Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет20/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Dissertation1

үдерістерін басқарумен, жеке дамуымен, оқыту жүйесіндегі білім алушының 
орнын өзгертуге бағытталған. Оқу сабақтарында студенттер басқарудың негізгі 
тұжырымдамаларымен және тәсілдерімен, басқару технологияларымен, 
стратегияларымен, негізгі ерекшеліктерімен, қазіргі заманғы әдістерімен, білім 
беру сапасын басқару негіздерімен танысады.
Сонымен «Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің жұмысы» пәні бойынша
8 тақырыпқа, «Мектепке дейінгі білім берудегі қазіргі технологиялар»
тақырыпқа жасалған пәндер мазмұнының қосымшаларын оқыту негізінде 
студенттердің білім 
берудегі 
басқару саласынан, соның 
ішінде
болашақ 
мектепке 
дейінгі 
ұйым 
педагогтерінің 
басқарушылық 
құзыреттілігінің құрамы туралы, топты басқару, сабақты басқарудың 
ұстанымдары, атқаратын қызметі, ерекшеліктері, кезеңдері және т.б. туралы 
теориялық білімдері кеңейтілді, басқару іс-әрекетіндегі іскерліктерінің дамуына 
ықпал етті. Осы меңгертілген теориялық білімдері мен іскерліктері болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру әдістемесінің педагогог-менеджер үйірмесінің аясында және 
педагогикалық 
практика 
барысында 
практикалық 
дағдыларының 
қалыптасуымен бекітілді. 
Болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға 
бағытталған «Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің жұмысы», сияқты курстардың 
мазмұнын қайта қарау мақсатымен төменде басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру мақсатындағы жоғары білім берудің мемлекеттік стандартына 
сәйкес талданды. 
Болашақ МДҰ педагогтерін дайындаудағы жоғары оқу орындарының басты 
міндеттерінің бірі – қиын тараулар мен тақырыптарды оқытуда ақпараттық –
коммуникациялық технологияны қолдану, яғни оқытуды бағдарламалық 
қамтамасыз ету, оны жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастыру. Осы 
айтылғандарға байланысты басқарушылық құзыреттілікті қалыптастырудың 
жаңа мазмұны анықталды. Басқарушылық құзыреттілікті қалыптастырудың 
мазмұнын анықтауда мектепке дейінгі педагогика ғылымының жетістіктері, 
МДҰ-ның озық тәжірибесі ескерілді. Сондықтан да біздің ойымызша 
басқарушылық құзыреттілікті қалыптастырудың жолдарының біз ұсынған оқу 
курстарының арнайы толықтырылған бағдарламасын пайдалану болып 
табылады.
Сонымен қатар, болашақ МДҰ маманын дайындауда қосымша үйірме 
сағаттары жүргізілді. 
Педагог-басқарушы үйірмесі аптасына бір рет академиялық 2 сағат 
көлемінде өткізілді. Үйірменің негізгі мақсаты – болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің білім берудегі басқару іс-әрекеті саласынан теориялық білімдерін 
бекіту және практикалық дағдыларын дамыту. Осы мақсатқа сәйкес үйірме 
жұмысы үш бағыттан тұрды: 1) курстар; 2) балабақша практикасы;
3) студенттердіңі басқару аясында тәрбие іс-шаралары. 


61 
1.Курс дәріс семинарлары ұйымдастырылды және өткізілді. Соның бірінен 
мысалдар келтіріп өтейік «Білім беру ортасын жобалау» дәрісінің негізгі мақсаты 
– қазіргі заманғы МДҰ білім беру ортасын жобалау және жабдықтау туралы 
ақпаратты жүйелеу. Осы дәрістерді меңгеру барысында студенттер білім беру 
ортасын дамытудың негізгі бағыттарын, жеке ғимараттар мен оқу орнының 
құрылымдық компоненттерін, жабдықтармен оқыту семинарларын, зертханалар 
мен кеңселер стандарттарын, оқу мен оқу-әдістемелік мүмкіндіктеріне 
қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары мен дербес өндірістік, қауіпсіздік 
мәселелері, санитарлық-гигиеналық кабинеттердің жабдықтары мен 
жабдықтарға арналған техникалық талаптарды игереді. Нәтижесінде студенттер 
оқу орнының білім беру ортасын ұйымдастырудың үздік нұсқаларын табуға, 
білім беру және өндірістік үдерістің мобильді және өзгермелі кеңістіктік ортасын 
құру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуге үйренеді

2.«Мектепке 
дейінгі 
ұйымдардағы 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» 
дәрісін 
игеру 
олардың 
ақпараттық 
технологиялар 
тұжырымдамаларын қорытуды қамтамасыз етеді; студенттерді тарихты, кәсіби 
білім беруді ақпараттандыру қағидаларын, білім беру ұйымдарында 
компьютерлік 
техниканы, 
цифрлы 
білім 
беру 
ресурстарын 
және 
коммуникацияны пайдаланудың негізгі бағыттары мен білім беруді басқару 
жүйесімен таныстырады. Оқудың негізгі мақсаты – студенттерге білім беру 
материалдарының фрагменттерін немесе Power Point бағдарламасының 
көмегімен негізгі оқу бағдарламаларының мазмұнын ұсынуға, қалыптасқан 
ұғымдарды түсіну, зерттелетін технологиялық объектілердің көрінісі, суреттері 
үйрету. 
Экспериментке «5В010100 МДОжТ» мамандықтарындағы студенттер 
қатысқандықтан олардың балабақшада жүргізілген ұйымдастырылған оқу-іс 
әрекеті қарапайым математикадан жобалық іс-әрекет, тіл дамытудан жобалық іс-
әрекет, заттық дамытушы орта жобалық іс-әрекет болып үш топқа бөліп 
оқытылды. Балалар сабақты меңгеру нәтижесінде «Латын әліпбиін үйрену», 
«Әдептілік белгісі», «Қазақтың билері», «Қазақ ойшылдарының басқару туралы 
ой-пікірлері», «Күн энергиясын пайдалану»,«Баламалы энергия көздерін алу 
жолдары», «Робототехника» және т.б.тақырыптар бойынша жобалар қорғалды. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің оқу жоспарынан тыс 
педагогикалық практикасы төрт кезеңнен тұрды:
1) практикаға даярлық (кеңес, жеке жұмыс жоспары, карта, оқу қызметі 
және тәрбие жұмысының сценарийлері және т.б.);
2) білім алушылардың практика алдын ала қорғауы (есеп);
3) Білім алушылардың практика қорғауы (есеп);
4) практиканың қорытынды конференциясы (баяндама) және негізгі 
әдістемелік принциптері өзін-өзі бақылау, өзара бақылау жеке кеңес алу, түзету 
болып табылады. 
3. Педагог-менеджер үйірмесінің жұмыстары сабақтан тыс уақытта 
жүргізілетін университетте және МДҰ өткізілетін тәрбие іс-шараларын 
(ертеңгіліктер,мәдени шаралар, спорттық жарыстар мен байқаулар және т.б.) 


62 
ұйымдастыру және өткізуден тұрады. Мектепке дейінгі ұйымдарда 
студенттердің балалармен бірге тәрбие іс-шарасын ұйымдастыру осы үйірменің 
қорытынды кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастыру мен өткізу сценарийі
үйірме сағатында талданады. Тәрбиелік іс-шара сценарийі мақсат қою, 
жоспарлау, мазмұны, формасы, құралдары, күтілетін нәтижелер, талдау, бағалау, 
түзету және т.б. құрамдас бөліктерден тұрады. Осы дағдыларды игеру 
нәтижесінде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
тәжірибені молайту стратегиясы, көшбасшылық әлеуетін ашу, тәрбиеленушімен 
өзара субъектілік әрекеттесуде диалогқа даярлықтары, ұйымдастыру қабілеттері 
артса,оны өткізу барысындағы процедураларда әр түрлі жағдаяттық мәселелерді 
шешу барысында эмпатиясы мен толеранттығы дами түседі
.
Осы бағытта экспериментке қатысқан студенттер рухани жаңғыру бағыты 
аясында «Туған жер тұғырың» атты мерекелік ертеңгілік, 
«Қазақстанның көк 
байрағы» диспуттық бағдарлама, «Қазақстанның болашағы» тақырыбында
ұйымдастырылған ашық оқу қызметі және т.б. өткізілсе, «Ұстазым менің, 
ұстазым!» атты концерттік бағдарлама, «Зерек балапан», «Көшбасшылар 
сайысы», «Бақытты балақай» атты қайырымдылық акциясы сияқты іс-шаралар 
өткізілді. Осы жоғарыда көрсетілген пән мазмұнына қосымшалар мен педагог -
менеджер үйірмесінің жұмыстарын жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолданған жөн. Осы тұрғыдан біз диссертациялық жұмыста 
жоғарыда көрсетілген бағдарламалар мазмұнын оқыту барысында қолданған 
әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіргенді жөн санадық.
Алдымен аталған қосымшалар мазмұнын студенттерге меңгертудегі 
сабақтардың өзара байланыстағы белгілі бір кезеңдік құрылымнан 
тұратындығына мән бердік 
[90]
. Бірінші - басқару құзыреттілігінің мазмұны мен 
құрылымы туралы жеткілікті деңгейде толық ақпарат беру қажет. Студент 
дәрістер, практикалық жаттығулардың көмегімен және өзінің қабілетіне, 
ұмтылысына, өзін-өзі дамытудағы белсенділігіне байланысты үйрене 
алатындығын түсінуі маңызды. 
Екінші-практикалық әрекеттер кезеңі. Бұл-тиісті әрекетке сәйкес білудің, 
үйренудің нәтижесі және оны иеленетін адамның әрекеті. 
Үшінші-жалпы және типтік дағдыларды түсіну, практикалық әрекеттерді 
егжей-тегжейлі талдау кезеңі. Бұл дәрістер мен практикалық жаттығулардың 
ауысуына ықпал етеді. Осылайша, теориялық білімдерді практикалық 
әрекеттермен байланыстыруға мүмкіндік пайда болады.
Басқару дағдыларын қалыптастыру және дамыту практикалық сабақтарда 
өтеді. Кәсіби дағдыларды дамытудағы технологиялық көзқарас бастапқы 
мақсатқа негізделіп, объективті технологиялық атрибуттарға сүйеніп, оны 
үдеріс ретінде құруға бағытталған. Басқарушылық құзыреттілікті дамыту үдерісі 
біз қол жеткізген нәтижелердің реті ретінде анықталады. Болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды 
басқаруды құралдар мен әдістер айқындайды. Практикалық басқару құралдары 
ретінде мыналар қолданылады: 
- іскерлік (басқару) ойындар әдісі; 


63 
- кейс-стади әдісі; 
- басқару практикалық мәселелерін шешу; 
- бақылау сынақтарының әдісі. 
Сонымен, мектепке дейінгі ұйым басқарушылық құзыреттілігі 
қалыптасқан педагогтері деп мамандығы бойынша өз ісін жетік білетін,тұлғаның 
шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік 
бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын 
жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді 
шығармашылықпен қолдана білетін тұлға. 
Қорыта келгенде, ұсынып отырған жаңа мазмұн бойынша басқарушылық 
құзыреттілікті қалыптастыру болашақ МДҰ педагогтерінің материалдарды 
саналы түрде есте сақтау мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл бағдарламалардың жаңа 
мазмұны болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігі 
қалыптасып, сапалы түрде жүзеге асуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет