І-кезең (2016-2017ж.ж.) –анықтау кезеңінде зерттеу сапасының қалыптасу
деңгейін анықтауға және студенттерді деңгейлік топтарға (төмен, орта, жоғары)
бөлуге көмектесетін компоненттер негізінде Абай атындағы қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
89
мамандығының 1-4 курс студенттерінің қалыптасқан басқарушылық
құзыреттілігінің қазіргі деңгейі бақыланды.
ІІ-кезең (2017-2018 ж.ж) – қалыптастыру кезеңі төмендегідей
міндеттерден тұрды:
- болашақ
МДҰ
педагогінің
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастырудың жасалған әдістемесін негіздеу және іске асыру;
- студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды қамтасыз
етуде оларды педагогикалық үдеріске баулу.
ІІІ-кезең (2018-2019 ж.ж.) – бағалау-нәтижелік кезеңде болашақ МДҰ
педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің кезеңдік
моделін және қалыптастырудың әдістемесінің құрамдас бөліктерін түзету
жүргізілді.
Анықтау эксперименті кезеңінде 2016 жылы 4 курс бітіруші студенттермен
(68 адам) басқарушылық құзыреттілік компонентінің қалыптасуын анықтау үшін
арнайы сауалнама жүргізілді.
Сауалнама
кезінде
студенттердің
жеке
тұлғаның
құзыреттілік,
басқарушылық құзыреттілік туралы ұғымдарына баға қойылды. Сауалнаманың
нәтижесін талдауда бітіруші – болашақ МДҰ педагогтерінің 12% ғана
құзыреттілік пен басқарушылық құзыреттілік туралы түсініктерін ақпараттық
ортадағы адам әрекетінің мотивациялық, іс-әрекеттік бағыттары деп көрсетті; ал
қалған 88% студент берілген ұғым туралы өздерінің түсініктерін педагогика
төңірегіндегі жеке білім, білік пен дағды және нақты ақпараттық
технологияларды меңгере білу, болашақ кәсіптік әрекетінде қолдана алу
мүмкіндігі деп түсінді, берілген ұғымдар-қолданбалы білік, «компьютерлік
сауаттылық» деген таяз ұғымдар береді, сонымен қатар басқарушылық
құзыреттілік қалыптастыру курсы төңірегіндегі болашақ мамандардың
басқарушылық қалыптастыру мүмкіндіктері туралы түсініктері төмен.
Мысалы, студенттерге «Басқарушылық құзыреттілік» - деген сөйлемді
аяқтау ұсынылды. Сұралған студенттердің жартысы мұндай ұғыммен бірінші рет
кездескен соң, берілген сұраққа жауап беруге қиналды.
Сонымен қатар, болашақ МДҰ педагогінің педагогикалық әрекетінде АКТ
құралдарын қолдану біліктілігі сауалнама алу, өзін-өзі бағалау, әңгімелесу,
ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану аймағындағы
білім сапасын анықтау негізінде жүргізілді. Оқыту үдерісіне аталған құралдарды
енгізуге олардың көзқарасын және оның оқытудағы рөлін анықтау үшін
сауалнама алынды.
Студенттерден сауалнама алу нәтижесінде АКТ құралдары арқылы
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда қолданудың арнайы әдістеменің
жоқтығына байланысты оқу-тәрбие үдерісінде әр түрлі бағыт бойынша
қолданылатындығы анықталды.
Сондай-ақ, олардың айқындау эксперименті кезеңінде сауалнамаға,
сұхбаттасуда берген жауаптары мен айтқан ойлары бізге диссертациялық
жұмыстың 1.3 параграфында берілген болашақ педагогтардың басқарушылық
құзыреттілігінің құрылымын жасауға және оларды үлкен үш топқа, іштей тоғыз
90
топшаларға бөліп қарастыруға себеп болды. Болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогының басқарушылық құзыреттілігінің тұлғалық сапа, педагогикалық
және менеджерлік білім, білік, дағдыларын ескере отырып, бір-біріне ұқсас,
жақын келетін сапаларды топтастыра отырып білім беру үдерісінің
қатысушылары болып табылатын, оқытушылар мен студенттерге ортақ
өлшемдер мен көрсеткіштерді белгіледік. Ал бұл болса, бізге басқарушылық
құзыреттілікті және оларды қалыптастыру әдістерін анықтауға септігін тигізді.
Болашақ педагогтің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін
жоспарлау мақсатқа жету үшін тиімді болып табылатын педагогикалық
шарттарды анықтау міндеттерін қамтиды. Осыған байланысты тәжірибелік
зерттеудебірқатар міндеттер анықталды:
- студенттердің педагог-басқарушы тұлғасы туралы негізгі түсініктерін;
- жоғары оқу орны білім беру ортасындағы студенттің өмір сүру әр түрлі
ортасында басқарушылықтың көрініс табуына олардың қарым-қатынасын;
- басқарушылық туралы пікірлеріне іс-әрекеттің ықпалын;
- студенттер, оқытушылар кімді басқарушы деп қабылдайтындығын;
- студенттердің
басқарушылық іс-әрекеттерді тиімдірек зерттеп;
қалыптастыратынын белгілеу.
Сауалнаманың басқарушылық құзыреттілігінің Іс-әрекеттік, рефлексифтік
құрамдас бөлігінің төмен қалыптасқанын айқындайтын кәсіптік-педагогикалық
түрде сипаттаған соңғы сұрақтарына жауап беруде студенттердің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастыруға дайындығын көрсете алмады.
- Төменгі деңгей – компоненттің мазмұны көбінесе «басқарушылық құзырет
туралы түсініктің жоқ болуы» немесе «... туралы түсініктің бөлшегі»
анықталады.
- Ортаңғы деңгей – «шынайы бөлшегінің іске асуы» деңгейі.
- Жоғары деңгей - өзіндік даму деңгейі.
- Анықтау эксперименті кезінде болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық
құзыреттілік кезеңдерінің қалыптасқанын анықтау нәтижелері 11-кестеде
көрсетілген.
Осыдан, анықтау эксперименті барысында қазіргі педагогикалық білімдегі
болашақ МДҰ маманын дайындауда қолданып жүрген тәжірибенің АКТ арқылы
болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға төмен
бағытталғанын анықтады.
91
Кесте 11 - АКТ арқылы болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық
құзыреттіліг ініңкомпоненттерінің қалыптасқаны (анықтау эксперименті).
АКТ арқылы
басқарушылық
құзыреттілік
компоненттерінің
қалыптасқан
деңгейі
Басқарушылық құзыреттіліктің қалыптастыру кезеңдері
Мотивациялық
(%)
Мазмұндық
(%)
Іс-әрекеттік
(%)
Рефлексивтік
(%)
Төмен
78,6%
88,1%
73,5%
81,5%
Орта
21,4%
11,9%
27,5%
18,5%
жоғары
0%
0%
0%
0%
Алынған нәтижелерді талдаудан егер оқу үдерісіне арнайы мақсат етіп –
АКТ арқылы басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыруды алдыңғы орынға
қоймасақ, оны арнайы әдістемесіне және оның қалыптасуының кезеңдік моделі
негізінде іске асуына сүйенбесек, онда студенттердің кәсіптік–педагогикалық
дайындығының сапасына кері әсер етіп, олардың басым көпшілігінде оның
қалыптасуының деңгейі төмен болатынын байқадық.
Сауалнамадағы сұраудан алынған мәліметтер және студенттердің
басқарушылық құзыреттілік кезеңдерінің қазіргі қалыптасқан деңгейін
толығымен зерттеу болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың
әдістемесі
негізінде
студенттердің
басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелі-эксперимент жұмысын ары
қарай жүргізуге маңызды негіз болды.
Зерттеуде жүргізілген тәжірибелі – эксперимент жұмысы төңірегіндегі
педагогикалық эксперимент (қалыптастыру) АКТ арқылы болашақ МДҰ
педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға ұсынылған
әдістеменің тиімділігін тексеруге негізделген.
Тиімділік басқарушылық құзыреттілікті қалыптастырудың өсуі мен
жетістік сапасы туралы мәліметтер жиынтығынан тұратын анықтау жүйесін
құру, АКТ арқылы басқарушылық құзыреттілік қалыптасуының сәйкес деңгейін
орнату көмегімен бағаланды. Анықтау нәтижелері сонымен қатар қалыптастыру
үдерісінде туындайтын қиындықтарды, мәселелі аумақты анықтауға,
қалыптастыру үдерісінің түзетуін іске асыруға көмектеседі. АКТ арқылы
болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда жеке
тұлға құрылымдағы өзгеру динамикасын тексеру мақсаты қойылғандықтан
педагогикалық анықтау мәселесі қиындай түсетінін атап айтқан жөн. Бұл
жағдайда оқыту үдерісіндегі үйренушілер қандай-да жалпы заңдылықтармен
өзгеріп, кейбір орталанған үйренуші бейнесін – жалпылама динамикалық
моделіне бағыттауы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |