Кiнәсiн мойындап келу.
Кiнәсiн мойындап келу – адам әлі күдікті деп танылмаған не ол осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұстап алынбаған кезде, адамның қылмыстық қудалау органына өзi жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке өзі, ерiктi түрде, жазбаша немесе ауызша хабарлауы.
Ауызша арыз ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 181-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қабылданады және хаттамаға енгiзiледi.
Егер кiнәсiн мойындап келген кездегi арызда қылмыстық құқық бұзушылықтың сыбайлас қатысушылары көрсетілсе, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журналда жарияланғанда не радио, теледидар немесе телекоммуникациялық желілер арқылы таратылғанда, ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарды растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ ол адамның мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау талабымен беру жағдайларын қоспағанда, бұл мәлiметтердi берген адамды атауға мiндеттi
Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат
- Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді анықтау мына жағдайларда: - өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәсі болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн немесе салдарын ол жасалған бойда анықтағанда; - қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді алғанда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп болады.
- ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 184- баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілген адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолдарындағы құжаттарды және өзге де материалдарды қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат толтырады.
- Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат тиісті мәліметтерді қамтитын соттың жекеше қаулысы келіп түскен жағдайда толтырылуы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды
немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi
- Қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және тiркеуге мiндетті. Арыз иесіне қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі
- Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың ҚР Қылмыстық-процестңк Кодекстің 180-бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа да себептерін қабылдау мен тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады
- Сот қылмыстық істі талқылау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтағанда, оны жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті не қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдаудан, тіркеуден бас тарту фактілерін, оларды қабылдау мен тіркеудегі өзге де бұзушылықтарды анықтағанда, бұл туралы жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.
- Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арыздар немесе хабарлар: - қылмыстық құқық бұзушылық осы ауданнан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тысқары жерде жасалғанда және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшiн қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болғанда; - қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізу басқа қылмыстық қудалау органының айрықша тергеулігіне жататын болғанда, тергеулігі бойынша берілуге жатады.
- Қылмыстық қудалау органының басшысы арыздарды, хабарларды қолда бар материалдармен бірге прокурор арқылы тергеулігі бойынша жібереді
- Арыздар, хабарлар оқиға болған орынды, жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезінде анықталған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар берген нәрселермен және құжаттармен бірге тергеулігі бойынша беріледі
- Жәбірленушілердің (жекеше айыптаушылардың) жекеше айыптау тәртібімен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздары ғана соттылығы бойынша берілуге жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру
Қолданылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ, 2015-344б
Достарыңызбен бөлісу: |