Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Пациенттерді тіркеу



бет1/6
Дата21.10.2023
өлшемі71.75 Kb.
#481305
  1   2   3   4   5   6
Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру


Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Пациенттерді тіркеу.

22.12.22
6 сағ



22.12.22








Қабылдау бөліміндегі мейіргерлердің қызметі
Жолдамамен танысу және науқасты дәрігерге шығарып салу;
Антропометриялық өлшем жасау;Педикулезды анықтау (табылған жағдайда СЭС-ке телефонограмма жіберу);
Дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
Лабораториялық зерттеуге материал алу;
Наркотикалық және қатты әсер ететін дәрілерді тіркеу тәртібін сақтау;
Жұмыс орнын даярлау
Кіші мейіргердің жұмысын бақылау;
Санитарлық-эпидемиялық ережені сақтау;
Науқасты қабылдап алу
Науқасты ауруханаға қабылдау
Қажет заттар: «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы. Ауруханаға жататын науқастың медициналық картасы /Ф-003у/, дене қызуын белгілейтін қағаз.

Іс- әрекеттер :
1) Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз.
2) «Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз.
3) «Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналына енгізіледі
4) Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз.- Алынған мәліметті (антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз.- Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.(Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.
5) Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз.
6) Науқасқа аурухананың киімдерін кигізіп, жатқызылған бөлімшедегі палатаға алып барыңыз.



2

Медициналық құжаттармен танысу.

23.12.22
8 сағ



2312.22









1 Медициналық құжаттарды рәсімдеу

медициналық құжаттарды рәсімдеуден басталды. Бұл жұмыстарды қабылдау бөлімінде жүріп орындадым. Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:


1. ф. №001/у.


2. ф. №003/у.


3. ф. №066/у.


4. ф. №058/у.


5. ф. №060/у.



Іс- әрекеттер :
1 Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз.
2 «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз.
3 «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналына енгізіледі:
◦ түсу күні, уақыты;
◦ аты-жөні, тегі;
◦ туған күні, айы, жылы;
◦ жолдама берген мекеменің диагнозы;
◦ науқасты қайда жатқызғаны;
4 Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз.
5 Алынған мәліметті (дене қызуы, антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз.
6 Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.
7 Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.
8 Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз.




3

Дәрігер немесе мейіргермен алғашқы тексеру жүргізу.

26.12.22
6 сағ

26.12.22








науқасты санитарлық емдеу; дезинфекциялық ерітінділерді дайындау
• науқастарды күтуге арналған заттарды дезинфекциялау; науқасты тасымалдау және ауыстыру;
• функционалды кереуетті пайдалану; төсек жасау;
• іш киімдер мен төсек жапқыштарын ауыстыру; науқас дәретханасы;
• төсектегі гигиеналық шаралар; жуу;
• науқасты төсекте тамақтандыру; қысымның пайда болуын болдырмау;
• зонд арқылы қоректік қоспаны енгізу; гастростома түтігі арқылы науқасты тамақтандыру;
• дене температурасын өлшеу; температура қисығын сызу;
пульсті өлшеу; тыныс алу қозғалыстарының санын анықтау;
• қан қысымын өлшеу; тәуліктік зәрдің мөлшерін анықтау;
• жылыту алаңын және мұз қабатын қолдану; оттегімен қамтамасыз ету;
• клизмалардың барлық түрлерін белгілеу; қуық катетеризациясы;
• ЭКГ түсіру; зерттеу үшін нәжісті қабылдау; қақырықты жинау;
• зерттеу үшін зәрді жинау.






4

Бөлімшеде емдеу және диагностикалық жұмысты ұйымдастыру.Бекет мейіргерінің жұмысы.

27.12.22
8 сағ



27.12.22








Емшара бөлмесі - зарарсыздандыру ережелері орындалуы қажет емдік емшараларды жүргізуге арналған арнайы бөлме. Емдеу бөлмесінде қан алуға венепункция, инъекциялар,трансфузиялар,кейбір медициналық манипуляциялар, сонымен қатар қан тобын және резус-факторды анықтау жүргізіледі. Емшара бөлмесі стационарларда да (аурухана, клиника, госпиталь),амбулаторияларда да (емхана, медициналық-санитарлық бөлік) болады. Емшара бөлмесіне ауданы 15 м"-дан кем емес, жақсы жарқырайтын және желдетілетін жарық бөлмені береді. Емдеу бөлмесінің қабырғасы мен едені механикалық жинауға ыңғайлы болуы қажет. Әрбір емдеу бөлмесінде оның көлеміне тәуелсіз, суық су мен ыстық суды араластыратын араластығышпен жабдықталған қолжуғыш болуы тиіс. Қолжуғышты есікке жақын орналастырады. Қолжуғыштың қасына пайдаланылған құралдарды сулауға арналған шылапшын және антисептик ерітіндісіне салынған қолғаптарымен бірге әйнек құты қойылады. Емшара бөлмесінде күн сайын екі рет дымқыл жинау жүргізіледі - жұмыс басталар алдында және жұмыс күнінің аяғында, ал қажет болған жағдайда - ағымдағы жинау жүргізіледі. Аптасына бір рет еденді, қабырғаларды, жабдықтарды жуу арқылы жалпы тазалық жүргізіледі. Емшара бөлмесінің мейірбикесінің жұмыс күні қарап шығудан және емдеу бөлмесін ылғалды жинаудан басталады. Емшара бөлмесінің мейірбикесі кезекші мейірбике түнгі кезекте бөлмені пайдаланғанын немесе пайдаланбағанын тексереді. Қолданылған және ластанған таңғыш материалды ол лас материалдарға арналған ыдысқа тасды, ал пайдаланылған медициналық құралдарды, шпирцтарды, тамызғыштарды жуады. Одан кейін бөлмені ылғалды жинауын жасайды. Осыдан соң емдеу бөлмесінің мейірбикесі халат киеді, бас киім астына шаштарын мұқият жасырады және қолын тазалайды. Құралдарды қайнатуға қояды, зарарсыздандырылған материалдар және құрал жабдықтарға арналған бикстерді қояды. Мұнан кейін осы күні қан алу, венаішілік инъекция жасау, дәрі тамызғыш қою қажет науқастар тізімін қарайды және олардың кезегін белгілейді. Алғашқыда биохимиялық зерттеулер үшін науқастардан қан алу, егер қажет болса қан тобын, резус-факторды және т.б. анықтау қажет. Осыдан соң мейірбике дәрігермен белгіленген көктамыр ішілік құюларды жүргізеді және дайындық жасайды (көктамырішілік құюларға арналған жүйені қажетті дәрілік препараттармен толтырады және оны штативке бекітеді), тек осыдан кейін ғана науқастарға қояды






5

Бөлімшеде емдеу және диагностикалық жұмысты ұйымдастыру.Пациенттердің ауруының диагностикасы және емдеуіндегі мейіргердің ролі.

28.12.22
8 сағ



28.12.22







Орталықта пациенттерге қызмет көрсету келіп түскен науқастарды тіркеуге алу, қабылдау, бастапқы қарау, антропометрия, санитариялық - гигиеналық өңдеу және білікті медициналық қызмет көрсетуге арналған маңызды құрылымдық бөлім - қабылдау бөлімшесінен басталады. Қабылдау бөлімшесі қала емханаларынан және республикамыздың өзге өңірлеріндегі емханалардан жолданған нейрохирургиялық патологиялары бар пациенттерді емдеуге жатқызу бойынша жұмыстарды атқара отырып, тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Бөлімшеде пациенттерді қабылдау және емделуге жатқызу нақты жолға қойылған. Пациенттерді қарау мен зерттеудің бірыңғай стандартары әзірленген. Жоспарлы емделуге жатқызу бөлімше меңгерушілерінің алдын – ала жасалған консультациясынан кейін белгіленген уақытта барлық қажетті зерттеулердің қорытындылары және емдеу мекемесі басшысымен расталған жолдама болған жағдайда жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет