Қабылдаған: Косжанова Улбосын Орындаған: Жарылхасын Шұғыла Тобы



бет6/6
Дата10.04.2024
өлшемі87.06 Kb.
#498359
1   2   3   4   5   6
псх бож

Қорытынды


Отбасындағы тәрбиенің ең дұрысы– баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды.: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қаиынаста әдеп-инибат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады. Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу – бұл қарапайым емес маңызды және жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Өйткені осы жастағы ер баланың бойынан шығармашылыққа, өзінің өмірден орнын іздеу сияқты талпыныстарын байқауға болады. Осы тұста ата-ана олардың жан дүниесін түсініп, дер кезінде бағыт-бағдар көрсетсетсе, бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі тапқырлығы болып саналады. Егер сіздің балаңыздың өмірде белгілі деңгейде жетістікке жетуін қаласаңыз, жеке тұлға ретінде, маман ретінде ашылуына еңбектендіре отырып, көмек беру қажет. Бұл ата-ана үшін, балалар үшін және қоғам үшін өте тиімді. Қазіргі қоғамда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдікке салынып, нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы. Ата-ананың ең үлкен міндеттерінің бірі — мұсылман үмбеті деген атқа лайық иманды перзент тәрбиелеу. Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Сондықтан қазіргі ата-аналар Ислам дініндегі мәні терең, мазмұнды тәрбие негіздерімен танысып, жаны ізгі, көргенді ұрпақ тәрбиелеп жатса, бұл тектілігімізге қайта оралғандығымыз. Артына сауап жолдап тұратын иманды ұрпақ қалдыра білген ата-аналардың екі дүниеде де жүздері жарқын болмағы хақ. Халықтың болашағы – ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Ұстаздың мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал толыққанды азамат қалыптастыру үшін – ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, ұстаздың рөлі зор. Яғни, ұстаз мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М. Достоевскийдің « Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл » — дегендей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады. Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Жасөспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы – саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ишанов П.З., Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Оқу құралы. – Қарағанды, ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. – 206 бет.


2. Даму психологиясы: Оқулық / М.К. Бапаева. – Алматы: 2014. – 440б.
3. Сәбет Бап-Баба (Бабаев). Психология негіздері: Оқу-анықтмалық қолданба. Алматы: Нұр-пресс, 2007. – 106 бет.
4. Мұқанов Ы.Б. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1991. – 237 бет.
5. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1999. – 160 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет