118
ҚОСЫМША Б
Болашақ МДҰ педагогтерінің кәсіптік сапалары
• Болашақ МДҰ педагогтері
жоспар бойынша әрекет етеді, онда оның
барлық әрекеттері, қарамағандағылармен
қатынастары қарастырылуы
тиіс.Сондай-ақ перспективалық мәселелерді ойластыру мен біліктілікті
арттыруға уақыт бөлінуі тиіс.
• Болашақ МДҰ педагогтерінің шынайы беделінің негізгі білімі мен
шеберлігі, ұстанымы мен адамгершілігі болып табылады.
Өмір өзге негізде
құрылған ең жоғары беделдің ерте ме, кеш пе сөзсіз қарайтынын растайды.
• Тапсырма бере отырып, қарамағаңыздағы адамға мақсат пен мағынаны
түсіндіру, сондай-ақ оның тапсырманы қалай түсінгендігін тексеру керек. Бұл
оған саналы әрекет етуге және бастама көрсетуге көмектеседі.
• Бір мезгілде бірнеше маңызды және
шұғыл тапсырмаларды беруге
асықпаңыз: бұл орындаушының көңілін алаңдатады. Тапсырмалардың
басымдылығын анықтау және олардың ішіндегі ең маңыздылары мен
шұғылдарын анықтау ұсынылады.
• МДҰ педагогы ұсынған шешім ұстанымда сіздің пікіріңізге қарама-қайшы
келмеген кезде оған барынша еркіндік беріңіз: ұсақ-түйектер үшін
пікірталас
жүргізіп, бастама көрсетуге бөгет жасаудың қажеттігі жоқ.
• Педагогтың әрбір жетістігі мен оның бастамасын дереу атап өту қажет.
Қарамағаңыздағы қызметкерге сәтті аяқталған жұмыс үшін алғыс білдіруді
ұмытпаңыз. Адамды оның іс-әрекеттері үшін жоғары бағалау күш қуатберері
анық.
• Өзіңізді ұжымда бірдей ұстаңыз, қандай жағдайларда болмасын, өзіңізді-
өзіңіз ұстай білуден айырылмаңыз. Кімде-кім өзін-өзі басқара аламаса, ол жалпы
ешкімді де басқара алмайды.
• Өз қызметіңіздің нәтижелерін салауатты бағалап, бұрыс шешімдерді жоя
отырып, өз қателіктеріңізді мойындай біліңіз.
• Сөйлеу, айту мәнерінде басшының
кәсіптік салауаттылығы, жалпы
мәдениеті байқалады. Сөздің қарапайымдылығы,
дауыс екпіндері, бет әлпеті,
ұстанымды, орнымен, дәл айтылған сөз жағымды әсер қалдырады.
• Күрделі жағдаяттарда болашаққа сенуші болыңыз,
рух сергектігін
жоғалтпаңыз: бұл қарамағаңыздағы қызметкерлерде істің табысты болуына
сенімділік ұялатады.