Холециститті келесі операциялардың бірімен емдейді. - Өтті мойыннан бастап алуда алдымен өттің қан тамырлары байланылады. Сондықтан операция қан ағуынсыз орындалады. Бірақта кейбір ауруларда ауыр қабыну немесе кайталанып қабыну салдарынаң тыртық, қатты тіндер пайда болса, бұл тәсілді орындау қиынға соғады. Бұл қиындықпен санаспау өт өзегімен қоса холедохты байлауға, кесуге ұшыратуы мүмкін.
- Екінші тәсіл - өтті оның түбінен бастап алу - бауырмен ұлтабар ішегі арасының байламы ауыр қабынғанда, тыртықтанып қалыңданғанда, өт мойнына, оның артериясына жақындау, оларды ашу қиынданады. Осындай жағдайда екінші тәсіл қолданылады.
- Холецистэктомиядан соң холедохты тексеріп онда тас жоқтығын анықтау қажет.
- Холедохотомия - жалпы өт жолын тіліп ашу. Бұл операцияны холедохтың пункциясымен одан ірің алынғанда және холедохте тас анықталынғанда орындау қажеттігі туады.
- Холедохтың төменгі бөлігінде қысылып қалған өт тастарын алу өте қиын операцияны –трансдуоденальды холедохотомияны қажет етеді. Холедохқа тас өт қуығынан енеді. Егер тас ішекке өтпей холедохте қалса - обтурациялы сары ауруға шалдықтырады, қабыну үрдісін күшейтіп, оның бауыр өзектеріне жайылуын - ангиохолит ауруын туғызады. Холедохтағы тастың орнынан жылжып қозғалуы дене сарғаюының бірде басылып, бірде қайталанып күшеюінің себебі болады.
31-бет Асқынулары және асқынуларды диагностикалау. - Обтурациялық жедел холецистит(катаральді,флегманозды,гангренозды)
- Холедохолетиаз(механикалық сарғаю синдромымен)
- Стеноздаушы папиллит
- Пер итонит
- Өт қабының шемені(водянка)
- Өт қабының іріңдігі (эмпиема)
- Өт түтіктерінің қабынуы (холангит)
- Сыртқы және ішкі өт жыланкөздері 32-бет
Жедел холецистит ауруының келесі өте қатерлі асқынулары кездесуі мүмкін - Жедел холецистит ауруының келесі өте қатерлі асқынулары кездесуі мүмкін
- 1. Өт перфорациясы - флегмонозды немесе гангренозды холециститте кездеседі. Қазіргі уақытта холециститті жедел операциямен емдеу орындалатындығынан бұл асқыну сирек кездеседі. Тесілген өт қапшығынан өт ішке ақса перитонит, ал өтпен жабысқан басқа мүшеге ақса бауыр, шажырқай, көлденең ішекке ақса жеке абсцесстер пайда болады. Егер өт онымен жабысқан ұлтабар, көлденең тоқ ішек немесе қарынға төгілсе ішкі жыланкөз ашылып, бұл арқылы өт тастары аталған мүшелерге енуі мүмкін. Егер өт тасы үлкен болса ішектің обтурациялы түйілуіне соғады.
- 2. Өт перитониті - өт тесілуінен соң, кейде онсыз да қабынған өт қапшығынан өт өтуімен байланысты басталуы мүмкін. Бұл перитонит баяу дамыса өт тесілуіндегі перитонит шапшаң басталып дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |