Абилбакиева галия турысбековна


Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген эксперимент және оның



Pdf көрінісі
бет25/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Dissertation1

2.3 Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген эксперимент және оның 
нәтижелері 
Педагогикалық эксперименттің негізгі функциясы болжамды тексерудегі 
педагогикалық жүйе әрекетінің жеке элементтерінің арасындағы байланысы мен 
оның нәтижесінен тұрады. Біздің зерттеуімізде эксперимент жүргізудің маңызы 
қалыптастырудың жасалған әдістемесі негізінде болашақ МДҰ педагогтерінің 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді педагогикалық үдерісін 
ұйымдастырудан тұрады.
Болашақ МДҰ педагогтерінің АКТ арқылы басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыру мәселесіне жүргізілген теориялық талдау болашақ МДҰ 
педагогтерінің АКТ арқылы басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың біз 
жасаған әдістемені негіздеуге байланысты педагогикалық эксперименттің қажет 
екендігін дәлелдеді. 
Сонымен қатар, 
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар кешенді 
ықпалдастырылған жүйені, оның ішінде реттелген операциялар мен әрекеттер 
жиынтығын білдіреді. Мұндай жүйе педагогикалық мақсаттарды белгілеуге
білімді меңгеруге, кәсіптік дағдыларды игеруге және оқытудың мақсаттарын 
қоюға, білім алушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, 
ақпараттық-мақсаттық және үдерістік аспектілерді қамтамасыз етеді. Кәсіби 
білім беру технологиясы саласындағы мамандарды даярлау АКТ енгізу үшін 


85 
теориялық білімді кодификациялаудың әртүрлі нысандарын енгізуге, білім 
берудің жеке формалары мен әдістерінен әдістемелік жүйелерге ауысуға, оқыту 
әдістерін жүйелі талдау және шешім қабылдау құралы ретінде көшіруге, 
тәрбиеленуші мен педагог арасындағы өзара әрекеттестіктің зияткерлік 
технологиясына көшуге мүмкіндік береді [90]. 
Эксперимент барысында біз де сондай кәсіби педагогикалық 
технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып, болашақ мектепке дейінгі ұйым 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін құрастыруға 
талпындық.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтарының басқарушылық 
құзыреттілігі үш кезеңмен қалыптастырылады: рефлексиялық, танымдық, 
жобалаушылық. 
Қалыптастырудың бірінші кезеңін рефлексиялық деп алуымыз заңды. 
Бүгінгі таңдағы педагог қызметіндегі педагогикалық үдерістегі рефлексия өзін-
өзі бақылау, дамыту, сондай-ақ педагогикалық үдерістің оң және теріс 
жақтарының себептерін анықтауға, қайта ұйымдастыруға мүмкіндік береді [90]. 
Педагогтық қызметте орындайтын функцияларына байланысты рефлексия 
негізгі үш нысанда қарастырылады. Олар: жағдаяттық, ретроспективті және 
перспективті рефлексия. Жағдаяттық рефлексия - «уәждеме» және өзін-өзі 
бағалау түрінде талдау жұмысында «осы жерде, қазір» рефлексиясы жүзеге 
асырылады. Ретроспективті рефлексия - жүзеге асырылған іс әрекеттен кейінгі, 
орын алған оқиғаларға талдау және бағалау қызмет атқарады.Педагог өз 
жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы, сәтсіздікті жеңу жолдарының себептерін 
анықтайды. Перспективті рефлексия - алдағы уақытқа жоспарлауда тиімді 
жолдарды қарастыруды қамтиды [90]. 
Рефлексияның кәсіптік қызметтегі рөліне тоқталсақ: біріншіден - кәсіптік 
қызметті меңгеру үшін; екіншіден - кәсіптік қызметті меңгеру үдерісін бақылау 
және басқару; үшіншіден - кәсіптік білім қызметінің шарттары өзгерген кезде; 
төртіншіден - өзінің даму тетіктерінің негізі болып табылады. 
Сонымен, рефлексиялық кезеңде біз болашақ педагогтардың басқару, өзін-
өзі жүзеге асыру, жетілдіру іс-әрекеттерінің қажеттілігін жете саналы түсінуіне 
аса мән бердік. 
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында ЖОО бойынша Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына, жалпы білім 
мазмұнының тұжырымдамасы, типтік бағдарламаларға, оқулықтарға, оқу-
әдістемелік құралдар бойынша іс-тәжірибелерге талдау жасай отырып, ЖОО 
студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекетінде басқарушылық құзыреттілік негізіне 
байланысты мүмкіндіктер қарастырылды. 
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының мақсаты: болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру теориялық 
негізін анықтау және білім берудегі әдістемелік ерекшеліктерін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет