Қабiлет жоспары: Қабiлет жөнiнде түсiнiк. Қабiлет теориялары. Нышан жəне қабiлет. Қабiлеттердiң даралық сипаттары. Қабiлет жөнiнде түсiнiк



бет3/3
Дата10.06.2022
өлшемі31.35 Kb.
#459121
1   2   3
ҚАБЫЛЕТ

3. Қабiлет жəне тұлға даралығы Адам қабiлетiндегi айырмашылық iс-əрекеттiң нəти-жесiнен, яғни оның сəттi не сəтсiздiгiнен байқалады. Қызығу-шылық адамда объектi жан-жақты танып бiлуге ұмтылудан туындайды. Ал бейiмдiлiк нақты iс-əрекеттi орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейiмдiлiк сапаларының үнемi өзара үйлесiм тауып, бiр бағытта тоғысып отыруы мүмкiн емес. Оған түрлi жағдайлар себепшi, мысалы, адам көркем-өнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бiрақ ол осы саладағы өнер түрлерiмен шұғылдануға бейiмсiз болуы мүмкiн. Дегенмен, белгiлi бiр iс-əрекет түрiне қабiлетi бар адамдардың қызығушылығы мен бейiмдiлiгi бiр-бiрiмен үйлесiм таба алады. Iс-əрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуi үшiн қабiлет, қызығушылық, бейiмдiлiктен тыс оның мiнез-құлқында келесi сапалық көрiнiстер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгiштiк, табандылық, батылдық. Бiрақ, осындай ерекше қабiлетi бар адамның өзi де айтарлықтай өнiмге қол жеткiзе бермейдi. Негiзi, адам өзiнiң iс-əрекетiне, жеке басына сын көзiмен қарап, мiнезiнiң ұнамды, ұнамсыз сапа-ларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабiлетiнiң даралық ерекшелiктерiне дарынды-лық, шеберлiк, талант, данышпандық, шабыт кiредi. Əртүрлi iс-əрекеттер аймағына қажет бiлiм, ептiлiк-дағдылар бiрлiгiн жеңiл əрi нəтижелi игерудi қамтамасыз етушi жалпы қабiлеттер ерекшелiгiн дарындылық деп атайды. Дарындылық əрбiр адамның ақыл-сана, оқу, шығармашы-лық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу жəне психо-моторлық қызметтерiнде көрiнiс бередi. Дарынды адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк, жинақылық, тұрақтылық, əрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бiрге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды бiлмейдi, басқалармен салыстырғанда интеллекттiк деңгейi анағұрлым жоғары. Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттiң адамдағы көрiнiсi - 2-3 жасар баланың бiр iспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзiн қызықтырған iспен бiрнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бiрнеше күндер бойы қайта оралып, көздегенiне жет-пейiнше, əрекетiн тоқтатпайды. Дарындылық дəрежесiнiң артуы қажеттi бiлiмдер мен ептiлiк, дағдыларды игерiп əрi жетiлдiрiп баруға тiкелей тəуелдi. Дарындылықтың өзiндiк ерекшелiгi ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, бiреу матема-тикаға құмар, екiншi тарихқа, жəне бiреулер қоғамдық жұмыстарға бас (лидер) болуда өз дарындылығын iске қосып, оны нақты iс-əрекетте кейiн дамыта түседi. Мысалы, мұғалiм дарындылығының көрсеткiштерi келесiдей: 1) оқу материалын шəкiрттерге түсiнiктi күйге келтiру; 2) оқушы көңiл-күйiн қалтқысыз тану; 3) жұмыста шығармашыл болу; 4) балаларды өз еркiне көндiре алу; 5) балалар ұжымын бiрiктiруге қабiлеттiлiк; 6) сөз мəнерлiгi мен мазмұндылығы; 7) сөйлеу көркемдiлiгi мен нанымдылығы; 8) педагогикалық əдептiлiк; 9) оқу материалын тұрмыспен байланыстыра алу; 10) шəкiрт-терге қаратылған байқағыштық; 11) педагогикалық талапшаң-дық (Ф. Н. Гоноболин). Қабiлеттер өз деңгейлерi мен ауқымы жағынан ажыра-тылады. Нақты iс-əрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерiлген қабiлет - шеберлiк деп аталады. Шеберлiк, яғни бiр iс-əрекет аймағында жоғары жетiлгендiк үлкен де қажырлы еңбек негiзiнде пайда болады. Шеберлiк көбiне өндiрiстiк қайта жасау қызметтерiмен байланысты келедi. Алайда, бұл шеберлiктiң дайын ептiлiктер мен дағдылар бiрлiгiнен туындайтынын бiлiдiрмейдi. Əрқандай кəсiптегi (мұғалiм, дəрiгер, ұшқыш, спортшы т.б.) шеберлiк кез келген жаңа мəселелердi шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етедi. Шебер маман үшiн шығармашылық мiндеттi түсiну мен оны орындау жолдарын табу, екеуi өзара байланыста қабылданады, iске асады, яғни "не iстеу" жəне "қалай iстеу" арасында жiк болмайды. Шеберлiк деңгейi - өзгермелi, дамудағы құрылым. Iс-əрекет барысында адамның қабiлет түзiлiмi, тұлғалық мəнi қалыптасып, бiр деңгейден екiншiсiне көтерiлумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым елiктеуден бастап, кейiн бiрте-бiрте тəжiрибе жинақтаудан жасампаздық дəрежесiне көтерiледi. Адам қабiлетiнiң ерекше даралық сипатын көрсететiн психологиялық құбылыс - талант. "Талант" сөзiнiң төркiн мəнi: ежелгi грек қауымында бай-манап өзi жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп ерiншек құлына беретiн күмiс ақша бiрлiгi - талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жiберудiң орнына, топыраққа көмiп, жасыратын болған. Осыдан халықта "таланты құм болды", "таланты көмiлдi" деген ұғымдар сақталып қалған. Қазiргi күнде талант арнайы қабiлеттердiң (музыкалық, суреткерлiк, əдеби шығармашылық т.б.) жоғары деңгейлi дамуын бiлдiредi. Қабiлеттер сияқты талант та iс-əрекетте көрiнiп, өрiстейдi. Талантты адамның қызметi өзiнiң жаңашылдығымен, қайта-ланбас мəнерiмен ажыралады. Таланттың оянуы тiкелей қоғамдық болмысқа тəу-елдi. Қай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дəуiр қа-жеттiгi мен əлеумет алдында тұрған нақты мiндеттерге байланысты. Мемлекеттiң дамуы инженерлiк жəне кон-структорлық таланттардың жетiлуiнен, мемлекеттiң көркейген кезеңiнде əн-күй, əдебиет таланттары шығады, ал соғыс уақытында - талантты əскери қолбасшы дүниеге келедi. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ. Сатпаев, М. Əуезов, Б. Момышұлы, Қажымұқан, Р. Рымбаева - əрбiрi өз дəуiрi-нiң саңлақтары. Талант - көптеген қабiлеттердiң байланысы, бiртұ-тастығы. Өте жоғары дамыған, бiрақ оқшауланған бiр қабiлет талант дəрежесiне көтерiле алмайды. Мысалы, кейбiреулер 10 қаналы не оданда көп санды лезде көбейтедi не бөледi, бiрақ математик емес, бола алмайды да. Қабiлеттердiң даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейi - данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметi қоғам өмiрiнiң бiр дəуiрiнде, адамзат мəдениетiнiң тарихында белгiлi iз қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттiң 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400 кемеңгер көтерiлiптi (Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Əубакiров қазақ данышпан-дарының бiрiншi ондығынан. Адамның шығармашылық iс-əрекетiнiң аса табысты болуына себепшi рухи көтерiңкiлiк пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды iске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығарма-шыл тұлғаның жоғары белсендiлiгiнен, оның iсəрекетiнiң жемiстiлiгiнен, жасампаздық ептiлiгiнен, жаңалық ойлап табу қызметiне толық берiлуiнен көрiнедi. Өмiрнамашыларының айтуынша, И. С. Тургенев шығармаларын жазуды өзiн-өзi зорлап, көндiруден емес, iшкi ниет қалауымен қалай бастағанын бiлмей қалады екен. Шабыт пен еңбек - екеуi егiз, бiр-бiрiнсiз асамайды. Осыдан, шабыт - қажырлы еңбек пен орасан бай бiлiм қоры негiзiнде туындайтын мүмкiндiк. "Шабыт - ерiншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П. И. Чайковский). Сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуi; ес, зейiн өткiрлiгi, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерiк күшi - шабыттанудың алғы шарттары.

Қайталау жəне бекiту сұрақтары


1. Қабiлет мəнi жəне оған бүгiнгi ғылым тұрғысынан берiлген сипаттама қандай?
2. Нышан жəне қабiлет арасындағы байланыстар мəнi неде?
3. Жеке адам қабiлетiнiң қалыптасуына ықпал етушi факторлар сипаты қандай?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет