23-бет Ең алдымен холециститті аппендициттен айыру қажет. Аппендикс оң жамбаста орналасса өт оң қабырғалар астында орналасады. Созылып төменге ығысқан өт қабынса іш ауыруы да төменге ауысады, ал аппендикс жоғары көтерілсе, бауырға жабысса ол холециститте ауыратын орында байқаладыда, осы екі науқасты бір бірінен айыруды қиындандырады. Аппендицитпен көбінесе жастар ауырса холециститпен қартаң тар әйелдер жиі ауырады. Холецистит тағамдану режімін бұзумен сәйкес басталса, аппендициттің ауыру сезімінің иррадиациясы тән өзгеше. Бауыр ісінуі, өт нүктесінің, көз сарғаюы аппендицитке тән емес көріністер болады. Жедел панкреатитте - ауырсыну сезімі сол жауырында, сол қабырғалар астында, төс шеміршегі тұсында. Зәрде диастазаның 32-64 бірліктен 1000, тіпті одан да жоғары көтерілуі байқалады. Қарынның ауруында - диагнозды дұрыс анықтау үшін анамнездің маңызы зор. Үлтабар ішегімен өт қуығының бір-біріне жақын ораналасуы диагнозды әдәуір қиындатады. Ойық жара ауруында іш ауырсынуы тағам қабылдаумен сәйкестік білдірсе холециститте бұл сәйкестік жоқ. Ойық жарада кұсықта қан көрінуі мүмкін, қарын қышқылы жоғары, холециститте – төмен. Холециститте дене қызуы жоғары, ойық жарада бұзылмаған. Бүйрек шаншуында - ауыру төмен-шапқа, ұрыққа, аяққа шабады ал холециститте иыққа, жауырынға, мойынға шабады. Бүйрек шаншуында науқас ыңғайлы орын іздестіреді (тұрады, жатады, жүреді - мазасызданады). Холециститте қозғалмай тыныш, ішіне еш нәpce тигізбей бір қалыпта жатады. Бүйрек шаншуында зәр анализін орындаудың маңызы зор. Зәрде кейде қан табылады. Гидронефрозде - ісінген, үлкейген бүйрек анықталады. Диагнозды несеп жолын қатетеризациялаумен айыруға болады. Емі - Антибактериялық ем варианттарының ішінен біреуі таңдалады:
- 1. Ципрофлоксацин ішуге 500-750 мг 2 рет күніне 10 күн бойы.
- 2. Доксициклин ішуге немесе в/і тамызу. 1-ші күні 200 мг/тəул., қалған күндері 100-200 мг тəулігіне аурудың ауырлығына қарай.
- Препараттарды қабылдау ұзақтығы 2 аптаға дейін.
- 3. Эритромицин ішуге. Бірінші доза - 400-600 мг, кейін 200-400 мг 6 сағат сайын. Емдеу курсы инфекцияның ауырлығына байланысты 7-14 күн. Препаратты тамақтан 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2-3 сағаттан соң.
- 4. Ұзақ уақыт массивті антибиотикотерапиядан кейін микоз пайда болуының алдын алу жəне емдеу үшін итраконазол оралді ерітінді 400 мг\тəул., 10 күн бойы.
- 5. Қабынуға қарсы препараттар 480-960 мг 2 рет тəулігіне, 12 сағат сайын. Емдеу курсы 10 күн.
- 6. Цефалоспориндер ішуге қолданылады, мысалы, цефуроксим 250-500 мг тəулігіне 2 рет тамақтан кейін. Емдеу курсы 10-14 күн.
Достарыңызбен бөлісу: |