Абдразаков б. Б


Мемлекеттердің халықаралық құықтық жауапкершілігінің негіздері



бет35/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Халықаралық процесс

Мемлекеттердің халықаралық құықтық жауапкершілігінің негіздері.
Ең қарапайым схема бойынша ол екі тараптан тұрады:
Құқығы бұзылған ХҚ субъектісі (құқық ХҚ-ға сәйкес берілген) және тікелей әрекетінің нәтижесінде осы құқық бұзушылық жасаған ХҚ субъектісі.
Бұл тараптарды сипаттай келе, біз мына тұстарға назар аударуымыз керек:
1.ХҚ субъектілерінің негізгі сапалық сипаттамасы халықаралық құқық субъетілік, оның құрамдас бөліктері – халықаралық құқық және әрекет қабілеттілік. Құқық бұзушы субъект, біздің түсінігімізше, халықарлық құқық субъектілікті толықтай иемденуге тиіс, яғни онда құқық қабілеттілік те, әрекет қабілеттілік те болуы қажет(оның қисынды жалғасы ретінде онда өзі жалғасы ретінде онда өзі жасаған әрекетке жауап беру қабілеті – деликт қабілеттілік болады).
Бұл жерде айта кететін бір жай – ХҚЖ-ға қатысты көпшілік жағдайда әңгіме ХҚ- тың “қалыпты” субъектілері жайында, ең алдымен, мемлекеттер жайында болады. Мысалы, егер ғарыш нысандарын пайдалану кезінде келтірілген зияндар үшін жауаптылық өрісін алатын болсақ, белгілі бір заңды тұлғаның мүлкіне басқа мемлекеттің аумағында зиян келсе де, ол заңды тұлға өз зиянын өндіріп алу жөнінде зымыран ұшырған мемлекетке тікелей талап қоя алмайды, себебі ондай талап қою сол заңды тұлғ азаматы болып есептелетін мемлекеттің ісі.
ХҚЖ-ның “қайталанба” қасиеті, әдетте, субъектілер қрамының алғашқы құқықтық қатынастардың субъектілер қрамымен салыстырғанда өзгеріп, соған байланысты ХҚ нормаларының бұзылатындығын білдірмейді.
2.Мынадай қызық сұрақ туындайды: “халықаралық қауымдастық” (әлемнің барлық мемлекеттерінің жиынтығы ретінде) өздігінен ХҚЖ-ның құқық қатынастарында құықғы бұзылған тарап ретінде бола ала ма?
3.Бұл қойылған сұрақты схема бойынша екіге бөлуге болады:
а) халықаралық қауымдастық құқық қатынастарының тарабы бола алмайд, ондай міндетті бір енмесе нақты бірнеше мемлекет зеге асырады;
ә) әлемдік қауымдастық құқықтарының бұзылуы мүмкіндігін алатын болсақ, ондай мүмкіндік бар. Әңгіме бұл жерде “ergaomnes” деп аталатын міндеттемелер, ал дәлірек айтсақ, олардың бұзылуы жайында . “ergaomnes” міндеттемелері “барлығына қарсы”, яғни әлемдік қауымдастық барлық мүшелеріне қатысты міндетемелерді білдіреді. Дәл осы жерде әлемдік қауымдастықтың персонификациясы жүреді . Бұл санат өзінің мазмұны жағынан ХҚ-тың негізгі қағидаттарына таралады. Сонымен қатар, бұзылған кезінде халықаралық қылмыстар жайында сөз болатын міндеттемелерде, бізідің ойымызша,“ergaomnes” күші бар.
ХҚ-тың қандай да бір субъектісіне жатқызылатын іс-әрекет ХҚЖ-ның туындауына заңдық негіздеме болып табылады. Қосымша талаптар ретінде кінәнің, сондай-ақ жасалған ісәрекеттің нәтижесінде зиянның болғанын көрсету қажет.
Әдетте, әңгіме ХҚЖ – ның екі негізгі түрін бөліп қарау туралды болады; ол түрлер: материалдық және материалдық емес. Материалдық түрдің шеңберінде мүліктік сипаты бар талап, яғни жауапкершілік іске асырылады деп болжамдалды. Ал, материалдық емес түрді алатын болсақ, бұл жағдайда ма Қарастырып отырған тақырып шеңберінде ХҚЖ – ның түрлері мен нысандары туралы мәселе дәстүрлі болып саналады. Бұл мәселенің мәні әдебиеттерде териалдық емес сипаттағы талаптар мен жауапкершілік іске асырылады.
ХҚЖ-ның материалдық емес түрінде оның мынадай нысандары қарастырылады:
а) сатисфакция – бұзушы субъект тарапынан болатын біржащқты акт, онда құқығы бұзылған субъектінің талабын моральдық қанағаттандыруға ұмтылыс болады. Бұл: кешірім сұрау, мұндай бұзушылықты келешекте болдырмау жайында мәлімдеме жасау, т.б болуы мүмкін;
Б) репрессалия - бұл құқығы бұзылған субъект тарапынан бұзушы субъектіге қатысты қолданылатын біржақты актілер. Бұған ұқсас “реторсия” деген ұғым бар. Бұл нысандарда қайшылық сипат бар, олардың өзара айырмашылығы мынада: реторсия дегеніміз қырын қабақ сипаттағы әрекеттерге қарсы жасалатын әрекеттер, бірақ оларды жасағанда халықаралық құқық бұзылмайды (мысалы, белгілі бір адамды төтенше және өкілетті елші етіп тағайындауға агреман беруден бас тарту осы қызметке басқа кандидатураны ұсынуды реторсия ретінде ұзақ мерзімге қалдыруы мүмкін). Рпрессалия – халықаралық құқықты бұзатын іс-әрекеттерге қатысты қарсы қолданылатын әрекеттер (мысалы, қарулы агрессия актісіне қарсы жауап).
Қорыта келгенде, реторсияны ХҚЖ-ның материалдық емес түріне жатқызуға болмайды, себебі ХҚЖ мінінің өзі оның негізіне ХҚ нормаларының бұзылғандығының болуын қарастырады , ал ретосия жағдайында болмайды.
ХҚЖ –ның материалдық және материалдық емес түрлерінің аралығында орналасқан формаға ресторация жатады, ол ХҚ бұзылғанға дейінгі күйді қалпына келтіру міндеттілігі, мысалы басқа мемлекеттің ішкі теңіз суларына заңсыз кірген әскери теңіз кемелерін алып кету міндеті.
Мұндай міндет қандай да бір материалдық шығын келтіреді.
ХҚЖ – ның материалдық түрі өз кезегінде мынадай нысандарды қарастырады:
а) өтемақы ( оны тағы да репарация деп атайды) – негізінен залалдың орнын ақшалай толтыру. Бұл тұрғыдан алғанда, Грекия Жоғарғы сотының (ареопаг) гректердің бірнеше ауылының тұрғындарына қатысты екіншк дүниежүзілік соғыс кезінде келген залал үшін Германияның қаржылық жауыпкершілігі жөніндегі 2000 жылғы шешімі бір жағынан қызық та, екіншкі жағынан даулы болып табылады.
б) реституция – келісілген мүліктік зиянды сол түрінде қайтару, мысалы, А мемлекті Б мемлекетімен шекаралас аймақта адам мумиясын тауып, оны өз еліндегі тиісті мұражайға қояды, бірақ кейін ол мумия табылған жердің Б мемлекетінің аумағына кіретіні анықталады, яғни ХҚ – тың бұзылғаны анықталды. Бұл жағдайда А мелекеті тауып алған мумияны Б мемлекетіне қайтаруға тийіс;
в) субституция – келтірілген мүліктік зиянды мүлік заңсыз жойылып немесе бүлініп кеткендіктен, алмастырып, заттай қайтару, оған мысал ретінде жоғарыда айтылған мумияны алуға болады. Егер мумия тасымалдау кезінде немесе басқа бір себептермен қайтаруға жарамайтындай болып бүлінсе, А мемлекеті оның орнына Б мемлекетіне соған ұқсас (бірақ басқа) мумия береді.
ХҚЖ – дан босатудың негіздемелері. ХҚЖ – дан босататын мән – жайлар ретінде мына жағдайларды алуға болады:

  1. Жәбірленген тараптың ХҚ нормаларын бзатын іс-әрекеттің жасалуына келісім беруі( басқаша айтқанда, араларындағы міндеттеме белгілі бір жағдайда орындалмайды деп тараптардың өзара келісуі).

Мұндай жағдайда, біздің ойымызша, ХҚ – тың бұзылғандығы туралы әңгіме болуға тиіс емес.
Сонымен қатар, атай кететін бір жай – тараптар арасындағы мұндай келісім ius cogens нормаларының ХҚ норма – қағидаттарының бұзылыуына тікелей себеп болған іс-әрекеттің заңдылығын көрсете алмайды.

  1. Қарсы шаралар қолдану, оның ішіндегі заңсыз сипаттағы шаралар репрессалия деп аталады. Мұндай шараларды жүзеге асыру барысында келтірілген зиян қайтарылуға жатпайды.

  2. Өте қажеттіліктен жаслған әректтер. Бұл жерде әңгіме, атап айтқанда, мемлекеттердің ХҚЖ жөніндегі шартының жобасына сәйкес (БҰҰ – ның ХҚ Комиссиясы дайындаған), мына жағдайлар жайында:

а)Қарсы тұруға болмайтын күш (форс – мажор) – қарсы тұрға болмайтын уақиға, ол көбіне, бірақ барлық жағдайда емес, табиғатпен байланысты болады, мемлекетті заңды әрекет жасау мүмкіндігінен айырады және кездейсоқтық.
в) мелектке қатысты өте қажеттілік – жасалу нәтижесінде ХҚ бұзылатын “с-әрекет елеулі және тікелей төнген қауіптен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінқоғап қалудың бірден бір құралы болып табылған жағдай.

  1. Қорыта келгенде, әңгіме өзін - өзі қоғау шаралары жайында ( мысал ретінде қорғау жөніндегі БҰҰ Жарғысының 51- бабында көзделген шараларды алуға болады). Осы жағдайдың қарсы шаралар қолданып мәжбүрлеуден схемалық айырмашылық өлшемі сол, бұл қарастырылып отырған жағдайда басқа мемлекет тарапынан жасалып отырған заңсыз әрекет жасала береді.

Мемлекет – ХҚ-тың негізгі, алғашқы субъектісі. Сондықтан да,ХҚЖ мәселелері мемлекеттің халықаралық аренадаға іс-әрекеттерімен байланысты аса маңыздылыққа ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет