Қабылдаған: Ислам Досбол Орындаған: Әбділ Аида, Бекзат Роза Тобы



бет2/2
Дата26.03.2024
өлшемі29.1 Kb.
#496497
1   2
Ә.Аида БӨЖ т.д.ә

ІІІ. Қорытынды
Қорыта келгенде, сарабдал сыншының қолға алған әрбір шығарманың қым-қуыт астарларын сонша қопара көрсетіп, небір нәзік қалтарыстардың ұңғыл-шұңғылын шеберлікпен талдап, соқырға таяқ ұстатқандай көрсететін мәнері тамсантады. Мұндайда, әлбетте, оқырман дүниетанымы кеңейіп, көкейіндегі көптеген түйткілдің, мазасын алған жұмбақ жәйттердің жауабын табатыны анық. Осылайша ол шығарма табиғатына сыншымен қатар біртіндеп еніп, алтын сарайдай әлемді армансыз аралай бастағанын байқамай да қалады.
Кітаптағы әрбір мақалада публицистикалық та, әдеби, ғылыми мәнер ұтқыр өріліп, шыншылдығымен, әділдігімен, риясыздығымен еліктіреді. Еңбектегі композиция ерекшелігі, кеңінен ұсынылатын аннотация автордың тақырыпты мұқият зерттеп, жан-жүрегінен өткізуі арқылы келетіні түсінікті. Бұл үшін оның күні-түні қаншама азаптанып тер төгетінін өзі ғана білетін болар. Ал автордың терең білім, мол парасаты оқушының да дүниетанымын кеңейіп, талғамын биіктете түсетіні түсінікті.
Иә, дау жоқ, бұл да өте шымыр, жоғарыда айтқанымыздай, әсем, иірімі терең, тартымды, тағылымды кітап. Жаңалығы да әбден мол. «Жалғыздық сені қайтейін...» кітабын қазақ әдебиетіне келген сүбелі еңбек, мол олжа деп санаймыз.

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Меңдеке Ә. “Сөз өнері: серті мен дерті” – Астана: “Елорда”,2001

  2. Меңдеке Ә. “Жалғыздық сені қайтейін…” – Алматы: “Қайнар баспасы”, 2022

  3. Меңдеке Ә. Үш әңгіме “Қазақ әдебиеті” газеті, №29 17қазан 2003.

  4. Adebiportal.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет