Абдразаков б. Б


Кіріспе .........................................................................................................................7



бет2/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Халықаралық процесс

Кіріспе .........................................................................................................................7


1 Қазақстан Республикасында халықаралық коммерциялық төреліктер мен аралық соттарда дауларды қараудың ерекшеліктері
1.1 Халықаралық коммерцичлық арбитраттың түсінігі мен түрлері....................10
1.2 Халықаралық коммерциялық дауларды шешу мәселесі.................................22
1.3 ҚР Халықаралық коммерциялық төрелік және аралық соттар.......................33


2 Төрелік шешімдегі азаматтық құқықтық қорғау құралдарының ұғымы мен түрлері
2.1Аралық соттардың шешімдерін тану мен орындаудағы мемлекеттік соттардың құзіреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ................................................................45
2.2 Аралық сот шешімін атқарудың ерекшеліктері...............................................59
2.3 Аралық соттардың шешімдерін тану мен орындаудың ұғымы мен процессуалдық ерекшеліктері..................................................................................75


Қорытынды .............................................................................................................82


Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................88

КІРІСПЕ

Адамзат дамуының қазіргі сатысында көптеген мемлекеттердің халықаралық саясатындағы негізгі бағыты экономикалық интеграция процесі болып табылады. Әсіресе, Тәуелсіз мемлекеттер Одағы (ТМД) аумағындағы интеграциялық процесс күшеюде, оған Қазақстанның Кеден Одағы, Евразиялық Экономикалық Қауымдастық, Азиядағы өзара шаралар жөніндегі Кеңес (АӨСШК), еркін сауда аймағы секілді аймақтық құрылымдар құру бастамашылығы дәлел болады. Еліміз экономикасының қарыштап қанат жаюына және кәсіпкерліктің дамуына сәйкес бүгінде салықтың салынуына бай­ланысты соттарға даулы істерді қарау мәселесі күннен күнге арта түсіп келеді. Мемлекеттер және өзге халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастық өзара қарым-қатынаста бірінші орынға қойылады, және көбінесе, олардың мүдделерінің қақтығысу аясына жатады. Осыған байланысты, халықаралық құқық пен негізгі қағидаларға сәйкес экономикалық шиеленістерді тиімді реттеу халықаралық ынтымақтастықтың одан ары дамуы мен нығаюының негізгі шарты болып табылады.


Мемлекеттер интеграциясының күшеюі мен олардың арасындағы өзара экономикалық байланыстылықтың ұлғаюы халықаралық қауымдастықта қабылданған мемлекеттер мен халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасындағы тәртіп ережелерін зерттеуді қажет етеді. Халықаралық экономикалық дауларды реттеу әдістерінің бір түрін таңдаған кезде, мемлекеттер ол әдістің дауға сәйкестігіне және тиімділігініе сенімді болуы керек.
Қазіргі кезде әрекет ететін халықаралық экономикалық дауларды реттеу әдістерінің көп түрлілігі, олардың барлығы дерлік халықаралық экономикалық сипаттағы дауларды шешуде қолданылады деп айтуға болмайды.
Қазақстанның экономикалық байланыстарының кеңеюі және оның ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Еуропалық даму және қайта құру банкі (ЕДҚБ), халықаралық даму және қайта құру банкі (ХДҚБ) сияқты халықаралық ұйымдарға қатысуы, елімізге халықаралық ынтымақтастық қағидалары мен осы ұйымдардың құрылтай құжаттарында көрсетілген талаптарын орындау міндеттерін жүктейді. Мұндай жағдайда, пайда болған экономикалық қайшылықтарды халықаралық стандарттарға сәйкес бейбіт жолмен реттеу, әсіресе оларды шешу тәртібі мен процедурасы өте маңызды. «Саясаттың фундаменті болып табылатын халықаралық экономиклық қатынастардан, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілікке зиян келтіретін, әлемдегі жағдайды ушықтыратын қауіпті құбылыстар алынып тасталуы керек».
Жас егеменді ел болғандықтан және халықаралық экономикалық дауларды ретеуде жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан, халықаралық экономикалық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеу Қазақстан үшін теориялық және практикалық маңызы өте зор. Қазіргі кездегі халықаралық құқықта әрекет етуші халықарлық дауларды бейбіт жолмен реттеу әдістеріне талдау жасау және жүйелеу, сондай-ақ экономикалық дауларды реттеуде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді жан-жақты зерттеу қажет. Қазақстандық заңнаманда халықаралық экономикалық дауларды реттеу жөнінде кешенді зерттеулердің болмауы бұл мәселенің өзектілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет