Абдуллина г. К


 Тазалық дағдыларын бұзуы - кіші және үлкен дәретін күндіз де, түнде  де ұстай алмауы.  11



Pdf көрінісі
бет26/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

10. Тазалық дағдыларын бұзуы - кіші және үлкен дәретін күндіз де, түнде 
де ұстай алмауы. 
11. Патологиялық үйреншікті іс-әрекеттер: яктация, онихофагия, 
саусақтарын сору, т. б.
Балалық шақтағы аутизм мен сөйлеу тіліндегі ерекше сипаттағы 
кемістіктер балалардың психикалық дамуына, олардың қабілеттерінің 
қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс 
жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. 
Микроәлеуметтік ортаға бейімделуінің қиындықтары мынаған әкеп 
соғады: орта оған эмоционалды дискомфорттың, қауіп-қатердің және 
эмоционалдық қысымның қайнар көзіне айналады. Осының әсерінен 
жылдар бойы сақталатын «қорқыныштар» пайда болады. Бала шындықтан 
алшақтатылып қалыптасады, әлем онымен толыктай емес, жеке 
аффективте маңызды белгілер негізінде қабылданады. Қылық-әрекеті, 
қызығушылығы, белсенділігі – «қолайлы» стереотипті сипатта болады. Ал 
бұл өз алдына күнделікті өмірде қатаң тәртіп орнатуға талпынысы және 
оны өзгертуге түрліше қарсыласуы (неофобия) көрінеді. Бұдан үлкен жаста 


63 
балалық 
аутизм 
жағдайында 
инициативаның, 
творчествоның 
жетіспеушілігі байқалады. 
Балалық шақтағы аутизм мен сөйлеу тіліндегі ерекше сипаттағы 
кемістіктердің пайда болуыүнемі жетілмеген висцеровегетативтік жүйе 
айналымына сай келеді. Сондайақ, түн ұйқысының бұзылуы, тәбеттің 
ашылмауы, асқазанның бұзылу салдары, дене қысымының көтерілу 
салдары, тахикардия, тахиноэ, демалмауға қарасты жағымсыз әрекеттер
ауа райының жақпауы, сезімдік жүйке психикасының күрт өзгеріп кетуі, 
дұрыс тамақтанбауы, аффекті-респираторлық тұрғыда шошыну мен 
қабынулар және т.б. сырттай байқалатын себептер әсерін тигізеді. 
Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан 
және келесі көрсеткіштерін ажыратқан: - жалғыздықты жақсы көру; - 
ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу, - мимикасының, дауысының, 
дыбысының ырғағының, жестарының болмауы, - бағытының шарттары 
тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек, - 
эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау, - біркелкі қимылдарды қайталай 
береді. Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 
пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады. 
Балалар аутизмнің классификациясы 
Аурулардың халықаралық классификациясына (АХК–10) (МКБ-10) 
(Международная классификация болезней - 10) сәйкес балалар аутизмі 
дегеніміз – психологиялық дамудың бұзылу (жалпы, барлық жерде 
кездесетін, әртүрлі формадағы) түрі. Психика дамуының барлық 
салаларында: сенсорлық және моторлық дамуда, танымдық және 
эмоциялық салада, өсе келе қалыптасатын мінез-құлықта, ақыл-ой мен 
тұлғалық дамуда ауытқулар байқалады. Балалар аутизмі синдромының үш 
негізгі және міндетті белгісі бар: 
- қатынастың сапалық тұрғыдан бұзылуы
- әлеуметтік әрекеттестіктің сапалық тұрғыдан бұзылуы; 
- мінез-құлықтың стереотиптік фомалары. 
Қосымша маңызды критерийлеріне мыналар жатады: 
- ауытқудың міндетті түрде ерте басталуы (сәби немесе кішкене бала 
шағында); 
- биологиялық шығу тегі (орталық жүйке жүйесіндегі органикалық 
жетіспеушілік кесірінен); 
- басқа психикалық аурулар сияқты ремиссия, рецидив жағдайлары 
болмай, үнемі көрініс табуы. 
«МКБ – 10» бойынша балалар аутизмін психикалық аурулар 
симптомы (шизофрения), әлеуметтік психиканы жаралаушы факторлардың 
(психогендік аутизм, парааутизм) әсерінен болған ауытқулармен бірге, бір 
топта қарастырылмайды. 
Балалар аутизмі - дамудың асинхронды және ауытқыған түрі. Мұндай 
жағдайда психиканың кей тұстары уақытымен дамыса, енді бірі уақытынан 
озып кетеді, ал кей түрлері мүлде артта қалып қояды. Аутизмі бар 


64 
балаларда интеллектуалдық және эмоционалдық дамудың айырмашылығы 
үлкен болады, бір салада көп жетістікке жетсе, бір сала дамымай 
қалады[19]. 
Қазіргі уақытта балалар аутизмін өзіне тән ерекшелігі жоқ, шығу тегі 
әркелкі синдромдар тобына жатқызады, оған жалпылама аутистік спектр 
ауытқуы (АСА) деген анықтама берілген. Бұл топқа мыналар жатады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет