Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет38/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Dissertation1

 
 


122 
ҚОСЫМША Д 
 
А.В.Карповтың сауалнамасы, рефлексияға арналған тест
(тұлғаның рефлексиясының даму деңгейін анықтауға арналған) 
Рефлексивтік – бұл адамның өзінің «Мен» шегінен асып кету қабілеті, оның 
«Мен» бейнесін қандай да бір оқиғалармен, тұлғалармен салыстыра отырып, бір 
нәрсені түсіну, зерттеу, талдау. 
Рефлексивтік ырықсыздыққа қарама-қарсылық ретінде, әрекет етуден 
бұрын, іштей барлық болжамдарды қарап шығады, олардың ішінен оларға 
шындыққа жанаспайтындарын алып тастай отыра, шешімдерді ойланып, ақылға 
салып, «міндеттерді» шешудің әртүрлі нұсқаларын ескере отырып, қабылдайтын 
адамдарды сипаттайды.
Рефлексияға сынақтама. 
Рефлексивтіліктің даму деңгейі диагностикасының әдістемесі, А.В. 
Карпов сауалнамасы: 
Нұсқау: Сіз бірнеше сауалнамаға жауап беруіңіз керек. Жауап бланкісінде 
сұрақ нөміріне қарсы сіздің жауабыңыздың нұсқасына сай нөмірді қойыңыз: 
1 – мүлдем дұрыс емес;
2 –дұрыс емес;
3 – дұрыс емес сияқты;
4 – білмеймін;
5 - дұрыс шығар; 
6 – дұрыс;
7 – өте дұрыс.
Жауап беруде ұзақ ойланбаңыз. Есте сақтаңыз, тап осы жағдайда дұрыс 
немесе теріс жауаптар болуы мүмкін емес.
Ынталандырғыш материал. 
1. Жақсы кітап оқи отыра, мен кейін үнемі ол туралы ұзақ ойлаймын; оны 
біреумен талқылағым келеді.
2. Менен күтпеген жерден бір нәрсе туралы сұраса, мен басыма бірінші не 
келеді солай жауап бере аламын.
3. Әдетте жұмыс бабымен телефон қоңырауын шалмас бұрын, мен алдағы 
сөйлесімді ойша жоспарлап аламын. 
4. Әлдеқандай қателік жіберсем, мен сосын ұзақ уақыт оны ойдан шығара 
аламаймын.
5.Мен бірдеңе туралы ойлағанда немесе басқа адаммен сөйлескенде, маған 
кейде ойдың басталуына не себеп болғандығын еске түсіру қызықты болады.
6. Қиын тапсырманы бастаған кезде мен алдағы қиындықтар туралы 
ойламауға тырысамын. 
7.Мен үшін ең бастысы – өз іс әрекетімнің соңғы мақсатына жету, ал 
тетіктері екінші маңыздылыққа ие.
8. Менің, маған біреудің неге өкпелегенін түсінбейтін кездерім де болады.


123 
9. Мен өзімді басқа адамның орнына жиі қоямын.
10. Мен үшін алдағы жұмыстың барысын егжей-тегжейлі ойластырған 
маңызды. 
11. Егер мен алдын-ала жоспар жасамағанымда, маған маңызды хат жазу 
қиын болар еді.
12. Мен өзімнің сәтсіздіктерімнің себебін ойлағаннан көрі, әрекет етуді 
дұрыс көремін.
13. Мен қымбат сатып алуларға қатысты өте оңай шешім қабылдаймын.
14. Әдеттегідей, бір нәрсене ойлай отыра, тетіктерін айқындай отыра, 
барлық нұсқаларын қарастыра отыра, мен өз ойлағанымды басымда 
айналдырамын.
15. Мен болашағым үшін алаңдаймын. 
16. Мен көптеген жағдайларда, басыма бірінші келген ойды басшылыққа 
ала отырып, тез әрекет ету қажет деп ойлаймын
17. Кейде мен ойластырылмаған шешім қабылдаймын. 
18. Мен сөйлесуді аяқтағаныммен, өз көзқарасымды қорғап қалу үшін, 
көптеген дәлелдер келтіре отыра, оны ойша жүргізе беретін кезім де болады 
19. Егер жанжал шықса, оған кім кіналы екендігін ойлауды өзімнен 
бастаймын.
20. Шешім қабылдамас бұрын, мен үнемі барлығын мұқият ойлап алуға 
және ақылға салуға тырысамын.
21. Менде, кейде маңайымдағылар менен қандай мінез-құлықты 
күтетіндігін, алдын-ала болжай алмағанымдықтан қайшылықтар болады.
22. Басқа адаммен әңгімені ойлай отыра, мен онымен ойша диалог жүргізіп 
жатқандай болатын кезім де болады.
23. Мен менің сөздерім мен әрекеттерім басқа адамдарда қандай ойлар мен 
сезім тудыратыны туралы ойламауға тырысамын.
24. Басқа адамға ескерту айтпас бұрын, оны ренжітіп алмас үшін, мен 
міндетті түрде мұны қандай сөздермен жеткізу керектігін ойлаймын.
25. Күрделі мәселені шеше отырып, мен ол туралы басқа жұмыстар атқарып 
жүрген кезде де ойлаймын.
26. Егер мен біреумен жанжалдасып қалсам, көп жағдайда өзімді кінәлі 
санамаймын.
27. Менің айтқандарыма өкінетін кезім сирек болады.
Нәтижелерді өңдеу.
Осы 27 жауаптың 15-і тікелей болып табылады (сұрақтардың нөмірлері: 1, 
3, 4, 5, 9, 10, 11, 14, 15, 18, 19, 20, 22, 24, 25). Қалған өңделген 12-сі кері жауап, 
сынаққа қатысушылардың жауаптарына сәйкес қорытынды баллды алу үшін 
тікелей сұрақтарда сандар жинақталғанда, нәтижелерді өңдеу кезінде міндетті 
түрде ескерілуі қажет, ал керісінше жауап шкалаларын инверсиялауда алынатын, 
мән. Яғни, 1 = 7, 2 = 6, 3 = 5, 4 = 4, 5 = 3, 6 = 2, 7 = 1. 
Карповтың рефлексивтіліктің тест-сауалнамасының кілті. Тест баллдарын 
қатарларға (қабырғаға) аудару. 
Қатарлары 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


124 
Тест баллдары 80 және төмен 81-100 101-107 108-113 114-122 123-130 131-
139 140-147 148-156 157-171 172 және жоғары. 
Нәтижелерді түсіндіру кезінде алынған нәтижелерді үш негізгі санатқа 
жіктеген жөн. Әдістеменің 7 қабырғаға тең немесе одан жоғары нәтижелері 
жоғары дамыған рефлексиялықты дәлелдейді. 
Қабырғалардың 
4-тен 
7-ге 
дейінгі 
аралығындағы 
нәтижелер 
рефлексиялықтың орташа деңгейінің көрсеткіштері болып табылады. 
4 қабырғадан аз индикаторлар – рефлексиялықты дамытудың төмен 
деңгейінің дәлелі.
Түсіндірме және мағынасын ашу.
Әдіснама рефлексиялықтың жалпы түсіндірмесін, сондай-ақ осы қасиеттің 
өзге де маңызды ерекшеліктер қатарын анықтайтын, теориялық материалға 
негізделген.Бұл ұсыныстарды мынадай жағдайларда түйіндеуге болады: 
1. Рефлексивтік психикалық қасиет сияқты бүтіндей рефлексиямен өзара 
қатынаста болатын, интегративті психикалық шындықтың негізгі қырларының 
бірін білдіреді. Оның басқа екі түрі (модус) оның іс жүргізу жағдайындғы 
рефлексия және рефлекстеу (ақылға салу, мимен ойлау) ерекше психикалық 
ахуал сияқты болып табылады. Бұл үш түр (модус), рефлексия ұғымын 
білдіретін, олардың синтезі деңгейінде сапалы айқындылықты түзей отыра, 
өзара тығыз байланысты және бірін-бірі өзара анықтайды (негіздейді). Осыған 
байланысты, бұл әдістеме тек қана психикалық қасиет ретінде тікелей 
рефлексивтілікке ғана бағытталмайды, сонымен қатар оның көрінісін өзге екі 
белгіленген түрлерде жанама ескереді. Бұдан шығатыны теориялық құрылым 
анықталады. Сондай-ақ, әдістеменің сұрақтарының өзі, мінез-құлық және 
интроспектілік көрсеткіштер рефлексивтілікті психикалық қасиет ретінде, ал 
рефлексияны процесс ретінде және рефлекстеуді жағдай ретінде ескереді.
2. Сонымен қатар, әдеби деректерге жасалған талдау көрсеткеніндей
рефлексивтік қасиеттердің диагностикасы оның өзге маңызды критерийі, оның 
бағыттылығы туралы негізі бойынша көріністерінің саралануын міндетті түрде 
ескеруі тиіс. Осыған сәйкес, белгілі болғандай, рефлексия екі түрге бөлінеді. 
Олар шартты түрде «ішкі және интерпсихикалық» рефлексия ретінде бөлінеді. 
Біріншісі рефлексивтілікпен, өз психикасының мазмұнын өз бетімен 
қабылдауға және оны талдауға қабілеттілігімен өзара қатынаста болса, екіншісі 
рефлексивтілікпен қатар өзін өзгенің орнына қоя білу қабілетін, сондай-ақ
проекциялау (кескіндеу), сәйкестендіру, эмпатия механизмдерін қамтитын, өзге 
адамдардың психикасын түсіне білуге қабілеттілігімен өзара қатынаста болады. 
Демек, рефлексивтіліктің жалпы қасиеті көрсетілген екі түрден тұрады, ал 
бұл қасиеттің даму деңгейі туынды болып табылады, олардан бір мезгілде. 
3. Теориялық құрылым мазмұны, сондай-ақ рефлексивтіліктің қасиеттерінің 
мінез-құлықтық танытуының көрсеткіштерін онымен анықтайтын шоғыры 
рефлексияның «уақытша» деп аталатын принцип бойынша бөлінетін, үш басты 
түрлерін ескеру қажеттілігін де білдіреді: жағдаяттық (өзекті), ретроспективті 
(өткенді шолу) және перспективті (келешекті) рефлексиялар.


125 
Жағдаяттық (өзекті) рефлексия өзекті жағайда адамның мінез-құлқын 
тікелей өзін-өзі бақылауды, оның элементтерінің мәнін түсінуді, не болып 
жатқанын талдауды, субъектінің өзгермелі жағдайларға және өз ахуалына сәйкес 
өз әрекеттерін жағдайлармен және олардың үйлестігімен байланыстыру 
қабілетін қамтамасыз етеді. Рефлексияның бұл түрінің мінез-құлықтық және 
сипаттамалық көріністері, атап айтқанда, субъектінің өзінің ағымдағы іс-
әрекетін ойлау уақыты; немесе ол болып жатқан жағдайды талдауға қаншалықты 
жиі сүйенетіндігі; шешім қабылдау процесстерінің ашықтығының деңгейі; нақты 
өмірлік жағдайлардағы өзін-өзі талдауға (өзін-өзі байқау, өзін-өзі тексеру) 
бейімділігі.
Ретроспективті рефлексия бұрынғы іс-әрекеттер мен өткен оқиғаларды 
талдауға бейімділігінен көрінеді. Бұл жағдайда рефлексия предметтері – болған 
жағдайлардың алғышарттары, мотивтері мен себептері; өткен мінез-құлық 
мазмұны, сондай-ақ оның нәтижелі параметрлері, әсіресе, жіберілген қателіктер. 
Бұл рефлексия атап айтқанда, субъект орын алған оқиғаларды қаншалықты жиі 
және қаншалықты ұзақ талдап, бағалайтындығынан, ол өткенді және ондағы өзін 
талдауға бейімділігінен көрінеді.
Перспективті (келешекті) рефлексия өзара қатынаста болады: алдағы іс-
әрекетті, мінез-құлықты талдау қызметімен; жоспарлаумен; ықтимал 
нәтижелерді болжаумен және т.б. Оның негізгі мінез-құлықтық сипаттамалары: 
өз мінез-құлық бөлшектерін жоспарлау дәлдігі, болашақ оқиғаларға айналуының 
жиілігі, болашаққа бағдарлану. Әдістеме авторының деректері бойынша, оның 
нәтижелерінің дәлдігі мен тұрақтылығын көрсететін, ол жасаған тест 
сауалнамасының дәйектілік деңгейі психодиагностикалық талаптарға сәйкес 
келді. Әдістемені анықтығын (шындығын) тексеру нәтижелері де оның талаптар 
тұрғысынан психометиканың (психоөлшемдер) қажетті деңгейін дәлелдейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет