Қабылдаған: Альшуразова Р


Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері



бет2/3
Дата21.12.2023
өлшемі375.45 Kb.
#487531
1   2   3
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері
Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда:
    • қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның хабары;
    • кiнәсiн мойындап келу;
    • бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар
    • қылмыстық қудалау органының лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы рапорты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері .

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 180-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген себеппен тергеліп жатқан іс бойынша хабарсыз кеткен адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, іс-әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сараланады.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке тұлғаның арыздары ауызша және жазбаша не электрондық құжат нысанында болуы мүмкiн.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз оны қабылдаудың жеке хаттамасына енгізіледі, онда арыз иесі, оның тұрғылықты жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органның лауазымды адамының хабары және заңды тұлғаның арызы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда беріледі.
Мемлекеттік органның лауазымды адамын қоспағанда, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы арызда не хаттамада белгі жасалып, ол арыз иесінің қолымен куәландырылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет