Қабылдаған: Ислам Досбол Орындаған: Әбділ Аида, Бекзат Роза Тобы



бет1/2
Дата26.03.2024
өлшемі29.1 Kb.
#496497
  1   2
Ә.Аида БӨЖ т.д.ә


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

БӨЖ


Тақырыбы : Ә.Меңдекенің тәуелсіздік тұсындағы мақалалары

Қабылдаған: Ислам Досбол
Орындаған: Әбділ Аида, Бекзат Роза
Тобы: ФҚФ-111
Жоспар
І.Кіріспе


ІІ.Негізгі бөлім

    1. Ә.Меңдеке: Қоғам қоясын ақтарған суреткер

    2. Ә.Меңдеке: М.Мағауин “Архив хикаясы”

    3. Ә.Меңдеке: Ш.Мұртаза “Алтын тікен”

ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе
Қазіргі қазақ сынының дамуы арнайы зерттелеген жағдайда Әмірхан Меңдеке есімінің аталуы орынды деп білеміз. Ол қазіргі қазақ журналистикасындағы үкілеп бетке ұстар көрнекті көсемсөзші ғана емес, сарабдал сыншыларымыздың бірі. Өнер болса, оның да өзіндік ерекшелігі, жазылу стилі, мазмұны мен түрі, көркем заңдылықтары бары да күмәнсіз. Ә.Меңдеке сындары да осындай өзгешелігемен көзге ұрып тұрады. Өзгешелігі сол – автор сындары публицистикалық пафосқа толы келеді. Қай кезеңде болмасын ұлттың руханияты үшін еңбек етіп, қоғамдық ақыл ойдың өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан әрбір қаламгер шығармашылығын ғылыми тұрғыдан бағалап, болашаққа бағдар жасау сөз өнері атаулының атқаруға тиісті төл ісі болып саналған. Аңғара білсек Әмірхан Меңдекенің әдеби сынындағы әңгімелерге жазылған аталған сын мақалаларындағы негізгі тақырып әлеуметтік мәселелер екені даусыз. Бұл тарапта Әмірхан Меңдекенің сын мақалалары оқушысын осындай қырларымен өзіне тартып, ойлантып толғантып, баурап отырады. Ол ойыңа ой қосып қана қоймайды, өзімен бірге ойлантады.
Сын жазу кезіндегі мақсат сыншының арманындағы биік мұраттан туады. Анығырақ айтсақ, сын жазбас бұрын сол шығарманың табиғатын дәл танып, оның ешкім байқамаған ерекшеліктерін, артықшылығын анықтап алу қажеттігі кез келген сыншыға қойылатын талап-міндеттердің бірі. 
Осы орайда Әмірхан Меңдекенің ұлттық әдебиетіміздің жай-күйін қаузайтын «Жалғыздық сені қайтейін...» атты таңдаулы әдеби-сын мақалалары жөнінде айтып өтпекпін. Кітаптағы мақалалар топтамасының тақырыптары ерекше: «Әйел һәм еркек», «Жалғыздық сені қайтейін...», «Адасқақ», «Әуезов... және әйел айырбастау», «Гоголь «Өлі жандарды» неге өртеген?», «Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей», «Ұлтқа – ырыс, елге – құт», «Дос жылатып айтады!», «Сізді іздеп жүрмін», «Мұхтар Мағауинды Қазақстанға қай бетімізбен шақырамыз», «Менің Темағам», «Тәуелсіздік немен өлшенеді өзі?», «Соқыр қоғам, соқыр ұрпақ, соқыр...», «Дәме бар да дәрмен жоқ», «Біз кімбіз осы...», «Ұлт жазушысы», «Әдебиет! Әдебиет? Әдебиет...», «Тіліңді әулие тұт, сөзіңді – пір», «Ей, Қабыл, Әбіл қайда?»
Жалпы көлемі жиырма баспа табақтай еңбекте қамтылған уақыт тынысы да айқын аңғарылып тұр – тұтас бір дәуір жүгі көтерілгендей. 


2.1. Асқар Алтайдың «Көзжендет» әңгімесіндегі басты кейіпкер Қараш
елден өзін ерекшелеп, ел аузына ілігу үшін, тіпті маңайын таң қалдыру мақсатында елде жоқ өнер үйренеді. Қараш Памир тауының етегінде тұратын Қосман деген біреуден бұл төңірекке таң өзінше бір кәсіп үйренеді. Қосман деген кім? Авторға сөз берелік: «Зәу-заты белгісіз... Өзі не қазақ, не қырғыз емес, не тәжік, не бадаһшандық, не ауғандық, тіпті парсылық та емес, әлде бір ежелгі ұлттың, бәлкім ұлыстың өкілі... Осы өлкеге аталары әлдеқайдан ауып келген келімсек көрінеді. Жұрт оны орыс жерінен қаңғып келген «сібірлік», қытай жағынан кашқан «хансулық», иран даласынан безінген «парсылық» екен десіп сан- саққа да жүгіртетін-ді... Ал ақиқатында Косманның сайда сайғақсыз, құмда ізсіз біреу екені ғана белгілі еді. Адам екені анық, кім екені жұмбақ?!».

Ә. Меңдеке өзінің сыни мақаласында “Тексіз адамның, тегі жоқ адамның біреуге текті өнер үйретуі мүмкін бе?” деп сұрақ қойып алады да, “Әрине мүмкін емес” деп осы сауалға өзі жауап береді. Қосман да біздің Қараш байғұсқа қайдағы бір тексіз өнерді үйретеді. Бұл қандай өнер? Сауысқанмен аң аулау өнері. Кәдімгі ала қанат сумақай сауысқанмен аң аулау. Қосман сауысқанды тұғырға байлап қояды да әбден ашықтырады. Содан кейін өзі атып алған аң-құстың (бөрінің, барыстың, арқардың, еліктің) басын кесіп, екі көзін ояды да, сауысқанды тек осы ойылған екі көздің ұясына сықай толтырылған жеммен ғана қоректендіреді. Тіпті, су екеш суды да ойылған көздің ұясына құйып береді. Содан бірер айдан кейін әлгі сауысқанымыз «көзжендет» болып шыға келеді. Аңға алып шығып, балақ бауын босаттың-ақ, сумақай сауысқан әдеттегідей шықылық қағып, жебелей ұшып, жақын маңда жүрген аңның (еліктік түлкінің, таутекенің, бөрінің, барыстың, арқардың) басына қонады да (ал аң байғұс сауысқаннан онша қауіптене қоймайды), екі-ақ шұқып, әлгі аңның көзін ойып алады. Жанарынан айырылып, су қараңғы күйге түскен аң байғұс тау-тасқа ұрынып, бұтаға қамалып, орға түсіп, жарға құлап, әбден қиналып өледі. Кейбірі аңшыдан құтылып кеткенімен, тентіреп жүріп опат болады. Қансонарда бүркітпен аң аулайтын ұлттық дәстүрді бұзған Қараш Қосманнан осындай тексіз, тамырсыз, өріссіз өнерді үйреніп алып, сауысқанмен саятшылық құрып, туған жердің аң-құсын қынадай қырады. Ә.Меңдеке автордың осы жерде өз әңгімесіне мынадай бір аса маңызды детальды енгізетінін айтып өтеді. Сауысқанмен саятшылық құруды Қараштың аталары білген бе? Білген, естіген, көрген. Бірақ, қазақтар бұл «өнерге» жоламаған. «Обалы да, зауалы да ауыр күнәлі іс! Өлсеңдер де бұл «өнерге» жоламандар!» деп кейінгі ұрпағына аманаттап кеткен. Бірақ Қараш «Апыр-ай, қыран бүркіт тұрғанда, каршыға, ителгі, бидайық, лашын, қырғи секілді алмастай алғыр құстар тұрғанда, сауысқанмен құрғаным, қай қылығым?!», – деп ойлана алмайды. Қараш осы бір опасыз ғұмырда талай қырағы көз, қанды тұмсық сауысқанды асырап, бағып, баулып, талай қансоқта саятқа салған. Олар да мұның бетін қайтарып, көңілін қалдырған жері жоқ. Жалмауыздай жалмаңдап, жезтырнақтай біздеңдеп талай тағы аң мен жан-жануардың көзін ойып, миын көз алмасы қуысынан сорып алды. Тіпті, кейбір қолға түспей кеткен жемі жапанда көрсоқыр күйде қалып, қамаукөз атанып, тентіреп жүріп опат болды. Сыңар көзбен кеткеннің аңның жанарының орнына қамау ет біткен-ді. Содан адам баласының қолы да батып бара алмайтын, дәті де шыдап тұра алмайтын өте азапты, аса қорлықты, айрықша зұлым «тәсілмен» опат етілген жазықсыз аң-құстың обалы қайдан жібере қойсын-ау, Қараштың келіні, яки Қараштың жар дегенде жалғыз ұлының әйелі босанып... соқыр ұл туады: «Сәби көзсіз туылыпты. Көзсіз, қассыз нәрестенің бет-жүзі жып- жылмағай... Жұдырықтай бас... жып-жұмыр бет...» Сонымен, парықсыз тыраштықтың аяғы неге әкеліп соқты? Соқыр ұрпақтың дүниеге келуіне әкеп соқты.


Ә.Меңдеке әңгіме мынадай авторлық түйіндеумен аяқталатынын айтады: «Соқыр сәби – соқыр адам. Соқыр адам жарық дүние есігін ашыпты. Соқыр ұрпақ қоғамға келіпті. Ұрпақ соқыр болса, қоғам да соқыр. Ал соқыр қоғам, соқыр адам жай дүниеден не күтуге болады? Мүгедек адам да бір мүсәпір. Мүгедек қоғам бір мүсәпір. Мүсәпір қоғам не істемейді, не дегізбейді?! 
Сонымен қатар осы әңгімеге байланысты Әмірхан Меңдекенің сыни-мақаласында: «Асқар Алтайдың әңгімесінде атын «соқыр ұрпақ» (соқыр ұл, соқыр немере, соқыр шөбере), яғни ұлттық топырақтан ажыраған, ұлттық болмыстан алыстаған, ұлттың мүддесін білмейтін, ұлттың мұңын түсінбейтін ұрпақ бүгінгі күні билікті де жаулап алды. Тағы да ресми емес деректерге жүгінсек, бізде жоғары биліктің 80 пайызы қазақша білмейтін шенеуніктерден жасақталған. Біздің қоғамды қазір неге ашкөздік, жемқорлық, шенқұмарлық, парақорлық, қатыгездік, мәңгүрттік жаулап алды? Тыраштыққа ұрынған, тыраштыққа ұрыну арқылы ұлттық топырақтан ажыраған, ұлттық топырақтан ажырау арқылы өмірге соқыр ұрпақ әкелген қауым әманда осындай дертке ұрынады. Өйткені, ұлттық топырақтан ажырау – өте қасіретті құбылыс. Бұл ешуақытта із-түссіз кетпейді. Халықты ауыр қасіреттерге душар етеді. Ұлттық топырақты нық басып тұрған кезде халық алдыңғы планға дәйім ұлттық мүдде мен ұлттық мақсатты шығарады. Ал енді ұлттық топырақ аяғының астынан сусып шығып кеткен кезде, халық абдырап, әбіржіп, жүнжіп қалады. Майдаланып, ұсақтап, күйкіленіп кетеді. Енді ұлттық мүдде мен ұлттық мақсат кейінге ысырылады да, алдыңгы планға жеке адамдардың мүдделері шығады. Мүдде болғанда да, соқыр ұрпақтың (соқыр ұл, соқыр қыз, соқыр күйеу бала, сокыр немере, соқыр шөберенің) жеке бастарының мүдделері!» - деп бізге қазіргі қазақ халқының ұлттық рухының жоғалып бара жатуын, санасының төмендеуін сөз етеді.
Жазушы Асқар Алтай «Көзжендет» әңгімесінде көкірегі қырағы оқырманға осы мәселені аңдатады.Адамзат баласың басынан небір қилы кезеңдер өтіп, ұрпақтар ауысып жатса да Асқар Алтай қаламынан туған әңгімелер қашан да кеңістікті кезіп, мәңгілік рухани мұра болып қала бермек және Ә.Меңдеке сынды әдебиет сыншылары әңгімелерге лайықты бағасын беріп шарықтата бермек.


2.2. Мұхтар Мағауиннің «Архив хикаясы» қысқа әңгіме болса да ауқымды мәселені көтерген. «Архив хикаясы» әңгімесінде М.Мағауин адам бойындағы арлылық пен арсыздық, достық пен дұшпандықты, әділдік пен әділетсіздік секілді мәселелерді күн тәртібіне қоя білді. Айналасы 20 айдың ішінде архивтен қазақ тарихына байланысты, әлі еш жерде басылмаған, ғылымға белгісіз аса құнды документті тапқан жас аспирант жігіт Сембек, дәл тура сол материалды Сембектен бұрын Сәмбет шалдың 7 жыл бойы іздеп тауып, бірақ жарияламаған, жариялауды қажет етпеген, атақ-дәрежеге қызықпаған, тек қана шындықты жазғысы келген, бірақ жаза алмаған, «жаздырмағанын» көреміз. Ал сол Сәмет шал Сембекке де материялды жариялауды тыйым салады.
М.Мағауин бұл жерде қысқа әңгіме бойына салмақты да салиқалы идеялық мазмұнды сыйдыра білген. Жазушы қай шығармаларында болсын өз қоғамының рухани – адамгершілік деңгейін көрсетуді мақсат қып ұстап, сол жолда авторлық позициясын мейлінше ашық айтып отырады. 
Ал енді сарабдал сыншы тұрғысынан Әмірхан Меңдекеде «Архив хикаясын» өзіндік дүние танымымен талдайды. Аталған әңгімедегі Сәмет пен Сембек туралы «Мұның екеуі де – өте білімді, аса таланытты. Екеуі де ғылымды сүйеді. Еңбекқор. Ізденгіш. Қажырлы. Әлеуметтік қиыншылықтардан да, қоғамдық кедергілерден де қорықпайды. Бірақ мұның екеуі де ең зор кедергі-кесапаттың сыртта емес, өз іштерінде жатқанын, яғни өздерінің «өзімшілдік» дертпен ауырғанын сезіне алмайды. Және сезінбей-ақ мына өмірден өтіп кете барады» деп екі кейіпкердің өзі түйсінген пенделік болмысын оқушыға ұсынады. Бұл анықтамасын дәйектілендіру үшін Құран парақтарындағы адамшылық туралы айтылған Құдай сөздерінен(«Егер сендер ешбір күнә жасамасаңдар да, алдағы күндері күнәға итермелейтін өз бойларыңдағы құлықтардан қорқамын. Ол - өзімшілдік, өр көкіректік...») нақтылы үзінділер келтіреді. 
М.Мағауиннің аталған әңгімесі мерзімді басылымда алғаш «Мұрагер» деген атпен жарық көргені белгілі. Сыншы осыны тілге тиек етіп, мақала соңында «Біз сонау Адам ата мен Хауа ана, Абыл мен Қабыл заманынан бермен қарай тек ізгіліктерді ғана емес, сонымен бірге іштарлықты, бақастықты, қызғаншақтықты да мұртын бұзбай мұраланып келе жатқан жоқпыз ба?» дей келіп осы тұрғыдан өзіне «Мұрагер» деген бұрынғы атау әлде қайда астарлы, ішті, мағаналы боп көріне беретіндігін жазады. Бұл ойына әңгімедегі Сәмет шалдың өзімшілдігін Сембектің мұралағандығын, енді Сембектің өзімшілдігін ертең тағы біреу мұраланатынын дәлел ретінде келтіреді.
2.3. Шерхан Мұртазаның «Алтын тікен» атты әңгімесіндегі эстетикалық қадір-қасиетінің дәрежесі қай деңгейде? Бұған жауап іздеу үшін Ә.Меңдекенің аталған шығармаға жазған сын мақаласына үңілейік.
Сыншы жазады: «Көркемдікті жақсы көру, әдемілікті аңсай білу арқылы өз жанын өзі жылытып, өз көңілін өзі жуындырып жүрген Қалтырауық шалдың жүрегіндегі шұғыла мен нұрға, ынсапқа қарап отырып, Дәуіт пайғамбардың шамдалының жарығы түскендей, өз жаның да нұрланып, кеңейіп сала береді» деп. Мұндағы Қалтырауық шал кім? Ол Ш.Мұртазаның «Алтын тікен» әңгімесіндегі бас кейіпкер, өмір бойы ауыл-үйдің сиырын бағудан қолы бір босамаған қартайып, жасамыс тартқан қазақтың қарапайым қара шалы. Ойлы оқушыға осыдан өмір бойы ауыл үйдің сиырын бағып, бар ғұмырын тіршілік күйбеңіне құрбан еткен жұпыны шалдың мағанасыз өмірінде өзін өзі жұбата алатындай қайдағы әдемілік болуы мүмкін деген заңды сұрақ туады. 
Бұл сұраққа жауапты аталған мақаласында сыншының өзі береді. «Рас, Қалтырауықтың өмірі әдемі емес. Әдемі деуге ешкімнің де аузы батып бара қоймасы анық. Алайда Қалтырауықтың өмірі әдемі болмаса да, оның өмірінде әдемі сәттер бар! Әдемі сәттердің жүректе қалдырған әдемі іздері бар! Қай жылы еді? Баяғыда, бозбала шағында Қалтырауық «тамағы ақ қағаздан да аппақ» сұлу құдашаның қылықты бойжеткеннің тұсына барып «Біздің ауыл бурылдың төрінде отыр» деп шалқытып бір ауыз өлең айтқан. Міне, осы сәулелі сирек сәтті Қалтырауық ұмыта алмайды. Ұдайы есіне алып, әлгі тым қысқа, тым шолақ, баянсыз, бірақ тәтті, шұғылалы әдемі сәтті көкірек көзі мен көңіл дүниесімен жиі іздейді» 
Қасиетті Хадис бүй дейді:
«– Я, Расулалла, адамдардың абзалы қайсы? 
– Әрбір таза жүректі адам.
– Таза жүректілік деген не?
Көркемдікті жақсы көру, Әдемілікті аңсай білу»
Сыншы осындағы көркемдіктің бір ұшығын аталған әңгімедегі бас кейіпкер Қалтырауық шалдың жүрегіндегі сұлулықпен байланыстырады. Әмірхан Меңдеке өз мақаласында Ш.Мұртазаның «Алтын тікен» әңгімесін осылай талдайды. 
Бұл туралы белгілі сыншы Дандай Ысқақұлы «Сөз өнері» атты кітабында былай деп жазады: «Эстетика өнердегі әсемдіктің, сұлулықтың заңдылықтарын зерттейтін ғылым және сол өнердегі бір бөлік көркем әдебиетті қарастыратын сала болып саналды. Жалпы сынды эстетикалық категория ретінде танитын ғалымдар да жеткілікті. Әдеби сынның көркемдік қасиеттеріне келетін болсақ, сын әдебиеттану ғылымының бір саласы болғандықтан, қашанда көркем бейне жасап, көркем шығарманы талдауда, өз ойын ашық айта отырып, дәлелдеу мақсатындағы бейнелер мен табиғат көрінісін әсемдеп көрсетуі мүмкін. Егер көркем әдебиет көркем образ жасай алатын болса, ол әдеби сынға да тән қасиет екенін айта кету керек. «Бастан аяқ бейнелі түрде жазылған шығарма көркем әдебиет те, ал талдауға құрылса ғылыми еңбекке жатады. Сонда сында осы екі түрлі қасиет те, оның ішінде көркемдік сипаттар да болуы керек»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет