135
Тапсырманың екінші бөлімін орындаудан бас тартты.
№ 6 тапсырма. Қазақ
халық ертегілері
Тапсырма барысы: балаларға суретке қарап,
олардың қай ертегіге
байланысты салынғанын анықтауды ұсынылады.
«Ит пен мысық неге бір-бірімен қас» ертегісіне байланысты сұрақтар:
Ит пен мысық жердің түпкір-түпкірінен не іздегенін есіңе түсірші?
Аңдардың кімге көмек көрсеткісі келді?
Ит пен мысық неге ұрысып қалды?
«Қасқыр, түлкі және есек» ертегісіне байланысты сұрақтар:
Ертегі кеіпкерлері не жайлы әңгімелесті?
Неге ертегіде қасқырды - қанышер, түлкіні - қу, есекті - аңқау деп атайды?
Қалай ойлайсың қасқыр мен түлкі жақсы іс істеді ме?
Есектің әрекетін жаман деп есептеуге болама?
Нәтижелерді бағалау
5 – ұпай: ертегінің тіл көркемдігін сақтап, сұрақтарға толық жауап береді.
Кейіпкерлер әрекеттерінің
мотивтерін дұрыс анықтады, оларға толық
мінездеме берді.
4 – ұпай:
толық жауап береді, бірақ керекті мөлшерде эмоционалды емес.
Кейіпкерлердің мінездерін және әрекеттерін дұрыс анықтайды.
3 – ұпай: сұрақтарға жауап берген кезде тәрбиешінің көмегі керек болды.
Кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне мінездеме дұрыс берілді,
бірақ
толық емес.
2 – ұпай: бала сұрақтарға өздігінен жауап беруге қиналады,
сөздік қоры
аз, сөйлеуі мәнерлі емес. Бала кейіпкерлерге мінездеме бере алды, бірақ
олардың әрекеттерін бағалай алмады.
0 – ұпай: бала сұрақтарға жауап берген кезде тәрбиешінің көмегіне жиі
жүгінді. Кейіпкерлерге
мінездеме бере алмады, олардың әрекеттерінің
мотивтерін түсіндіре алмады.
Достарыңызбен бөлісу: