халықаралық қоамдар;

  4. мемлекеттердің бірігуі;

  5. осы элементтер арасындағы байланыстар.

Жоғарыда аталып өткендерден басқа, халықаралық жүйе, халықаралық өзара қарым қатынаста және әлеметтік нормаларды құрайды.
Халықаралық құқықтың даму мәселесін анықтай отырып, халықаралық жүйе ұғымы мен құрамдас бөлігін және қазіргі кезеңдегі халықаралық өзара қарым қатынасиың өзіне тән ерекшілігін анықтау керек.
Халықаралық өзара байланыс – бұл, саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және мемлекеттер арасын жалғайтын басқа да байланыстардың жүйесі.
Халықаралық өзара қарым-қатынастарға, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және ұлғайту, бейбітшілікте және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі туындайтын жаңа түйінді мәселелер, ядролық соғысты болдырмау, халықаралық құқықтың рөлін көтеру тән қасиет.
Халықаралық құқық – бұл құқықтың әр түрлі: саяси, экономикалық, және мемлекеттер арасындағы басқа да өзара қарым қатынасты, сонымен қатар халықаралық өзара қарым-қатынасқа қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқық саласы. Ол мемлекет ішіндегі басқа да құқықтар саласын өзгеше болатын құқтың айрықша жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық халықаралық өзара қарым-қатынасты реттейтін және мелекеттің келісім еркін білдіретін келісім және жай нормалар қағидаларының жүйесін білдіреді.
Реттеу саласы.Халықаралық құқықтың мемлекетпен пайда болу негізінен байланысты екеніне қарамстан, ол жеке мемлекет құқығы немесе мемлекет үстінен қарайтын құқық болып табылмайды. Ол мемлекеттердің өзара достық қарым-қатынастарын орынқтыратын және қамтамасыз ететін халықаралық құқық болып табылады.
Мемлекеттің ішкі құқығының барлық саласындағы тұлғасы, яғни құқық пен міндеттің мегері, заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқық тұлғалары екі топқа бөлінеді:

  1. топ – негізгі тұлғалар (субъетілер);

а) егеменді мемлекеттер;
б) өзінің тәелсіздігі үшін күресіп жатқан ұлттар менг халықтар.
2-топ – қайталама топтар:
а) Халықаралық ұйымдар ;
б) мемлекетке ұқсас құрылымдар;
халықаралық құқықтың негізг қағидасы халықаралық қатынастың және халықаралық құқықтың қазіргі кездегі жүйесінің ең маңызды заңдылығын білдіреді.
Қағидалар жүйесіне мыналар тән:

  1. әмбебаптық;

  2. жалпыдан қолдау тапчан;

  3. жалпыға міндеттілік;

  4. тұрақтылық.

Халықаралық қарым-қатынатарға құқықтың барлық негіззі мынадай белгілері тән:

  1. құқық – бұл, мемлекеттің еркіндік жағдайы;

  2. қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды нормалар жүйесі;

  3. мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын, мінз-құлық ережелерінің сақталуы үшін қолдану.

Бірақ, халықаралық құқықтың өзінідік ерекшіліктері бар, олар халықаралық құқықтың айрықша жүйесіне жатқызуға мүмкіншкілік береді. Бұған мыналарды жатқызуға болады:

    1. реттеу пәні;

    2. айрықша субъективті құрылым, атап айтқанда, егеменді мемлекеттің болуы;

    3. қайнар көздердің айрықша жүйесі, халықаралық құқықтағы норманың қалыптасу үрдісінің нәтижесі ретінде;

    4. заңды атқарушы және сот органдары жүйесінің болуы;

    5. жауапкершілік институты.

Халықаралық жари құқық – бұл құқық субъектілерінің өзара еркіндік клісімі арқылы құрылған, заңды нормалардың жүйесі, заңды түрде мойындау және қажет болған жағдайда, мәжбүрлі түрде орындатылады.
Халықаралық құқықтың қызметі – бұл халықаралық құқық жүйесімен арадағы тұрақты түрде, өзара қызмет жасау, яғни халықаралық жүйенің құрамдас бөлімі. Оны бұл тұрғыдан қарау, халықаралық құқықтың келешектегі рөлінің, бейбітшілік пен халықаралық өзара қары-қатынасты нығайтуда, дами түсуіне ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, қызмет ету – бұл, халықаралық құқық функциларын іске асыру үрдісі.
Қазіргі таңда, мемлекеттер өздеріне тиімді жағдайда, өзара қарым-қатынас ынтымақтастықтарын нығайтуға күш жұмылдырады. Халықаралық өзара қарым-қатынатағы құқық мәселесіне халықаралық ұйымдардың назарын аудару үшін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 – 1999 жылдар арасында,1989 жылғы қараша айының 17 жұлдызындағы БҰҰ БА 44/23 және 1990 жылғы параша айының 28 жұлдызындағы БҰҰ БА 45/40 –қарарларына байланысты халықаралық құқықтың он жылдығы деп жарияланды.
Бұл қарарды мағынасы – халықаралық құқыққа арналған, уақытша кезеңнің бөлінунде ғана емес. Бұл онжылдықта адамзат құқығының Жалпы Декларациясының (1948ж.) 50 жылдығының, БҰҰ Жарғысының (1945ж) 50 жылдығы, халықаралық құқытың негізгі қағидалары туралы Женевадағы ізгілік-гуманитарлық құқық жайындағы Конвецияның (1949ж.) 50 жылдығы сияқты маңызды оқиғалар аталып өтті.
Халықаралық құқық қызметінің позитивті уақытынан басқа да, халықаралық ұйым субъектілерінің кезе күттірмейтін шаралар қолдануды қажет ететін бағыттарын айта кеткен жөн.
Бұл ең алдымен қару-жарақты жою, оның ішінде ядролық екоцид мәселесі – қоршаған ортаны жедел қорғау, халықаралық қылмыстың құқықтық мәселелері, жауапкершілік институтын кодификациялау.
Есірткі заттарды сату проблемасы; адам құқықғын қорғаудағы халықаралық құқықтық проблемалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет