Абдразаков б. Б


Халықаралық коммерциялық дауларды шешу мәселесі



бет5/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Халықаралық процесс

1.2 Халықаралық коммерциялық дауларды шешу мәселесі
Халықаралық дауларды классификациялау мәселесі ғалымдар арасында түрлі пікірлер туғызады, олар ең алдымен дауларды түрлі классификацияларға бөлудің нақты критерийлардың жоқтығына байланысты.
Халықаралық дауларды классификациялауда ең көп тараған критерий – халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге даудың қауіптілік сипаты. Бұл критерий Гаага конвенцияларында кездеседі, онда «халықаралық келіспеушіліктер», «маңызды түсініспеушіліктер мен қақтығыстар», «халықаралық даулар» бөлініп көрсетілген, сондай-ақ Ұлттар Лигасының статутында «даулар және жағдайлар», «өзара қатынастарды тоқтатуы мүмкін даулар» көрсетілген. Кейінірек бұл критерий БҰҰ Жарғысында көрініс тапты.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысында дауларды классификациялаудың негізгі критерийлары берілген:

  • Даудың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қауіп төндіру деңгейі;

  • Даудың халықаралық қатынастардың әмбебап немесе аймақтық деңгейіне жататындығы;

  • Дауда құқықтық элементтердің болуы;

Осы критериилерге сай БҰҰ Жарғысы дауларды келесідей түрлерге бөледі:

  • Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін және төндірмейтін даулар

  • Әмбебап және жергілікті даулар

  • Құқықтық және құқықтық емес сипаттағы даулар

БҰҰ Жарғысы ұсныған классификация мен критериилер негізінде халықаралық дауларды шешу тәртібін ұсынады. Жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін дауларды Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі қарайды, жергілікті дауларды шешу процедуралары жергілікті ұйымдармен анықталады, ал құқықтық сипаттағы даулар БҰҰ Халықаралық сотына жіберіледі.
Халықаралық экономикалық дауларды шешу ерекшелігі халықаралық экономикалық қатынастардың біркелкі болмауына байланысты. Мемлекеттер арасындағы экономикалық даулар өзге де халықаралық даулар секілді халықаралық құқық негізінде реттеледі. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық көбінесе әртүрлі мемлекеттердің жеке тұлғаларының өзара қарым-қатынасында жүзеге асырылатындықтан, олардың арасындағы дауларды шешу халықаралық экономикалық жүйенің тиімділігі, нәтижелігі мен тұрақтылығы үшін айтарлықтай маңызы бар.
Әртүрлі мемлекеттердің жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларының арасындағы даулар ұлттық юрисдикцияға жатады. Олар мемлекеттердің жалпы юрисдикциялық сотында немесе арбитражында не халықаралық коммерциялық арбитражда қарастырылуы мүмкін. Халықаралық экономикалық қатынастың қатысушылары халықаралық коммерциялық арбитражға жүгінгенді жөн көреді.
Халықаралық коммерциялық арбитраж ұлттық заңнама бойынша құрылып, өз қызметінде сол заңнаманы қолданылады. «Халықаралық» анықтамасы тек қарастырылып отырған даудың сипатына ғана қатысты – жеке тұлғалар арасындағы халықаралық сипаттағы шарушылық даулар. Кейбір халықаралық коммерциялық арбитраждар халықаралық экономикалық дауларды қарайтын беделді орталықтарға айналды. Оларға халықарлық сауда палатасының Арбитраж соты (Париж), Лондон халықаралық третейлік соты, Американдық арбитраждар ассоциациясы (Нью Йорк), Стокгольм сауда палатасының арбитраж институты және т.б. Қазақстанда Қазақстан Республикасының сауда-өндіріс палатасы жанындағы Арбиражды коммисиясы, IUS, Қазақстандық халықаралық Арбитраж секілді арбитраж соттары қызмет жасайды.
Халықаралық экономикалық құқықтың халықаралық коммерциялық дауларды шешу аясында функциясы келесілерден тұрады: а) әртүрлі мемлекеттердің арбираждарында халықаралық коммерциялық дауларды қарау процедураларын бірыңғай ету мақсатында арбитражды процессуалды нормаларды унификациялау; б) бір мемлекеттің арбитражының шешімдерін басқа мемлекеттердің аумағында танылуы мен мәжбүрлі түрде орындалуы үшін халықаралық құқықтық негіз құру; в) коммерциялық дауларды қарастыратын арнайы халықаралық орталықтар құру.
Арбитраждық процессуалдық нормаларды унификациялау мақсатында БҰҰ шеңберінде дайындалған бірқатар халықаралық құқықтық актілер әрекет етеді. БҰҰ Еуропа үшін Экономикалық комиссиясының басшылығымен 1961ж. Женевада сыртқы сауда арбиражы жөніндегі Еуропалық конвенция қабылданды. Онда арбитраж құру, істі қарау тәртібі мен шешім шығару тәртібіне қатысты ережелер жазылған. Халықаралық сауда құқығы жөніндегі БҰҰ комисиясы (ЮНСИТРАЛ) 1985ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған және мемлекеттерге ұлттық заңына үлгі ретінде ұсынылған халықаралық коммерциялық арбитраж жөнінде Заңды дайындады. Тәжірибеде ЮНСИТРАЛ арбитраждық регламенті көп қолданылады.
Халықаралық экономикалық дауларды шешуде іс бойынша шығарылған шешімді бір тараптың орындаудан бас тартуы көптеген қиындықтар туғызады. Мұндай мәселелер халықаралық экономикалық құқық арқылы шешіледі. 1958ж. БҰҰ Нью Йорктегі конференциясында шет ел арбитраждарының шешімдерін тану мен орындау жөнінде Конвенция қабылданды. Бұл конвенцияның маңыздылығын оған 102 мемлекеттің қатысуы дәлелдейді. Конвенция мемлекеттерге шет ел аумағында шығарылған арбитраждық шешімдер, сонымен қатар өзінің де арбитраждары шығарған шешімдерін тануға және орындауға міндеттейді. Бұл конвенция Қазақстан Республикасында 1996ж. 18 ақпанда күшіне енді.
1992ж. ТМД шеңберінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды қарау тәртібі туралы шартқа қол қойылды. Ол келісім шарт шаруашылық дауларды, сондай-ақ мемлекет және оның органдары қатысатын дауларды тек арбитражда емес, сотта да қарау жөніндегі кешенді мәселелерді шешеді. Шартта арбираж және сот шешімдерін өзара тану мен орындау жөнінде нормалар, орындаудан бас тартуға болатын негіздемелер тізімі берілген.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы үшін ерекше маңызы бар мамандырылған халықаралық орталықтар құру мемлекеттер ынтымақтастығының бір бағыты болып табылады. Осылайша, 1965ж. мемлекеттер мен шет елдік тұлғалар арасындағы инвестициялық дауларды шешу туралы Вашингтон конвенциясын негізінде инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық құрылған. Конвенция халықаралық даму және қайта құру банкісінің басшылығымен дайындалған және бұл орталық соның шеңберіндеқызмет етеді. Конвенцияға жүзден астам мемлекет қатысушы болып табылады. Қазақстан Республикасы бұл конвенцияны 2000ж. 21 қазанда ратификациялады. Алматы аймақтық қаржы орталығының құрылуы өз алдына арнайы мамандандырылған эконо­микалық қаржы сотының да құры­луына дем бергені аян. Ал Алматы қаласында аймақтық қаржы орта­лығын құру идеясын Елбасы Қа­зақ­стан қаржыгерлерінің Кон­гресінде сөйлеген сөзінде жария еткен болатын. Сонан көп ұзамай 2004 жылдың қараша айында Алматы қаласында халықаралық (аймақтық) қаржы орталығын құру тұжырым­дамасы дүниеге келді. Ол Дубаи, Дублин, Лабуан және Син­гапурдегі секілді қаржы орталық­тарына ұқсайды. Дегенмен, оның Нью-Йорк, Лондон, Токио секілді қалаларда табиғи пайда болған клас­сикалық қаржы орталықтары­нан өз ерекшелгі бар. Бұл айыр­машылық капиталды әдейі тарту мен түскен капиталды пайдалану­дың қаржылық құралында болып отыр.
Осы орайда аталған Қаржы орталығының басқа да институттық органдарымен қатар Президент Жарлығымен Алматыда аймақтық қаржылық орталыққа қатысатын­дардың азаматтық-құқықтық дау­ларын қарауға өкілетті мамандан­дырылған қаржылық сот құрылды. Оған қатысатындар бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилер­лік қызметті жүзеге асыруға кәсіп­тенгендер болып табылады. Алматы аймақтық қаржы орталығына қаты­сушылардың азаматтық-құқықтық дауларын бірінші сатыда қарайтын соттың мәртебесі облыстық сотқа теңестірілді. Ал аппеляциялық саты Жоғарғы Сот болып отыр. Сондай-ақ, қаржы орталығына қатысу­шыларды инвестиция салуға тарту үшін бұл соттағы сот өндірісі ағылшын тілінде жүргізілуі де мүмкін.
ААҚО қатысушыларының арасында келіспеушілік туындап жатса мұны аталған сот қарайды. Міне, осы мамандандырылған қаржы сотының тәжірибесін кеңейту мақсатында, өзгелердің жетістігінен үлгі алып үйрену үшін семинар жұмысына шетелдік сарапшыларды да шақырып отырамыз. Халықаралық деңгейдегі сот тәжірибелерін білу ертеңгі күні түрлі ел өкілдерінің келіспеушілігі туындай қалса, шешу үшін алдын ала керек болады деп судьяларды таныс­тырып жатырмыз, — дейді Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми.
Бүгінде еліміздің қай облысын алмайық, онда арнайы маман­дандырылған экономикалық соттар жұмыс істеп жатыр. Сол облыстағы шетелдік инвесторлар тарапынан келіспеушілік туындаса, аталған жергілікті соттар оны қарап, шешеді. Ал мына маман­дандырылған қаржылық соты аталған аймақтық қаржы орталығы тек Алматы қаласында ғана құ­рылғандықтан, соның субьектілері үшін ғана қызмет істейтін болады. Және мұнда тек қаржыға тірелген дау-дамай мәселелері ғана қаралады. Сондықтан мұның орны да, жөні де бөлек. Дегенмен, бір тәуірі, әзірге мамандандырылған өкі­летті қаржылық соты қарай­тындай дау-дамай туын­даған жоқ. Мүмкін ол әлі шынайы қызметіне кіріспеген­діктен де шығар. Соған орай, үстіміздегі жылы оның судья­лары түгел тағайындалып бітпекші. Ал қашан бірінші іс қаралады, оны уақыт көрсетпек.
Жалпы аталған қаржылық соттың құрылуы Алматы қаласын дамытуда оны ірі аймақтық қар­жылық жаңа орталыққа айнал­дыруда үлкен серпін бермек. Мұны атқарылып жатқан көлемді істер мен жаппай қолға алынып жатқан ұйымдастыру шаралары көрсетіп отыр.
Экокономикалық даулардың негізгі түрлері:

  1. дауда тарап болып табылатын халықаралық экономикалық қатынастар субъектілеріне қарай:

  • мемлекетер арасындағы даулар

  • халықаралық (экономикалық) ұйымдар арасындағы даулар

  • мемлекет пен халықаралық (экономикалық) ұйымдар арасындағы даулар

  • мемлекет пен басқа мемлекеттің заңды тұлғасы арасындағы дау

  • мемлекет пен басқа мемлекеттің жеке тұлғасы арасындағы дау

  • халықаралық (экономикалық) ұйымдар мен заңды немесе жеке тұлғалар арасындағы даулар

  1. Халықаралық экономикалық даудың затына байланысты ең кең таралған халықаралық экономикалық қатынастар тобын анықтауға болады. Негізінен, бұл даулардың заты инвестициялық, сауда, салық, есеп-несиелік қатынастар, сондай-ақ туризм, энергетикалық сектор, ауылшаруашылық, өндірістік және технологиялық кооперация, халықаралық тасымал аясындағы қатынастар болып табылады.

  2. Субъектілердің санына байланысты: екіжақты және көпжақты.

  3. Соңғы критерий – дауды шешу әдістері мен тәсілдері дау сипатын анықтауда маңызды рөл атқарады, себебі дау сипатын анықтау халықаралық шиеленістерді реттеу әдістерін таңдауда маңызды.

Халықарлық экономикалық дауларды реттеуде өзге халықарлық дауларды реттеу кезінде қолданылатын қайнар көздер пайдаланылады: халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтық әдеттер. Дегенмен, халықарлық экономикалық ұйымдар қызметінің ерекшеліктеріне байланысты халықаралық экономикалық дауларды реттеу нормаларының біршама ерекшелігі бар.
Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің тізімі БҰҰ халықаралық сотының Статутында берілген, сол берілген тізімге сәйкес сот дауды шешу барысында мыналарды қолданыла алады:

  • Дауласушы мемлекеттермен танылған, ережелерді бекітетін жалпы және де арнайы халықаралық конвенциялар

  • Құқықтық норма ретінде танылған жалпы тәжірибенің дәлелі ретіндегі халықаралық әдет-ғұрып

  • Өркениетті елдермен танылған құқытың жалпы қағидалары

Тараптардың келісімі бойынша сот істі ex aequo et bono әділеттілігі негізінде қарауға құқылы. Әдетте тараптар бұл қағидаға құқықтың шарттық немесе әдет-ғұрыптық нормалары болмаған жағдайда жүгінеді. Дауды шешу барысында тараптар не дауды қарап отырған орган халықаралық құқықтың әрекет етуші қағидалары мен нормаларына жүгінбей, әділеттілік пен еріктілік негізінде шешуеріне болады.
Халықаралық құқықтың қайнар көздері ішінен халықаралық ұйымдардың шешімдері мен резолюцияларын, мемлекеттердің біржақты актілерін айта кеткен жөн.
Халықаралық экономикалық келісім-шарттардың кейбір ережелерінде «даулар халықаралық құқықтың нормалары ескеріле отырып шешіледі» деген сияқты формулировка кездеседі немесе дауды шешу кезінде пайдаланылуы мүмкін халықаралық құқықтың қайнар көздерінің нақты тізімі көрсетіледі. Осыған қарамастан, халықаралық дауларды қарау кезінде халықаралық құқықтың нормаларын пайдалану, дауды шешу процедурасы немесе тәртібі көрсетілмеген болса да міндетті түрде қолданылуы қажет. Мысалға, 20 қаңтар 1995ж. қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтерінің арасындағы мұнай өнімдерін өңдеу кезіндегі өзара іс-әрекет туралы шартта дауды олардың негізінде, туындаған қарама-қайшылықтарды реттеуге болатын халықаралық құқықтың нормалары туралы айтылмаған. Алайда, тараптар осы келісім-шарттарға қол қою кезінде, дауларды реттеуде халықаралық құқықтың белгілі бір нормаларын ұстануға міндеттеледі. Себебі, мұны қабылданып отырған құжаттың халықаралық-құқықтық сипаты талап етеді.
Негізгі қайнар көздеріне экономикалық қатынастардың түрлі аспектілерін қарастыратын екіжақты немес көпжақты шарттар жатады. Экономикалық шарттар халықарлық экономикалық байланыстар қаншалықты көп түрлі болса, да соншалықты көп түрлі. Сауда, инвестициялық, кеден, есеп-несие айырысу және т.б. шарттары халықаралық экономикалық құқықтық нормалардың негізін құрайды.
Халықаралық шарттар халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық шарттар саяси шарттар және экономикалық шарттар болып бөлінеді. Саяси шарттарда экономикалық мәселелер жөнінде ережелер көрсетіледі. Ал, экономикалық шарттар мемлекеттің кез келген аясындағы қызметіндегі белгілі бір экономикалық қатынастарды реттейді. Экономикалық шарттар келесідей болып бөлінеді:

    • мемлекеттер арасындағы сауда операциялары үшін құқықтық негізді анықтайтын сауда шарттары

    • экспорттаушы мемлекет пен импорттаушы мемлекет арасындағы тауарлық шарттар

    • техникалық ынтымақтастық жөніндегі шарттар

    • төлем төлеу тәртібіне байланысты халықаралық есеп айырысу жөніндегі шарт

    • тауарды теңіз, темір жол, әуе, авто көліктертері арқылы тасымалдау жөніндегі шарттар

Қазақстан Республикасы халықаралық дауларды реттеу жөнінде бірнеше көпжақты халықаралық шарттардың және экономика саласында ТМД шеңберінде қабылданған көптеген шарттардың қатысушы. Еліміз 21ақпан 1961ж. Женевада қабылданған Сыртқы сауда арбитражы жөніндегі Еуропалық Конвенцияға және 10 маусым 1958ж. қабылданған шет ел мемлекеттерінің арбитраждық шешімдерін тану және жүзеге асыру жөніндегі Конвенцияға 18 ақпан 1996ж., сондай-ақ 1965ж. 18 наурызда қабылданған мемлекеттер мен шет елдік тұлғалардың арасындағы инвестициялық дауларды реттеу тәртібі жөнінде Вашингтон конвенциясына 2000ж. 21 қазанда қол қойды.
Мемлекеттер мен шет елдік тұлғалардың арасындағы инвестициялық дауларды реттеу тәртібі туралы Вашингтон конвенциясының негізінде инвестициялық дауларды реттеу жөнінде Халықаралық орталық құрылды. Оның міндеті мемлекеттер мен жеке не заңды тұлғалардың арасында инвестициялық дауларды шешуге байланысты арбитраж бен ымыраластыру құрылымдарын ұсыну. Орталық толық халықаралық құқық субъектілігіне ие. Орталықтың юрисдикциясы жазбаша түрде Орталыққа жүгінуге келіскен мемлекеттермен (немесе мемлекеттің мекемелері мен бөлімшелері) мен жеке не заңды тұлғалар арасындағы инвестицияға байланысты құқықтық дауларға жүреді.
Киев қаласында 20.03.1992ж. ТМД шеңберінде қабылданған шаруашылық қызметін жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісім Қазақстанмен сол жылы 2-маусымда бекітілді. ТМД мүше мемлекеттерінде орналасқан субъектілер арасында, шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу аясындағы ынтымақтастықтың дамуын және барлық субъектілерге өз мүдделері мен құқықтарын қорғауға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында осы келісім жасалған болатын.
Шартқа сәйкес, мүше мемлекеттер құзыретті соттардың заңды күшіне енген шешімдерін өзара мойындайды және орындайды. Шешім мүдделі тараптың шешімнің куәландырылған көшірмесі, шешімнің заңды күшіне енгені туралы ресми құжат, екінші тарап хабарландырылғаны туралы дәлелдемелер және атқарушы құжат қосылған ходатайствосы бойынша жүзеге асырылады. Құзыретті соттардың шешімдерін орындауға байланысты туындайтын мәселелерді ТМД мүше мемлекеттерінің жоғары сот органдары қарайды.
ТМД шеңберінде Экономикалық одақ құру жөніндегі шарт негізінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды реттеу туралы келісімді жетілдендіру мақсатында 6 наурыз 1998ж.
Достастыққа мүше мемлекеттердің аумағындағы арбитраж, шаруашылық және экономикалық соттарының шешімдерін өзара жүзеге асыру тәртібі туралы келісім қабылданды, заңды күшіне 9 қаңтар 2001 ж. енді. Келісім экономикалық дауларды қарастыратын арбитраж, шаруашылық және экономикалық соттардың заңды күшіне енген шешімдерін өзара жүзеге асыру тәртібін анықтайды. Сондай-ақ, егер сот шешімдерін орындау тәртібі осы келісіммен не шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды реттеу тәртібі туралы келісіммен анықталмаса, азаматтық, отбасы және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек жөніндегі Конвенциямен анықталатындығы көрсетілген.
Шарт бойынша, келісуші тараптар аумағында орналасқан құзыретті соттар қабылдаған шешімдер басқа мемлекеттердің аумағында сөссіз жүзеге асырылуы керек.
Осы келісім негізінде 7 қазан 2002 жылы экономика саласында туындайтын дауларды шешетін жоғары арбитраж, шаруашылық, экономикалық және өзге соттардың төрағаларының Кеңесі туралы келісім қабылданып, өз құзыреті шегінде қызметін жүзеге асыратын, экономика саласындағы дауларды шешетін арбитраж, экономикалық соттар төрағаларының Кеңесі құрылды.
Экономика саласында туындайтын дауларды шешетін жоғары арбитраж, шаруашылық, экономикалық және өзге соттардың төрағаларының Кеңесінің міндеті жоғары арбитраж, шаруашылық, экономикалық және өзге соттардың арсындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ экономикалық дауларды шешу саласындағы құқықтық ақпараттың белсенді түрде алмасуын қамтамасыз ету, осы салада келіссөздер жүргізу болып табылады.
Кеңес қорытынды құжат ретінде өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер, коммюнике ұсыныстар шығарады, сонымен бірге Кеңес жұмысының регламентін бекітеді.
Халықаралық дауларды реттеуде әр елдің құқықтық заңнамасының түрлі болуына байланысты көптеген қиыншылықтар туындайды. Осы мәселелерді жеңілдету үшін мемлекеттер өзара келіссөздер жүргізіп, әмбебап, аймақтық және екіжақты келісімдерге қол жеткізуге талпынады. ТМД мүше ретінде Қазақстан Республикасына ұйым шеңберінде мемлекетаралық ынтымақтастықты одан ары дамыту және тараптар арасындағы экономикалық даулар жөнінде өзара құқықтық көмектесу кеңейту, ТМД шеңберіндегі экономикалық байланыстардың нығайту мен еркін сауда аймағының қызмет етуіне қажетті жағдайлар туғызу өте мағызды.
Халықаралық дауларды шешу әдістері өз алдына жеке халықаралық құқық институты болып табылатын, біртектес қатынастар тобын реттейтін нормалар жиынтығы.
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасының халықаралық құқықтың басқа қағидаларынан ерекшелейтін өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, ол шешілуге тиіс дауға қатысты нақты келісім немесе шешім қабылдануында. Нақты және уақтылы шешімнің қабылдануы немесе келісімнің жасалуы көбінесе дауларды ретеу механизміне байланысты. Бұл механизмнің эффектілігіне байланысты халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы іске асырылады.
БҰҰ Жарғысының 33 бабына сай келіссөздер, делдалдық, арбираж не сот өндірісі, аймақтық органдарға жүгіну немесе өз таңдауы бойынша өзге де бейбіт әдістерді қолдану арқылы мемлекеттер араларындағы халықаралық дауларды тез және әділ шешуге тырысуы керек. Тараптар даудың сипаты мен жағдайына сәйкес келетіндей бейбіт әдістерді қолдануы керек.
Өз даму тарихында дауларды бейбіт жолмен шешу әдістері бірқалыпты тұрмайды. Олар тарихи дәуір мен халықаралық аренадағы күштердің қатынасының ерекешеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады. Дауды бейбіт жолмен шешу әдістерінің кейбірі ерте уақыттан бастап белгілі болса, кейбірі XIX ғасырда, кейбірі XX ғасырдың екінші жартысында (халықаралық соттар, халықаралық ұйымдар арқылы дауды шешу) пайдаланыла бастаған.
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы келесідей әдістермен жүзеге асырылады:

    • Келіссөздер мен кеңестер

    • Ізгі қызметтер

    • Делдалдық

    • Тергеу және келісім комиссиялары

    • Халықаралық арбитраж

    • Халықаралық сот органдары

Дауларды шешу әдістерінің көптігіне қарамастан халықаралық қатынас тәжірибесінде олардың аралас түрлері кездеседі, Г.Г.Шинкарецкийдің ойы бойынша осы әдістердің бірде біреуін таза күйінде кездестіру мүмкін емес.
Халықаралық экономикалық дауларды шешу әдістері жеке жүйеге бөлінбейді және халықаралық құқықтың қазіргі сатысында даудың түрі мен сипатына қатыссыз халықаралық дауларды шешудің бейбіт әдістерінің бірыңғай жүйесі жұмыс жасайды. Бұған қарамастан, зертеушілердің көбісі, реттеу және шешім шығару процедурасына тараптардың қатысу деңгейі мен түрлерін ескере отырып, халықаралық қатынастарда қолданылатын халықаралық дауларды шешу әдістерін үш топқа бөледі:

    • дипломатиялық әдістер: келіссөз, кеңес беру, аралас келісім процедурасы

    • Делдалдық, ізгі қызмет, тергеу және келісім процедураларының классикалықтүрлері мен халықаралық ұйымдарда дауларды қараудан тұратын халықаралық достастыру процедурасы

    • халықаралық арбитраж және сот

Жүргізілген аналитикалық зерттеулер халықаралық экономикалық дауларды шешу кезінде көп қолданылатын әдістер тобын бөліп көрсетеді. Халықаралық экономикалық даулар туындаған жағдайда, оларды шешу үшін көбінесе келіссөздер, кеңес беру, арбитраж және сот өндірісі секілді әдістер пайдалынады. Келіссөздер, кеңес беру секілді дауларды реттеудің өзара байланысты әдістері көп қолданылуда. Олар дауды тараптардың өздері шешуіне мүмкіндік беру үшін арбитраж не сот өндірісі пайдаланылғанға дейін қолданылады.
Халықаралық экономикалық даулар халықаралық әмбебап және аймақтық экономикалық ұйымдар шеңберінде де шешіле алады. Алайда, халықаралық экономикалық дауларды шешудің ең тиімді әдісі арбитражбен реттеу тәртібі болып саналады. Бұл әдіске көбінесе экономикалық шиеленістерді дипломатиялық келіссөздер арқылы реттей алмаған кезде жүгінеді. Халықаралық экономикалық дауларды реттеудің арбитраждық процедурасы халықаралық экономикалық шарттар мен халықаралық экономикалық ұйымдардың жарғыларына заңды сауатты түсініктеме берілуін қамтамасыз етеді, сондықтан міндетті процедуралар ішіндегі ең жиі қолданылатын әдіс.
Арбитраж және сот тәжірибесі шеңберіндегі халықаралық экономикалық дауларды реттеудің халықаралық тәжірибесін зерттеу, көптеген бейбіт идеялар инициаторы мен ТМД және Орталық Азия аймағы жүйесіндегі интеграция процесінің белсенді жақтаушысы ретіндегі Қазақстан үшін маңызды.
Халықаралық экономикалық дауларды шешудің дипломатиялық әдістері.
Келіссөздер халықаралық дауларды шешуде жиі қолданылатын негізгі әдістердің бірі болып табылады. Бұл жайында Д.Б.Левин «Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдістерінің ішінде басқаларына қарағанда тиімдірек және әмбебап бір әдіс ерекшеленеді. Бұл дауласушы тараптар арасында тікелей келіссөздер жүргізу» дейді.
Э.А.Пушмин келіссөздер «көне халықаралық құқықтық институт» және оның қалыптасуын халықаралық құқықтың пайда болуымен байланыстырады.
Мемлекеттер араларында дау пайда болған жағдайда, ең алдымен келіссөздерге жүгінеді, яғни дауларды реттеудің алғашқы сатысында келіссөздер тұрады. Мемлекеттердің міндеті келіссөздерге түсумен шектеліп қана қоймай, келісімге келу мақсатымен оны жалғастыруға міндеттелуі керек.
Халықаралық дауларды шешу әдісі ретінде келіссөздердің маңыздылығын ескере отырып, М.Л.Энтин «заманауи қатынастардағы даулы мәселелерді шешуде көптеген мемлекеттер күннен күнге тікелей келіссөздер мен кеңестерге жиі жүгінуде. Бұл келісімге келудің ең тиімді, икемді және бәрі қолданатын бірден бір тәсілі».
Келіссөздер қақтығысушы елдер арасында диалог ретінде басталып, бірте бірте әмбебапты сипатқа ие болды. Осыған байланысты В.С.Иваненко айтқандай,келіссөздерді зерттегенде тарихи жүйелік тәсілді пайдаланған жөн.
БҰҰ Жарғысының 1б. 33 бабында келіссөздер халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдістерінің ішінде бірінші орында. Халықаралық қақтығыстарды реттеудегі әдістердің бірі ретінде келіссөздерге сілтеме БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекетер арасындағы достық қарым-қатынас және ынтымақтастыққа қатысты халықаралық қағидалар туралы Декларацияда және қауыпсіздік және ынтымақтастық жөнінде Кеңестің қорытынды актісінде кездеседі.
Д.Б.Левин келіссөздердің басқа әдістерге қарағанда артықшылықтарын атап көрсетеді: бірінщіден, бұл дауды шешудің ең қарапайым және икемді әдісі; екіншіден, менее чем другие связано с какой либо стеснительной процедурой; үшіншіден, дауға араласушылық пен үшінші елдердің қысымы болмайды, яғни даласушы тараптартардың еркіндігін қамтамасыз етеді; төртіншіден, халықаралық дауларды шешу әдістерінің көбісінің құрамды элементі ретінде жүреді, яғни әмбебапты сипатта болады. Осылардың бәрі келіссөздерді халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдісі ретінде бірінші орынға қойға толық негіз бола алады. Осындай көзқарасты И.И.Лукашук, О.В.Богданов, У.Джелебаев, И.П.Блищенко ұстанады.
Көптеген мемлекеттердің шарт жасау тәжірибесі экономикалық қайшылықтарды реттеу барысында тікелей келіссөздерге көбірек жүгінетінін көрсетеді. Келіссөздер экономика саласында ең көп пайдаланылатын әдіс болып табылады. Келіссөз нәтжесінде сәтті шешілген дауға мысал ретінде А.Қ.Ш. пен Жапония арасындағы жапондық сақтандыру рыногына американдық кампанияларын жіберу жөніндегі экономикалық дау жатады. Ұзаққа созылған келіссөздер барысында қайшылықтар шешіліп, американдық кампаниялар жапондық рынокта сақтандыру операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыру мүмкіндігін алды. Осындай келіссөздер арқылы сәтті шешілген дауға Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы еркін сауда режиміне қатысты экономикалық дау мысал бола алады. «Сауда соғысы» деп аталатын дау, мемлекеттер арасында Қазақстан үкіметінің қырғыз тауарларының кейбір түрлерінің импортына тиым салуы нәтижесінде пайда болды. Келіссөздер жүргізілгеннен кейін тараптар арасындағы түсініспеушіліктер шешіліп, нәтижесінде сауда саласындағы шектеулердің жойылуын көздейтін еркін сауда режимі туралы Протоколға қол қойылды.
Халықаралық құқықта келіссөз шарасының басталуы, жүргізу тәртібі, нысаны мен шара ұзақтығы жайында анықтама берілмеген. Дауласушы тараптар келіссөз жүргізу нысаны мен келісімге келу сәтін де өздері белгілейді. Тараптар келіссөздің барлық сатысында екіжақты тиімді шешімге қол жеткізу үшін бар күшін жұмсауы қажет және өзара тиімді шарттар мен келісім негізінде бір-бірінің мүдделерін ескеруі қажет. Бұл өте маңызды, себебі үшінші тұлғалармен(сот, арбитраж, третейлік делдал) «шығарылған міндетті шешімдер нәтижесінде көбінесе тараптар ынтымақтастықты жалғастыруды және олардың қатысуын да жөн көрмейді»
Халықаралық құқықта келіссөздерді негізгі белгілеріне қарап топтарға бөледі. Жүргізілу тәртібіне байланысты келіссөздер: ауызша (кездесулер мен жиналыстар), жазбаша (ноталармен, хаттармен алмасу және т.б.) болып бөлінеді. Ал, келіссөзге қатысатын тараптар өкілдеріне байланысты келесідей топтарға бөлінеді:

    • мемлекет басшылар деңгейіндегі келіссөздер

    • үкімет басшылар деңгейіндегі келіссөздер

    • министрлер деңгейіндегі келіссөздер және т.б.

Келіссөздерге қатысатын тараптар санына байланысты көпжақты және екіжақты келіссөздер болып бөлінеді.
Мемлекеттер арасындағы кеңес дипломатиялық келіссөздің ерекше бір нысаны болып табылады. Халықаралық құқық аспектісінде кеңес берулер XX ғасырдың жартысынан бастап қолданыла бастады, бірақ екінші дүниежүзілік соғстан кейін халықаралық тәжірибеде европалық елдермен осы әдіс жиі пайдаланыла бастады. Атап өтетін жәйт, кеңес беру ең алдымен Европа елдерінде, дәлірек айтсақ социалистік елдермен пайдаланылған. Бұл әдіс мемлекетердің түрлі қоғамдық құрылымдармен қатынасқа түсу кезінде кең таралды.
XX ғасыр басындағы мемлекетаралық қатынастар тәжірибесінде кеңестердің пайдаланылуы 1912 жылғы Ресей мен Франция арасындағы әскери-теңіз Конвенция мен 1915 жылғы Ресей мен Ұлыбритания арасындағы несиелік келісім сияқты екіжақты халықаралық келісімдерде көрсетілген.
Негізінен, кеңес беруге дауды шешу үшін периодты және тұрақты түрде кездесу нысыанындағы келіссөздердің бір түрі деген анықтама беруге болады.
М.В.Яновский өзінің зерттеулерінде халықаралық дауларды шешудің басқа әдістеріне жүгінуден бұрын тараптар шешілмеген мәселе бойынша кеңес алатынын немесе тараптардың мүдделеріне қатысты халықаралық өмірдің маңызды мәселелері жайында кеңестер алатыны туралы айтады.
Кеңес берудің ерекшеліктерін анықтау мақсатында Е.Е.Евгеньев пен Е.Т.Усенко бірқатар халықаралық құжаттарды сараптап мынадай қорытындыға келді:

    • Кеңес беру халықаралық өмірдің кең диапазонын қамтиды, яғни кез-келген халықаралық мәселелердішешуде пайдаланыла алады.

    • Бұл әдіс күрделі, әсіресе жылдам және кейінге қалдыруға бомайтын мәселелерді шешу үшін қолданылады.

    • Халықаралық қарым-қатынастың әмбебаптық әдісі ретінде бірқатар функциялар орындайды. Олардың келесідей түрлері бар: саясат ұстанымның келісімне келу нысаны ретінде, халықаралық қайшылықтарды реттеу нысаны ретінде, дауларды шешу нысаны ретінде.

    • Қарусыздандыру, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және тағы сол секілді мәселелерді шешуде қолданылады.

    • Кеңес беруді келіссөздерді теңестіруге болмайды

    • Кеңес берудің ерекшелігі қағидалармен, дәлірек айтсақ, бас ережелерден көрінеді. Бас ережелердің мәні мынада, мемлекеттер өздерінің саяси, экономикалық, әскери күшіне, әлеуметтік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан бір-бірімен кеңесу қажет. Әдеттегі кеңес беруде орын алатындай өз позицияларын қарсы қоймай, шарттық талаптарды ұсынбай біріге отырып тараптар пікірлерін талқылауы керек.

Халықаралық қарым-қатынаста қазіргі кезде бұл әдістің екі түрі пайдаланылады: міндетті кеңес берулер мен факультативті кеңес берулер.
Факультативті кеңес берулер – бұл дауласушы тараптар өзара келісім арқылы келетін кеңес берулер.
Міндетті кеңес берулер – бұл халықралық шартпен көрсетілген және бір тараптың талабы бойынша белгілі бір жағдайларда қолданылатын әдіс. Міндеті кеңес берулер шарттық деген атауға ие болған. Осы шарттық кеңес берулер халықаралық дауларды реттеу әдісі ретінде пайдаланылады.
Міндетті кеңес беру тәсілі Хельсинкидегі Жалпыевропалық Кеңестің мен Белградтағы кездесу тапсырмаларындағы критериилерге сай келеді. Бұл тәсіл негізінен халықаралық дауларды реттеудің басқа әдістеріне қосымша ретінде жүреді, себебі Б.Ұ.Ұ. Жарғысының 37 бабында көрсетілген әдістер тізімінде және Жалпыевропалық Кеңестің қорытынды актісіндегі 5 қағида құрамында көрсетілмеген. Сонымен қатар бұл әдіс дауларды бейбіт жолмен реттеу әдістер жүйесіне көмекші функция атқарады, себебі ол жүйеге қайшы келмейді, керісінше барлық жүйе сияқты қағидаларға негізделіп, оның құрамына еніп тұрады.
Міндетті кеңес беру әдісі әмбебапты сипатта, себебі бұл әдісті халықаралық құқықтың әр-түрлі субъектілері қолданыла алады.
Соңғы кездері бірқатар мемлекеттер тәжірибесінде халықаралық экономикалық қатынастарды реттеуде белсенді түрде кеңес беруді пайдалану тенденциясы байқалады. Бұл туралы, әсіресе, халықаралық экономикалық қатынастар тәжірибесінде кеңес беру әдісі пайдаланылған қызықты фактілер келтірілген шет ел әдебиеттерінде жазылған. Мысалға алсақ, кеңес беру арқылы Бразилия, Мексика, Аргентина, Нигерия, Перу, Морокко елдеріне париждік және лондондық клубтарының несие төлеу мерзімін қайта қарастырылуына қол жеткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет