Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет24/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

І-ші топ: Аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар 
безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп 
уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне 
және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап 
шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. 
Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. 
Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, 
терезенің алдында тиіспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен 
адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала 


59 
айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты 
қарсылық көрсетеді. 
ІІ-ші топ: Бұл топтың балаларына тән ерекшелік: басқа топтағы аутист 
балаларға қарағанда белсенділіктері жоғары. Сыртқы әсерлерді: суықты, 
аштықты, дене ауыртпалығын сезінуі жоғары. Қоршаған ортадағы 
жағдайлардың өзгеріссіз – бұрынғы қалыптың (жағдайдың) тұрақтылығын: 
ішетін тамағының, серуенге шыққанда үнемі бір бағытта болуын талап етеді 
және үй жиһаздарының, киімдерінің өзгеруін ұнатпайды. Егер аталған 
өзгерістер болса, тамақ ішуден бас тартады және өз-өзіне қызмет көрсету 
қабілеті жоғалуы мүмкін. Әсіресе 2-3 жастағы балаларда жиі кездеседі. 
Аталған топтағы аутист балаларда сезім мүшелерін белсендіруге 
бағытталған стереотиптік: көз айналасын басу, көзінің алдында заттарды 
айналдыру, қағаздарды умаждау, қайта-қайта бір өлеңді тыңдай беру сияқты 
әрекеттер кездеседі. Вестибулярлық аппараттары секіру, басын төмен қарай 
айландыру және т.б. қозғалыстарымен ғана белсендіріледі. Сөйлеу мәнері 
бір сарынды сөздік дағдылардан: айналасындағы кез-келген адамға бұйрық 
беруден тұрады. Тек қана анасының карапайым тілектерін орындауы 
мүмкін. Анасына өте жақын болғандықтан, анасынан ешбір жаққа кете 
алмау тәуелділігі байқалады. Кейбір жағдайларда басқа адамдарға суық 
қарауы, 
эмоциялық 
сезімінің 
төмендігі, 
ал 
анасына 
деген 
сезімталдылығының жоғарлығы байқалады.
ІІІ-ші топ: аутист бала өзінің қажеттіліктерін жоғары эмоционалды 
сөздермен жеткізеді. Қызығушылықтары мен талаптарында екі 
жақтылық: тез қанағаттану мен мақсатқа жатуге ұмтылушылық; қорқу 
мен үрейлілік жағдайында жарақат тудырған жағдайларды қайталауға 
талпыну кездеседі. Агрессивті іс-әрекеттер, қорқыныш тудыратын 
суреттерді салу (өрт жағдайларын, қарақшыларды және т.б.) байқалады. 
ІV-топ: балалық аутизмнің жеңіл түрі. Балалар қарым-қатынасқа түсе 
алады және олардың интеллектуалды функциялары сақталған. Дегенмен 
сөйлеу барысында сөйлемдерді орынсыз қолданады. Бұл балалар анасының 
тарапынан эмоциялық қолдаудың, мақтаудың және қорғаудың жоғары 
деңгейде болғанын қалайды. Балалардың басқалармен қарым-қатынасында 
икемділігі шектелген, қорқынышты жағдайлардан сақтанатын рәсімдік 
мінез-қылықтары қалыптасқан. Баланың өсіп дамуына дұрыс жағдайлар 
туғызғанда, қарым-қатынас дағдылары, ортаға бейімделуі, жоғалған 
дағдыларының қайта жаңғыруы немесе жоғалуы мүмкін.
Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, 
бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін 
тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы, психикалық 
даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар 
бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны 
аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 
жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.


60 
Психикалық дамудағы ауытқудың бөлек түрі ретінде балалар аутизмін 
алғаш ретін 1943 жылы доктор Л.Каннер ұсынды. Ол балалар арасында 
кездесетін дамудағы ауытқуды сипаттай келе бұл құбылысты «ерте жастағы 
балалар аутизмі» (Каннер синдромы) деп атады [9]. Оның мынындай негізгі 
белгілерін сипаттаған: 
1. Баланың туа біткен интеллектуалды деңгейінің төмендігіне байланысты 
көзқарас, ым-ишрат, дене қимылы арқылы қарым-қатынасқа түсе алмау 
қабілеті; 
2. Стереотипті мінез-құлық көріністері (қоршаған ортадағы өзгерістерге 
қарсылық көрсету, әртүрлі обьектілерге асқан құмарлық, тұрақтылыққа 
ұмтылу); 
3. Тітіркендіргіштерге әдетсіз реакциялар (әсерленушілікке берілу немесе 
қолайсыздық); 
4. Интеллектуалды даму деңгейіне байланыссыз тілдік дамудың ерекше 
артта қалуы; 
5. 30 айлық өмірге дейін алғашқы көріністері 
Әсіресе 3 – 5 жас аралығында аутизмнің агрессия, негативизм, 
қорқыныш сияқты көріністері байқалады. Ары қарай күрделі кезең тұлғалық 
және интеллектуалды дамудың бұзылуымен алмасады. 
МКБ - 10 бойынша психикалық дамудың жалпы бұзылуының топтамасы: 
1. Балалар аутизмі. 
2. Атипті аутизм. 
3. Ретта синдромы. 
4. Балалық кездегі басқа да дезинтегративті бұзылулар. 
5. Стереотипті қозғалыстар мен ақыл-ой кемістігіне байланысты 
гиперактивті бұзылулар. 
6. Аспергер синдромы. 
7. Дамудағы басқа да бұзылулар. 
8. Анықталмаған басқа да бұзылулар. 
Аутист бала – ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте 
қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен 
араласпайды, тұйық болады. Жалпы тұйық мінез әртүрлі себептерге 
байланысты:
- баланың жеке мінезіне;
- көру мен есту кемістігіне;
- зияттың жетілмеуіне;
- сөйлеу аппаратының бұзылғандығына; 
- невротикалық өзгерістерге;
- ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм). 
Аутист бала: қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты 
қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы 
келуі де мүмкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы 
төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және 
бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, 


61 
сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең 
сияқты болып көрінеді. Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та 
бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас 
тартады.
Балалық шақтағы аутизм мен сөйлеу тіліндегі ерекше сипаттағы 
кемістіктердізерттеуші ғалымдар балалар аутизмі синдромында Лео 
Каннердің «асинхрониясы» психофизикалық дизонтогенездің нұсқасы 
немесе дисгармониялы психикалық дамумен байқалатынын анықтаған. Бір 
психикалық функциялар мен қасиеттердің озық дамуы және басқаларының 
артта қалып дамуының үйлестігі байқалады. Балалық аутизм ерте кезеңде 
көрінеді: туғаннан бастап психиканың дамуы диспропорционалды 
бұзылған, ол коммуникативті қылық-әрекеттің бұзылуымен сипатталады. 
Қыздарға қарағанда ұл балаларда бұндай зақымданулар 3-4 есе жиі 
кездеседі. 
Балалық аутизмге тән спецификалық психикалық зақымданулар 
баланың психикалық дамуының шамасына қарай пайда болады, 
дамиды 
және 
тасымалданады. 
Балалар 
аутизмінің 
басты 
симптомдары - өмірінің басынан бастап адамдармен қарым-қатынас 
орнатуда айқын қиындық туады, эмоционалды әсер етудің әлсіздігі, 
стереотипті және аутистикалық сипаттағы ойындар, жағдайлардың 
өзгерісіне және жаңалыққа деген қорқыныш (неофобия). Міндетті 
симптомдар - қорқыныш (фобиялар), түс көру мен тамақтанудың 
бұзылуы. Қосымша симптомдар - механикалық есте сақтаудың жақсы 
дамуы, агрессивті және аутоагрессивті қылық-әрекет. 
Балалық шақтағы аутизм мен сөйлеу тіліндегі ерекше сипаттағы 
кемістіктер ақыл-ой дамуының кез-келген деңгейінде кездесуі мүмкін. 
Бұл синдром мына жағдайларды қамтиды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет