Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Пациенттерді тіркеу



бет3/6
Дата21.10.2023
өлшемі71.75 Kb.
#481305
1   2   3   4   5   6
Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру

Алдын алу жолдары
Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол - темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық. Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:

  • Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;

  • Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;

  • Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;

  • Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;

  • Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;

  • Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;

  • Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;






Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру Шағымдары – жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек қағуы, ісінулер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім. Аурудың даму тарихынан мәліметтер жинастыру:
• аурудың басталуы (кенеттен, бірте-бірте, себебі мен пайда болу жағдайы; жасалған тексерістердің қорытындылары, жүргізілген емнің тиімділігі).
• қайталау және нашарлау жиілігі, себептері. Өмір тарихынан мына мәліметтерді анықтау:
• бұрын болған дерттері (баспа, скарлатина, сап (ревматизм);
• тұрмысы мен жұмысындағы жағдайы (қара күш жүктемесі, психикалық жүктеме, күйзелістер);
• үйреншікті уланулар (темекі шегу, арақ ішу және т.б.);
• тұқым қуалаушылық (ата-анасында, туысқандарында жүрек – қан тамырлар аурулары);
• эндокриндік бұзылыстар (климакс, тиреотоксикоз т.б.)



Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі 1 Науқаспен танысу: сәлемдесу, өзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау 2.Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау: “Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау Олар: жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүректің қағуы, ісіктер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім. Негізгі шағымдарын айырып алу: Олар: кеудедегі ауру сезім, ентігу Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау. Жүрек аймағындағы ауру сезім (dolor):
• орналасу орны – қай жерде?
• ауру сезім сипаты – қалай білінеді?
• күші, қарқыны –қандай?
• таралуы – қайда?
• ұзақтылығы –қанша уақытқа?
• пайда болу себебі және жиілігі – қандай жағдайда пайда болады?
• ауру сезім тұрақтылығы?





11

Ас қорыту жүйесі аурулары бар науқастардың жағдайын бағалау.

09.01.23
6 сағ



09.01.23








Ас қорыту жүйесі ауыратын науқастарды сұрап тексеру: Шағымдары: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кету, жүдеу, әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық. Дерттің даму тарихы – anamnesis morbi – анықталатын жағдайлар: а) дерттің басталу себебі ( тағам қабылдау реттілігінің, сапасының бұзылысы, психо – эмоционалдық тежеулер және т.б.); б) белгілері, олардың ағымы, дамуы; бәсеңсу себептері; в) қолданған ем, оның әсері; г) жүргізілген тексерістер, олардың қорытындылары; д) емханаға осы рет келген себебі, аурудың қайталану себебі; Науқастың өмір тарихы – anamnesis vitae – осы дертке алып келген, себеп болған жағдайлар – тағамммен байланысты, көңіл-күйдің бұзылысы – шиеленістер; жіті немесе ас қорыту ағзаларының дерттерінің болуы және т.б. тұрмыстары немесе жұмысындағы уланулар; аллергия, тұқым қуалаушылық, ас қорыту жолдары ағзаларының оталары және т.б. себептер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет