Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Пациенттерді тіркеу


Емделуге жатқызылуға дейінгі зерттеулер тізбесі



бет2/6
Дата21.10.2023
өлшемі71.75 Kb.
#481305
1   2   3   4   5   6
Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру

Емделуге жатқызылуға дейінгі зерттеулер тізбесі:

  • Қан ағысының ұзақтығының, ұю уақытының көрсетілуімен қанның жалпы талдауы.

  • Жалпы несеп талдауы.

  • Қанның биохимиялық талдауы: жалпы белок, белоктік фракциялар, билирубин, АлАт, АсАт, протромбиндік индекс.

  • Қандағы қант, несепнәр мен креатин.

  • RW, АИТВ-жұқпасына, гепатитке қан.

  • Қан тобы, резус-фактор.

  • Флюорография немесе кеуде органдарының рентгенографиясы.

  • ЭКГ қорытындысы.

  • Терапевт ұйғарымы.

  • Гинекологтың қарауы (әйелдер үшін).

  • Патологияға байланысты УДЗ, рентгенография, КТ, МРТ қорытындылары.

  • Жеке куәлік көшірмесі.




Емшара кабинетінде біз келесідей қызметтерді көрсетеміз:

  • препараттарды венаға сорғалатып құю; 

  • дәрілерді венаға тамшылатып құю; 

  • препараттарды бұлшықетішілік инъекциялау; 

  • артериялық қысымды өлшеу

  • қан алу; 

  • теріастылық инъекция.







6

Емшара кабинетінің құрылымы, жабдықтануы, дәрі-дәрмектер тізімі. Емшара кабинет мейіргерінің жұмыс режимі және міндеттері.

29.12.22
8сағ



29.12.22








Емшара бөлмесі - зарарсыздандыру ережелері орындалуы қажет емдік емшараларды жүргізуге арналған арнайы бөлме. Емдеу бөлмесінде қан алуға венепункция, инъекциялар,трансфузиялар,кейбір медициналық манипуляциялар, сонымен қатар қан тобын және резус-факторды анықтау жүргізіледі. Емшара бөлмесі стационарларда да (аурухана, клиника, госпиталь),амбулаторияларда да (емхана, медициналық-санитарлық бөлік) болады. Емшара бөлмесіне ауданы 15 м"-дан кем емес, жақсы жарқырайтын және желдетілетін жарық бөлмені береді. Емдеу бөлмесінің қабырғасы мен едені механикалық жинауға ыңғайлы болуы қажет. Әрбір емдеу бөлмесінде оның көлеміне тәуелсіз, суық су мен ыстық суды араластыратын араластығышпен жабдықталған қолжуғыш болуы тиіс. Қолжуғышты есікке жақын орналастырады. Қолжуғыштың қасына пайдаланылған құралдарды сулауға арналған шылапшын және антисептик ерітіндісіне салынған қолғаптарымен бірге әйнек құты қойылады. Емшара бөлмесінде күн сайын екі рет дымқыл жинау жүргізіледі - жұмыс басталар алдында және жұмыс күнінің аяғында, ал қажет болған жағдайда - ағымдағы жинау жүргізіледі. Аптасына бір рет еденді, қабырғаларды, жабдықтарды жуу арқылы жалпы тазалық жүргізіледі. Емшара бөлмесінің мейірбикесінің жұмыс күні қарап шығудан және емдеу бөлмесін ылғалды жинаудан басталады. Емшара бөлмесінің мейірбикесі кезекші мейірбике түнгі кезекте бөлмені пайдаланғанын немесе пайдаланбағанын тексереді. Қолданылған және ластанған таңғыш материалды ол лас материалдарға арналған ыдысқа тасды, ал пайдаланылған медициналық құралдарды, шпирцтарды, тамызғыштарды жуады. Одан кейін бөлмені ылғалды жинауын жасайды. Осыдан соң емдеу бөлмесінің мейірбикесі халат киеді, бас киім астына шаштарын мұқият жасырады және қолын тазалайды. Құралдарды қайнатуға қояды, зарарсыздандырылған материалдар және құрал жабдықтарға арналған бикстерді қояды. Мұнан кейін осы күні қан алу, венаішілік инъекция жасау, дәрі тамызғыш қою қажет науқастар тізімін қарайды және олардың кезегін белгілейді. Алғашқыда биохимиялық зерттеулер үшін науқастардан қан алу, егер қажет болса қан тобын, резус-факторды және т.б. анықтау қажет. Осыдан соң мейірбике дәрігермен белгіленген көктамыр ішілік құюларды жүргізеді және дайындық жасайды (көктамырішілік құюларға арналған жүйені қажетті дәрілік препараттармен толтырады және оны штативке бекітеді), тек осыдан кейін ғана науқастарға қояды. Ең бірінші халі ауыр науқасқа көмек көрсетіледі. Қажет жағдайда емшараны жүргізетін мейірбике торакоцентезаны және парецентазаны жүргізу үшін медициналық құрал- жабдықтарды дайындайды, берілген медициналық манипуляцияны жүргізу кезінде дәрігерге ассистент болады да, науқастың жағдайын бақылап отырады. Жұмыс күнінің соңында емшара бөлмесіне ылғалды жинастыру жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін емшараны басқаратын мейірбике емшара бөлмесін кілтке жабады да, бактерицидті шамдарды қосып кетеді.Емшара бөлмесінде келесі медициналық құжаттама жүргізіледі: топтарды тіркеудің бақылау журналы және резус-факторлар; қан және плазма құюды тіркеу журналы; биохимиялық зерттеулерге қан алу есебінің журналы; көктамырішілік тамшылық енгізулерді тіркеу журналы; Вассерман реакциясына қан алуды тіркеу журналы; көктамырішілік құюларға қолданылатын жүйелер мен шприцтерді тіркеу журналы; анафилактикалық шок алғашқы көмек және емшара бөлмесін санитарлы өңдеу кезінде қолданылатын препараттардың есеп дәптері;өткір улану барысында қолданылатын уытқыш заттардың кестесі; самара бөлмесін қорытынды жинастыру есебінің журналы. Емшараны басқару үшін тағайындалатын медициналық мейірбикені тәжірибесі мол мейірбикелердің ішінен таңдап алады, яғни ол медициналық манипуляцияның техникасын толығымен меңгеруі қажет, жеке гигиена ережелерін сақтауы тиіс және де емшара бөлмесінің санитарлы-гигиеналық жағдайын белгілі бір деңгейде қолдауы қажет.



7

Емшара кабинетінің құрылымы, жабдықтануы, дәрі-дәрмектер тізімі. Емшара кабинет мейіргерінің жұмыс режимі және міндеттері.

30.12.22
8сағ



30.12.22









8

Терапия бөлімінің диагностикалық және емдеу шараларына қатысу, тіркеу, пациенттерді дайындау. Практикалық дағдыларды машықтау.

04.01.23
8 сағ



04.01.23
















9

Пациенттердің күтімін ұйымдастыру. Пациенттерді бақылау, жағдайына баға беру, тамақтандыру, диетасын бақылау. Пациттерді күтім шараларына қатысу.

05.12.23
8 сағ



05.12.23
















10

Жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары бар науқастардың жағдайын бағалау

06.01.23
8 сағ



06.01.23










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет