Абылай хан сабақ


Абылай ханның сыртқы саясаты



бет3/3
Дата02.01.2022
өлшемі52.78 Kb.
#452546
түріСабақ
1   2   3
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 22.

Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш — қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протектор атын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаныңда ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділдік көрсетуге тырысты. «Қазақтар әуел бастан-ақ екі жақтылықты ұстанды, — деді цин императоры өзінің 1779 жылғы жарлығында. Абылай бізге бағынған кезде Ресей Абылайдың өз боданы екенін, сондықтан біздің оны өз бодандығымызға қабылдамауымыз керек екенін мәлімдеп, наразылық жіберді. Біз сонда былай деп жауап қайтардық: «Сіздер Абылайды өз адамымыз дейсіздер. Егер сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар, ол ешбір жағдайда бізге бағынуға өтпеген болар еді… Ал сіздер, орыстар, бұған қалай кедергі жасай аласыздар? Егер болашақта мұндай окиға бола қалса, сақтық жасау керек». Бір жағынан, Абылай қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталылықпен, ал қытай ханымен хат жазысуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агрессияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана коймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Бұл орайда ол өзінің Қытаймен өзара келісімі бар екенің былай деп хабарлады: «Қай жақтан және қандай да бір патша бізге дұшпандық әрекет немесе арсыздық жасайтын болса, оған қарсы тұратын болады және егер сол богдыханнан (Қытай императорынан — Ред.) күш сұрасам, ол менің талап етуім бойынша он мыңға дейін немесе жиырма мыңға дейін болса да әскери адамдар берер еді..». Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресейде,Қытайда оған әскер бөлуден бас тартатын.

Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетінін түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ғана ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда, Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. Отаршылдық өкімет орындары хан ордасына шенеунік жіберуге де келісті, алайда хан «мен өз дәрежеме халықтың сайлауымен әлде қашан-ақ бекітілгенмін» деп мәлімдеп, ант беруден үзілді-кесілді бас тартты. Ханның мұндай мінез көрсетуін оның 1773—75 жылдардағы Пугачевтің көтерілісінен кейін Ресей империясының күш-қуатына шүбәлана қарауымен түсіндіруге болады, ал ол көтерілістің барысында Абылай жалған атақ жамылушыны қолдап, тіпті онымен бірлесе отырып орыс бекіністеріне шабуыл жасауға да ниеттенген еді. Ханға ықпалын мүлдем жоғалтудан қорқып, Ресейдің өкімет орындары 1779 жылы оған 300 сом және 200 пүт ұн мөлшерінде жыл сайынғы жалақы тағайындады бірақ 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Ресеймен қандай да болсын катынастарының бәрін мүлде үзді.



Начало формы

Абылай және оның билігінің нығаюы.

Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Церен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның әлсіресеуіне және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын сүйенетін.

Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли султанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркестанды алып, Уәли султанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атап кеткен. Болашақ хан Әбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі. Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс және бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- қарайтын жоғарғы билікті нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті.

Цин агрессиясына тойтарыс беру және Қазақстанның шығысындағы жерлердің қайтарылуы Орта жүзде ғана емес, Ұлы жүзде де Кіші жүзде Абылай султанның билігін нығайтты. 1752 жылы Барақ султан қайтыс болғаннан кейін ол іс жүзінде қазақ жерлеріндегі бірден — бір толық құқығы билеушіге айналды.

Әбілмамбеттің мәртөбесі 2 жақты болды. Бір жағынан, ол жоғарғы хан деп есептеле берді және Ұлы жүз бен Орта жүз қоңыстарын тексеру сапарына жиі шығып тұрды. Екінші жағынан Әбілмамбет Абылайсыз бірде – бір елеулі шешім қабылдамайтын. Мәселен, 1763 жылы Орталық Азия елдерінің циндерге қарсы одағына қосылуға шақырып, өзіне жолданған хатты ол Абылайға жіберген .

Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Жетісу жайылымдары дау нысанасына айналды. 50 жылдардың аяғында бұл жерлерге Ұлы жүздің қауымдары берік орнығып алған еді, алайда 60-жылдардың басында жер дауы ашық соғысқа ұласты. 1760 жылы қырғыздар дулат және қоңырат руларының қоңыстарына шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Абылай едәуір әскер жинап, тамыз айында Талас қырғыздарын жеңіліске ұшыратты. Алайда, қазақтардың жеңіске жеткеніне қарамастан, 60 жылдарда жанжал шешілген жоқ. Бұған Қазақстанның халықаралық аренадағы күрделі жағдайын, қытайлардың басып кіру қауіпінің сақталуы, сондай-ақ күшейіп келе жатқан Қоқан мемлекеті тарапынан қауіп тууы себебі болған еді. Дегенмен, 60-жылдардың аяғында Абылай Қазақстанның онтүстігінде де өз жағдайын нығайтып алды. Ұлы жүздің қазақтары әділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына қарай Абылай султан Қазақстанның көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол әулеттік қыз алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы султан оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мәжбүр болды. Әбден қартайған Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала бастайды. Әбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 1771 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды. Бұл бір тутас тәуелсіз қазақ хандығын сақтауға жасалған соңғы әрекет еді.

Абылай ханның ішкі саясатты.

1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат султандар, Нуралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. Абылай қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.

Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Султандардың едәуір бөлігі әсіресе Барақ султан мен Әбілмамбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Хан билігіне наразы болған кейбір ру басылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш.Уәлихановтың айтуынша, султандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышты ұстамды. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман келу үшін қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы тусінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.

Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. Абылай хан 3 жүзді өзінің туыстары, балалары арқылы билей бастады. 1774 жылы Әділ султан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындайды, Солтүстік – шығыс Жетісуді оның басқа бір баласы Сүйік, орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек, Кіші жүзде және Орта жүзден батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарынды -Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмамбеттің ұрпақтары- султандар билік етті.

Орталық билікті күшейту үшін Абылай бір қатар жаңа өзгерістерді енгізіп заңдастырды. Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы », Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарындағы хан билігіне қойылған шектеулерді жойды. Ірі ұлыстарды билеуде хан өзіне жақын султандарды тағайындауда, олардың қызметі және оның тұлға ретіндегі қассиеттеріне сүйенді. Дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Сөйтіп, сот істерін шариғат ережелерін негізгі алып жүргізетін билер сотына шек қойылды. Сонымен қатар Билер Кеңесі мен рубасы ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Сарай маңына топтасқан батырларға сүйеніп, Абылай хан өзіне қарсы шыққандарды қатыгездікпен басып тастап отырды.

Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін жұмсады. Көшпелілердің Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын (тактикасын) кеңінен қолдану мен қатар, жаңа жағдайға байланысты жаңа әдіс-тәсілдер шығарып отырды. Жеке жауынгерлердің белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға емес ұзаққа созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын жасайды. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды. 1761 жылы императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй түрғызу үшін бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу Жаңғызтау деген жерде ағаштан үй салынды.

Абылай хан қазақ халқының мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты. Олар: Тәтіқара ақын, Үмбетай, Бұхар жыраулар… ханның кеңесшісі, әрі қазақ хандығы дербестігігің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы саясатта мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқалардағы кемшіліқ Абылай хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді.

Абылай ханның сыртқы саясаты.

Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты.

Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді.

Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды.

Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.

Конец формы


Тақырыбы:Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:"Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің" - демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету.Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Дамытушылық мәні:Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.
Тәрбиелік мәні:"Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз"- дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, "Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі", - деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас


Сабақтың типі:Жаңа білім беру
Қолданатын әдістер:Интерактивті тақта және құралдарын, тірек-схема, таблица, тест, баяндау, сұрақ-жауап.
Жоспар:
1. Абылай - аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
2. Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері.
3. Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
4. Абылайдың Қазақстан тарихындағы орны.
«Былай барсаң Қоқан бар - қоқаңдаған әкең бар,
Былай барсаң қалмақ бар - күшіңді еппен алмақ бар,
Былай барсаң қытай бар - жапырағыңды бұтай бар,
Былай барсаң орыс бар - балаңды берсең қоңыс бар»- осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Мұғалім сөзі:


Сонымен, бүгінгі сабақта біз қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты.Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқынында болған уақыт.
"Ел қорғаған - ер бабаң"
Оқушылар өз ойларын айтып класстер құрайды.

Абылай - аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.


Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Абылайдың шежіресі


Әз Жәнібек
Есімхан., -------------Жәңгір
Уәлі -------------------Тәуке
Қанішер Абылай
Көркем Уәлі
Абылай хан

Кесте арқылы сөйлеу.


Абылайдың ішкі саясаты.Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі ешкімге тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды.
Абылай өзінің күш –жігерін мына бағыттарға жұмсады.
Біріншіден, оның бір орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәті түсті.
1771 жылы ол Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды.
Абылай үш жүздің әрқайсысына өзінің ұлдары мен жақын туыстарын билеуші етіп тағайындады.
Жетісуда - Әділ және Сүйік сұлтандар.
Орталық Қазақстанда –Қасым сұлтан.
Ертіс бойы өңірінде –немере туысы Сұлтанбет сұлтан.
Шығыс Қазақстанда Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпайыз басқарды.
Екіншіден, ол сот билігін күшейте түсті
Абылайдың кеңесшісі Бұқар жырау болды
Үшіншіден. Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алаусыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.Ең соңында ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналысуына қолдау көрсетті.
Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге барынша көп көңіл бөлді.Абылай хан ақын-жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.

Қазақ қоғамын біріктіру


Шапқыншылықпен күрес
Біріккен өкімет құру.
XVIII ғасырдың 50-жылдарындағы үш мемлекеттің сыртқы саясаты
1.Ресеймен қарым - қатынасы
2.Жоңғар-қазақ қатынасы
3.Қытай-қазақ қатынасы

1.Ресеймен қарым-қатынасы

Абылай іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
Абылай Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату –тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
1759 жылы патша үкіметінің әкімшілігі Әбілмәмбетті тағынан тайдырып, оның орнына өзінің отыруын ұсынды және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде етті.
1778 жылы патша үкіметі Абылайды бір ғана Орта жүздің ханы деп таныды.
2.Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.Жоңғарлар Цин империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды.
1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бір ірі жорыққа шықты.
1742 жылы Галдан -Церенге жіберілген майор Миллер елшілігі жоңғарларға ауызекі қоқан-лоқы жасаумен шектеді.
1755 жылы Цин императоры Жоңғарияға елеулі әскер күшін жүргізді.
1758 жылы Жоңғарияны Қытай армиясы түгелдей бағындырып алды.
3.Хронологиялық кесте сәйкестендіру
1761 жылы - Қытай боғдыханы қазақтардың Аягөз өзенінің оңтүстік жағына қарай көшіп-қонуына тыйым салатыны туралы жарлық шығарды.
1755 жылы - Қытай шекара мәселелерін реттеп қайту үшін Қазақстанға, Абылай сұлтанға арнайы елшілік жіберді.
1756 жылы- Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады
1767 жылы Қытай жағы Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр болды.

Портреттер сөйлейді: осы суреттер арқылы осы жылдардағы көтерілісті кім басқарғаны белгілі болады.


1771-1781 жылдар аралығында қазақ хандығын кім басқарды?

Картамен жұмыс


Оқушылар Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер

Сұрақтар қойылады:


1. Абылай хан қай жылы қайтыс болды?
1781 жылы
2. Абылай хан қай жерден қай жерге келе жатқанда қайтыс болды?
Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салды.
3. Абылай хан қай жерге жерленді?
Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.
4. 1788-1798 жылары аралығында қазақтар қай жердің бойына көшті?
Ертіс бойындағы оң жағалауына.

Абылай ханның күйлері: Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.


Күй ойнайды
Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған жыршылар:
Өлең жолдарын толықтыру:
Әй, Абылай, Абылай!
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің...
...Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің...
...Абылай атың жоқ еді,
"Сабалақ" атпен жүр едің...- Бұхар жырау

...Жас күніңде, Абылай,


Үргеніштен мұнда кеп,
Сарыарқаны жерім деп,
Қалың қазақ елім деп,
Келмеп пе едің жаяулай.
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда... – Үмбетей жырау

Құжатпен жұмыс -


1. Абылайдың бойында қандай қасиеттер бар еді?
2. Сендер қалай ойлайсыңдар, ол өзін Ресей мен Қытайға тәуелсіз сезіне алды ма?
3. Абылайдың 1771 жылдан бастап ерекше күшейе түсуіне не себеп болды?

Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.

Жаңа сөздер:
Боғдыхан - қытай императорының монғол тіліндегі атауы.
Стелла - ескерткіш құлыптас.
Шежіре - қазақтардың генеалогиялық кестесі, тарихи жылнама.
Кітапхана мен жұмыс ( Қосымша материалды пайдалану үшін кітапхананы ашу керек)
Бекіту: Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін осы кесте толтыру арқылы бекітеді.
Инсерт стратегиясы

Қорытындылау:


Тест (Тест (1-4) жауабын бірден лупа арқылы тексеруге болады, (5-7)келесі бетін штор жауып қою арқылы қолданасыз немесе қасындағы боялған бояуды төмен түсіресіз)
1.Абылай хан қайда жерленген?
А.Сығанақта
В.Созақта
С.Таразда
Д.Қойлықта
Е.Түркістанда
2. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғанын кейін, хан тағына мұрагерлік жолмен кім отыру керек еді?
А.Абылай
В.Әбіпайыз
С.Уәли
Д.Жақсылық
Е.Абдолла
3.Х/III ғ.Абылай ханның әмірін жырлаған қазақтың қай жырауы?
А.Ақтамберді
В.Көтеш
С.Бұқар
Д.Үмбетей
Е.Есет
4.Абылай хан қай жылдары хандық құрды?
А.1748-1786 ж.ж.
В.1718-1748 ж.ж.
С.1734-1771 ж.ж.
Д.1771-1781 ж.ж.
Е.1770-1780 ж.ж.

5.Абылайдың атасы қай қаланың билеушісі болған?


А.Ташкент
В.Сайрам
С.Әулиеата
Д.Түркістан
Е.Сауран
6.Абылай хан тұсында сыртқы саясаты Орта Азияның үлкен орны. 18 ғ. 70 ж.қазақ әскерлері тарапынан кім дерге күйрете соққы берді?
А.Бұқар әміріне
В.Ташкент құшбегіне
С.Хиуа ханына
Д.Қоқан ханына
Е.Хорезм шахына
17.18 ғ қандай атақты ақын өз шығармасында Абылайды дәріптеді?
А.Шернияз
В. Махамбет
С. Тәттіқара
Д.Сүйінбай
Е.Шөже

Үйге тапсырма


1.Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер
2. Абылай хан туралы аңыз әңгімелерді жинауға және Абылай хан туралы бір жырға тезис жасау.
3."Абылай хан"тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар.
Бағалау:
Ұрпаққа өнеге!
Абылай заманы қазақ хандығының соңы екендігін ескерсек, қазақтың жаңа мемлекетінің берік негіздерін қалаған, бейбіт те бақуатты тіршілік орнатып, жарқын болашаққа бастаған, оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.Абылай есімі халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Дамытушылық: Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту:
Тәрбиелік: Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды туған жеріне, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: постер, интерактивтік тақта, маркер, оқулық, атлас.
Әдісі: интерактивті
Сабақтың түрі: аралас сабақ, топтық жұмыс
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қырғыздармен қарым - қатынасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару. Сыныппен амандасу. Амандасудың түрлері: Сәлеметсіз бе, бас изеу, қол беру, арқа қағу, қол былғау.
- Балалар мен сендерді сабағымызды бастамас бұрын «Сиқырлы заттар» дүкеніне шақырамын.
Дүкенде не бар деп ойлайсындар
Дүкенде: ұшақ текемет, сиқырлы таяқша, бас киім, болашақ көрсететін айна.
Кім не сатып алар еді (заттар арқылы оқушының мінез құлықтарын анықтау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 
Ендеше біз бүгін осы заттар арқылы анықталған мінезімізбен бүгін өз білімдеріңді жұппен топпен ойымызды ортаға салып жұмыс жасайық.«Қазақ - қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесіне көңіл аударайық:
1628ж.
1697ж.
1723ж.
1726ж.
1771ж. 
Жауаптары: 1628ж.- Ойрат тайпалары Торғауыттар қазақ даласы арқылы батысқа қарай көшіп Еділ бойына дейін жеткен. Содан бастап Еділ қалмақтары деп аталды.
1697ж.- Орыс патшасы I Петр Аюкеге Ресейдің шығыстағы шептерін қорғауды ресми түрде міндеттеді.
1723ж.- Әбілқайыр хан қыркүйектің бас кезінде қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың қолдық әскерін бастап, Еділ қалмақтарына жорық жасады.
1726ж.- Әбілқайыр хан 10 мың қолдық әскерімен Еділ қалмақтарына жаңадан жорық жасады. Ол жорық өзара келісім жасаумен аяқталды.
1771ж. – Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүз қазақтары «Шаңды жорық» шайқасына жаппай қатысты.
Сұрақ: Мойынты өзенінің бойында 50 мың адамдық жасақ бастап қалмақтарды қоршап алған сұлтан – Абылай
ІІІ. Жаңа сабақ: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.
Жоспармен таныстырып әр топқа тақырыпты үлестіру:
1 - топ Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы
2 - топ Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы. Ресей және Қытаймен қарым - қатынас.
3 - топ Абылайдың қазақ тарихында алатын орны
Топтады алтын ережелермен таныстыру, бағалау парағын топ басшыларына жүктеу
Әр топқа тапсырма:
1. Мәліметтерді оқу
2. Топта талдау
3. Постер жасау
4. Топтан 2 оқушы қорғау
5. 15 минут уақытта аяқтау
6. Жұмысты қорғау 3 минут
ІV. Қорытынды: Топтар бір - бірін бағалайды «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы
V. Сабақ бойынша кері байланыс:
(оқушылардың сабақ бойынша пікір, ұсыныстары)
VI. Үйге тапсырма. 
Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер. Абылай ханның өмірі мен қызметі жөніндегі шығармаларды оқу, біліп келу.

Кері қайту

Ілмек сөздер: тарихАбылай ханқазақ хандығы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет