2 ТӨРЕЛІК ШЕШІМДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
2.1Аралық соттардың шешімдерін тану мен орындаудағы мемлекеттік соттардың құзіреті
Халықаралық сот азаматтығына байланыссыз, жоғары сот қызметі лауазымдарына қойылатын талатарға жауап беретін тұлғалар немесе халықаралық құқық саласындағы беделді танымал заңгерлер қатарынан тағайындалған, тәуелсіз судьялар коллегиясын құратын он бес адамнан тұрады. Сотқа мүшелікке кандидаттар әр елде аралық соттың тұрақты палатасының мүшелерінен тұратын «ұлттық топтармен» ұсынылады. Егер мемлекет палатаға мүше болмаса, ол халықаралық сотқа кандидатты ұсынуға арналған арнайы топ құрады. Сот мүшелерін аралық соттың тұрақты палатасы және ұлттық топтардың ұсынысы бойынша жасалған тізімге енген тұлғалар қатарынан Бас Ассамблея мен Қауыпсіздік Кеңесі тағайындайды.
Сот төраға мен вице-төрағаны үш жылға сайлайды. Егер төраға тарап мемлекеттің азаматы болса, ол төрағалықтан бас тартуы керек. Осындай ереже вице-төрағаға да қолданылады.
Соттың он бес мүшесінен басқа сот өндірісінде ad hoc судьялар, яғни статуттың 31 бабына сәйкес, сотқа қатысуға міндетті емес тарап мемлекеттер таңдаған судьялар да қатыса алады. Еге сот өндірісіне тарап мемлекеттің азаматы қатысатын болса, басқа тарап ad hoc судьяны өз таңдауымен іске қатыстыру үшін тағайындай алады.
Халықаралық сотта іс жүргізу не ағылшын, не француз тілінде жүргізіледі, алайда тарапар кез келген басқа тілді екі ресми тілдің біреуіне аудару арқылы қолданыла алады.
Әрбір іс екі сатыдан өтеді: жазбаша және ауызша. Жазбаша саты әдетте бірнеше айға созылады. Іс халықаралық сотта істі қарау жөніндегі мемлекеттер арасындағы келісімнің сотқа тапсыру кезінен басталады. Егер мемлекет сот құзыретіне бағыну міндетін алса, оған қарсы іс талапкердіің біржақты жазбаша арызымен бастала береді.
Ауызша сатысы іс тыңдауға дайын деп есептелген жағдайда басталады. Бұл саты әдетте бірнеше күнге, кейде аптаға созылады. Тараптар өкілдері арқылы сотқа қатысады және олар қорғаушы мен сенім білдірілген адамдардың көмегін пайдалана алады. Осындай шаралардан кейін соттың жабық жиналысы өтеді. Соттың жария жиналысында, көпшілік дауыспен қабылданған шешім ғана жарияланады. Дауыстар саны тең болған жағдайда, басымдылық дауысқа төраға ие болады.
Егер мемлекет халықаралық соттың юрисдикциясын белгілі бір іс бойынша мойындған болса, БҰҰ жарғысының 94-бабына сәйкес, сол іс бойынша шешімді орындауға міндетті.
Сот шешім шығарғаннан кейін, тараптар тек шешімге түсініктеме беру (шешімнің мәні мен оның қызмет ететін аясы жөнінде дау болған жағдайда) немесе шешім шығарар кезде не сотқа, не тараптарға белгісіз болған мән жайлар анықталған жағдайда шешімді қайта қарастыруды сұрауға ғана құқылы. Жарғының 2б. 94бабында халықаралық сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету әдісі көрсетілген. Егер тараптардың бірі өзіне соттың шешімімен жүктелген міндеттерді атқармаса, екінші тарап шешімді орындату үшін шара қолдану не қолданбау мәселесін шешетін Қауыпсіздік Кеңесіне жүгіне алады.
Халықаралық сот істердің кейбір категорияларын қарастыру үшін, құрамында үш не одан да көп судья болатын бір немесе бірнеше камера құра алады. Камералар жөнінде ережелерстатуттың 1б. 25бабында көрсетілген. Онда осы сатутта көрсетілген арнайы жағдайлардан басқа, сот толық қатыса алады делінген. Сот үш түрлі камера құра алады: қарапайым өндіріс, белгілі категориялы істі қарау және нақты бір істі қарау камералары.
Сонымен, даудың халықаралық сотта қаралу тәртібі мен оның құзыретін қарастыра отырып, келесідей тұжырымға келуге болады:
сотқа тек мемлекеттердің жүгінне алуы, сотта қарастырылатын істер санының қысқарылуына әкеледі
сот юрисдикциясы барлық мемлекеттермен мойындалмаған, бұл соттың халықаралық дауларды шешудегі потенциалды мүмкіндіктерін азайтады
тек экономикалық дауларды қарастыратын арнайы палатаның болмауы, экономикалық қайшылықтар пайда болған кезде сот процедурасын кең пайдалану мүмкіндігін шектейді
Осыған байланысты, кейбір ғалымдар Гаагадағы аралық соттың тұрақты палатасы тиімдірек механизміне ие. С.В.Шатуновскийдің пайымдауынша, бұл органның көлеңкеде қалуы дұрыс емес. i Палатаның қызмет ету аясына тергеу, достастыру, третейлік өндіріс, ізгі қызметтер мен делдалдық енеді. Палата мемлекет пен жеке тұлғалар арасындағы, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы дауларды қарастырады. Халықаралық экономикалық даулардың субъективті құрамының ерекшелігін және қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынастардың даму деңгейін ескерсек, бұл факторлар халықаралық экономикалық дауларды реттеуде сәтті пайдаланылатын еді.
Қазақстан халықаралық сот Статутына ешбір ескертпесіз қол қойды және ның юрисдикциясын орындауға міндеттелді.
Халықаралық экономикалық сот ТМД-ға мүше елдердің шаруашылық ұйымдарының арасындағы есеп айырысуды жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісім шарттың (15 мамыр 1992ж.) 5-бабы негізінде құрылған және басында «Достастықтың шаруашылық соты» деп аталған. Кейіннен, 1992ж. 6 шілдеде экономикалық сотты құру туралы шарт және экономикалық сот туралы ережелер қабылданды. Сол кезде қатысушылары Армения, Әзірбайжан, Белорусия, Қазақстан, Молдава, Украина болды. Украина мен Әзірбайжан бесінші бапқа ескертпе жасай отырып қол қойды.
Экономикалық соттың негізі міндеті, Достастыққа қатысушылардың экономикалық шарттарының, оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. Экономикалық соттың Ережесінің екінші бабына сәйкес, дауды шешу тәртібі экономикалық сот пленумының қаулысымен бекітілген регламентпен реттеледі. Бұл құжат өз құзыреті шеңберінде экономикалық соттың қызметін айқындайды.
Соттың құзыретіне даудың екі категориясын шешу жатады: Достастық органдары шығарған шешімге қатысты экономикалық міндеттерді орындау кезде туындайтын даулар мен ТМД мүше мемлекеттердің экономикалық мәселелер бойынша қабылдаған нормативті және өзге де актілерінің Достастық органдарының шешімдері мен келісімдеріне сәйкестігі туралы даулар.
Мемлекетаралық дауларды шешуден басқа, экономикалық сот Достастықтың және оның институттарының ережелері, шарттары мен өзге де актілерін қолданылуына түсініктеме береді. Сот нақты бір іс бойынша шешім шығару барысында, сондай-ақ Достастықтың институттары мен мемлекет басқару мен билік органдарының және экономикалық дауларды шешумен айналысатын өзге жоғарғы органдарының сұрауы бойынша түсініктеме беруге құзыретті.
Жоғарыда көрсетілгендей, халықаралық экономикалық сот бірталай құзыретке ие. Алайда, Ереженің 20б. экономикалық соттың құзыреті, қызмет ету тәртібі мен ұйымдастыру халықаралық шарттармен және осы ережемен анықталады делінген, яғни, қатысушы мемлекеттер өздері қол қойған шарттарда экономикалық дауларды шешудің басқа да механизмдерін бекіте алады. Кейбір шарттарда дауды басқа халықаралық сотта реттеу туралы сілтеме кездеседі. Экономикалық Одақ құру туралы шарттың 31бабында, дады келіссөздер не ТМД экономикалық соты арқылы шеше алмағанда, тараптар дауды басқа халықаралық сот органдарында, олардың талаптары мен ережелеріне сай қарай алады. Мұндай ескертпе ТМД экономикалық сотының реттеу механизмінің әлсіз екенін дәлелдейді.
ТМД экономикалық сотында даулар мүдделі мемлекеттердің атынан өкілетті органдар мен институттар арызы бойынша қаралады деп Ереженің 3-бабында көрсетілген. Көптеген заңгерлер пайымдауынша, оның тәжірибеде пайдалануын қиындататын, дәлірек айтсақ, сот юрисдикциясының танылуын регламенттейтін сілтемелердің жоқтығы осы баптың кемшілігі болып табылады. Сотта істі қараудың міндетті шарты – дауласушы тараптардың келісімі.
Сот қабылдаған шешімдердің ұсынысты сипатта болуы, сот юрисдикциясын тану туралы баптың жоқтығына байланысыты. Сонымен бірге, 9-бапта өз құзыреті шегінде соттың талаптары міндетті деп көрсетілген, мұнда қайшылықтар пайда болады: егер қатысушы мемлекет сот юрисдикциясын мойындамаса, ол оның талаптарын да орындамауға құқылы, екінші жағынан, сот өзінің юрисдикциясын мойындамаған мемлекетке талаптар қоюға құқығы жоқ.
ТМД экономикалық сотының құрылымына: сот құрамы (алқа), сот толық құрамы (экономикалық сот) және сот пленумы. Соттың жоғарғы алқалы органы сот пленумы болып келеді.Сот алқасы бес адамнан тұрады, олар экономикалық сотпен бір жыл мерзімге тағайындалады.
Сот өндірісі екі бөліктен тұрады: ауызша және жазбаша. Тараптардың дауды сотта қарау туралы келісімі тек жазбаша материалдар негізінде болуы керек. Алайда, осындай келісім болған кезде заңды, объективті және негізделген шешім шығару үшін, сот ауызша материалдар жеткіліксіз деп тапқан жағдайда ауызша сот өндірісін тағайындай алады.
Жазбаша сот бекітілген байланыс түрлері арқылы, дауласушы тараптар бір біріне құжаттар жіберуден тұрады. Тарапдың ұсынылған әрбір құжаты дау қатысушылармен бекітілен көшірме арқылы хабарландырылуы керек.
Сот өндірісінің ауызша бөлігі тікелей сот отырысын білдіреді, және соттың тараптар өкілдерін, куәгерлерді, эксперттерді, бас кеңесшіні тыңдауынан тұрады. Сот отырысы, демалуға бөлінген уақыттан басқа, ешбір үзіліссіз өтеді. Тараптардың өтінімдері мен қарсылықтарын тексеру үшін жаңа дәлелдер жинау қажет болғанда, сот тыңдау ісін кейінге қалдырады да анықтама шығарады. Егер істі қарау үшін барлығы жеткілікті болған жағдайда, сот өндірісінің ауызша бөлігі аяқталды деп жарияланып, шешім шығару сатысына көшіріледі.
Сот тараптардан қосымша құжаттар мен түсініктеме беруін талап ете алады; істі тергеуді соттың бас тергеушісіне, сараптама жасауды нақты бір тұлғаға, ұйымға, сондай-ақ, органдар немесе институттарға тапсыра алады.
Достастық тараптар бейбіт келісімге келген жағдайда іс жүргізуді тоқтатады және өзге органдар мен институттарынан, ұйыдар, шаруашылық субъектілері мен лауазымды тұлғаларынан қажетті материалдар ала алады.
Қатысушылар істің материалдарымен танысуға, көшірмелер жасауға, дәлелдемелер беруге, төрағалық етушінің рұқсатымен сұрақ қоюға, сотқа ауызша және жазбаша түсініктеме беруге, сот отырысы кезінде туындаған мәселелер бойынша өз өтінімдерін ұсынуға, соттың анықтамалары мен шешімдеріне шағымдануға және регламентпен берілген барлық процессуалдық құқықтарға ие. Регламентке сәйкес, сот шешімі жарияланған сәтте күшіне енеді, егер өзге жағдайлар шешіде көрсетілмеген болса. Тараптар сот шешіміне Пленумға шағымдана алады. Шағымның берілуі сот шешімінің орындалуына кедергі болмайды. Сот регламентінде сот шешімдері ТМД институттары мен мемлекеттер органдарына прецеденттік сипатта болады деп көрсетілген.
Өзіне қатысты шешім шығарылған мемлекет, Достастыққа мүше мемлекеттердің келісімдерінде, шарттарында өзгеше көрсетілмесе, сол шешімнің орындалуын қамтамсыз етеді. Дауласушы тараптар сот белгілеген мерзімде сот шешімінің орындалуы жөнінде шаралар қабылдауға міндеттеледі. Егер мерзім көрсетілмесе, ақылға қонымды мерзімде орындауға міндетті. Заңды немесе жеке тұлғаларға қаржылық не өзге міндеттер жүктейтін шешімдердің орындалуын сол мемлекеттің сот органдары, сот шешімдерін жүзеге асыру ережелері негізінде қамтамасыз етеді. Сот пен Пленумның шешімін қатысушы мемлекет орындамаған жағдайда, мүдделі тарап ТМД қатысушы мемлекеттер басшыларының Кеңесіне жүгінуге құқылы.
Статусы мен құзыреті бойынша экономикалық сот не институционалдық арбитражға, не ad hoc арбитражына жатпайды. Еуропалық Одақтың сотына қарағанда, бұл заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін қорғамайды. Бұл шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын дауларды шешу тәртібі туралы шарт пен ТМД мемлекеттері ұйымдарының арасында тауар жеткізудің жалпы шарттары туралы келісімге сәйкес, ұлттық сот жүйесіне жүктелген.
1995-1996ж.ж ТМД экономикалық соты өз бастауымен сотты қайта құруға талпыныс жасады. Нәтижесінде, сот статусы мен қызметі туралы концепцияның жобасы пайда болды, бірақ ол қатысушы мемлекеттермен мақұлданбады. Жоба авторлары сот құзыретін кеңейтуді ұсынған болатын.
М.И.Клеандров өз кезегінде, ТМД болашақ сот органының басқа моделін ұсынды. Оның ойынша, сот құрамында алты мамандырылған алқа қызмет ету керек және оның филиалдары құрылу керек (дәлірек айтсақ, алқалар филиалдары).
Дауды қарастырудың үш сатылы өндірісі көрсетілді: бірінші инстанция - пәндік алқа; кассациялық инстанция – Президиум; қадағалау инстанциясы – Пленум. Президиум мен Пленумды қайта құрудың бірнеше нұсқалары ұсынылды. Сонымен қатар, жоба авторының пікірінше, мемлекеттер басшыларының Кеңесі ТМД сотына мемлекеттік емес орган
Сот шешімі міндетті және мәжбүрлі тәртіпте қамтамасыз етілуі тиіс, алайда, автор соттың кейбір істер категориясы бойынша, ұсынысты сипаттағы шешімдер шығаруын жоққа шығармайды. М.И.Клеандровтың пайымдауынша, қай алқа шешім шығарғанына байланысты оның орындалуы ТМД институттарына, органдарына, ТМД мемлекеттерінің ұлттық соттарына, мемлекеттік билік пен бақару органдарына тапсырылады.
Экономикалық дауларды шешу жүйесі осы ұйым шеңберінде тағы дамуын қажет етеді. Ол ТМД шеңберіндегі интеграция деңгейіне байланысыт. ТМД экономикалық сотының төрағасының пікірінше: «негізгі мәселе соттың тар мамандандырылған юрисдикциясында, оған жүгінуге құқылы субъектілер санының шетеулігі, шешімдерді орындауды қамтамасыз ететін әрекет етуші механизмінің болмауында. Ешбір шаруашылық субъектісі өз мүдделерін қорғау үшін тікелей бізге жүгіне алмайды. Экономикалық сотқа тек қатысушы елдер үкіметінің басшылары ғана шыға алады».
Осыған байланысты, ол экономикалық сотқа жүгінуге құқылы субъектілер санын көбейтуді, сот пәні мен юрисдикциясын қайта қарастырып, сот жанында аралық палата құруды жөн көреді.
Сотқа жүгінуге құқылы субъектілер шеңберін нақтылап, ол шеңберге кейбір категориялы істер бойынша (ТМД органдары мен институттарындағы еңбек даулары, ТМД институттары мен органдары арасындағы азаматтық-құқықтық даулар) сотқа жүгіне алатын заңды және жеке тұлғаларды қосу қажет. Сонымен қатар, экономикалық сот шығарған шешімдердер тараптар үшін міндетті және соңғы шешім болуы керек.
Еуропалық Одақ соты – ЕО-ның негізгі органдарының бірі. Оның юрисдикциясы міндетті сипатта. Бұл орган ЕО бірқатар нормативтік құжаттар – Еуропалық көмір және болат бірлестін құру туралы келісім, Еуропалық экономикалық қауымдастық пен атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық құру туралы келісімдер негізінде құрылған. Соттың міндетті юрисдикциясын мойындау, ЕО-қа мүшелікке негізгі шарт, сондықтан ЕО Сотының құзыреті біршама көлемді
Еуропалық Одақ Сотының құзыретіне басты органдары қабылдаған шешімдер мен заң актілерінің күшін жою, ЕО құқықтық нормаларына түсініктеме беру, қатысушы мемлкеттердің өзіне алған міндеттерінің жүзеге асырылуын бақылау жатады. Негізінен, ЕО Соты келесідей мәселелерді қарастырады: қатысушы мемлекеттердің экономикалық интеграциясы жөніндегі шараларды жүзеге асыру, еркін бәсеке мәселелері, бірыңғай әлеуметтік ауылшаруашылық саясатын жүргізу және тағы сол сияқтылар. Бірақ Сот тәжірибесінде Еуропалық қауымдастық ішінде тауарлардың еркін өту режимін құқықтық қамтамасыз етуге байланысты сот істері үлкен орын алады. ЕО Сотының осы мәселені реттеудегі үлкен тәжірибесі, тауарлардың еркін қозғалу мәселесі бойынша біраз қиыншылықтарға тап болатын Қазақстанның және де ТМД мүше мемлекеттерінің назарын аудартқызды.
ЕО Кеңесі бекіткен ЕО Сотының регламенті оның қызметін ұйымдастыру аспектілерін, сот өндірісі процедурасын анықтайды. ЕО Сотының басқа халықаралық сот органдарынан айырмашылығы, ЕО барлық мүшелері бірдей талапкер бола алмайды, тек ЕО органдары, ЕО мүше мемлекеттер, олардың заңды және жеке тұлғалары, ұлттық сот органдары талапкер бола алады.
Сот құрамы алты жылға тағайындалатын 13 судьядан және 6 бас қорғаушыдан тұрады. Сот өндірімі жазбаша және ауызша сатылардан тұрады. Істер жабық сот отырысында қаралады. Сот шешімдері ашық сот отырысында жарияланып, сол мезеттен бастап тараптар үшін міндетті болады.
ЕО Соты мемлекетаралық дауларды реттеуге, ЕО басты органдары қабылдаған шешімдер мен заңды актілерінің күшін жоюға, ЕО құқықтық нормаларына түсініктеме беруге, мүше мемлекеттердің өздеріне қабылдаған міндеттерінің орындалуын бақылауға құзыретті. Негізінен ЕО соты келесідей мәселелерді қарастырады: қатысушы мемлекеттерінің экономикалық интеграциясы жөніндегі шараларды жүзеге асыру, еркін бәсеке мәселесі, әлеуметтік және ауылшаруашылық саясатын жүргізу және т.б., алайда сот тәжірибесінде, еуропалық қауымдастықтық ішінде тауарлардың еркін жылжу режимін құқықтық қамтамасыз етуге байланысты даулар жиі қарастырылады. ЕО осы мәселені шешудегі тәжірибесі Достастық аймағында тауарлардың еркін жылжу мәселесі көптеген қиыншылықтар әкелетін Қазақстан мен ТМД мүше мемлекеттерін назар аудартқызды.
Сот тәжірибесінде ұлттық биліктердің түрлі заңсыз салымдар салуына байланысты істер жиі кездеседі.
ЕО Соты өзінің үлкен тәжірибесіне қарамастан, оның экономикалық дауларды реттеудегі мүмкіндіктері шектеулі. Бұл қауымдастықтағы интеграциялық процестердің деңгейіне, ЕО құру туралы шарттарда көрсетілген қатаң міндеттер шегі және өзге де факторларға байланысты. Негізінен оның қызметі мүше мемлекеттердің аумағында құқықтардың жүзеге асырылу тәртібін орнату және оның ұлттық құқықтық жүйеге енгізілуіне бағытталған.
Халықаралық тәжірибеде арбитраждың екі түрі белгілі: тұрақты әрекет ететін (институциялық) арбитраждық органдар және асі һос арбитраждар (бейтарап немесе бір реттік арбитраждар). 1961 жылғы сыртқы саудалық арбитраж туралы Еуропа Конвенциясына сәйкес, « арбитраж» термині тұрақты арбитраждық органдармен (І-бап, 2-тармақ (b)) және әрбір жеке іс (аd һос арбитраж) бойынша тағайындалған арбитрлермен дауларды тергеуді білдіреді.
Келісім-шарттың тараптары пайда болған немесе болашақта пайда болуы мүмкін дауларды, арбитраж қарауына беру туралы шешім қабылдап, арбитраждық келісімді құру бойынша жұмысты бастамас бұрын, арбитраждық тергеу тұрақты әрекет ететін арбитраждық институттардың біреуінде жүргізілеме немесе бұл арбитраж аd һос боладыма, соны анықтауы тиіс.
Институциялық немесе тұрақты әрекет ететін арбитраждар әртүрлі ұйымдар және ассоциациялар, сауда-өнеркәсіптік және саудалық палаталар жанында құрылады. Әрбір тұрақты әрекет ететін арбитраждың өзінің регламенті, істердің өндіріс ережелері және арбитрлер тізімі болады, яғни солардан тараптар арбитрлерді таңдайды.
Жүзден астам тұрақты әрекет ететін арбитраждар бар. Олардың ішіндегі ең әйгілі ол Париждегі Халықаралық сауда палатасының жанындағы Халықаралық коммерциялық арбитраждық сот, Стокгольмның Сауда палатасының Арбитраждық Институты, Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот, Германдық арбитраж Институты, Американдық Арбитраждық Ассоциация, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасының жанындағы Халықаралық коммерциялық арбитраждық сот және т.б.
Төменде, кейбір регламенттердің ерекшеліктері қарастырылады. Ең беделділерінің бірі Стокгольмның Сауда палатасының Арбитраждық Институты болып табылады, ол арбитраждың мәселелерімен айналысатын, Стокгольмның Сауда палатасының тәуелсіз органы болып табылады. Оның Регламенті Стокгольмның Сауда палатасымен қабылданды және 1988 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Институттың жаңа арбитраждық Регламенті 1999 жылы 1 сәуірден бастап қабылдаған және күшіне енгеннен бастап бұл регламент күшін жоғалтты. Егер тараптар басқаша келіспесе, жаңа Регламентті, қарауға қабылдаған, қандай болсын дауға қолдануға болады.
Стокгольмның Арбитраждық Институтының қарауына дауды беру үшін келесі арбитраждық ескертпе ұсынылады: «осы контрактімен байланысты талап немесе келіспеушілік, қандай болсын дау немесе оның бұзылуы немесе күшінде болмауы Стокгольмның Сауда Палатасының Арбитраждық Институтының Регламентіне сәйкес арбитраж жолымен түпкілікті шешіледі».
Қажеттілік туындағанда, тараптар арбитраж құрамы, арбитраж жүргізетін орны, арбитраждық тергеудің тілі және қолданбалы құқық туралы алдын-ала келісу қажет.
Арбитраждық Институт өзі дауларды шешпейді. Институттың Регламентіне сәйкес, сонымен қатар Институт қабылдаған, басқа процедура ережелеріне сәйкес ішкі және халықаралық дауларды шешуге үлес қосу; Институт орнатқан тәртіпке сәйкес, арбитраждық тергеуге үлес қосу, яғни оның процедурасы Институттың Регламентімен көрсетілген процедурадан жартылай немесе толық ерекшелінеді; татуластырушы процедура және арбитражды жүргізудің мәселелері бойынша мәлімет ұсыну (Регламенттің 1-бабы).
Арбитраждық өндіріс, талапкердің Арбитраждық Институтқа арбитраж туралы өтініш бергеннен бастап қозғалады. Арбитраж туралы өтініш мыналарды қамту керек: атауы, пошталық мекен-жай, телефон, факс нөмірлері, тараптардың және олардың өкілдерінің электрондық пошталарының мекен-жайлары; дауды қысқаша сипаттау; талапкердің талаптарын алдын- ала айту; арбитраждық келісімнің немесе ескертпенің көшірмесі және оларға сәйкес дау арбитражбен шешілуі тиіс; және егер ол таңдалған процедурамен көрсетілсе, талапкер тағайындаған арбитрді, пошталық мекен-жайды, электрондық поштаның мекен- жайын, арбитрдің телефоны және факсының нөмірін ңұсқау (5-бап).
Арбитраждық Институттың дауға қатысты құқығы болмаса немесе тіркеулі алымның көрсетілген мерзімде төленбегендігі анықталса, арбитраж туралы талапкердің өтініші қабылданбайды (7-бап).
Арбитраждық Институт тергеудің құпиялығын және оны әділ, үнемдеп және кешіктірмей жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті (9-бап).
Арбитраждық Институттың Регламентінің анықтауы бойынша, егер іс жүргізудің тілі немесе тілдері тараптармен арбитраждық келісімде келісілмесе, арбитраж құрамы тараптармен кеңескеннен кейін берілген мәселе бойынша шешім қабылдай алады (23-бап).
Өткен Регламентте сияқты, қазіргі күші бар Арбитраждық Институттың Регламентіне сәйкес дауды шешу үшін, үш арбитр тағайындалады, егер тараптардың келісімінде басқаша көзделмесе. Әрбір тарап бір арбитрден тағайындайды, үшінші арбитр Арбитраждық Институтпен тағайындалады және арбитраж құрамының Төрағасы ретінде әрекет етеді. Тараптар, сонымен бірге Төрағаны тағайындаудың басқа жолын таңдауға ерікті.Егер тарап Арбитраждық Институтпен белгіленген мерзім ішінде арбитрді тағайындамаса және егер тараптар басқаша келіспесе, онда тағайындау Арбитраждық Институтпен жүзеге асырылады. Дау жалғыз арбитрмен шешілетін болса және егер тараптар басқаша келіспесе, онда оның тағайындауын Арбитраждық Институт жүзеге асырады.
Одан басқа, егер тараптар арбитраж құрамындағы арбитрлер саны туралы келіспесе, онда Институт істің күрделігін, даудың бағасын және басқа мән-жайларды назарына ала отырып, дау жалғыз арбитрмен шешілуге жатады деп, қаулы етуге құқылы. Көрсетіп кеткен құзырлыққа Арбитраждық Институттың иеленуі, Регламенттің қосымшасы болып табылады. Регламенттің белгілеуі бойынша (17-бап, 1-т.), арбитр әділ және тәуелсіз болу қажет.
«Арбитраж құрамы белгілеген процедураның ережелері» Регламентінің 20-бабының ескертуі бойынша, тараптардың тілектерін ескеріп, осы Регламент және арбитраждық келісім белгілеген шарттарға сәйкес, арбитраж құрамы тергеуді жүргізудің тәртібін анықтайды. Арбитраж құрамы процедуралық мәселелер бойынша, дербес шешімдер қабылдауға байланысты төрағаға уәкілеттік бере алады.
Басқадан қарағанда, көбірек дауыс жинаған пікір, дауыс беру кезінде шешуші болып табылады. Егер мұндай көп дауыс жинамаса, онда төрағаның пікірі шешуші болып есептеледі, егер тараптар басқаша келіспесе (30-бап).
Жаңа Регламенттік ережелері қолданбалы құқық туралы мәселені шешудің күші бар тәжірибесінің дәстүріндегі қисынға келтірілген, дөлірек айтқанда, тараптарға барынша көп таңдау еркіндігін береді. Регламент тараптарға өзінің контрактісін қандай болсын ұлттық құқыққа және әрқилы құқық қағидаларына тәуелді етуге мүмкіндік береді және дауды әділдік бойынша шешу немесе бейбіт делдал ретінде шығуға арбитраж құрамына уәкілеттік береді.
Регламент бойынша (24-бап, 2-тармақ), белгілі мемлекеттің заңдарына тараптардың қандай болсын нұсқауы, сол мемлекеттің коллизиялық нормаларына емес, материалдық құқығына тікелей сілтеме жасау ретінде түсіндірілу тиіс.
Тараптар қолданбалы құқыққа байланысты жиі келісімге келмейді. Мұндай жағдайлар үшін Регламент қандай болсын құқықтық жүйенің коллизиялық нормаларына жүгінбей, нақты жағдайларда арбитрлерге жарамды болып көрінетін құқықты және құқықтық нормаларды қолдануға арбитраж құрамының өкілеттіктерін ескертеді. Мұндай ереже шетел азаматтары қатысатын дауларды шешудің шведтік арбитраждық тәжірибеге қарсы келеді, бірақ бұл салада соңғы халықаралық тенденцияларды бейнелейді.
Арбитраждың шешімді шығару үшін жаңа Регламентте мерзімдер қысқартылады, яғни арбитраж құрамына істі бергеннен бастап алты айдан аспай шешім шығарылуы тиіс, бұрынғы Регламент арбитрлерге бір жыл берген.
Арбитраждық шешім арбитраждық тергеудің орнында шығарылған болып есептеледі. Ол шешім шыққан күнді немесе олардың себептерін негіздейтін қаулыны, сонымен бірге арбитрлердің қолын қамтуы тиіс.
Егер арбитр ерекше пікірге ие болса, онда ол арбитраждық шешімге қоса тіркеледі.(32-бап).
Егер арбитраждық тергеудің кезінде тараптар дауды реттесе, арбитраж құрамы, тараптардың өтініші бойынша келісуші шарттардың негізінде арбитраждық шешім түрінде бейбіт келісімді бекітеді.
Арбитраждық шешім оны шығарған кезден бастап түпкілікті және міндетті болып табылады. (36-бап).
Жаңа Регламент арбитраждық алымдарды есептеу қағидаларына қатысты, маңызды түзетулер енгізді. Бұрынғы Регламент жұмсалған уақыттың негізінде, сонымен бірге істің күрделігін, даудың бағасын және басқа мән-жайларды ескеріп, өзінің сыйақысының мөлшерін арбитрлерге дербес анықтауға мүмкіндік берген.
Қазіргі күші бар ережелер даудың бағасына байланысты арбитрлер сыйақысының бекітілген мөлшерін белгілеуге арбитраждық Институтқа уәкілеттік берді.
Айтып кететін жәйт, Регламентте есеп айырысудың валютасы шведтік крона емес, евро (ЕURO) болып табылады.
Регламент бойынша (39-бап, 1-т.) арбитраждық шығындарға кіретіндер: арбитрлердің қаламақылары, Институттың әкімшілік алымы, олардың шығындарын жабуға Институтқа және арбитрлерге өтемдер, яғни істі қарау кезінде пайда болатын және Институтпен тағайындалған, барлық сарапшылардың шығындарының өтемдері және қаламақылары. Тараптар барлық шығындарды төлеу бойынша ортақ жауапкершілікке ие. Арбитраж құрамы істің нәтижесіне және басқа жағдайларға байланысты тараптар арасындағы арбитраждық тергеуге шығындарды бөлу туралы шешім қабылдайды (40-бап).
Стокгольмнің Сауда палатасының Арбитраждық Институты сонымен бірге өзінің жедел арбитраждық процедурасына ие. Жедел арбитраждық процедураның бірінші ережелері 1995 жылы ұсынылды және бірден тәжірибеде сәттілікпен қолдана бастады. Халықаралық коммерцияда талаптағы бағасы үлкен емес істерді қарау үшін қарапайым процедураға сұраныс, аталған Ережелердің еңбегі сіңген әйгілігіне шарт қойды.
1999 жылғы жедел арбитраждық процедура Ережелерінің нұсқасы бұрынғы ережелерді қамтиды. Бірақ, мысалы, қолданбалы құқық мәселесі бойынша, Арбитраждық Регламенттің қосымшалары, жаңа Ережелерді құраған кезде ескерілген.
Жедел процедураның негізгі белгілері мыналар:
істі қарау әрқашанда жалғыз арбитрмен жүзеге асырылады, егер тараптардың келісімімен анықталмаса, Арбитраждық институтпен тағайындалады;
талап арыздан және талапқа жауаптан басқа, әрбір тарап тек бір қосымша қысқа жазбаша арызды ұсына алады. Толықтыру үшін уақыт шектелген және 10 жұмыс күнін құрайды;
арбитр іс түскен кезден бастап үш айдың ішінде іс бойынша шешім шығаруға міндетті, егер тараптардың біреуінен сәйкес сауал түссе ғана, шешімді шығару үшін негіздер мұнда баяндалады.
Сонымен қатар, Стокгольмнің Сауда палатасының Арбитраждық
Институты сақтандыру саласында дауларды қараудың Регламентін қабылдады.
Сақтандыру және қайта сақтандыру аясында істерді тиімдірек қарауды қамтамасыз ету мақсатында берілген Регламент қабылданды. Осы Регламентке сәйкес, Институт мұндай істер бойынша сақтандыру саласында танылған мамандар болып табылатын және сәйкес тәжірибеге және біліктілікке ие тұлғалардың арасынан арбитрлерді сайлайды.
Аталған Регламент Арбитраждық Регламентін және жедел арбитраждық процедураның сәйкес Ережелерін қамтиды. Институт істің күрделігін және басқа жағдайларды ескеріп, Арбитраждық Регламентті басшылыққа алуын шешуді қоспағанда, соңғылары көптеген жағдайларда қолданылады.
Тағы бір жоғарғы беделге ие арбитраждық орган, ол Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот болып табылады (London Court of International Arbitration - LCIA).
Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот Лондонда орналасса да, бүкіл әлем бойынша қай жерде болмасын қолдану үшін жан-жақты арбитраждық қызметтер көрсетеді. Регламент LCIA әрқилы құқықтық жүйеде және әлемнің әрқилы негізгі тілдерінде қолдануға жарамды. Сәйкес арбитраждық орталықтармен және арбитраждық органдармен келісімдері арқылы көптеген елдерде арбитраждық тергеу жүргізу үшін әкімшілік ұйымды қамтамасыз етуге Лондондық Халықаралық Арбитраждық соттың шамасы бар.
Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот лондондық Ситидің Муниципалдық кеңесінің бастамасы бойынша Лондондық Арбитраждық палата ретінде 1892 жылы құрылды. Бұл әлемдегі ең көне арбитраждық орган болып табылады. Ол 1903 жылы Лондондық Арбитраждық сот деп аты ауыстырылды, ал 1981 жылы қайтадан Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот (LCIA) деп аталды. Оның нағыз атауы оның қызметінің ерекшелігін бейнелейді, яғни ол халықаралық коммерциялық арбитражға толық арналған. 1986 жылы LCIA жауапкершілігі шектеулі компания ретінде тіркелді. Ол әлі өзінің үш құрылтай органдарымен - лондондық Ситидің Муниципалдық кеңесімен, Лондондық Сауда - өнеркәсіптік палатасымен және арбитрлердің Институтымен ресми байланыстарды жүргізеді, яғни Ортақ консультативтік кеңес арқылы, бірақ оның саясаты, күнделікті қызметі және болашақ дамуы Арбитраждық сот LCIA және директорлар Басқармасының LCIA бақылауында болады.
Арбитраждық сот LCIA : арбитраждық сот LCIA 1985 жылы LCIA басты орган ретінде құрылды. Ол халықаралық арбитраждық жүйенің тиімді қызметінде маңызды рөл атқарады, оны LCIA қамтамасыз етуге тырысады.
Бұл нағыз халықаралық орган. Әлемнің маңызды сауда аймақтары атынан өкілдік ететін, халықаралық коммерциялық арбитраж саласында жүргізуші тәжірибелі заңгерлердің тиісті балансын қолдау және қамтамасыз ету үшін оның жиырма алты мүшелері мұқият таңдалады. LCIA Регламентіне сәйкес тек Арбитраждық сот LCIA арбитрлерді тағайындауға құқылы. Арбитраждық сот LCIA функцияларына өзінің Регламентін қолдануды қамтамасыз ету кіреді.
"Тұтынушылар" Кеңестері LCIA: 1987 жылы Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот әлемнің негізгі саудалық аймақтарды қамтитын, "тұтынушылар" кеңестері түсінігін енгізді. LCIA арбитраждық қызметтерінің "тұтынушыларына" компанияларда жұмыс істейтін адвокаттар және саудалық, коммерциялық, халықаралық өнеркәсіптік ұйымдардан басқа мамандандырылған тұлғалар; халықаралық адвокаттар және адвокаттық фирмалар; тәжірибеленген халықаралық арбитрлер кіреді. Кеңестер LCIA және тұтынушылар немесе оның дүниежүзілік қызметтерінің потенциалды тұтынушылары арасында формальды және конструктивтік қатынастарды қамтамасыз етуге арналған.
Еуропалық кеңес, Солтүстік Американдық кеңес және Азиялық - Тынық мұхиттық кеңес құрылған соң, LCIA-нің бұл бастауының бірінші кезеңі 1989 жылы аяқталды. 1990 жылы Еуропалық кеңестің қамқорлығымен шығыс және батыс арасында LCIA форум орнады және панафрикандық кеңес құрылды.
Арбитраждық Регламент LCIA халықаралық адвокаттар және арбитрлердің, халықаралық коммерциялық қауымдастықтың ауыспалы талаптарына сәйкес, тұрақты қайта қаралды және толықтырылды, соңында "дүниежүзілік қолдану үшін" 1985 жылы Регламенттің нысанына иеленді. 1985 жылы Регламентте халықаралық коммерциялық арбитражға қатысты тәжірибеде және заңдарда өзгерістер бейнеленді. 1985 жылғы Регламент бүкіл әлемде қолдануға арналды.
Халықаралық контракт бойынша тараптар олардың арасындағы қандай болсын дауларды Лондондық Халықаралық Арбитраждық соттың қаралуына бергісі келмесе, келесі түрде арбитраждық ескертпені контрактіге кіргізу қажет: "нағыз контракт немесе оған байланысты пайда болатын әрқилы дау, сонымен қатар оның орын алуы, күшінің болуы немесе тоқтатылуына қатысты әртүрлі мәселені Лондондық Халықаралық Арбитраждық соттың Регламентіне сәйкес арбитраждың қаралуына және түпкілікті шешуіне беру қажет, сол Регламент оған сілтеме жасаудың нәтижесінде нағыз ескертпенің бөлігі болып есептеледі".
Егер тараптар өздерінің контрактілерін реттейтін құқықты нақты көрсетсе, онда қиыншылықтар мен шығындарға ұшырамауға болатыны туралы тараптарға ескертеді. Сонымен қатар тараптардың қалауынша, арбитрлер саны, арбитраждық тергеуді жүргізудің орны және тілі көрсетілуі мүмкін.
LCIA Арбитраждық соттың Регламентіне сәйкес (3-бап), "арбитраждық сот" термині бірнеше арбитрлер тағайындалған жағдайда барлық арбитрлерді немесе жалғыз арбитрді қамтиды. Арбитраждық тергеуді жүргізетін барлық арбитрлер (олар тараптармен ұсынылды немесе ұсынылмағанына қарамастан), барлық кезде толық тәуелсіз және әділ болып қалуы тиіс және тараптар үшін қорғаушылар рөлінде шықпауы тиіс.
Регламент бойынша, істің барлық мән-жайларын ескеріп тараптар басқаша келіспесе немесе құрамында үш мүшесі бар Арбитраждық сот мақсатқа сай болып табылады деп Арбитраждық сот LCIA танымаса, жалғыз арбитр тағайындалады.
Тек қана Арбитраждық сот арбитрлерді тағайындауға құқылы, және мұндай тағайындау арбитраждық сот LCIA атынан президентпен немесе Арбитраждық сот LCIA әртүрлі вице-президентімен жүзеге асырылады. Арбитраждық сот LCIA тараптарымен келісілген, таңдаудың белгілерін немесе әртүрлі арнайы әдістерін ескеріп, арбитрлерді тағайындайды. Арбитрлерді таңдаған кезде мүмкіндігі болғанша, контрактінің, даудың ерекшелігі және мән-жайлары, сонымен қатар тараптардың ұлты, тұрған жері және тілдері назарға алынады.
Тараптар арасында басқа туралы келісім болмаса және егер олар әртүрлі ұлтты болса, дербес арбитрлер немесе төрағалар тараптардың біреуінің ұлтынан тағайындалмауы тиіс. Егер тараптардың келісуі бойынша, олар арбитрлердің кандидатурасын өздері ұсынса немесе екі арбитрге я болмаса үшінші тұлғаға арбитрдің кандидатурасын ұсынуға рұқсат берсе және егер оларды Арбитраждық сот жарамсыз, тәуелсіз немесе әділ емес деп таныса, онда Арбитраждық сот LCIA мұндай кандидатураларды тағайындаудан бас тартады. Егер Арбитраждық сот құрамында үш арбитр болып, әрекет еткен жағдайда, Арбитраждық сот тарап ұсынған арбитр болмауы тиіс, Төрағаны анықтайды.
Егер арбитраж туралы келісімде тараптармен кандидатуралар ұсынылатыны көрсетілсе және Жауапкер Жолданудың көшірмесін алған соң 30 күн ішінде мұндай кандидатураны арбитражға ұсынбаса, Арбитраждық сот LCIA ұсынбауы тиіс болған кандидатураның орнына жедел арбитрді тағайындайды. Егер Талапкердің Жолдануымен арбитрдің кандидатурасы ұсынылмаса және Талапкер сондай кандидатураны сол сияқты мерзімде ұсынбаса, онда Арбитраждық сот LCIA сондай жолмен арбитрді тағайындайды. Мұндай шешімдер өзінің ерекшелігі бойынша әкімшілік болып есептеледі, және Арбитраждық сот олардың себептерін келтірмеуге міндетті. Арбитраждық тергеуді жүргізудің орнында күші бар заңмен жол берілетін шегінде, тараптар әрқилы мұндай шешімдерге қатысты басқа сот органында немесе сотта әрқилы шағымдану құқығынан бас тартқан болып есептеледі. Егер мұндай шағымдану арбитраждық тергеуді жүргізудің орнында күші бар, заңның міндетті ережелері үшін мүмкін болып қалса, Арбитраждық сот, қолданбалы заңның нормаларын сақталуы шартымен, шағымдануға қарамастан арбитраждық тергеуді жалғастыру қажет пе, соны шешеді.
Арбитраждық сот LCIA Регламентінің белгілеуі бойынша, тараптар арбитраждық процедура туралы келісе алады (5-бап). Тараптармен келісілген немесе Регламентте орын алған процедураның ережелерінің болмауы, дауды әділ, жылдам, үнемдеп және түпкілікті шешу үшін қолданылуы тиіс заң бойынша жол беретін, кең қарап шешу өкілеттігіне Арбитраждық сот ие.
Тараптар арбитраждық тергеуді жүргізудің орнын таңдай алады. Егер тараптар мұндай таңдауды жүзеге асырмаса, арбитраждық тергеуді жүргізетін орын Лондон болады, егер тек Арбитраждық сот басқа орын мақсатқа сай болады деп, істің барлық мән-жайларын ескеріп анықтамаса (7-бап).
Арбитраждық сот LCIA Регламентіне сәйкес (8-бап) арбитраждық тергеу арбитраждық келісім қамтыған құжат жасалған тілде (тілдерде) жүргізіледі, егер тараптар басқаша келіспесе. Егер қандай болсын құжат арбитраждық тергеудің тілінде емес, басқа тілде құрылса және құжат беруші тарап бұл құжаттың аударылуын бермесе немесе егер Арбитраждық сот тағайындалмаса, Арбитраждық сот LCIA бұл тарапты аударуды өкелуге міндеттей алады.
Арбитраждық сот талап ете алатын өкілеттіктердің дәлелдемелерін ұсынған жағдайда, әрқилы басқа өкілдер немесе тәжірибеленген заңгерлер әрқилы тараптың атынан өкілдік ете алады (9-бап).
Тек құжаттардың негізінде тараптар тергеуді жүргізуге келіспеген жағдайда, Арбитраждық сот әрқилы тарапты тыңдауға құқылы.
Арбитраждық сот арбитраждық тергеу бойыша әрқилы отырыстар мен тыңдаулар орнын, сағатын және күнін тағайындайды және Хатшы мұндай отырыстар мен тыңдаулардың күні, сағаты және орны туралы тараптарға алдын ала хабарлауы тиіс. Егер тараптар басқаша келіспесе, барлық отырыстар мен тыңдаулар жабық түрде жүргізіледі (10-бап).
Сонымен қатар Регламент Арбитраждық соттың қосымша өкілеттіктерін ескертеді (13-бап). Егер тараптар басқа туралы әрқилы уақытта келіспесе және қолданбалы заңның міндетті шектеулерін бұлжытпай ұстану шартымен, тараптарға тиісті мүмкіндік бергеннен кейін ғана, тараптардың біреуінің өтініш беруі немесе өзінің бастамасы бойынша, Арбитраждық сот өзінің пікірін айтуға құқылы:
қандай құқықтық нормалар тараптар арасындағы даулы мәселеге немесе
арбитраждық келісімге немесе әрқилы контрактіге қатысты реттейтін я болмаса
қолданбалы болып табылатынын анықтауға;
контрактіні реттейтін немесе оған қолданатын құқықтық нормалар мұндай
түзетуге жол беретін шегінде ғана және арбитраждық сот барлық тараптар үшін
жалпы деп есептейтін, қандай болсын қателікті түзеу үшін қажетті шегінде
ғана, арбитраждық келісім немесе әрқилы мұндай контрактіні түзеуді
белгілеуге;
олардың арасындағы барлық даулы мәселелерді шешетін, жалғыз түпкілікті
арбитраждық шешім шығару және олардың анық білдірілген келісімімен
арбитраждық тергеуге басқа тараптардың қосылуына рұқсат беруге;
әрқилы тарапқа ол орнататын шарттардың негізінде (шығындар және т.б.
қатысты), талапқа қатысты талаптарын немесе қарсы талапты өзгертуге рұқсат
беруге;
өзінің нұсқаулары немесе Регламентпен қарастырылған мерзімдерді ұзарту
немесе қысқартуға;
Арбитраждық сот қажетті немесе мақсатқа сәйкес деп есептейтін, мұндай
тергеулерді жүргізуге;
Арбитраждық сот я болмаса әрқилы сарапшының көзінше қарау үшін мүлікті
немесе затты беруге тараптарды міндеттеуге;
әрқилы тараптың бақылауындағы кез келген мүлік немесе заттың сақталу,
сақтау, сату я болмаса сатудың басқа нысаны туралы иелік етуге;
- Арбитраждық сот іске қатысты деп есептейтін және тараптың иелігінде
немесе билігіндегі құжаттардың топтарын я болмаса әр қилы құжаттарды қарау
үшін Арбитраждық сотқа және басқа тараптарға беруді тараптардың біреуін
сонымен қатар бұл құжаттардың көшірмелерін беруді міндеттейді.
Арбитраждық сот өзінің құзыреті туралы, соның ішінде арбитраждық келісімнің күшінде болуына қатысты кез келген қарсылықтар бойынша өзі қаулы шығаруға құқылы. Контрактінің бөлігі болып табылатын, арбитраждық ескертпенің бұл мақсаты үшін, келісім-шарттың басқа шарттарына байланысты емес, келісім ретінде көрініс табуы тиіс. Келісім-шарттың күші жоқтығы туралы шешімді Арбитраждық сот шығарғанда, арбитраждық ескертпенің күші жоқтығын "ipso jure" (автоматты түрде) туындатпайды (14-бап).
Арбитраждық сот құзырлыққа ие емес туралы арызды талап бойынша қарсылықтарды ұсынудан жай емес жасалуы тиіс. Арбитраждық сот өзінің өкілеттіктерінің шегінен шығады деген тараптың пікірінен туындаған мәселе бойынша, Арбитраждық сот шешім шығаруға ниет білдіргеннен кейін, Арбитраждық сот өзінің өкілеттіктерін асыра қолдануы туралы арыз кенеттен берілуі тиіс. Бұл жағдайлардың әрқайсысында Арбитраждық сот берілген параграфқа сәйкес кеш берілген арызды қабылдай алады, егер кешігудің себебі ақталған болса.
Арбитраждық сот LCIA Регламентіне сәйкес (16-бап), Арбитраждық сот жазбаша нысанда шешім шығарады және егер барлық тараптар басқаша келіспесе, бұл шешім негізделген себептерін көрсетеді. Арбитраждық шешімде оның күні көрсетілуі тиіс және ол арбитрмен немесе арбитлермен қол қойылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |