Абдразаков б. Б


Халықаралық соттардың шешімдері мен басқа да актілері



бет17/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Халықаралық процесс

Халықаралық соттардың шешімдері мен басқа да актілері.
Қай соттар жайында сөз болады деген сұрақ бірден туады. Ең алдымен халықаралық соттың өзі жайында, сондай-ақ басқа да халықаралық сот органдары жайында, сонымен бірге, құрылып келе жатқан ad. Һoc, яғни бір жолғы тәртіп бойынша нақты жағдайларға байланысты.
Сот шешімдерінің халықаралық құқықтағы маңызы мемлекеттердің жеке ұлттық құқықтық жүйелеріндегі маңызына жақын құқықтың формальды қайнар көздері болып табылмас да, құқық қолдану тәжірибесінде маңызды рөл атқарады, мысалы ГФР. Халықаралық құқықтың даулы нормасына, іске дауласып отырған жақтардан гөрі, келешекте сол тараптан не басқа субъектілермен оның қолданылуын жеңілдететін халықаралық соттың шешімі мен түсіндірме беріліп, интерпретация жүргізілуі мүмкін. Сонымен бірге халықаралық соттың консультативті қорытынды беру институты осыған қатысты БҰҰ Бас Ассамблея, не БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сұрау салулары негізінде, кез келген заң мәселесі бойынша, белгілі бір маңызын атқара алады (БҰҰ жарғысының 96-бабы).
Халықаралық құқық доктринасы, халықаралық заңгерлердің идеялары мен ұсынылған. Әдебиетте айтылатын пікірлерге сай, мемлекеттер тәжірибесінің түсініктілігінің күшеюіне қарай мемлекеттердің белгілі құжаттарының және халықаралық ұйымдар мен соттар шешімдерінің жариялануы нәтижесінде доктринаның рөлі халықаралық құқық нормаларының барын анықтадың оларды интерпретациялау құралы ретінде төмендей түседі. Біздің пікірімізше, бұл дәл бұлай емес. Ойлап қарасақ, доктрина халықаралық құқық қолдану тәжірибесінде маңызды орынды бұрыннан бері алып келген де, кейін де ұстап отырады. Осы жерде кейбір мемлекеттенрдің ұлттық құқықтық жүйелермен ұқсстыққа жол беріледі, мысалыға ГФР, яғни мұнда дұрыс позитивті заңдардың дамыған жүйесіне қарамастан, сот тәжірибесінің құқықтық нормаларды интерпретациялаудың көмекші құралы ретінде доктрина маңызды тәжірибелі рөл атқаруды жалғастырылады.
Жалпы доктрина секілді, халықаралық сот органдарының сот шешімдері де, қазіргі халықаралық құқықтың келегектегі прогрессивті дамуында өте маңызды рөл атқарады.
Ең ақырында, біржақты халықаралық актілер мен ұлттық заңды сонымен қатар, халықаралық құқықтың қайнар көздеріне орай ұлттық соттардың сотшешімдерін сипаттау қажет. Біржақты халықаралық актілері болып, ең басты халықаралық үкіметаралық ұйымдардың актілері, сондай-ақ мемлекеттердің біржақты актілері табылады. Халықралық үкіметаралық ұйымдардың актілері, ішкі ұйымдық бола тұра, орындалған міндетті сипатқа ие болуы мүмкін. Яғни ішкі мәселелерді реттеп, міндеттер орната алады, мұндағы айталық, халықаралық ұйымның құрылымындағы белгілі бөлімшелердің міндеттерін орнатуы. Халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты қабылданатын сыртқы сипаттағы актілердің міндетті заңды күші жоқ (мысалыға осы ұйымның мүше мемлекеттері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет