Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет3/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

аспектісі - тіл кемістіктерін алдын алу, анықтау және түзету. Теориялық 
және практикалық міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты. 
Алдыға қойылған міндеттерді шешу үшін: 
- пәнаралық байланысты пайдалану, сөйлеу тілі және оның бұзылыстары 
бойынша зерттеу жұмысына қатысты көптеген мамандарды (психолог, 
нейропсихолог, нейрофизиолог, лингвист, педагог, әр түрлі профильдегі 
дәрігерлер, т.б.) қызметтестікке тарту; 
- теория мен практиканың өзара байланысын, ғылымның заманауи 
жетістіктерін практикаға еңгізу мақсатымен ғылыми және практикалық 
мекемелердің байланысын қамтамасыз ету; 
- сөйлеу тілі бұзылыстарын ерте анықтау және оларды жою, түзету 
принципін жүзеге асыру; 

сөйлеу тілі бұзылыстарын алдын алу 
мақсатымен халық 
арасындалогопедиялық білімді насихаттау. 
Логопедиялық ықпалдың негізгі бағыты сөйлеу тілін дамыту, түзету 
және алдын алу болып табылады. Логопедиялық жұмыс үрдісінде 
сенсорлы функцияларын дамыту; моторикасын, әсіресе сөйлеу 
моторикасын дамыту; танымдық процестерін, алдымен ес, зейін, ойлау 
процестерін дамыту; бала тұлғасын, әлеуметтік қатынасын реттеу және 
түзетуімен қатар қалыптастыру; әлеуметтік ортаға ықпал ету ескеріледі 
(қамтылады). 
Логопедиялық ықпал сөйлеу тілі бұзылыстарын нақтылайтын ішкі 
және сыртқы орта факторларына бағытталған болуы тиіс. Ол сөйлеу тілі 
бұзылыстарын түзету және орнын басуына бағытталған күрделі 
педагогикалық үрдіс болып табылады. Логопедияда сөйлеу тілінде 
дыбыстық бұзылудың клиникалық-педагогикалық және психологиялық-
педагогикалық екі түрі қарастырылады. 
Логопедиялық әсердің негізгі бағыты – сөйлеу тілі бұзылулары мен 
кемістіктерін түзету мен алдын-алу және тілді дамыту. Логопедиялық 
жұмыс барысында сенсорлық функцияларды дамыту; моториканы, әсіресе 
тілдік сөйлеу моторикасын дамыту; танымдық әрекетін - ойлауды, есте 
сақтауды, зейінді дамыту; баланың тұлғалық ерекшеліктерін әлеуметтенуді 
реттеуімен қалыптастыру; сондай-ақ әлеуметтік ортаға әсері мен 
әлеуметтік қатынастарын қалыпқа келтіру. Логопедиялық жұмысты 
ұйымдастыру психикалық және тілдік кемістіктер мен бұзылуларды 
қалыпқа келтіруге және адамға педагогикалық әсер ету арқылы тәрбиеге 



мүмкіндік береді. Логопедиялық әсерлер сөйлеудің бұзылуына әсер етуші 
ішкі және сыртқы факторларға бағытталады.
Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің 
бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. 
Тіл кемістіктерін көптеген басқа да ғылымдар 
саласы 
зертетейді: 
физиология, невропатология, психология, лингвистика және т.б. Олардың 
әр қайсысы тіл кемістікті өз мақсаттар мен құралдарына сәйкес белгілі 
тұрғыдан қарастырады.
Логопедия тіл кемістіктерін педагогикалық ғылым тарапынан 
зерттейді деп айтуға болады, себебі логопедия сөйлеудің бұзылуын арнайы 
ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу арқылы түзету және болдырмау 
жағын қарастырады. Сондықтан да логопедия ғылымын арнайы 
педагогиканың саласына жатқызады. 
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлері және оған көрсететін көмек жайында 
баршамызга ежелден белгілі. Сөйлеу тілінің бұзылуы жөнінде алғашқы 
мәліметтерді ежелгі Греция, Үндістан ескерткіштерінен (папирустер, 
аюрветтер) кездестіруге болады. Мысалы, Ресейде логопедия жеке 
педагогикалық ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ. Алғашқыда (17 ғ.) 
логопедия сурдопедагогика құрамында болған. ХІХ - ғасырдан бастап 
логопедия жеке дара ғылым боп бөлінген, бірақ ол медициналық бағытта 
болды. Тек ХХ –шы ғасырдың 30 - шы жылдарында дефектология Ғылыми 
Зерттеу Институтының құрылуына байланысты логопедия педагогикалық 
ғылым болып танылды.
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының себептері мен ерекшеліктерін 
зерттеушілер түрлі ғылыми аспектілерде: психологиялық - педагогикалық 
(Р.Е. Левина, Э.Л. Фигередо); психологиялық - лингвистикалық (В.К. 
Урфинская); медициналық - педагогикалық (С.С. Лепидевский); 
физиологиялық (Н.Н. Трауготт); клиникалық (Ю.Я. Флоренская) және т.б. 
қарастырған. 
Сөйлеу тілі бұзылысы бар баланың дыбыс айту жүйесін, сөздің 
буындық құрылымын меңгеруін Р.Е. Левина, Г.А. Каше, А.К. Маркова, 
У.Н. Усанова, Л.Р. Вескер талдаса, сөйлеу тілі бұзылған балаларды түзете 
оқытудың бағыттарын Л.В. Чудинова, Л.Ф. Спирова, Н.А. Никашена, Н.Л. 
Евзекова және т.б. зерттеген. 
Ал ақыл-ой кемістіктері бар балалардың тілдік ерекшеліктерінің 
дамуы туралы А.В. Ястребова, Т.П. Бессонова, Т.А. Власова, М.С. 
Певзнер, В.Г. Петрова, М.П. Феофанов, М.Ф. Гнездилов, А.Х. Аксенова, 
Н.М. Барская, Е.Ф. Соботович, М.С. Соловьева, И.П. Кариев және т.б. 
ғалымдар зерттеген. 
Елімізде дамуында әртүрлі ауытқулары бар мектепке дейінгі 
балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктеріне көңіл қойып зерттеген 
Г.Б. Ибатова, Г.М. Коржова, Қ.Қ. Өмірбекова және т.б. Ғалымдар 
балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарын тексеру барысында фонематикалық 



қабылдау жағдайын, артикуляциялық моторика, дыбыс айтуды, сөздің 
дыбыстық-буындық құрамын тексеруді негізге ала отырып қарастырған. 
Логопедия ғылымының негізгі принциптері және әдістері 
Логопедияның 
негізгі 
принциптеріне: жүйелік, 
кешендік, 
жанжақтылық, 
онтогенетикалық, 
сөйлеу 
тілі 
бұзылыстарының 
этиологиясы мен механизмін ескеру (этиопатогенетикалық принцип), 
бұзылыстың симтоматикасын, сөйлеу тілі ақаулығының құрылымын 
ескеру принципі, дамытушылық, т.б. жатады. Логопедияда жалпы 
педагогиканың принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Кейбір 
принциптерді қарастырайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет